Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік мәліметтерді талдау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті
Мемлекеттік және жергілікті басқару 6В04101 мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру» мәселесі бойынша кәсіпкерлік мәліметтерді талдау
Орындаған: Наурызбаев Сұлтан
Тексерген: Бейсенбаев Жақсылық
1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
• экономикалық мүдделілігі;
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
• белсенді ізденуі;
• жаңалықтығы.
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.
1. Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсы-ну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып-тастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.
3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республика-сының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.
• Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік - бұл өнім өндірумен байланыс-сыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
• Қаржылық кәсіпкерлік - бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерлік-тің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі - бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі - бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік - бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.
Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік - бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Серіктестік - бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкерші-лікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.
Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн - көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум - ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест - белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.
Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.
Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
1 ) кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы
2) әртүрлі меншік нысандарының танылуы, меншік құқықтрының
заңдық теңдігі мен бірдей қорғау қағидасы.
3) бәсекены қолдау және жосықсыз бәсеке мен монополиялануға
бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу қағидасы.
4) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы.
5) заңдылық қағидасы.
6) кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарын қорғау қағидасы.
2. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру дегеніміз- жай және үдемелі өндірісті қаржыландыру шарттары мен формаларының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы. Қаржыландыру ұғымы ұйымның барлық салаларында ақша құралдарының пайда болуын көрсетеді.
“Қаржыландыру” түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру - ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау - сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.
Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:
1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.
2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.
3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.
4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.
5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.
Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегеніміз өзінің (меншік) қаржысы-таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.
Пайда экономикалық категория ретінде - кәсіпкерлік істерден түскен таза табыс, ол кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін көрсетеді. Пайданың өз алдына бірнеше функциялары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz