Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
9 Семинар : Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі
1.Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан мәдениетінің дамуындағы рөлі
Ұлы жібек жолы, тек сауда ғана емес сонымен қатар дипломатиялық қарым-қатынастар, шаруашылықтағы және мәдениеттегі озық жетістіктерді алмасу жолы да болды. Ғалымдардың айтуынша Үндістанда шыққан будда діні, Қытай мен Орталық және Қиыр Шығысқа Орта Азия арқылы Жібек жолымен тараған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Суяб қаласынан буддалық ғибадатханалар табылса, Қойлық қаласынан христиандық шіркеу табылды, ал Тараз қаласының көне жұртынан неостариандық, манихейлік, буддалық, мұсылмандық ғибадатханалар табылған. Табылған ғибадатханалардың барлығы бір уақытта қатар өмір сүргендігі байқалады. Осыған байланысты, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағы Жібек жолының арқасында түрлі діни наным-сенімдер мен мәдениеттердің түйісіп тараған ортасы болды деп айтуға болады. Сондықтан қалаларда түрлі архитектуралық-құрылыс үлгісіндегі ғимараттар бой көтерді. Археологиялық ескерткіштердің барлығы қала халықтарының әртүрлі дінде болса да, ортақ мәдениеттерінің болғанын көрсетеді. Музыка және би өнері де қалыс қалмады, буддалық тәуіп Сюань-Цзян 629 жылы Суяб қаласында болғанда жергілікті музыканттар түрлі халықтардың музыкалық аспабында ойнап өнер көрсеткендері туралы жазған. Орта ғасырда көбіне сауда керуендерімен жүріп өнер көрсететін әнші, биші, күйші, акробаттар мен сиқыршы-фокусшылар өте көп болған. Қазақстан аумағындағы орта ғасырлардағы барлық ірі қалалардан археологиялық қазба жұмыстары кезінде, түрлі халықтардың көптеген музыкалық аспаптары табылған. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар Ұлы Жібек жолы арқылы түрлі этностар арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени байланыстардың қалыптасуының бастауында болып, кейіннен сол байланыстардың дамуына зор үлес қосқандығын, бүгінде мақтанышпен айтуға болады.
2.Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар
Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын.
3.Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі.Бұқара,Самарқан,Ургенч
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді. Ташкент, Бұхара, Қоқан, Үргеніш, Самарқандтың кітапханаларында көптеген қолжазбалар сақтаулы. Әр түрлі шығыс тілдерінде жазылған қолжазбалар республика халқында да сақталды. Мемлекет олардың сақталуы мен қалпына келтірілуіне үлкен қамқорлық көрсетіп отыр, бұл қолжазбалар Өзбекстан үкіметінің шешімімен біртіндеп республика Ғылым Академиясына жинақталып жатыр. Өзбекстан Ғылым Академиясының Х.Сүлейменов атындағы қолжазбалар институтында өзбек ақындары мен әдебиетшілері шығармаларының қолжазбалары жиналған.
4.М.Қашғари,Ж.Баласағұн,А.Яссауи,А. Үйгінеки,С.Бақырғани
Махмұд Қашқари - түркі ғалымы, әйгілі Диуани лұғат ат-түрк атты еңбектің авторы.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. Диуани лұғат ат-түрік - ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн Құтты білікті 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне тәржіма жасады.
Қожа Ахмет Ясауи -- түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы -- Диуани хикмет Диуани Хикмат Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.Диуани Хикметтен түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Ахмед Иүгінеки, -- ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. Ахмет Иүгінекидің "Ақиқат сыйының" түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 -- 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі -- 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі -- 508 жол.
Сүлеймен Бақырғани - ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті.
Еңбектері - Бақырған кітабы Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы. Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік -- Құдай. Алла -- таза абсолюттік болмыс.
Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:
1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы;
2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі;
3. Рухани сұлулық.
5.Ақын жыраулардың музыкалық шығармашылығы
Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі мәдениеті мен өркениетті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлі
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлін айқындау
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Мәдениет морфологиясы туралы
Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Мәдениет және өркениет туралы
Қазақ ұлты және өркениет
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Пәндер