Валюталық жүйелер және олардың қызмет етуінің теориялық негіздері



Жоспар

Кіріспе

І Валюталық жүйелер және олардың қызмет етуінің теориялық негіздері
1.1. Валюталық жүйе оның түрлері
1.2. Дүниежүзілік валюталық жүйе

ІІ. Әлемдік валюта нарығының қызмет ету ерекшеліктері
2.1. Валюталық нарықтар және олардың элементтері
2.2. Дүниежүзілік валюта нарықтарының құрылымы және инфрақұрылымы

ІІІ. ҚР Валюталық қатынастардың даму тенденциялары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.
Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алады.
Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді.
Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.
Егер экономиканың осы тәуелділігі еңсерілсе, онда, әрине, ұлттық валютаның айырбас бағамын басқарудың валюталық режимін өзгерту қажеттігі туындайды. Бұл арада жаңа валюталық режимнің мынадай бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:
Сонымөн бірге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағам саясатының есебінен ғана шешіле қоймайды. Бұл арада еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында экономиканы құрылымдық қайта құру, сондай-ақ экспортты әртараптандыру жөніндегі шаралар негізгі рөл атқаруға тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
2.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
3."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
4."Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
7.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
8.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
9.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
10.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
11.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
12.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
13..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
14.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
15.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
16.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

17.Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді
және үмітзідер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв) құру
ережесі. ҚР Ұлттықбанк Басқармасының № 465 қаулысы. 16.11.2002.
18.Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялы-
ғымен. — Алматы: Экономика, 2001.
19.Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.:
Финансы и статистика, 1999.
20. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І Валюталық жүйелер және олардың қызмет етуінің теориялық
негіздері
1. Валюталық жүйе оның түрлері
2. Дүниежүзілік валюталық жүйе

ІІ. Әлемдік валюта нарығының қызмет ету ерекшеліктері
2.1. Валюталық нарықтар және олардың элементтері
2.2. Дүниежүзілік валюта нарықтарының құрылымы және
инфрақұрылымы

ІІІ. ҚР Валюталық қатынастардың даму тенденциялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады.
Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы
барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың
қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ
ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы
шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша
бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру
олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық
қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа
ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға
болады:
Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын
экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы
және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың
төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік;
психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және
қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау
шығындарымен анықталды.
Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда
экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс
салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті
белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі
басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі
өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге
қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.
Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген
теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың
өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы
саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе
отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа
технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты
факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму
траекториясына шыға алады.
Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын
сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция
деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан
тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына
және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның
нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға
ықпал етеді.
Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың
шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік
бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған
қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан
экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.
Егер экономиканың осы тәуелділігі еңсерілсе, онда, әрине, ұлттық
валютаның айырбас бағамын басқарудың валюталық режимін өзгерту қажеттігі
туындайды. Бұл арада жаңа валюталық режимнің мынадай бірнеше нұсқасы болуы
мүмкін:
Сонымөн бірге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағам
саясатының есебінен ғана шешіле қоймайды. Бұл арада еңбек өнімділігін, өнім
сапасын арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында
экономиканы құрылымдық қайта құру, сондай-ақ экспортты әртараптандыру
жөніндегі шаралар негізгі рөл атқаруға тиіс.

І.Валюталық жүйе және оның түрлері
1.1.Валюталық жүйе оның түрлері

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылық тарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және
Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы
және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық
вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп
айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік
тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар
жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталың қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағданы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалык, байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық қатынастардың ұлтық және әлемдік шаруашылықтағы оның
ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдық шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айырысуларда, валюталық, неслелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық
валюталық қатынастар түрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байлапыстардың интернационализациялануы негізінде
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу формасы. Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
■ Ұлттық валюталық жүйе.
■ Дүниежүзілік валюталық жүйе.
Аймақтық немесе мемлекетаралық валютилық жүйе. Тарихта ұлттың
валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе — елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталың жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызметін қамтамасыз етуін
қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық
нормалар кешеніп қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен турақтылығы
дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі
дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып
келеді.
Ұлттың және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен
айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің, элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1) Ұлттық валюта 1) Резервтік валюталар
2) Ұлттық валютаның алмастырылуы 2) Валюталардың өзара алмастырылу
шарты шарты
3) Ұлттық валюта паритеті 3) Валюталық паритеттерінің ортақ
режимі
4) Ұлттық валюта бағамының режимі 4) Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
5)Валюталық шектеудің, валюталық 5)Валюталық шектеуді
бақылаулардың болуы немесе болмауымемлекетаралық реттеу
6) Елдің халықаралық валюталық 6)Халықаралық валюталық
өтімділігін ұлттық реттеу өтімділікті мемлекетаралық реттеу
7) Халықаралық несиелік айналыс 7) Халықаралық несиелік айнлаыс
құралдарын пайдалануды регламенттеуқұралдарын пайдаланудың
ережелерінің біртұтастығы
8) Елдің халықаралық есеп 8)Халықаралық есеп айырысудың
айнырылысуы реграменттеу негізгі формаларының біртұтастығы
9)Ұлттық валюталық нарық пен 9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар
алтын нарығының режимі мен алтын нарықтарының режимі
10) Елдің валюталық қатынастарын 10) Мемлекетаралық валюталық
басқаратын және реттейтін ұлттықреттеуді жүзеге асыратын
ұйымдары халықаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік
валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, еуропалық валюталық
жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта
аумағында ұйымдластыру – экономикалық формасындағы қатынастарды
білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет — валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу
құқығы) бі лгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне
негізделсе, ал дүинежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік
валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшіп валюталық, паритет пен валюталық
бағамды анақтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын
реттеу максатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің, алдынғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта — бұл біріншіден, сол елдін ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы (СДР, еуро).
Валюталық бағам — бір елдің ақша бірліқтің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің
құндың көрсеткіштерін салыстытыруға;
3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің
валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол
валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын
төмендетеді.
• Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті
болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттың валютаға сұраныс өсіп,
ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса,
боры онда өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді,
ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін
өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.

• Әр елдің мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға
әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі
өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа
мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің
өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі
ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі
валюталық нарықтағы операцияларға және сауданың капиталдар нарығына
әсер етеді, яғни шетелден арзап несие алып, оны ішкі нарыққа
орналастырады.
• Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық, операциялар.
Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез
арада тұрақты валюта сатуға тырысады.
• Белгілі бір валютаның Еуронарықтпа және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60 — 70% операцияларын
АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс
ауқымы анықталады.
• Халықаралық төлемдердің, жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де
валюталар бағамына әсер етеді.
• Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрәжесі.
• Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті
қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
1.2.Дүниежүзілік валюталық жүйе

