Қазақ халқының мәдени коды


Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Қазақ халқының мәдени коды»
Орындаған :Сапакова Шынар
Тексерген: Базарбекова Ақнұр
Алматы. 2020
«Қазақ халқының мәдени коды».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Сонымен, елімізде қызу талқыға түскен мақалада атап көрсетілгендей, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз - ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Ұлттың мәдени кодының негізгі құрамдас бөліктері мұра, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл, отбасы, шаруашылық жүйелер (өмір салты), мерекелер болып табылады.
Тезис. Мәдени код-рухани болмыстың кілті. Рухани болмысты қалыптастыру -дербес ел болу.
Қазіргі заманғы Қазақстанды мәдени дамытудың маңызды бағыттарының бірі мәдени мұраны сақтау, зерделеу және тарату болып табылады. Мәдени мұра - қоғамымыз бен мемлекетіміздің шоғырлануы мен ойдағыдай дамуының сарқылмас әлеуеті. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мәдени мұраны тарату және ықпалдастыру технологиясы қазіргі заманғы ғылыми ізденістерден бастап мәдени туризмге дейін мәдени кластерлерді қалыптастыруға негіз бола алды. Кластерлерді дамыту катализаторы мәдени мұраны күнделікті тыныс-тіршіліктің, жанды және үнемі дамып отыратын дәстүрдің жаңа ұрпақ үшін өзекті ажырамас бөлігі етуге мүмкіндік беретін креативті индустриялар ретінде қарастырылады.
Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шәкәрім, Ахмет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. [1] Аталмыш қасиеттердің түгелі ұлттық кодтың еншісінде, сондықтан заман өзгергенімен ол өзінің маңызын жоғалтпауы тиіс. Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан ұрпаққа берілетін орнықты жүйесі ретінде қайталанбас даралығын сақтайды және халықтың жан-дүниесін көрсетеді. Олардың өзгешелігі табиғи орта мен шаруашылық құрылыстың ерекшелігіне байланысты. Қазақ халқының материалдық және материалдық емес мәдениетінің элементтерін сақтау және ілгерілету бүгінгі күннің қажетілігі.
Алайда Тәуелсіз даму жолында «Жаһандану үдерісіне» бет бұрып отырған кезеңде ел экомикасының дамуында өзінің пайдасын тигіп жатса, келесі бір жерде мәдени -бірегей кодымыздың мүддесін, маңызын бәсеңдетіп отыр. Бұрындары «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» делінетін, барша игіліктен арды, ұятты, ахлақты жоғары қоятын қазақтың өмір сүру ережесі қатты өзгеріске ұшырады. Тиісінше ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр. Салдары - бүгінгі қоғамның барлық саласын жайлаған сыбайластық пен сыбайлас жемқорлық, көпке түсініктірек тілмен айтқанда - коррупция. [3] Бүгінгі күнде коррупция бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 113 орында, 100 баллдың 34-і тиесілі.
Жаһандану үдерісі біздің тарапымыздан ешқандай тосқауыл көрген жоқ. Ешқандай кедергі кездеспегендіктен де жастар санасын тез жаулады. Тіпті, ұлттық құндылықтарға көзқарастың өзі өзгеріске ұшырай бастады. Ал бұл мәдени кодымыздан айырылудың алды еді.
Рухани кодымыздың басты тіні, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты бүгінде әлі де алаңдатады.
Шындығына келгенде, мемлекеттік мәртебесіне қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте алмау, оны өзге тілдермен қойыртпақтап, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық. Мәдени кодты сақтай отырып, біз бірегей ұлттық бейне қалыптастырамыз. Елбасы айтқандай мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруы керек. Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін қазақ халқына басқа елдің мәдениетін алып, дайын үлгі (шаблон) ретінде енгізу шарт емес. Сол сияқты белгілі бір мәдениетке толық еліктеуге де болмайды. Себебі, басқа елде «мәдениет» болып көрінетін бір қылық, біздің елде әдепсіздік немесе ұятсыздық болып саналуы әбден мүмкін. [2] Мысалы, Оңтүстік Кореяда ер - азаматтардың косметиканың пайдалануы қалыпты жайт болса, біздің елімізде тансық дүние. Сырттан келіп жатқан «мәдениетті» жақсылап зерде елегінен өткізіп, біздің тәуелсіздігімізге, ұлттық менталитетімізге, тіліміз бен ділімізге, мәдени мұрамызға қаншалықты пайдалы немесе зиянды екенін саралап қана тәлім алған жөн. [4]
Елдің ертеңі - мына біз, жастармыз. Бүгінгі «ойын арзан, күлкі қымбат» күйбеңімен жүрген бала көңіл болғанмен, ертеңгі күннің дана жүрек қариясымыз. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп - оңай». Мемлекеттің өз заңы бар, мемлекеттік тілі бар. Қазақ тілін қарасақ оңай, әрі әдемі болып көрінеді.
Ұлттың коды - тілінде. Тіл тірілсе, дәстүр жанданады. Дәстүр жанданса, рух күшейеді. Рух күшейгенде ғана ұлт жаңғырады. [5]
Тіл мәдениеттің негізгі элементі және ұлт пен оның бірлігін қалыптастырудың басты шарты болып табылады. Қазақ тілін сақтау және дамыту біздің мемлекетіміздің мәдени саясатының аса маңызды міндеті. Қазақстан мәдениетінің әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің үш тұғырлылығын көздейтін мемлекеттік тіл саясаты арқылы қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz