Француз журналистикасының тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Француз журналистикасының тарихы
1470 жылы Франциядағы алғашқы баспаханалар ашылып,өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады.Газет шығару 17ғасырда пайда болып,1604 жылы алғашқы Газет француаз жарық көрді.Одан кейін Француз меркурийі дүниеге келді.
1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған Газет апталық газеті әдебии деңгейінің жоғарылығымен,ұзақ уақыт шығып тұрды.
Әлемдегі ең алғашқы журнал Журнал де саван 1665 жылы Францияда дүниеге келді.
Франция баспасөзінде алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның Спектатэр франсэ деген атпен шықты.Алғашқы газет Журнал де Пари жарық көрген тұста(1777ж) Парижде 27 газет шығып тұрған.
1629 жылы король Людовик ХVIII цензура туралы заң шығаруы баспасөзге тежеу болды.Заң бойынша,полиция мен цензордың рұқсатынсыз ештеңе басылмайтын еді.
Француз баспасөзінің жасанды тарихына Ұлы Француз революциясы (1789-1799) өзгеріс әкелді.Революциялық-демократиялық баспасөз қалыптасты.Революция нәтижесінде Адам правосы жөніндегі декларация қабылданып,француз конституциясы дүниеге келді.Құжатта адам құқының қасиеттері-сөз,ой бостандығына шек қойылмайтыны жарияланды.
Газеттерді саяси қайраткерлер басқарды:Виктор Рикети Мирабо Эта женеро,Курье де прованс газеттерін,Жак Пьер Бриссо Патриот франсе газетін шығарды.Жан Поль Мараттың Ами дю пеплі танымал болып,ықпалды газетке айналды.
Осы кезде саяси басылымдар дүниеге келіп,баспасөз бейнесі айқындала бастады.
Бастилия алынғаннан кейін Еңсемізді көтерйікдеген ұранмен,Париж революциясы жарық көрді.
1794 жылы,Якобин диктатурасының күйреуі,баспасөзге тұсау салды.1799 жылы үкімет басына келген Директорий үкіметі баспасөз бостандығығын толықтай жойды.Үкімет мерзімді басылымдарда жіберілген қателер үшін өлім жазасына кесу мәселесін қойды.Журналистер,редакторларды түрмеге отырғызыпү,айып төлету кең етек жайды.
1830 жылы шілде революциясы тұсында баспасөздің маңызы зор болды.Осы кезеңде қалыптасқан солшыл революциялық бағыттағы сатиралық баспасөзде Филипон басылымдары орны ерекше.
Қоғамдағы өзгерістер ,ғылымдағы жаңалақтар француз журналистикасына үлкен ықпал етті.1835жылы Шарль Луи Гавас әлемдегі алғашқы ақпарат агенттігін өмірге әкелді.Гавас агенттігі 1856 жылдан бастап жаңалық тарату ісінде Морзе әліппесін пайдалана бастады.
Француз баспасөзінің алтын ғасыры (1870-1914жж) капиталистік баспасөздің дамуына байланысты болып,газет-журналдар ірі өндіріске айналды.1870-1880жж,француз басылымдарының саны 900-ден-2500-ге жетті.Баспасөзде қанды оқиғаларды бейнелеу әдетке айналды.
Француз баспасөзінің ренессанс дәуірі 1931 жылы Париждегі алғашқы күнделікті газет Пари суардың жарық көруімен басталды.
2-ші дж-лік соғыс кезінде француз халқы өз тәуелсіздігін,бостандығын үшін шетел оккупанттарына қарсы ұлт-азаттық соғыс жариялады.Француз журналистер екіге:Үлкен баспасөздің көпшілік басылымдары Францияға көр қазушылар жағында болды.Олар-Тан,Эко де Пари,Пети паризьен,Матьен газеттері .Екінші топта азаттық үшін күресушілерді жақтаған басылымдар-Юманите газеті болды.
Франция азат болғаг соң немістерге қызмет еткен газеттердің шығуына тыйым салынды.
Жалпы және саяси хабарлар басылымдары
Бұл топқа 82 басылым кірді.Көпшілігі-күнделікті газеттер.
АРНАУЛЫ БАСЫЛЫМДАР-118 әйелдер басылымы,343 жастар басылымы,7889 техникалық және кәсіптік басылымдар,спорттық,ғылыми,бағдарла малық басылымдар.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ-Р-Эко,Экспансьон,Ви франсэз,Экономи политик,Нувель экономист,Журнал де финанс.
Құжаттар мен статистикалық басылымдар-Докюмантасьон франсэз,Журнал оффисоель,Донне сосялы,Бюллетенд энформасьон.
Бүгінгі күннің өзект мәселелеріне арналған басылымдар-Пари МАТЧ, ПУЕН де вю имаж дю монд,БСД.
Франция мерзімді басылымдарына қаржылай бақылау жасайтын бірнеше монополистік топтар бар.
1)Ашетт тобы-1826 жылы Луи Ашетт негізін салған.Франция газет-журналдарының 20%-ы Ашетт тобына қарайды.Грассе Фаскель,Файяр,Сток,Ле шен,Мазорин баспаларына бақылау жасап,Ұлы суретшілер,Дәстүрлі медицина,Музей сияқты басылымдарды шығарады.
