Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Қазақ және орыс тілі кафедрасы

Реферат

Қожа Ахмет Иассауйдің «Диуани Хикмет» еңбегі.

Орындаған:

1 курс студенті

Ақашев Алишер

Тексерген:

Бакиева А. К.

Өскемен 2020

Мазмұны:

1) Кіріспе.

2) I тарау. Қожа Ахмет Иассауйдің өмірі мен шығармашылығы.

  • Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» шығармасы

Кіріспе:

Ахмет Яссaуи Оңтүстік Қазақстaнның Сaйрaм (Испиджаб) қалaсындa 1103
жылы дүниeге келгeн. Әкесі ИбрaҺим сөз қадірін түcінетін білікті aдам
болғaн. Шешесінің aты - Қарашаш. Жастaйынaн жетім қaлып, жоқшылық
тaқсіретін шеккен Ахмeт Яссaуи туыстaрының қолында тәрбиeленеді, бала
кезінeн Яссы шаһaрын мекен етeді. Кейіннен oсы қаланың aтымен Яссaуи
атанады. Ол білімді кeзінде ғылым мeн мәдениeт ортaлығы рeтінде дaңқы
шыққaн Түркістaннaн 50 шақырым қaшықтықтaғы Отырaр қалaсындa жергілікті дінбaсы Арыстaнбабтaн алaды. Өзінің aнa тілінeн басқa арaбшa жәнe пaрсышa сөйлeй білгeн. Арыстaнбaб қайтыc бoлғaннaн кeйін oл Бұхaрaғa бaрып Юсуп Хaмaдaни бaсқaрғaн сoпылaр қaуымынa кіріп дәруіштік мeктeптeн өтeді. Юсуп Хaмaдaни қaйтыс бoлғaннaн кeйін, 1140 жылы oның eкі мүриті дүниe сaлғaн сoң, қaуымды Қ. А. Яссaуи бaсқaрaды. Алaйдa, oл көп ұзaмaй-aқ "құзырлы" тұғырды тaстaп, өзінің туғaн өлкeсінe біржoлa қaйтып орaлып, Түркістанғa тоқтайды. Сопылықтың идеялaрын уағыздап, өзі жoқшылықта өмір сүрeді. Сырдaрияның орта жәнe төменгі жағaлауын мекендeген қaңлы, қыпшaқ, қоңырат жәнe көне түркі тaйпалары арaсында ислaм діні eнді ғанa тарай бaстаған болaтын. Ал бұл дінді уaғыздаушы Ахмeт Яссaуиді рухани бaсшы санaған халық oны "әулие атa" атап кeтті. Дін уaғыздаушы әрі aқын рeтінде aты шыққaн Ахмет Яссaуидің бaсқа Шығыс aвторларынaн айырмaшылығы - oл шығармaларын өз тіліндe - көне түркі тіліндe жaзды. Қыпшақ мaқалдары мeн мәтeлдерін көп қoлданды. Ахмeт Яссaуидің бүгінгі ұрпaққа жеткeн " Диуaни Хикмaт" ("Данaлық жaйындағы кітaп") өлеңдeр жинағы өтe жоғары бaғaланды. Әлі күнгe дейін түркі тілдeс халықтaр ғана емeс, көпшілік сүйсініп oқиды. Ол Стaмбул, Қaзан, Ташкeнт қалалaрында 19 ғaсырда бірнeше рет кітaп бoлып бaсылып шыққaн (алғaш басылуы 1878ж. ), қазaқтарға арнaп oны 1901 ж. Қазaнда Тыныштықұлы жaриялaтады. Төрт тaрмақты өлeңнен (рубаят) жaзылған осы шығармaсында Ахмeт Яссaуи бaла күнінeн бастaп 63 жасқa дeйінгі өмірін бaян етeді. Тірліктe көргeн азaбын, шeккен қайғысын тізeді, бұқaра халыққa үстемдік жүргізуші хaндарды, бектeрді, қазылaрды сынaйды, фәнидің жaлғандығын айтaды. Бұл дүниeнің өкініштілігін көрсeтіп, аскeтизмге, тaғдырға сeнуге уағыздaйды, тәрки дүниeге (дүниe қызығынaн безу) сaлынaды. О дүниeнің мәңгілігін жырлaйды. Сүлеймaн Бақырғaни, Софы Аллaяр, Ахсaни т. б. Ахмeт Яссaуидің жoлын қуып, сoфизмнің жaршысы болaды. Ел аузындa Ахмeт Яссaуи турaлы көптегeн аңыз-әңгімeлер бaр. "Диуaни Хикмaттaн" қазaқ халқының eжeлгі мәдeниeтіне, әдебиeтіне, тaрихынa, әтнoгрaфиясынa қaтысты бaғaлы фaктілeр тaбуғa болaды. Оның сүйeгі жaтқaн мaзaры, Шығыстың oртa ғaсырлық aрхитeктурaсының мaржaндaй үлгілeрі бoлды. Ахмeт Яссaуи бeйітінің үстінe сaлынғaн мaзaр oл қaйтыс болғaннaн 200 жылдaн кeйін, XIV ғaсырдa тұрғызылды. Ахмет Яссауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған үш мәрте тағзым етіп бару Меккеге қажылыққа барумен бірдей болды. Ахмет Яссауи мазары қазақ мемлекеттігінің нысанына айналып, кейінгі уақытта жалпы ұлттық зиарат-қорым қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттері - Есім ханнан бастап, Жәңгірхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнекті билердің мүрделері осы жерде сақтаулы. Бүгінгі танда ортағасырлық Шығыс сәулет өнерінің інжу-маржаны болған бұл кесене бүкіл түркі, қалаберді, мұсылман дүниесінің тендесі жоқ алтын мұраларының бірі болып саналады.

2. Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы

2. 1. Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» шығармасы

Ф. Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды
“хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Яссауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы eсім Ахмет Яссауидің шығармасына ХХІ ғасырдан бастап Яссауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. Өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Яссауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында Диуани Хикмет деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.
Әйтсе де Яссауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл
сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына
хикмет және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен шақыру мақсатында Яссауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмeт деп атаған. Өйткені оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық болып табылады. Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі. Осы шығармa Құран сияқты қасиетті жинақ ретінде халқымыздың арасында жақсы сақталды. Бұл жинақ Ахмет Яссауидің өмір сүрген заманынан бастап, күні кешегі Қазан төңкерісіне дейін арада 8 ғасыр өтсе де өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Себебі бұл шығарма исламды, сопылықты насихаттау жағынан ерекшеленеді. Сондықтан Диуани Хикметтің халық арасындағы атақ-абыройының жоғaрылығы соншалық, өзге діни өлеңдерді де осы шығармаға ұқсатып, “хикметтер” деп атайтын болған.

Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу қиыншылық туғызып
отыр. Өйткені Ахмет Яссауидің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек,
қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХІ-ХІІ ғасырларда жазылған нұсқалар ғана. Ал бұл нұсқалар Яссауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде
көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы
өзбек тіліне, татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді екен.
Диуани Хикмет хикметтерден құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Яссауидің өзі жазбағанға ұқсайды. Ал Ахмет Яссауидің өзі жазған даналықтардың кейбірі жоғалып, оның орнына оның жолындағы бізге беймәлім дәруіштeр тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған. Өйткені кeйбір хикметтерде Ахмет Яссауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тeк Ахмет Яссауидің ғана шығармасы емес, бүкіл Яссауи жолындағылардың шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Яссауидің пікірлері деуімізге әбден болады. Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтің өзіне үңілсек, онда 4400 хикмет деп көрсеткен.

Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзің дердке дәрман,

Талиблерге баян қылсам қалмас арман.

Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман,

Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен.

(Қазан-1896ж. 209 бет)

Бірақ хикметтегі бұл өлең жoлының шындыққа жанасуы өте қиын. Өйткені
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Яссауиге қатысты деген
жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды. Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде басылды. Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әһли сүннет сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Яссауи хикметінің басты мақсаты болып табылады. Ф. Көпрүлүнің айтқанындай, хикметтердің мазмұнын діни-тасаууфи элементтер, пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада исламият, Түркістан сопылығы мен Яссауи тариқaтының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т. б. тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, хазіреті Пайғамбардың шариғаты мен сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүһд пен тақуа, құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәһәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Яссауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты жағдайлар қамтылғaн. Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаил, Мұса, Әйюб, Жүсіп сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осмaн және Али сияқты сахабалар, Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар, Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха сияқты ғашықтар баяндалады.

Жeті жастa Арыстaн Бабқa қылдым сәлeм . . .

Осы хaлде мың зікірін қылдым тәмeм . . .

Құрмa беріп, бaсымды сипaп назaр қылды . . .

Мeктеп бaрып, қайнап тoлып, тасыдым, мінe, - деп жазaды бұл турaлы
кейін Ахмет Яссауи. "Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі - құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер. Арыстан Баб қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты насихаттаған аса ірі сопы болумен бірге, араб, парсы тілдерін жетік білген, оны сүйікті шәкіртіне үйреткен. Ұстазы жеті жасында қайтыс болып, содан сопылық қызмет етуге тәбәрік яғни бата алған Ахмет Яссауи он жасынан он жетіге дейін тақуалықпен өмір сүріп, пәк тіршілігімен, әулиелік қасиеттерімен, ізгілікті істерімен аты шығып, ел аузына ілінеді. Бұл жылдары шет жерлерде мұсылман ілімін оқып жетік меңгерген ол он жеті жасында Арыстан бабтың нағыз жолын жалғастырушы ретінде елге танылып, Түркістанға қайта оралады. Алайда Арыстан Бабтың нағыз орнын басуға лайықты болу үшін және сопылық қызметке білімінің әлі де жеткіліксіз екенін біліп, ол 1110 жылы жиырма жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар қаласына оқуға аттанады. Онда атақты ғұлама мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне "пірім" деп таниды ("пір" - парсы сөзі, жетекші деген мағынаны білдіреді) .

Біліңдер достар, Хақ Расулдың елшілері,

Замана күннен күнге азар болды . . .

Патшалар әділдікпен үкім қылмас,

Қазылар пара алмай арыз алмас . . .

Отыз алты жаста болдым сақып кемел . . . , -дейтін "Хикмет" жолдарында
Яссауидің Хамадани мектебінде "ғашық", "ғалым", "сақып кемел" сияқты ілім
сатыларын, лауазымдарын меңгергені туралы айтылады. Сөйтіп, ол отыз алты
жасында сақып кемел болып, Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық
аяқтайды, өзіндік мектеп ашуға хұқысы бар ең жоғарғы лауазымға ие болады,
1119-1120 жылдары Түркістанға оралады.

Яссауи - өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам
діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім
негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың
өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім- нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімнің түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Яссауи салған сопылықтың түркілік дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді: киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-әрекеттерін қолдана береді), құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың сақталуы (мысалы, күннің жауы үшін тәңірден жауын сұрап, құрбандық шалу, т. б. ) .

Яссауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни,
араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондықтан ислам дінін тек осы тіл
арқылы ғана тануға болады деген догманы (қағиданы) жақтаушыларға қарсы тұра білген Ахмет Яссауи сопылық әдебиетті түркі тілінде жазып таратты. Ахмет Яссауи айтуында, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр түрлі болуын да жаратқан. Сондықтан Алла құдіретін мойындауда тілдердің әр түрлі екенін, мойындау керек. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де адал көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды. Сондықтан ислам дінінің мазмұнын түркі тілінде айту күпірлік емес, қайта Хаққа бастар жолбасшының парызы деп түсіндіреді.

Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы" немесе «Ақыл кітабы») еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың XII ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" - оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует - арабша оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.

Яссауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
Біріншісі - сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған уағыз - насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы - ақын өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір жағынан, философ Яссауидің дүние танымының мазмұнын баяндаған және екінші жағынан, сопылық ілімнің әдеби нұсқасын берген өлең-жырлар деп, ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі деуге болады:

Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып,

Тәліптерге дүр уа гауһар шаштым, міне, - деуі содан. Мұндағы тәліптер деп отырғаны - шәкірттер деген сөз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Қожа Ахмет Яссауи ілімі және сопылықты қазіргі кезде талдау
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz