Оқушылардың физиологиялық дамуы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университеті
Филология факультеті
Пәні: Оқушылардың физиологиялық дамуы
Бақылау сұрақтары
Орындаған : Айтмухамбет Назерке
Топ: ФАТ 911-а
Түркістан 2020
Бақылау сұрақтары:
1. Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.
3. Өсу мен даму қарқыны.
4. Өсу мен дамудың гетерохрониясы.
1. Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.
Балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек. Дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т. б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды. Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері) .
Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т. б. болды. Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығы 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді. Индекстердің көптігі, олардың ешқайсысының да қанағаттанарлық нәтиже бермейтіндігінен болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінің өзінде олардың қолданылуы күдік туғыза бастады. Индекстердің балалар организмдерінің бой ұзындығының бірдей еместігін есепке алмайтындығы, олардың негізгі кемшілігі болып саналады. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды. Индекстер тәсілдерінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі) келеді. Оны 1925 жылы белгілі неміс антропологы Рудольф Мартин ұсынған еді. Ол, жеке адамдардың дене бітімі дамуының параметрлерін, осы параметрлердің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.
Адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады. Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
3. Өсу мен даму қарқыны.
Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады.
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
4. Өсу мен дамудың гетерохрониясы.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмау процессі - гетерохрония деп аталады. Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды) . Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz