Ұлттық валютаның өткені мен қазіргісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық валютаның өткені мен қазіргісі

Қазіргі таңда Қазақстандағы өзекті мәселелердің біріне - валютаның тұрақсыздығы жатады. Осы мемлекеттегі жағдай мені қатты қызықтырғандықтан, өзіндік жұмысында осы тақырыпты талқылауды шештім.

Ұлттық валютаның Қазақстан экономикасында маңыздылығы қаншалықты?

Ұлттық валюта - бір елдің ақша бірлігінің басқа елдің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы болып табылады. Қазіргі таңда, экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын орнатып, еліміздегі банк жүйелерінің қызметін жақсартып, экономикалық өсімін қамтамасыздандыру өзекті мәселе болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясында да еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсаты қозғалған. Стратегияда әлемдік экономиканы ескере отырып, Қазақстан тұрғындарының кірістерін әрбір инфляциядан барынша қорғау туралы тақырып қарастырылған. Қазіргі бүкіл әлемде қандай жағдай болып жатқанын бәріміз білеміз, covid-19 жалпы жағдайды, сонымен қоса экономиканы қиындатып жіберді.

Қазақстан Республикасында валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде алғашқы заң қабылданды. Ол кезде еліміз енді ұлттық валютамызды бірінші рет айналымға шығаруға дайындап жатқан. Айырбастау коэффиценті 1 теңгеге 500 рубль болды. Өзіміз білетіндей алғашқы теңгелер Англияда шығарылды.

Нарықтық экономикаға өту кезінде Қазақстан әлемдік банк тобына және несие-қаржы институттарына жаңа мүше болып кірді. Содан бері көптеген нарықтық даму жобаларын іске асыруда. Мысалы, Еуропалық даму және құру банкіне мүшелікке кіріп, 3 миллион долларға тең келетін техникалық көмек алып, одан бөлек 1994 жылы шамасы 839 миллион доллар теңелетін гранттар мен техникалық көмек ала алды. Оның ішіне кадрларды дайындау, Алматы ауа экологиясын жақсарту және одан бөлек алып жобаларды қамтыды.

1961-1992 жылдары жалпы айналыстан 950, 6 миллиард рубль купюралары өтті. Алдын ала есептеу бойынша республикада жалпы 1, 3 триллион сомға дейін қолма-қол ақша жиналды. 1994 жылы АҚШ долларлары 8, 6 есе күрт кеміп, инфляция шығыны 1158, 8 % жетті. Бұл жағдай импорт сауда-саттықтың және экспорттың көлемін ұлғайтып, доллардың өсуіне әсер етті. 1995 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 60, 3%, ал долларға шаққанда құнсыздануы 17, 9 пайызды құрады. Қазақстан тәуелсіздіктен кейін 7 жыл ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасы ең аз пайызды көрсетті-2, 8. Осы оқиғаның нәтижесінде теңге құнсызданды. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айларында шетел валютасына өте көп сұраныс өтті. 1999 жылы валюта тағыда 30, 3 пайызға құнсызданып, мамыр-маусым айларына қарай 12, 4-2, 5 пайызға кеміді. 2000 жылы 1 долларға шаққанда 5, 2 % кеміп, жыл аяғында 145, 4 теңгені құрады. Негізі 90-жылдарда еліміз үшін біршама көтерілістер мен құлдыраулардан өтті.

2015 жылы Ұлттық банк теңге бағамына байланысты, өздерінің ресми сайттарында, мынандай түсініктеме берді: «Теңгенің айырбастау бағамы негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасады. Мұнай бағасының 2014-2015 жылдары төмендеуі төлем балансының және, тиісінше, ішкі валюта нарығындағы баланстың айтарлықтай нашарлауына әкеп соқты. 2015 жылғы желтоқсанның басынан бері Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 44, 4 доллардан 37, 8 долларға дейін немесе 15%-ға құлдырауы айырбастау бағамына қосымша қысымның түсуіне әкелді”, - деп хабарламада жазылды.

Осы орайда банк теңге бағамының қысқамерзімді ауытқуын реттеу үшін ішкі валюта нарығына ғана қатысатынын ескертті.

“Ұлттық Банк теңге бағамының қысқамерзімді ауытқуын реттеу мақсатында ішкі валюта нарығына қатысады, бірақ бұл ретте шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын іргелі факторлардың әсеріне кедергі келтірмейді”, - деді банк басшылығы.

Соңғы екі жыл ішінде шамамен 700 миллион АҚШ доллары Республика алтын-валюта қорында қамтамасыз етілген. 20 жыл ішінде теңгенің біршама нығайғанын байқауға болады. Қазіргі кезде Қазақстан валюталық жүйесі бойынша әлемдегі елдердің «үшінші» деңгейінде тұр. Қиыншылықтың негізгі себебі, валютаны тұрақтандыру кезінде қолданатын шаралар бір-біріне сәл қарама-қарсы қайшылықтары бар болып келеді. Теңгенің бағамын көтеру тұрақтандыратын шара болып табылады. Бірақ, шараның өзі үлкен ресурстарды талап етеді. Ал бұл қиыншылық, өзінен кейін ақша жүйесін тұрақсыздыққа және экономиканы стагфляцияға ұшырауына алып келуі мүмкін. Ал, егер баға төмендету жолын қараса, керісінше, ақша массасы көбейіп, гиперинфляция пайда болады.

Айта кетсек, қазіргі кезде Қазақстанда валюталық жүйені реттеуге және бақылауға арнайы жүйе, база және бақылау ұйымы құрылған.

Шектеулер біртіндеп жойылып, соңғы уақытта экономикада еркіндікті кеңейтті. Шетел инвесторлары елдің инвестициялық жолын жақсартатын факторлардың бірі болып табылып, ұзақ уақытты перспективада шетел капиталы ағымды жолмен келу мүмкіндігі қарастырылады деген ойдамын.

ҚР Ұлттық банк басқармасының орынбасары Е. Жангельдин мырзаның айтуынша «Соңғы уақытта қол жеткізген ақша нарығының тұрақтылығы, шетел валютасына деген сұраныстың теңдесуінің тұрақты тенденциясы валюталық заңнаманың талаптарын орындауға мүмкіндік берді. Экономика дамуының тұрақтылығы, валюталық нарықтың тепе-теңдігін елдегі валюталық режимнің одан әрі жақсаруына әсер ететініне сенемін» деген ой-пікірін білдірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы мәлімет
Теңге тарихы
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы туралы
Шығармашылық үйдің визуалды имиджі
А. Байтұрсынұлы және Алаш әдебиеті
Электронды ақпарат құралдарының қазіргі заман мәдениетіндегі орны
Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру
Жаһандану үрдісінің Қазақстан мәдениетіне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz