Жедел ішек инфекцияларын алдын- алу



І. Кіріспе
Жедел ішек инфекцияларының алдын алуы
ІІ. Негізгі бөлім
Іш сүзегі
А және В парасүзектер
Дизентерия
Сальмонеллез
Тағамдық токсикоинфекциялар
Тырысқақ
Ботулизм
Ішектің протозойлы инвазиялары
Амебиаз
Балантидиаз
Лямблиоз
ІІІ Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

Кафедра:Жұқпалы аурулар

СӨЖ

Тақырыбы: Жедел ішек инфекцияларын алдын- алу

Орындаған: Студент, Аугалиева Э.А
Факультеті: Қоғамдық денсаулық сақтау
Курс: ІІ1
Тобы: 07-004
Тексерген:доцент,Байекееве К.Т

Алматы 2010 оқу жылы

Жоспары:

І. Кіріспе
Жедел ішек инфекцияларының алдын алуы
ІІ. Негізгі бөлім
Іш сүзегі
А және В парасүзектер
Дизентерия
Сальмонеллез
Тағамдық токсикоинфекциялар
Тырысқақ
Ботулизм
Ішектің протозойлы инвазиялары
Амебиаз
Балантидиаз
Лямблиоз
ІІІ Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жедел ішек инфекциялары:

Іш сүзегі
А және В парасүзектер
Дизентерия
Сальмонеллез
Тағамдық токсикоинфекциялар
Тырысқақ
Ботулизм
Ішектің протозойлы инвазиялары
Амебиаз
Балантидиаз
Лямблиоз

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу шаралары.

Іш сүзегі .А және В парасүзектер.

Сүзек-парасүзек ауруларымен күрес бойынша шаралар былай бағытталуы керек:
жұқпалы аурулардың көзін зиянсыз ету; берілу жолдарын қиып өту; ұжымның
қарсы тұра алмауының жоғарылауы. Іш сүзек профилактикасы алдыңғы кезекте
жалпы тазалық шараларына жүргізіледі: сумен жабдықтаудың сапасын жақсарту,
көпшілік орынды таза ұстау, канализацияларды тазалау, шыбындармен күрес.
Науқастар ауруханадан шыққаннан кейін диспансерлік бақылауда 3 ай бойы
болады. Науқастың нәжісі, дәреті, өті бактериологиялық бақылаудан өтеді.
Сүзек-парасүзек ауруларына қарсы иммунизация жоспарлы тәртіпте, сондай-ақ
эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша іске асырыллады.

Дизентерия

Инфекция көзін табу үшін берілу жолын қиюға, организмнің резистенттілігін
көтеруге бағытталған шаралар жиынтығы қажет. Ерте диагнозды анықтау және
адекватты дұрыс емдеу маңызды. Алдын-алудың бір әдісі санитарлық-гигиеналық
тәртіпті сактау. Өнеркәсіптерге қатаң санитарлық бақылау қою, әсіресе сүт
және сүт өнімдері қолданатын өнеркәсіптер. Санитарлық-ағарту жұмыстарын
жүргізу өте маңызды орын алады.

Сальмонеллез.

Тек медициналық мамандар емес, сонымен қатар ветеринарлық, санитарлық
- ветеринарлық және т.б. қызмет және мекемелер күштері араласуы керек.
Сальмонеллезбен күресуде маңызды шараларға жатады: мал соятын жерлерде
дұрыс ұйымдасқан санитарлық - ветеринарлық сараптама, ет комбинаттарында,
құс фермаларында, сүт зауыттарында және т.б. тағамды өңдеудің технологиялық
процесстеріне гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау; отандық өндіріс
ретінде мал шаруашылық өнімдерін, сонымен қатар өңдеу мен реализацияның
барлық этаптарында импорт өнімдерін жүйелі түрде бактериологиялық
бақылаудан өткізу, суда жүзетін құстарды өсіру үшін қолданылатын аз ағынды
және ағынды емес су қоймаларды дұрыс пайдалану; балалар стационарларында,
перзентханаларда санитарлық - эпидемиологиялық режимді қатаң түрде сақтау.
Санитарлық-гигиеналық шаралар – тағам өнімдерінің сальмонеллалармен
залалдануын алдын алу, тағам өнімдерін дұрыс термоөңдеуден өткізу.
Эпидемияға қарсы шаралар ұжымдарда аурудың таралуын алдын алуға
бағытталған. Ауру ошағында кезекті және нәтижелік дезинфекция жүргізіледі.
Ауруханаішілік инфекция пайда болса, арнайы жұмыс тәртібі бекітіледі.

Тырысқақ (холера)

Тырысқақтың профилактикасы үшін шаралар жүйесі басқа елдерден осы жұқпалы
ауруды алып келуден сақтандыруға, эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға
және үй-жай тазалығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар сыртқы ортаны
қалпына келтірудің де көп маңызы бар. Соның ішінде халықты таза ішімдік
сумен қамтамасыздандыру, ағынды суларды дезинфекциялау, азық-түлік кәсіп
орны мен сүт өнеркәсібінің, сауда орындарының, көпшілік тамақтандыру
орындарының тазалығын қатаң бақылау аса маңызды орын алады. Эпидемиялық
ошақтардан келген адамдарды 5 күн бақылап, 1 рет бактериологиялық зерттеу
керек. 5 күн ішінде ол адамды және оның отбасын емхана дәрігері тексеруден
өткізіп, асқазан-ішек ауруының алғашқы белгісі сезілсе, онда міндетті түрде
ауруханаға жатқызылуы керек.
Ерекше профилактиканың көрсеткіші бойынша корпускулярлы тырысқақ
вакцинасы және холероген-анатоксин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сульфаниламид препараттарының қолдану көрсеткіші
Еритін стрептоцид - еритін стрептоцид
Аурудың алдын алу туралы
Антибиотиктердің медицинада қолданылуы
ЖІИ - Жедел ішек инфекциясы
Аса қауіпті анаэробты қоздырғыш инфекциясы
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Құтырық ауруы
Тыныс жолдарының аурулары
Пәндер