2)Эрсан тобы - франциядағы баспасөз монополияларының ішіндегі беделдісі.1950жылы Роберт Эрсан негізін қалаған.Оның алғашқы журналы көлік құмарларға арналған-Ото басылымы.Ол 18 күнделікті газетті,9саяси апталықты,10 арнаулы журналды бақылау жасайтын алты баспа компанияның иегері.Франция мерзімді басылымдарының 58 пайызын уысында ұстаған.Фигаро,Франс-суар,Пари Норманди Парижде шықса,Руанда,Сюд-Уэст-Бордода шығады.
Кәсіпорындарында 10мың адам қызмет істейді.
3)Пресс Де Ла Ситэ-кітап шығару ісінде Ашеттен кейінгі екінші орынды алады.Экспресс,Экспресс энтернасьональ,Спор,Вотр аржан,Ожурдюи,Лир атты журналдаржды шығарады.Басқа да балалар басылымдарына иелік етеді.
4)Сэп-Коммюникасьон-60-қа жуық мерзімді басылым шығарады,көпшілігі экономикалық және кәсіптік информатикалық басылымдар.
5)Экспансьон тобы(негізін салған Жан Луи Серван-Шрейвер) Экономика саласындағы 50 газет-журналды шығарады.(Экспансьон,Антреприз,Ви франсэз,Журнал де финанс)
6)Байяр-Пресс (1873 жылықұрылған) католиктік басылымдарды шығарумен айналысады.Күнделікті Круа,Пелерэн,Нотр тан,Докюмантасьон католик журналдарын шығарады.
7)Плюрикоммюникасьон-күнделікті басылымдардың бес кәсіпорынын біріктірген қоғамдастық топ(Монд,провинциялық Уэст-ФРАНС,Сюд-Уэст,Монтань,Нувель, Репюблик дю сантруэст.
Француз журналдары
Баспасөз тарихын зерттеушілер француз журналдарын-ақпаратты саяси апталықтар,көпшілікке арналған иллюстрациялық журналдар,телеапталықтар,әйелдер журналдары,иллюстрациялы қосымшалар деп бірнеше түрге бөліп қарастырады.
Соңғы жылдары Францияда 60-жылдары қалыптасқан пікір қалыптастырушы баспасөз деген термин кәсіби лексиконда қайта қолданыла бастаған.Жаңалықтар журналы осы бағытта шығады.
Францияда 50-60 жылдары жарық көрген ақпараттық саяси апталықтар немесе ньюс магазин батыс интеллигенциясының арасында ең ықпалды басылым болып саналады.Бұлардың көпшілігі американың Тайм журналының үлгісінде жарық көрген. Таймға еліктеп әлемнің әр түкпірінде журналдар шығып тұрды.
ТЕЛЕЖУРНАЛДАР
Қазір телевидениенің қарқынды дамуына байланысты барлық елдерде телеапталықтардың таралымы өскен.Америкалық телеапталық Тв-Гайд-тың таралымы 20млн данаға жетсе,бастысгермандық Хер цу-дың таралымы 6 млн данаға,ал француздардың Теле-7 жур журналы 3 млн данамен таралады.Ақпарат айдыныда тележурналдар ақпарат беру әрі көңіл көтеру функциясын қатар алып жүретін журналдардың бір түрі ретінде қалыптасты.
Француз тележурналдарының көшбасшысы болып-Теле-7 журналы саналады.Журнал 1960 жылы монополист Ж.Прувоның иелігінде жарық көрген.
Теле-7 жур журналының мақсаты-телекөрермендерді хабарларды көруге дайындау. Тележурналдардың арасында таралу ауқымы жағынан екінші орынды Теле Пош журналы иемденеді.Бұл журнал жеңіл-желпі баспасөздің корольі атанған Дель Дюканың иелігінде.Қазіргі кездегі тиражы-1 850 000 дана.Қазіргі иесі-Эдисьон Мондьяль тобы.
Францияның әйелдер журналы
Француз әйелдеріне арналған журналдар XVIII ғасырдан басталған.Олар бірнеше бағытта шығады:
1.Жас мөлшеріне қарай бөлінеді:15-20 жас арасындағы бойжеткендерге және 25-45 жас арасындағы әйелдерге арналған.
2.Әлеуметтік жағдайға қарай бөлінеді:ауқатты топқа және кедей отбасыларға арналған болып.
Француз әйелдер журналдарының ішіндегі беделдісі танымалы-Эль журналы.1945 жылы жарық көрген бұл журнал 19 елге тарайды.Шығарушы-Елена Гордон-Лазереф,соғыстан кейін ұнжырғасы түскен әйелдердің рухын көтеруді өзіне мақсат еткен.1981 жылы Эль журналы Ашет тобының құрамына өтеді.Бұл журналдың оқырмандарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қоғамдық идеология және журналистика
Шетел журналистикасы
Ақпараттың графикасы бойынша нұсқаулық
Қазіргі қазақ журналистикасы
Қазақ спорты газеті туралы
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Пәндер