Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық әлеуметтік көрсеткіштер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Жұмыссыздық деңгейі және оның формалары . . . 5

1. 1 Жұмыспен қаматамасы ету және жұмыссыздық . . . 5

1. 2 Жұмыссыздық түрлері және толық жұмысбастылық . . . 8

1. 3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету . . . 11

2 Макроэкономикалық тұрақсыздық арасындағы өзара қарым-қатынас . . . 15

2. 1 ЖҰӨ және Оукен заңы бойынша жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы . . . 15

2. 2 Филлипс қисық сызығы бойынша жұмыссыздық мөлшері . . . 16

2. 3 Филлипстің қисық сызығының инфляцияға шығу арқылы жұмыссыздықтың

төмен деңгейін тұрақтандыру әсері . . . 18

3 Инфлляцияның жұмыссыздыққа әсері және жұмыспен толық қамтамасыз ету

жағдайлары . . . 21

3. 1 Жұмыссыздық деңгейінің инфляцияға туғызған әсері . . . 21

3. 2 Жұмыссыздық бірлестігі . . . 22

3. 3 Еңбек нарығына «құйылым» және жұмыссыздық мерзімі . . . 26

3. 4 Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы . . . 29

4 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі . . . 31

4. 1 Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен камту туралы . . . 31

4. 1 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау . . . 34

Қорытынды . . . 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 37

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Жұмысбастылық және жұмыссыздық» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі жұмыссыздық - ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс: «Қай уақытта пайда болады? Экономикалық дағдарыстар болған кезде қандай күйзелістерге ұшырайды? Ол неден туындайды, тиімді ме, жоқ па?» дегендей сұрақтарға жауаптар беру керек. Макроэкономикалық зерттеулер нәтижесінде тұрақты жұмыссыздықтың ең өзекті мәселе екеніне назар аудрғым келеді, яғни жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиімді болады. Менің пікірімше, жұмыссыздық мәселесін мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесін дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады.

Жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелі түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсіру арқылы жүзеге асыруы керек.

Қазіргі кезде жұмыссыз қалған әрбір адам, егер ол шындығында жұмыс істегісі келсе, басқа жалдаушының назарын өзіне аудару үшін аз жалақымен де жұмыс істеуге келісім береді. Осылайша артық тауары бар адам тауарын тез өткізу үшін бағасын төмендетеді. Икемді реттелген баға мен жалақы үшін жұмыскер тиісті жұмыс атқарады, фирмалар өзіне қажетті керек тауарларын шығарады.

Жұмысымның бірінші бөлімін жалпы жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің мазмұнын ашуға бағыттадым, яғни жұмыссыздықтың түсніктемесі мен оның ерекшеліктері мен түрлеріне аса назар аудардым. Ал екінші бөлімімде Оукен заңы және Филлипс қисық сызығы бойынша жұмыссыздықтың деңгейін, қозғалысын, мөлшерін қарастырып, олардың ЖҰӨ мен Оуке заңының арасындағы өзара байланыстылығын жаздым. Мәселен, Жұмыссыздық факторының өзгеруі нақты ЖҰӨ-нің өсуінің көзі болып табылады. ЖҰӨ-нің өсуі жұмыссыздықты нашарлатумен қабаттас.

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар - атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, оның Оукен заңы бойынша талданылуы қарастырылады.

АҚШ-тың еңбек нарығын зерттеу барысында бес бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

  • Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
  • Еңбек нарығындатауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан босату және жұмысын айыру, әсіресе, құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жандану кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
  • Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.
  • АҚШ-тағы жұмыссыздардың едәуір бөлігі ұзақ уақыттар бойы жұмыссыз болады.

2008 жылғы АҚШ-тағы жұмысшы күші және жұмыссыздық (миллион адам 16 жас және одан да үлкен жастағы)

Халықтың жұмыс істеуге қабілетті жасы
186, 3
Халықтың жұмыс істеуге қабілетті жасы: Жұмыс күші
186, 3: 123, 4
Халықтың жұмыс істеуге қабілетті жасы: Жұмыспен қамтылғандары
186, 3: 116, 7
Халықтың жұмыс істеуге қабілетті жасы: Жұмыссыздар
186, 3: 6, 7
Халықтың жұмыс істеуге қабілетті жасы: Жұмысшы күшіне қосылмайтындар
186, 3: 62, 9

Міне осыған байланысты не істеу керек?

Жұмыссыздықты 15-2 кесте бойынша, АҚШ-тағы жұмысқа қабілетті халық саны 186 миллион, оның 66, 2 %-і жұмыс күшін құрайды. Енді жұмыс күшін тексеруге қатысты, жұмыссыз адам бұл тексерісте: жұмыс орны жоқ және 1) өткен төрт апта бойы жұмыс орнын іздеп жүргені, 2) жұмыстан босатылғаннан кейін жұмысқа қайта шақырар ма екен деп дәмелі болумен жүргені, 3) төрт аптаның ішінде жаңа жұмыс орнын іздеумен жүргені айқындалынды. Сөйтіп төрт апта бойы жұмыс орнын іздеу барысында адамның қандай екені, неге қабілеті бар екені тексеріледі.

Ал курстық жұмысымды мен жалпы әлемдік сахнада пайда болған, және де басқа мемлекеттік менеджментке түрткі болған басқару мектептері туралы жаздым. Өйткені оларды білу менің ойымша өте маңызды сияқты. Ал енді осы жоғарыда атап өткен аспектілерді осы жұмысмымда толақтай тізіп шығамын.

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

1. 1 Жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздық

Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Нақты ЖҰӨ өзгеру көзінің үшіншісі - өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Жұмыссыздық мөлшері - жұмыс таба алмай жүрген жұмысшы күштерінің бір бөлігі. Мысалы, 2002 жылы жұмыстың қысқартылуы немесе жұмыссыздықтың өсуі салдарынан 1-1-фигурада нақты ЖҰӨ-нің төмендегені байқалады. Шындығында, сол жылы жұмыссыздық 10, 6%-ке өсті, бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғарғы жұмыссыздық мөлшері еді. 10 адамның біреуі өзіне жұмыс таппады. Бұл жұмыссыздық деңгейі 1930 жылдардағы депрессиядан бері байқалған жоқ.

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:

  • Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми - техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
  • Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ -ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.

Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады [3, 17-23 б. ] .

Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.

1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер

15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам
I тоқсандағы
Анықтама: IV тқ. 2006ж
2005ж
2006ж
2007ж*
: Жұмыссыз халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 661, 1
652, 6
624, 0
618, 7
: Жұмыссыздық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 8, 5
8, 2
7, 7
7, 7
: 15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха- лық
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 204, 8
207, 2
152, 9
146, 2
: 16-24жас аралығындағы Жастардың жұмыссыз деңгейі
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 14, 7
14, 7
11, 1
10, 8
: Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 4, 8
4, 3
3, 5
3, 8
: Жұмыспен қамтылған халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 7102, 7
7289, 0
7489, 9
7414, 9
: Жұмыспен қамтылу деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 62, 6
63, 2
64, 1
64, 4
: Жалдамалы жұмыскерлер, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 4563, 0
4719, 4
4897, 8
4811, 6
: Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 2539, 1
2569, 6
2692, 1
2603, 6
: Экономикалық белсенді халы, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 7763, 2
7941, 6
8113, 9
8033, 6
: Экономикалық белсенді халық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 68, 4
68, 9
69, 4
69, 7
: Экономикалық белсенді емес халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 3587, 1
3582, 8
3574, 8
3488, 5
: Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 31, 6
31, 1
30, 6
30, 3

Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.

Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

(1)

Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны. /1, б/

Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл-мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады. /2, 145-146бб/

Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7, 5 млн. адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200, 9 мың адамға не 2, 8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64, 5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34, 6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде - 81, 3%-ды құрады.

Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7, 7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28, 6 мың адамға немесе 4, 4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257, 1 мың адам (41, 2%), әйелдер-366, 9 мың адам (58, 8%) /9, www. stat. kz/.

2-кесте - 2007ж. Iбірінші таңдағы жқссыздық.

Барлығы
Оның ішінде
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан
ерлер
әйелдер
Барлығы
Оның ішінде
ерлер
әйелдер
: Жұмыссыз халық, мың адам
Барлығы: 624, 0
Оның ішінде: 257, 1
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан: 366, 9
652, 6
277, 0
375, 6
: Жұмыссыздық деңгейі, %
Барлығы: 7, 7
Оның ішінде: 6, 2
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан: 9, 2
8, 2
6, 9
9, 6
: 15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам
Барлығы: 152, 9
Оның ішінде: 78, 5
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан: 74, 4
207, 2
97, 0
110, 2
: Жастардың жұмыссыздық деңгейі, %
Барлығы: 11, 1
Оның ішінде: 10, 4
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан: 12, 1
14, 7
12, 7
17, 2
: Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі, %
Барлығы: 3, 5
Оның ішінде: 2, 5
Анықтамалы: 2006 жылы I тоқсан: 4, 6
4, 3
3, 1
5, 5

Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А. Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2, 7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және, керісінше, ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. /9, www. zakon. kz/

1. 2 Жұмыссыздық түрлері және толық жұмысбастылық

Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:

(1)

мұндағы салмағы - бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі

Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады /1/.

Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:

  • Фрикциондық немесе уақытша жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
  • Құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
  • Циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
  • Маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады/2, 148б. /.

Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде «жұмысаралық» жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер «уақытша жұмыссыздар» деген термин қолданады (ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты) .

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын «білімдері» бар деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұсшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы [3, 25-43 б. ] . .

Циклдық және құрылымдық жұмыссыздық

2008 жылғы жұмыссыздық дегеніміз - жұмыспен толық қамтылған пайда болған жұмыссыздық. Құрылымдық - жұмыссыздық еңбек нарығы құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар. Циклдық жұмыссыздық - құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмыспен толық қамтылу даңгейінен төмен болған тұста пайда болады.

Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап «Құрылымдық жұмыссыздық» деп аталатын екінші санатқа ауысады. /4, 536б. /.

Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.

Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді/1, 63 б/.

Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.

Циклдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады /4, 536 б. /.

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды /1, 64б/.

Толық жұмысбастылық ұғымы. Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нөлге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі «экономиканың өндірістік әулеті» деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе- теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыдарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз. Мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдық жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.

Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды/2, 148б/.

Фрикциондық жұмыссыздық және оның натуралды мөлшері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)
Жұмысбастылықты басқару
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
Экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткiшi
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық салдары туралы ақпарат
Еңбек нарығындағы жұмыс күші
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде
Жұмыссыздық және халық табысы
Жұмыссыздық және халықтың табысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz