Салауатты өмір салты тұлға табысының негізі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу жұмысы

Эссе

Аты-жөні: Жамбыл Жұлдызай

Тақырып атауы:“ Салауатты өмір салты тұлға табысының негізі ретінде”

Салауатты өмір салтты дегенді әркім әрқалай түсініп жатады. Салауатты өмір салты-бұл денсаулықты сақтау мен нығайтуға мүмкіндік беретін, денсаулықтың бұзылуына жол бермейтін қағида. Кез келген елдің болашағы-оның халқының денсаулығына байланысты. Әрбір адам өзі үшін де, қоғам үшін де салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Оны қай жағынан алып қарасаң да зиянынан әкелетін пайдасы өте көп. Ең бірінші байлық-денсаулық. Өз денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлануымыз керек. Адамға денсаулығынан асқан қымбат нәрсе жоқ. Себебі: кез-келген жұмысты жақсы атқару үшін, денсаулығыңның мықты болуы маңызды. Деніміз сау болмаса, шалқып тасыған байлықтан, ақшадан не пайда? Ақша мен байлыққа құмартып, өз денсаулығына мән беріп қарамай жатқан адамдар да бар.

Қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстану туралы көп айтылуда. Көп жерде осы тақырып жөнінде әңгіме, пікірталас қозғалады. Тіпті балабақша қабырғасынан бастап, мектеп қабырғасында және жоғарғы оқу орындарында да айтылып жатыр. Бұл тақырып қоғам үшін өзекті тақырып. Себебі, бұл адам өмірі мен денсаулығының жақсаруына көп үлесін тигізеді. Салауаттанудың негізгі мақсаты-жеке тұлға мен қоғамның денсаулығын тұтастай қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, адамның психикасына да тығыз байланысты болады. Бәріміз білетіндей, салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары бар:

-организмді шынықтыру;

-дұрыс тамақтану;

-күн тәртібін тиімді пайдалану;

-зиянды әдеттерден аулақ болу және т. б.

Денсаулық-адамға табиғаттың берген ұлы құндылығы. Біздің бақытымыздың жүзден тоқсан пайызы денсаулығымызға байланысты. Денің сау болса өз тіршілігінді жасап жүре бересің. Қарапайым тілмен айтқанда, «Денсаулық-Өмір». Есі дұрыс адам нені таңдайды, өмір немесе өлім? Әрине, өмір. Бірақ, бәріміз бірдей таңдау жасағанымызмен, оны өз іс-әрекетімізбен растау қажеттігімізді түсінбейді.

Салауатты өмір салтының негізгі іргетасы балалық шағымыздан қалыптасуы керек. Өйткені, жасөспірімдік шақ кезінде денсаулық үшін жасалған әр зиянды әрекетіміз болашағымызға зиянын тигізуі мүмкін. Жастардың қазіргі таңда бос уақыты әлдеқайда көп. Бірақ, неге жастардың көбі, бәрі емес әрине, спортпен шұғылданудын орнына компьютерде отыруды, сыра ішуді, есірткі қолдануды жөн көреді?Менің ойымша бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, жастардың бос уақыты ретке келтірмеген. Екіншіден, адам қаншалықты рухани дамыған болса, оның салауатты өмір салтын таңдау мүмкіндігі соғырлым көп болады. Үшіншіден, зиянды әрекеттерге бейім келетін кезең-жасөспірім кезеңі екен. Жасөспірім кезеңінде көптеген маңызды өзгерістер орын алады. Осы кезеңде жаңа көзқарас қалыптасады. Мінез-құлқымыз өзгеріп жатады. Соның әсерінен, жасөспірім балалар ешкімді тыңдамай, өз еркімен кетуіне әкеліп соқтырады. Бірақ отбасында жақсы тәрбие алған, кішкентайынан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсініп өскен бала жаман жолға түсуден сақтанады. Балалар бастапқы білім, жақсы әдеттер мен зияны әдеттер түсінігін отбасынан алады. Баланың болашақта кім болатынын, оның ішінде өмірдің қай жағымен жүретіні отбасына байланысты. Салауатты өмір салты мәселесі отбасы мәселесімен тығыз байланыста болады. Дені сау отбасында дүниеге келген баланың жақсы, сау өмірді таңдайтына ешкімнің дауы жоқ шығар. Ал керісінше өмірін зиянды ортадан, әрекетпен бастаған адам зиянды өмір салтын таңдайды. Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ұстанудың ең оңай жолы- спорт пен өнерге деген ынтасын ашу. Спортпен шұғылдан адам жаман болмайды, керісінше көп көмегін тигізеді. Шыныққан ағза вирустармен жақсы күреседі. Адамның ептілігі мен шыдамдылығы артады. Көп адамдар бос уақыттарын фильм көрумен, телефон қараумен өткізеді. Әсіресе қазіргі, 2020 жылы бұл статистика екі есе өскені анық. Себебі, көп адамдар жұмыстарынан уақытша босатылып, үйлерінде болды. Азаннан-кешке дейін не істерлерін білмей, телефоннан бас алмай күндерін өткізді. Оған қоса қазір сабақтардың барлығы онлайн. Бұл дегеніміз сағаттап компьютер мен телефонның алдынан шықпаймыз дегені. Осы әсерінен көз көру нашарлап, дене қозғалыспен айналысу жайына қалды. Компьютер мен телефонда ұзақ отыру арқа мен мойын еттері шаршайды. Мектеп оқушылардың ағзалары бұл жаста қозғалысты қажет етеді. Бірақ, мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлауына мектеп кінәлі емес. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту-ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту-оңай, ал қалпына келтіру-қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері. Адам потенциал индексінің көрсеткіштері
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Организмді шынықтыру
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Валеологиялық білім беру
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz