Тарихи сана термині


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Тарихи сана» термині алғаш рет философ ғалым Ю. А. Леваданың 1969 жылы жарияланған мақаласында қолданылды. Осы кезден бастап тарихи сана термині ғылыми айналымға тұрақты енген. Адам - тарихи жан иесі, бұл оның әлеуметтік табиғатына ғана емес, әрі руханилығына қатысты. Өйткені адам тарихты және тарих қатынасы барысында ғана қоршаған әлемді, ондағы өзін тани алды. Сондықтан адамның болмысқа және өзіне қатынасының өзі тарихи мәселе болып табылады. Адамның биологиялық «кескін-кейпі» инстинктпен емес, тәжірибемен, өткенге қайрылумен, оны сезінумен, пайымдаумен өмір сүретіндігіне «тарихи сана» дәлел болмақшы.

Адамзат баласы жаратылғаннан-ақ онымен бірге «тарихилығы» қатар тұрған еді. Тарихи сананың пайда болуының рухани алғышарты - адамзаттың өзін табиғат әлемінен бөліп алып және одан айырыла білген кезінен басталды.

Тарихи сана - кез-келген дәуірдің дүниетанымдық сипаты болып табылады. Бұл - мәдениеттің өзінің тарих жемісі, нәтижесі болғандығында емес, оны тану барысында белгілі бір кезеңді, әлеуметтік тәжірибені, оның негізі болған тарихи тәжірибені кездестірер едік. Тарихи сана адамзат қоғамының әр кезеңіндегі материалдық және рухани мәдениеттің белгілерін көрсетер айшығы.

Тарихи сана архаикалық кезеңнен таралады. Осы кезеңде адамзат барлық нәрсенің шығу тегін, жаратылыстың ғана емес, өзінің де болмысын айқындауға, мәнісін білуге, яғни тарихи ойлауды «ұйымдастыра бастады». Қайдан? Неден? Қайда? деген сұрақтар ежелгі адамзаттың саналы тіршілік иесі ретіндегі ішкі болмысын айқындайтын. Сан тарау сұрақтар, білуге ұмтылыс алғашқы қауымдық діни-наным, сенім мен мифологияны әкелді. Мұның өзі тарихи сананың мифологиялық түрі еді.

Тарихи сананың қалыптасуы әлемдік мәдениет тарихындағы ерекше мәні зор жаңалық.

Тарихтың, тарихи сананың пайда болуының себебі - адамзаттың өзін танығаннан бастап, өзі туралы біліп қана қоймай, оны артындағы ұрпағына қалдыруға ұмтылысынан және ата-бабаның өткен өмірін білу арқылы, өзінің бүгінін түсінуге тырысу талабынан туындады. Мұның барлығы адамзаттың жаратылысы, оның табиғи-адами психикасының бір қыры.

Сонымен, тарихи сана дегеніміз, қоғамның және оның жекелеген әлеуметтік топтарының өзінің өткені мен адамзаттың өткен тарихы туралы таным-түсініктері болып табылады.

Тарихи сананы қалыптастыру тарихи жадты сақтаудың қай кезеңде де зор маңыздылығынан көрінеді. Алдымен ол, адамдардың белгілі бір тобын, қауымдастығын өздерін тарихи тағдыры, тілі, мәдениеті, психологиясы, менталитеті ортақ біртұтас халық ретінде сезінуінің ұйытқысы болады. Өз тарихи дамуының түрлі кезеңдерінде тайпалар, халықтар өткенін түрлі нұсқа-сұлбадағы мұралар түрінде сақтауға тырысып, өздерін белгілі бір ұлт ретінде айқындайды.

Халықтың өмір сүруі барысында өткеннің «образы» арқылы, сондай-ақ тарихи жадты сілкінткен аласапыран күрделі кезеңдерде, біртіндеп сол халыққа қатысты қоғамдық мәні бар нормалар, дәстүр мен салт, пайым қағидаттары, моральдық-адамгершілік құндылықтар сұрыпталып, сараланады. Нәтижесінде халықтың өзіне тән тарихи санасы қалыптасып, оның ұлттық бітім-болмысын анықтаушы фактор пайда болады. Мұндай ұйыстырушы нормалар жиынтығынсыз халық жәй «тобыр».

Елбасы Қазақстанның болашағын «Мәңгілік Ел» идеясымен айтқанда, ұлттың тарихи санасына қатысты сұрақтарды күн тәртібінде бірінші орынға қояды. Әлеуметтік - мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи зерде мен тарихи сана тамыры тереңдеген сайын, жеке адам және жалпы қоғам рухани бай бола түседі.

Тәуелсіздіктің жиырма жыл ішінде Қазақстан отаршылдық және тоталитаризм заманында болған рухани құлдырау салдарын төмендетіп ғана қоймай, сонымен қатар өз мемлекетін қалыптастырудағы жаңа кезеңге кірісті. Осы мақсатта ұлт болып табылатын кешенді жүйенің өмір әрекетін қамтамасыз ету үшін, осы қоғамның тарихи санасына тән, ұлттық дүниетанымын жаңғыртып, төл тарих және мәдениет мәнін құрайтын рухани көздерін қалыптастыру қажет.

Тарих өткен шақпен, адамның жадымен, әлеуметтік санамен байланысты болғандықтан, тарихи сананы төл тарихты оқып, зерттеу арқылы жандандыруға болады.

Ұлт көшбасшысы «Қазақстан-2050» жолдауындағы «Мәңгілік ел» ұғымының философиялық-саяси негізі өзінің бастауын сақтар, ғұндар, көне түркілер, Шыңғыс хан империясының, Алтын Орда мемлекетінің уақытынан басталады, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанға ата - бабадан мұраға қалған. Осы идеяға қызмет ету барлық уақыттарда біздің жерімізді басқыншылардан сақтап қалуға көмектесті және бұл байланыс уақыт пен тарихта үзілмеуі тиіс. Өйткені, Елбасы Жолдауында аталғандай, «біз тек қана бүгінгі табыстармен болашақ ұрпақтың жарқын келешегімен батыр бабаларымыздың әрекеттері арасындағы сабақтастықты сақтай отырып қана, біз «Мәңгілік ел» бола аламыз».

Тарихи сана тарихты білуден, ұлттың болашағын құрметтеуден басталады. Тарихты білген адам алдыменен одан тәжірибе мен тағылымды иеленбек.

Тарихи сана өзінің өмір сүруі барысында әлеуметтік, танымдық функцияларын қатар атқарады. Тарихи танымның «қарапайым» үлгілерінің сақталуы, сол бағытта дамуы «тарихи сананың» әлеуметтілігінен, «қоғам мүшелерінің тек тарихшы қауымнан құралмағаны». Заманауи техникалық құралдар арқылы мемлекеттің бұқаралық «тарихи сананы» орнықтыру, дамыту әрекеттері, түрлі шығармашылық өкілдерінің тарихи тақырыптағы көркем туындылары, қоғамның «ашық аспан астындағы мұражайлардың» өмір сүруіне мән беруі, қай халықтың да тарихқа, «тарихи ойлауға» тым әуестіктері, т. б. пікіріміздің дәйектері.

Қазіргі Қазақстан қоғамында жастар арасында тарихи сана ұғымын қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. ЖОО-да тарихи сананы қалыптастыруға ықпал ететін мемлекеттік саясат дайындалды.

Елбасының жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылған болатын. Олар: 1997 жылы - Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу; 1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген тұжырым жасаған болатын. Міне, осы стратегия барысында отандық тарихшылар көптеген жұмыстар атқаруда.

Тарихи сана ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен ұлттық азаматтық бірегейлігінің негізі. Сол үшін жас ұрпақтың өз тарихын, өз ұлтын жетік танып, меңгеруі тиіс. Әрине, кейінгі ұрпақ ``Қазақстан`` деп аталатын Тәуелсіз кең байтақ мемлекеттің, өзіндік тілі мен рәміздері бар елдің осындай ғажап күйге қандай қиыншылықпен келгенін ұғынуы тиіс.

Расында да, осылай іске асырылып жатқан іс-шаралар еліміздің көркеюіне, өз халқының ұлт-санасының жетілуіне алып келер бірден-бір ірі жобалар болып табылады.

Тарихи сана ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен ұлттық азаматтық бірегейлігінің негізі. Елбасымыз айтқандай «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық жүйе ұғымы
Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты
Қазақ мемлекетінің эволюциясы
Құқық туралы негізгі теориялар
Құқық ұғымы
Моральдік сана
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
Құқық ұғымы туралы
Мәдениет семиотикасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz