Ашық және жабық қоғам


Тақырып атауы.
Ашық және жабық қоғам
Тақырыптың бастапқы түсінігі қоғам жайлы екі ұғымда болу. Қоғам туралы түсінік бере кетсек, ресми түрде ұйымдастырылмаған, бірақ ортақ мүдделер мен құндылықтарға ие адамдар тобы. Адамдардың қазіргі кезге деген жабық қоғам мен ашық қоғамға деген көз қарастары мен пікірлері.
Жабық қоғам -адамдардың адамдардың жоғары әлеуметтік деңгейге көтерілуіне ғана емес төмендеуіне де кедергі болатын қатаң әлеуметтік құрылым. Попер Платон нақтырақ айтқандай адам бақыты мен әділдік тек қана жабық қоғам жүйесінде болады деп сынға алады. Сонда барлығына ортақ игілікке қол жеткізгісі келетіндер түбінде бәрібір күштеп қысым көрсетіп көндіреді делінген.
Ашық қоғамға көшсек мұнда адамдар өзінің идеологиялық адамгершілік құндылықтарын алуға мүмкіндік алады. Ашық және жабық қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Попер енгізген. Ол бұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданылған.
Ашық қоғамды біз демократияшыл қоғам деп атай аламыз. Ашық қоғамды біз мемлекет сыртқы жағдайларға жылдам ыңғайланады. Қазақстан мемлекетін біз әрине ашық қоғам типіне жатқызамыз. Қазақстанда биліктің түп негізі халықтың қолында. Республикамызда әрбір азаматтың негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында халықтың бәрі тең. Ашық қоғамды еркіндік пен прогрестің символы деп алсақ қателеспейміз. Келесі қазіргі кезде қоғамдағы мәселеге барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бір өзекті мәселесі бұл- отбасы . Отбасы - адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең ежелгі формасы. Ол - мемлекет, дін, нарық, әскер, білім, саясат сияқты әлеуметтік жүйеден әлдеқайда ерте пайда болған.
Сонымен, отбасы - саяси қоғамдардың алғашқы бейнесі, әмірші- үйде әке деп алсақ болады, халық- балалар секілді дегендей кете береді. Барлық айырмашылық мынада ғана: отбасында әкенің балаларға сүйіспеншілігі олардың әке қамқорлығына қайтаратын парызымен өтеледі . Ал мемлекетте әміршінің қолындағы биліктен алатын рахатты халыққа сүйіспеншілікпен алмастырады. Былайша айтқанда, отбасылық өмір адамзат дамуының ұйытқысына, қоғамдық дамудың мәңгілік өзегіне айналды .
Отбасы жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі ол бір мезгілде әлеуметтік институт сипатына да және шағын әлеуметтік топ сипатына да ие бола алады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы өнегелік және құқықтық заңдастырылған, қоғамдық және мемлекеттік қолдауға ие, жұбайлар, ата-аналар мен балалар және басқа да туыстар арасындағы өзара қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалар, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Қоғамдық отбасылық қатынастарда бағытталған әлеуметтік - экономикалық емес, ең алдымен үлкен маңызы бар психологиялық - педагогикалық проблема, өйткені біздің жастар ұрпақтың ізгілік- адамгершілік денсаулығы бүкіл қоғамның қамқорлығында .
Социалогияның негізін қалаушы : О. Конт қоғамды зерттеу үшін ең басты отбасына көңіл бөлу керектігін тағы да еске түсірді . О. Конттың пікірінше, қоғам құрылатын негізгі элемент немесе әлеуметтік өмір мектебі деп бекер айтпаған. Отбасы да бізге әлеуметтік институтардың табысты көзі ретінде қарастырсақ болады, себебі отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірігіп жасаған әлеуметтік әрекеттері ретінде отбасын нығайтудағы қызметке байланысты болады. Отбасы жеке -дара бір институт ретінде қарастырсақта болады. Отбасы адам үшін қалай маңызды болса, қоғам да мемлекет үшін сондай мәселе болып саналады. Отбасы қоғамдық құрлымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, бір-бірлерімен қосу, ал оны қалыптастыру үшін алдымен адам танысып, жақынырақ неке қалыптастыру қажет.
Неке- әйел мен еркек арасындағы екі өзара байланыс, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы - адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды дейді. Адамзаттың сақталуы- әлеуметтік ұйымдасудың әрекетінен әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның тұжырымдамасында отбасы ажырасуды айыптайды. Адамдар бір -бірімен араласады, кездеседі, танысады, достасады тағы айтаберсек көп. Ары-қарай ара-қатынас жақындаса түсе жастар неке қидырады. Осылардың арқасында берік немесе әлсіз отбасы құралады. Міне, сол сияқты қоғамда осы отбасы сияқты, осы қоғам арқылы танысып ара -қатынасты жалғастырып немесе тоқтату. Отбасының аса маңыздылығы қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметтен көруге болады. Біріншіден, отбасы -ол адамдардың ерекше тобы және оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өркендеп өсіп отырады. Енді екінші атқаратын қызметі -отбасында қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары ұстап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады . Бүгінде отбасында әйелдің орыны ерекше екендігіне күмән келтірмейміз. Мықты отбасын құра білу - әйелдің аса зор қабілеті мен пысықтығына байланысты сол себептенде көп нәрсе әйел адамның ақылдылығына, икемділігіне байланысты. Әке мен шешенің татулығы бала тәрбиелеудің үлгісі. Бұл екі адамға да тең сапа отбасының тұрмыстық шаруасымен тең жүргізудің маңызы да жоғары. Зерттеудің нәтижесіне қарағанда қайсы бір отбасы шаруасымен әйелдер ерлерге қарағанда 3-4 есе артық айналысады. Көптеген жас әкелердің ойы отбасы шаруасымен айналысуды тек қана әйелдің қызметі деп түсінеді. Әрине, бұл дұрыс емес. Отбасы шаруасын ұйымдастыру жай ғана мәселе емес. Айталық кір жуу, тамақ дайындау, еденді жуу, түрлі қоқыстарды далаға шығару, дүкенге бару, тамақ әкелу дегендей. Бұл сырттай қарағанда жай шаруа сияқты, ол шын мәнінде отбасы татулығын құрайтын шаруа. Халықта нақыл сөз бар: «ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген. Отбасының шаруаларын әке мен шеше бірігіп, бөлісіп атқарса бұл балаға үлгі, олар өскенде де соларды айнытпай орындайды.
Бұл мәселеде шешуші тұлға әйел-ана. Оның тәртібі, мінез-құлқы, мәдениеті күйеуінде тәрбиелейді. Әрбір әйел күйеуінің ғана емес отбасының байлығы, ұйымдастырушысы, тіптен каражатты үнемді пайдалануда әйелге байланысты. Әйел адамның қырық жаны бар деп бекер айтпайды. Тағы айта кететін жайт отбасы болсаң, толыққанды отбасы болған дұрыс баланың жағдайын ойлаған жөн, ертен балалы болып алып ұрыс-керістің кесірінен жас отбасыларымыз ажырасып кетіп жататындар бар. Кейін ортада бала болса ше, қиындық көретін сол бала. Сол себепті отбасы құрған соң сол ұйытқыны сақтап қалған жөн. Жақсы, үлгілі бала тәрбиелеу толық отбасында іске асады. Қазақта «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген нақыл сөз де айтылған.
Тағы да қоғамда көп айтылатын мәселе, жастар заманы десе де болады. Жаңа ғасыр балалары мүлде бөлек, әрі ерекше. Егерде салыстырып қарайтын болсақ, бұрыңғы балалардан психологиясы да, ойлау қабілеті де, сөйлеу мәнері де, қабылдауы, қоғаммен қатынасы, үлкенге деген ізгілігі, тұлғасы, қызығушылығы, бет келбеті, әлемді тануы, отбасын сыйлауы, мәдениеті, қимыл іс әрекеті басқаша. Қазіргі ересек балалар да, кішкентай баларда өз ана тілін білмейді және солардың ішінде білгісі де келмейтіндері де бар. Қоғамда еркекшора әйелдер, қызтеке еркектер саны күнара өсуде. Көбісіне де көзіміз үйренуде өзіміз де ерудеміз. Қоғамда қазір көтеріліп келе жатқан проблема десек те болады кейбір жастардың сол бағытқа ауып бара жатқаны өсіп келе жатқан жас балалардың психологиялық тұрғыдан қарасақ оларды көзбен көріп еліктеуіде ғажап емес. Негізі бүгінгі күні жасөспірімдердің алатын орны өте жоғары. Білім алуға, үйренуге мүмкіндігі мол. Ақпарат көздері де жоқ емес. Бірақ, үлкен проблема барлық ақпаратты дұрыс қолдана алмауымызда. Қанша дұрыс жолды көрсететін нұсқау болса, сонша дұрыс емес жолды көрсететін жол бар. Олар қанша? Мыңдаған. Соның кесірінен қанша жастарымыз обалға қалуда. Жарайды барлығын ысырып күні бүгін теледидардан, компьютерден көретін өзіміздің тәрбиесіз заттарымызға тоқталайық. Театрларда оның ішінде ысқақ теартларда еркектердің боянып, әйел болып киінуін байқадыңыздар ма? Әрине, барлықтарыңыз байқадыңыздар бірақ, көз үйреніп кеткен қазіргі таңда бәріне үйреншікті жағдаймен қарап кеткенбіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz