Болмыс онтологияның орталық категориясы. Философиядағы болмыс және сана ұғымдары. Кеңістік пен уақыт. Заңдылық пен кездейсоқтық. Материя мен форма



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Тақырыбы: Болмыс онтологияның орталық категориясы. Философиядағы болмыс және сана ұғымдары. Кеңістік пен уақыт. Заңдылық пен кездейсоқтық. Материя мен форма. Диалектика мен метафизика. Мән мен мазмұн.

Орындаған: Серік Еңлік
Тексерген: Туганбаев Қ.

Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Болмыстың негізгі түрлері:
- Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат.
- Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
- Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.
- Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;
Б) қоғам болмысы.
Заттар (денелер), процестер болмысы
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны Екінші табиғат деп атады. Екінші табиғатқа жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда екінші табиғат, өзі бірінші табиғаттың туындысы болса да, басымды болды.
Адам болмысы
Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, сүйек пен еттен жаралған пенде. Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш - реніші, психикалық жай - күйі, ойы, мінез - құлқы, ерік жігері, іс - әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Рухани болмыс
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
Әлеуметтік болмыс
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз - бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс формалары
Онтология мәселелері
ФИЛОСОФИЯ. МЕТОДОЛОГИЯ. ҒЫЛЫМ
Философиядағы субстанция мәселесі
Фиолософия дәрістер курсы
Философия тарихында болмыс категориясы
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру
Пәндер