Эволюциялық процесстің заңдылықтары



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Филогенетикалық эволюцияның топтары.

Филогенетикалық топтардың негізгі бағыттары.

Арогенез туралы түсінік

Аллогенез туралы түсінік

Катагенез туралы түсінік.

2. Эволюциялық процестің заңдылықтары.

2.1. Дивергенция

2.2. Конвергенция

2.3. Параллелизм


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті АҚ
Кафедра .

Тақырыбы:
.

Орындаған: Әбсадықова Н.
Тексерген: .

Астана 2011 – 2012 жж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Филогенетикалық эволюцияның топтары.

Филогенетикалық топтардың негізгі бағыттары.

Арогенез туралы түсінік

Аллогенез туралы түсінік

Катагенез туралы түсінік.

2. Эволюциялық процестің заңдылықтары.

2.1. Дивергенция

2.2. Конвергенция

2.3. Параллелизм

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу міндетті түрде ұйымдасудың жоғарылауына
алып келмейді деп есептаді. Популяцияның тірі қалуы үшін қолайлы
адаптациялар мамандандырылуға бакғытталуы мүмкін (жаңа тіршілік ету
орталарын немесе қоректің жаңа көздерін игеруге, қажетті бейімделу
құралдарына ие болу), мұның нәтижесінде организімдер тобы бәсекеден
шығады. Ортаның шектелген жағдайларына арнайы бейімделу құралдарына
иелену ұйымдасу денгейін өзгертпейді, бірақ түрдін өркендеуіне
көмектеседі. Кейде аз қозғалатын тіршілік жағдайында пассивті
қоректенуге немесе паразитизмге көшу пайдалы болып шығады. Мұндай
адаптациялар әдетте организмнің қарапайымдануына, тіршілікке қажетті
белсенді мүшелердің жоғалуына алып келед.
Организмдер құрылысының валуан түрлі өзгерулеріне сәйкес эволюция
процесінде әрқайсысы биологиялық прогреске апаратын үш басты бағыттарды
бөледі: 1) арогенез, (морфофизиологиялық прогресс); 2) аллогенез; 3)
катагенез немесе жалпы дегенерация.

1. Филогенетикалық эволюцияның топтары.

Филогенетикалық эволюцияның топтары. Берілген систематика бойынша
палеонтология, биогеография салыстырмалы анатомия және т.б. биологиялық
дисциплиналар эволюция бағытының процесіне әр түрлі дәрежеде нақты
қалпына келтіруге үлкен мүмкіндік береді. Осы берілген байланыстар
филогенетикалық дисциплинаның, анықтауға арналған эволюцияның ерекше
ірі топтарының органикалық дүниенің негізін құрайды. Эволюциялық
процесте әр түрлі емес сытқы орта жағдайына әр түрлі биотикалық және
абиотикалық ортада және т.с.с. көпшілік топтар ерекше өзіне тән тарихи
дамуда жалпы бөлуге мүмкіндік береді. Барлықө эволюциялық топтардың
ерекшеліктерін финотип – морфофизиололгиялық ерекше особтар зертеуі
арқылы анықталды. Соңғы он жылдықта осы мәліметтер салыстырмалы түрдегі
алынған молекулярлы генетикалық дәрежеде жұмыс бастады.

1. Филогенетикалық топтардың негізгі бағыттары.
1.2. Аррогенез (грек тілінен airo – көтеремін және genesis - даму)
немесе морфофизиологиялық прогрес – құрылыстың ірәі өзгерулерін –
ароморфозды алып келетін эволюциялық бағыт. Ароморфоз (грек тілінен
airo – көтеретін morpha – үлгі, форма) ұйымдасудың күрделенуін, оның
жоғарғы дәрежеге көтерілуін білдіреді. Ароморфоздардың пайда болуы
нәтижесінде жануарлар құрылысындағы өзгерістер ортаның қандай да бір
арнайы жағдайларына бейімделу құралдары болып жағдайларын (қоректің жаңа
көздерін, жаңа тіршілік орталары) кеңірек пайдалануға мүмкін,дік
береді.
Ароморфоздар пассивті қоректенуі тәсілінен активті тәсіліне өтуді
(омыртқалылардағы жақ сүйектерінің пайда болуы) қамтамасыз етеді,
жануарлардын қозғалғыштығын арттырады (бұлшық еттердің бекітілуі орны
ретінде қаңқаның пайда болуы, құрттардағы бірыңғай салалы бұлшық ет
қабаттарының буынаяқтылардағы көлденен жолақты бұлшық еттеріне ауысуы),
тыныс алу функциясын жетілдіреді (желбезектер мен өкпенің пайда болуы),
ұлпалардың оттегімен қамтамассыз етілуін жақсартады (балықтардағы
жүретің пайда болуы және құстар мен сүтқоректілерде қанның артериялық
және веноздық түрлеріне бөлінуі).
Осындай барлық өзгерістер ортаның нақты жағдайларына жеке бейімделу
құралдары болмаса да, жануарлардың тіршілік әрекетінің интенсивтілігін
арттырады, олардың тіршілік ету жағдайларына тәуелділігін азайтады.
Ароморфоздардың жалпы белгісі олардың одан арғы эволюция процесінде
сақталынып, жаңа ірі систематикалық топтардың – кластардыің, типтердің,
кейбір отрядтардың (чсүтқоректілерде) пайда болуына алып келеді.
1.3. Аллогенез. Аллогенез (грек тілінен allos - өзге, басқа және
genesis – даму) – идиоадаптацияларды немесе алломорфоздарды иеленумен
жүретін эволюциялық бағыт. Идиоадаптация (грек тілінен idios –
ерекшелік, латын тілінен adaptatio – бейімделу) – тіршілік үшін күреске
пайдалы, бірақ ұйымдасу деңгейін өзгенртпейтін ортаның белгілі – бір
жағдайларына бейімделуі. Организмдердің әр түрлі белгілі бір жерлерде
мекендейтін болғандықтан, оның дәл осы жағдайларға бейімделу құралдары
қалыптасады. Идиоадаптацияларға жануарлардың қорғаныуш реңі,
өсімдікте,рдің тікенектері, скат пен канбаланың жалпақ формасы жатады.
Тіршілік етудін жағдайлары мен түріне байланысты сүтқоректілердің бес
бармақты аяқ – қолдары көптеген өзгерістерге ұшырайды. Мысалы:
қосаяқтың, жертесердің, жүзетін және су астында қоректенетін жұпар
тышқакнның аяқ – қолдарының формасын қараймыз. Дәл осындай жұп тұяқтылар
қатарына жататын жануарлардың сыртқы түрі мен құрылысындағы ерекшеліктер
әр түлі тіршілік ету жағдайларының әсеріненпайда болған. Ароморфоздар
пайда болғаннан кейін, әсіресе жануарлар тобының жаңа тіршілік жағдайына
идиоадаптациялану арқылы бейімделе бастайды. Мысалы, құстар класы
құрлықта таралу барысында алуан түрлі сансыз көп формаларға айналды.
Колибрилер мен торғайлшардың, қанар бұлбұлдар мен бүркіттердің,
шағалалардың, бірқазандар мен тотықұстардың және т.б. құстардың
қүұрылысын қарай отырып, олардың құрылысының негізгі белгілері бірдей
болғанымен, мұндай құстардың арасындағы айырмашылықтар идиотапция арқылы
бейімделу құралдарына ие болған.
Тіршілік етудің өте шектелген жағдайларына бейімделудің шеткі
дәрежесі мамандану деп аталады. Қоректің тек бір түрімен ғана қоректену,
біріңғай және тұрақты ортада мекен ету (мысалы, үңгірлерде)
организмдердің осы жағдайлардан тыс тіршілік ете алмауына алып келеді.
Оларға тропикалық гүлдердің тәтті шірнесімен ғана қоректенетін
колибриді, қоректің шектеулі түрімен қоректенуге маманданған құмырсқа
жегіштерді және ағаштардың жіңішке бұтақтарында мекендеуге бейімделген
хамелеондарды жатқызуға болады.

Насекомқоректі сүтқоректілер отрядындағы экологиялық дифференциалану
(идиоадаптация). Құрлықтағы формалары: А-қосаяқ, Б-жертесер, В-кірпі;
қосмекенді формалар: Г-су жертесері, Д-жертесер камшат, Е-қалталы
көртышқан; жер қазатын формалары: Ж-көртышқан, З-шұбар көртышқан.

Мамандану топтың эволюциялық мүмкіндіктерін азайтады және орта
жағдайларының күрт өзгеруі кезінде бұл топтың өліп бітуіне алып келеді.
Биологиялық өркендеуге ұйымдасудың қарапайымдануы арқылы да жетуге
болады.

Жұп тұяқты сүтқоректілер отрядындағы экологиялық дифференциалану
(идиоадаптация): 1-қабан, 2-зубр, 3-сусиыр, 4- арқар, 5-солтүстік
бұғысы, 6-бұлан, 7-елік, 8-еуропалық бұғы.

1.4. Катагенез (грек тілінен kata – төмен қарай қозғалыс және genesis -
даму) – ұйымдасудың қарапайымдануымен жүретін эволюциялық бағыт.
Ұйымдасудың қарапайымдануы – морфофизиологиялық регресс – тіршілікке
қажет белсенді мүшелердің жоғалуына алып келеді, ол дегенерация деп
атайды. Жалпы дегенерацияны биологиялық прогрестің жолы ретінде көптеген
формалардан бақылауға болады, ол негізінен тіршіліктің паразиттік
немесе аз қозғалатын түріне көшумен байланысты жүреді. Паразитизмге
көшкен түрлер еркін тіршілік ететін түрлерден күрт ерекшеленеді. Паразит
өсімдіктерде тамырлар мен жапырақтар өз функцияларын атқармайтындықтан
кішірейді, біртіндеп семіп қалады. Фотосинтездеуші қабілеті де жоғалады,
мұндай өсімдік түгелімен ие есебінен тіршілік етеді.
Жануарларды мысалы, таспа құрттарда сезім мүшелері мен ас қорыту жүйесі
қарапайымдана келіп, жойылады. Жүйке жүйесінің құрылысы қарапайымданады.
Олардың орнына таспа құрттарда әр түрлі жеке бейімделу құралдары – ие
ішегінде де бекінуге қажетті сорғышьар мен қармақшалар дамиды.
Паразиттерде жыныстық жүйе күшті прогрессивті түрде дамыған.
Паразиттердің өсімталдығы аса жоғары. Адам ішегінде паразитті тіршілік
ететін сиыр цепені өзінің тіршілік ету уаұытында (18-20 жыл) 11 млрд
жұмыртқа түзеді. Олардың ие денесімен қозғалуы және жоғарғы өсімталдық
қабілеті бұл түрдің кен таралуы мен биологиялық өркғендеуін қамтамасыз
етеді.
Тіршілдіктің аз қозғалатын түріне және пассивті қоректену тәсіліне көшу
(мысалы, асцидия) ұйымдасудың қарапайымдануы, басқа түрлерімен бәсекеден
шығумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік философияның функциялары
Де Фриздің мутациялық теориясы
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Басқару функциясы, жоспарлау, ұйым, уәждеме және бақылауды зерттеу
Мутацияның түрлері және мутагендер. Канцерогенездің биохимиялық негізі
Хромосомлық абберациялар
Мутациялық өзгергіштік
Мутациялық жағдайлар жайлы
Радиотехникалық динамикалық хаос генераторларының энергетикалық тиімділігін анықтау
Өзгергіштік түсінігі
Пәндер