Өзін-өзі тану пәнін интеграциялаудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
А.Нұржанова
№173 мектеп
Өзін-өзі тану пәнін интеграциялаудың ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның прогрессивті ойлай қабілеті, әлемдегі болып жатырған жаңалықтардан әрқашанда хабардар болуы, жаңа оқыту технологияларын меңгеру ең бір заманауи талаптардың бірі. Заманауи білім беруде орындаушы адамнан гөрі шығармашыл адамға деген сұраныстың артуы көптеген жағдайда дәлел болып тұр. Заман талабы білімді, білікті өмірге икемі бар адам тәрбиелеуді көздеп отырғандықтан мұғалімнің ең бірінші міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру, сонымен қатар рухани дүниесі бай адамды тәрбиелеу. Әрбір елдің бәсекеге қабілеттігі, заманауи талапқа сай болуының шарты ол білім мен тәрбиенің тереңдігімен өлшенеді. Жаһандану заманында әрбір ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін қалпына келтіріп, оны болашақ ұрпақтың қажетілігіне жарату мақсатында пайдалану қажет. Тұлғаның рухани ішкі дүниесін оятып, ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын тапсырмалар, іс-шараларды жас ерекшеліктерге карай іріктеп алу керек.
Біздің болашағымыз - жастар, ал олар ел болашағы, рухани өрлеу жолына түскен еліміздің ұлттық сана-сезімі, терең тамырлы тарихымызды бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, болашаққа мирас ету - әсресе ұстаздардың ең бірінші мақсаты.
Қазақстан Республикасы әлемге аймағының көлемділігімен емес, алуан түрлі ұлттардың береке бірлігімен өмір сүріп жатканымен белгілі. Орта мектептегі білім барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы[2].
Еліміздің әлемдегі дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кірудің бір жолы - ол қазіргі заманғы білім мен ғылымды дамыту болып табылатыны анық. Мәселені шешу үшін мұғалімнің басты мақсаты - ол рухани-адамгершілік құндылықтарын білім алушының бойына дарыта отырып, білімді тұлға бойындағы құндылықтарын дамыту. Білім беру процесіне өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ол пәнді интерграциялау.
Рухани құндылықтар әрдайым қоғам талаптарына сай өзгеріп отырады, адамдардың арасында әділдік, бір-біріне көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтарды қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Білім мазмұнын жаңарту, жаңа әдістерді колдану болашақта тәрбие мен оқыту технологияларын жетілдіру заман талабының бірі..
Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты жан-жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда, өзін-өзі тану пәнін жаппай білім беру ұйымдарына тәжірибеге енгізудегі барқатар төмендегідей көкейкесті мәселелерге тоқталамыз.
Біріншден, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің теориялық білімдерінің жетік болуына баса назар аудару қажет. Атап айтқанда: Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін, Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылық ретінде жас ұрпақтың санасына сіңіре білу тәсілдерін меңгеруге ден қою, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлін жете түсінуі керек. Екіншден Өзін-өзі тану пәнінің құрылымдық мазмұндық және әдістемелік аспектілеріне талдау жасай отырып, сабақтағы жағымды ойлау, әңгімелеу әдісін терең рухани адамгершілік құндылықтарға бағыттау, ән айту мен музыканың маңызына жан-жақты мән беру. Ата-аналармен байланыс жасау жолдарына баса назар аудару қажет. Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.
Ата-аналар балаларының алдында өздері беделді болуы керек, жақсы-жаманды ажырата білуге, сүйе білетін балаларды өсіруге; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі және өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс. Үлгілі жақсы отбасының қасиеттерін сақтауды, барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін, әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайтын, қуанышты жан тыныштығында өмір сүретін отбасында бір бірімен жақсы қарым-қатынас орнату және адамгершілік қағидаларымен өмір сүретін орта қалыптастыру қажет.
Үшіншіден, өзін-өзі тану пәнінің әлемде теңдесі (аналогы) жоқ пән ретінде Қазақстанның білім беру саласына енгізілгені және рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздерін айқандауда әлемдік рухани-тұлғалардың идеяларына сүйене отырып заманауи ғылымдағы рухани бастауларға баса назар аударылуымен құнды. Қазақ мәдениетіндегі руханиадамгершілік білімнің маңызын түсіне отырып, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелерін оқып үйренуде заманауи философияның, психологияның, педагогиканың рухани бастауға қайта оралуына ерекше тоқталуы мәселенің мәнін ашуда теориялық тұрғыдан негізделуінің айғағы деп айтуға болады.
Төртіншіден, Өзін-өзі тану пәні ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен маңызды. Атап айтар болсақ: Баласағұнның Ізгілік ілімі, Қожа Ахмет Яссауидің Хал ілімі, Әл-Фарабидің Жан қуаты ілімі, Абайдың Толық адам, Имани гүл ілімдері, Шәкәрімнің Шын адам, Ар ілімі тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында.
Абай: Адам бол! - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге, дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің-қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады - дейді. Адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух, мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы. Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік қасиеті - Адам бола білу! - дейді.
Шәкәрім: Үш анық атты еңбегінде, адамгершілікті ар ілімі деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн дейді [4].
Әлемдік деңгейдегі рухани ұстаздар: Махатма Ганди, Мать Тореза, Мишель Монтень, Ян Амос Комеский, К.Д. Ушинский, И.А. Ильин, С.Л. Рубинштейн, Ш.А. Амонашвили, Януш Корчак т.б идеялары өзін-өзі тану бағдарламасында кеңінен басшылыққа алынған [5].
Бесіншіден, өзін-өзі тану пәнін интеграциялау мәселесі қолға алынып, ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мән-мағынасын айқындау көзделген. Интеграция - бүгінгі таңда адам- ның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Әртекті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму деп философиялық сөздікте көрсетілген.
Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio - біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыратын, бір-бірімен байланысты жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады) [6].
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сүйспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасалады. Рухани адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет. Рухани адамгершілік білім беру үдерісінде тек жағымды және ізгі әдістерді қолдану көзделеді. Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау, жағымды күйге келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін-өзі қадағалау, денсаулық, зейін қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйспеншілік, ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет. Бүгінгі қоғамда білім беруде сыртқы білім: интеллектуалды, сыртқы дүниені зерттейді, кітаби білімге негізделген, қалауларды оятады, дүниеде күн көру үшін қажет деп есептейді, интеллектіні дамытады, ақыл мен тәнге қарасты мәселелерді шешіп, мұндағы білім берудің мақсаты ақпарат берумен шектеледі, интернет жүйесіне жүгініп, аллергия пайда болады. Ал рухани білім берудің яғни, ішкі білімнің маңыздылығы: ішкі рухани-адамгершілік қасиеттерді ашады, адамның, баланың ішкі дүниесін зерттейді, өмірлік тәжірибеге негізделеді, әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды, білім беруді өмірлік мақсаттармен байланысты қарастырады, интуицияны дамытады және ақылмен ойлап, жүрекке жүгінетіндіктен тәрбиелік ықпалы күшті және өмірлік дағды қалыптастыруда маңызды болмақ. Осыған орай, өзін-өзі тану пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде интеграциялануы білім беру мен тәрбиені біртұтас, әр тарауы, әр тақырыбы бойынша болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, адамгершілік қағидалары мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын болашақ педагогтің тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мазмұн ұсынылғандығымен құнды. Болашақ ұстаз оны тәжірибеде тиімді пайдаланып, өзінің игерген сапалық деңгейін екінші білім беру ұйымдарындағы сапалық деңгейге көтеруге ықпал ете алуы тиіс және басқа да пәндермен интеграциялау арқылы білім берудің тімділігі дәлелденуде [6].
Өзін-өзі тану пәнін басқа пәнмен интеграциялау тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және информатикалық білім беру мамандықтарының студенттерімен өткізілген сабақтарда кез келген гуманитарлық және жаратылыс тану пәндерін сабақ кездерінде интеграциялау сабақтан тыс уақыттардағы іс-шараларда пайдаланудың тиімді жолдарына студенттер өз тәжірибелері арқылы төмендегідей дәйекті дәлелдермен мысалдар келтірді.
Қазақ әдебиеті пәні: Балаларға Алдар көсе және Қожанасыр аңыздарын оқыту арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың шарттары
Табиғат сәйкестігі принципі
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
Бастауыш Мектеп -- білім беру жүйесінің алғашқы сатысы
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Пәндер