Валюталық, жүйелердің даму заңдылықтарын ұдайы өндіріс белгілеріне
байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму
кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе
қағидаларының әлемдік щаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес
келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық
жүйенің құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық
қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйеиін бұзылып және оның
орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына
әкеледі.
Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:
I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзілуін, анықталуып қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
1. Париждің валюталық жүйесі (1867 ж.)
2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)
3. Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 ж.)
4. Ямайск валюталық жүйесі (1976 — 1976 жж.)
5. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.)
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда
өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни
алтын монометаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекет аралық
келісімшартпен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілді және осы
конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде табылды,
яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:
— оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;
— әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді
(Ұлыбритания — 1816 ж., АҚШ — 1837 ж., Германия — 1875 ж., Франция — 1878
ж., Ресей 1895 ж белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың
алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін
алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
— нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, валюталардың еркін
өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болады. Кейіннен оның құлдырауына төлем
балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын
жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық
тоқтатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға
және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.
Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем
құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды
түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық
конференциясында қол жеткізілді.
Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті.
— оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды.
Бұл кезеңде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделді.
Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде
қолданылды. Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір
валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта
жетекші қызметте жүрді;
— алтын валюталардың құрамы сақталды;
— еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді;
— валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық конференциялар,
мәжілістер формасыида жүзеге асырылды.
1922 — 28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ
бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:
— Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын
монометаллизмінің қысқарған; формалары енгізілуі;
— Валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;
— Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация
түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір
валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта
қалпына келтірілді;
— Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге
асырылды.
Бұл валюталық тұрақтылық та 30-жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың
әсерінен құлдырады. 1929 — 36 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты
ерекшеліктері мынадай:
— циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және
ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;
— құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік
стандарт қағидасы құлдырауға ушырады;
— ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;
30-жылдардағы дағдарыс нәтижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің қатысты
икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары
тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс:
Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс жылдарында
1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.
БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944 ж. болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік
және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші
валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған халықаралық
валюталық қордың (ХВК,) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің мынадай
қағидаларын анықтады:
• алтынға және екі резервтік валютаға — АҚШ доллары және фунт
стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді;
• Бреттон-Вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде
алтынды пайдаланудың төрт формасын қарастырды:
а) валюталардың алтын құрамы сақталып, оларды ХВК,-да тіркеу енгізілді;
ә) алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді;
б) АҚШ өзінің валюталық-экономикалық потенциалының және алтын қорының
өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта
мәртебесі талап етілді;
в) осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің
алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы 1
троиск ункциясы 31,1035г = 35 долларға тең болатын.
• валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы
долларға бейнеленген валюталық құрамы негізінде жүзеге асырылды.
• бірінші рет тарихта халықаралық валюталық-несиелік ұйымдар:
Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкісі (ДКДБ)
құрылды.
60-жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-Вудс валюталық жүйесі дағдарысқа
ұшырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері мынадай:
— Экономикалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
— Инфляцияның ұлғаюы, әлемдік бағаларға және фирмалардың бәсекелестік
қабілетіне кері әсер етті;
— Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық
болды (АҚШ, Ұлыбритания);
— Бреттон-Вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес
келмеуі;
— Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ өзінің төлем
балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының
бір бөлігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау
мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80 % -ға жуығы немесе 750
млрд доллар).
1976 жылғы қаңтардағы ХВК,-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка)
келісімі ХВК,-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық
жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:
— Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құңы) стандарты
енгізілді, сөйтіп жаңа халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу
туралы 1967 жылы қол қойылған болатын;
— Алтынды демонетизациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы,
алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды.
Сонымен, Ямайка қелісімі бойынша алтын құн өлшемі қызметін атқармайтын
болды;
— Елдерге кез келген валюталық бағам режімін таңдауға құқық: берілді;
— ХВК, Бреттон-Вуде жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді
күшейтуге шақырды.
СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:
1) эмиссиялау және бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) бағамды анықтау әдісі;
4) СДР-дің пайдалану ауқымы;
1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны
қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы
негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың
құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық
реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық төлем және резервтік
құрал ретінде қалдырылды.
Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:
• АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;
• доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15 — 30%-
ға жоғарлауы;
• АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет
тапшылығының есуі;
• Инфляцияның ұлғаюы:
• АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі.
Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты
қамтамасыз ете алмады.
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық
қоғамдастың елдері өздерінің халықаралың (аумақтың) валюталық жүйесін
құрды.
Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму
себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас
орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық
тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғам-дастың — бұл Батыс Еуропа
елдерінің біршама дамыған аумақтың интеграционалдың тобын білдіреді, ол
1957ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия,
Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып,
1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.
1973 жылдан бастап, ЕЭК,-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді.
Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия мен Испания қосылған.
ЕК-тың мақсаты:
1) шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси
одақ құру; ЕК,-ды дамыған мемлекетке айналдыру;
2) Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы
монополияларымен күресуде позицияларын нығайту;
3) Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер
ету аясында ұжымдық күште ұстау.
Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:
Біріншіден, ЕК, құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық
кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта
15 —16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕК,-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері
(ЕҚ,-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп
күтілуде.
Екіншіден, ЕК-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары
мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
Министрлер кеңесі — зат, шығарушы орган.
ЕҚ, комиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.
Еуропалық, парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және
Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚ бюджетін бекітеді.
ЕҚ соты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.
Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар
өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.
Үшіншіден, интеграциялық процестің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың
бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.
Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция
болып табылады. Оған валюталық шоғырлану процесі, валюталық реттеу
мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе
қағидалары мынадай болды:
ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999 ж. дейін).
ЭКЮ-дің шартты құны ЕК-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың
қоржынының әдісі бойынша анықталды.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша
төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты
есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.

ІІ. Әлемдік валюта нарығының қызмет ету ерекшелігі
2.1.Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер
үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем кұралының болмауында.
Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер,
инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың
қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне
айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импор-терден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік
және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен
банктерден; дивидент төлеуге займды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шарушылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде операцияларды
жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша баша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын
біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда
алыпсатарлық және арбитраждық валюталық-мәмілелер көлемін
ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және
пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар
халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілік) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондон, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі,
Париждегі, Цюоихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық, нарықтарды
бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен
қолданылатын валюталар мен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында Сингапур
доллары, Сауд риалы, Кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес,
халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне
(олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы
мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында
орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады.
Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар
арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы
операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі USD- 1124735 мын, DЕМ - 11165 мыңды құрайды.

Күніне барлығы 1000 млрд.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық қара нарықпен толықтырылуы мүмкін. "Қара
нарықтың" болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақтан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының
көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта
отырып, "көше" нарықтарында валютамен сауданы азайту және соның
нәтижесінде "қара нарықтың" әрекет ету аясының қысқаруына
әкеледі.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық
операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге
сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы
валюталық мәмілелерді 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың
үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді
сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті
немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу
дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның, беделіне, шетелдік бөлімдер
және филиалдар тораптарында даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін есетін
валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 АҚШ долларындағы
(мәміленің стандартты сомасы — немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай
отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық-партаменттер және
валюталық операциялармен айналы білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттар
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта мыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен арасындағы делдалдық ролді
жетістіктермен атқару үшін, влюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен
кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде,
Дюсельдорфта және Гамбургте) халықарылық банкаралық валюталық нарықта
операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі
коммерциялық банкі - Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімделері
валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш
бөлімшесінің бірінің "Сименс" каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша
жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияпарға қызмет етеді
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің
арасында - валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік
комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
миллион доллар үшін 20 АҚШ - доллары), ол төлемді халықаралық
тәжірибедегідей сатып, алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка
косылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне
толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы
мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез
келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындагы іскерлік
ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана
мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен
де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай
белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары
формасында - шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пашталық
аударам, чек, тарта түрінде болады.
Аударма - бұл басқа елдергі банк-кореспондентіне өзінің
клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе
пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын
шетелдік алушыларға (бенефциарға) төлеу туралы банктің бұйрығы.
Аударым барысында банк еніу операцияны бір уақытта жүзеге асырады:
өз клиентіне ұлттық валютаға валютасын сатады және шетел валютасын
шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп
айырысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл
береді.
Банктік чек - шщетелдік банк-корреспондентке чекті ұчтаущының
ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің
жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің
банкіне сатады.
Банктік вексель - осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспендентке
берген траттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен
бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие
берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді.
Ал төлеудің өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық
қаражаттарымен қамтамасыз болып табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ
сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын
да есте сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен
шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында
корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында
ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына
қатты ықтимал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде
жүргізуге, есеп айырысуларды жедетуге және айналыс шығынын азайтуға
есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды
(қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан
алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем
құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына
экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық банк-корреспондентіне бұл
төмен құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан,
жіберілген құжатта бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді.
Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің
корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың
осындай механизмі өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы
сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айрысуларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.2. Дүниежүзілік валюта нарықтарының құрылымы және инфрақұрылымы

1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы
конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор
(ХВҚ) құру туралы шешім қабылдады. Алғашында мүшелерінің саны 35
мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан
Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып
табылды.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота ( жазылу бойынша салым),
мүшелік жарна мияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор
капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының
25 % сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10%
көлеміндегі алтын түрінде: 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта
түріндегі жанардан тұрады.
Кватаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен
ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға
түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден,
олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе
СДР деп аталатын мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп
аталатын арнайы активтерді кезңдік қайта бөлуде алатын соманың
мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек
жағдайында алатын несиесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Тәуекелді басқару негіздері
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Қаржы жүйесінің ұғымы
Әлемдік қаржы нарығы
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі
Пәндер