Саяси ғылымдардың негізгі кезендерінін даму және қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогоикалық Университеті
Тақырып:Саяси ғылымдардың негізгі кезендерінін даму және қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы.
Қабылдаған:Қуандық Назгүл Жәлиқызы
Орындаған:Әмір Сымбат Нұрланқызы
Шымкент 2020ж
Ж о с п а р ы:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
2. Орта ғасырлар мен Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
3. Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
4. Орта ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси ой
ІІІ. Қорытынды
Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі тӛрт кезеңге бӛлуге болады:
Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік кӛзқарастардың пайда болуынан, б. з. д. 3 мың жылдықтан - б. з. V ғасырына дейін) .
Орта ғасырлар мен Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (VXVIIғғ) . Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.
ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік кӛзқарастары негізінде пайда болды.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ӛте ерте заманнан түсініп - білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі ӛмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бӛлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік кӛзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Кӛне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни кӛзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Ежелгі еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендігі, ежелгі Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Ежелгі Египеттің діни және мифтік аңыздарында әділдік пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жіберіп отыратындығы баяндалады. Египеттікдердегі «ма-ат» ұғымы сияқты ежелгі үндістерде «рта», ежелгі Қытайда «дао», ежелгі гректерде «дике» ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әділдіктің елшісі ретінде кӛрсетіледі.
Ежелгі Египетте «Птахотеп ӛсиеті» (б. з. д. ХХVIII ғ. ), «Ӛлілер кітабы» (б. з. д. XXV-XXIV ғғ. ) және т. б. жердегі әлеуметтік-саяси тәртіптер мен заңдар, адамдардың іс-әрекеттері мен ӛзара қарым-қатынастары құдайдың әділ істері ретінде мақталады.
«Птахотеп ӛсиеті» кітабында барлық адамдардың табиғи еркіндігі, туа біткен данышпандар мен оқымыстылардың болмайтындығы туралы кӛзқарастар кездеседі. Бұнда адамдардың мінез-құлқы «ка» принципіне - ізгілікті де қайырымды және әділетті мінез-құлық ӛлшеміне сәйкес келіу қажеттілігі негізге алынады. «Гераклепольдық патшаның ӛзінің ұлына айтқан ӛсиетінде» (б. з. д. ХХІІ ғ. ) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билігі туралы сӛздермен қатар, заң мен әділдікке қарсы ешқандай іс-әрекет жасамау керектігі, ӛйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты ӛмір кешетіндігі туралы үндеулер кездеседі. Бұл ӛсиет кітапта патша сонымен бірге «әділдікті жасаушы және қорғаушы» ретінде дәріптеледі. Ӛсиет кітаптың авторы патша Ахтой ӛзінің ұлына, яғни мұрагеріне «Өзінің билігіңді жоғары ұста және оны 18 одан әрі кӛтере түс, ол сенің заңдарыңды күшті етеді және мемлекетіңді қорғайды» деп, өсиет айтады.
«Өлілер кітабында» адамдардың ӛлгеннен кейінгі тіршілігі ӛлілер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажетті нәрсенің бәрі бар. Бұл патшалыққы келгендерді Осирис құдайдың әділ соты олардың жер үстіндегі ӛмірінде әділ де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы - Ма-ат мүсіні жанында Осиристің әділ соты олардың барлық іс-әрекетін сұрайды. Сот алдына келгендер «Мен ешкімге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкімді алдаған жоқпын, мен ешкімді жылатқан жоқпын, мен ешкімге қарыздар емеспін, мен құдайларды сӛккен жоқпын» - деп, ант-су ішеді.
Египеттіктердің түсінігінше, адамдар жер бетіндегі сот жазасынан құтылғанымен, ӛлілер патшалығындағы Осирис құдайдың әділ сотынан құтыла алмайды. Жер бетіндегі ӛмірде әділдік пен шындық бола бермейді, бірақ түбінде оған жауап беруге тура келеді. Жер бетіндегі патшалықтағы теңсіздік пен заңсыздыққа адамдардың ӛздері жол берген. Мемлекет билеушісі - перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағаындалады. Ол жер бетіндегі барлық әрекетті, жамандық пен жақсылықты, қатыгездік пен әділдікті бүтіндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келіспеушіліктің орын алуы да осыдан пайда болады.
Билік пен заңның белгілі бір топтың ғана мүддесін қорғағандығы және оған мүдделі топтардың осы заңдар мен нормаларды да ӛз мақсаттары үшін пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әділдік пен билік туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын кӛрінеді. Мақтанышпен айтылған әділ билік пен әділетті заңға халық бұқарасының наразылық білдіргендігі, қарулы күреске шыққандығы туралы мәліметтер де кездеседі. Осындай халық қозғалыстарының бірі туралы (б. з. д. 1750 жылдар шамасында) «Ипусердің сӛздерінде» айтылады. Ол бұл қозғалысты «заң мен билікке қарсы әрекет етушілер» ретінде кӛрсетеді, бұл кезде елде адам айтқысыз ӛзгерістердің болғандығын, билік органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын. Билеуші сарайындағы сақтаулы заңдардың кӛшеге шығарылып, аяққа тапталғындығын және жоылғандығын баяндайды.
Ежелгі Вавилон билеушілері ӛздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б. з. д. ХVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде «Аннуақтардың мәртебелі патшасы Анум мен ел тағдырын шешуші кӛк пен жердің әміршісі! . . . бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасамау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де ӛзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б. з. д. 1792- 1750 жж. ) . Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос ӛзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы жайлы бағалы және жан-жақты мәліметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биік базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңірісі Шаман құдай және оның алдында ілтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бӛліктерінде заңдар сыналап ойып жазылған.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын ӛзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті қызғыштай қорғайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы кӛзқарастары зароастризмде кӛрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б. з. д. VIII ғасырда ӛмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып ӛскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш - жақсылық пен жамандықтың ӛзара күресі мазмұнында ӛрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті кӛп кӛрсетіледі.
Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресіне кӛмектеседі. Адамдардың ӛмірі мен тұрмысы да күрес нәтижесінде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып табылады. Мемлекет билеушісі - монарх - жердегі Орузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп тӛндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Қоғамның әлеметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін ӛзара сүйіспеншілік пен сыбайластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.
Платон - антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б. з. д. 407-399) . Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің ӛз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан кӛреді. Адамдардың әлеуметтік топқа 20 бӛлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) . Олардың әпқайсысы биліктерін ӛз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, ӛздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік тӛңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және ӛз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің ӛзі де мәңгі ӛмір сүре алмайды.
Платонның шәкірті Аристотель (б. з. д. 384-322жж) . Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Әділдіктің екі түрін кӛрсетеді: теңестіретін және үлестіретін. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы - азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т. б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;
Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.
Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси ӛмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.
Брахманизм идеяларының алғашқы кӛріністері б. з. д. екі мыңыншы жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай кӛрсетіп берген «дхармаға» - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда кӛрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, ӛзіне және ӛзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.
«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бӛлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып 2үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.
«Ману заңдары» бойынша патшаның ӛкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен ӛз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен ӛзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол ӛмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға кӛп кӛңіл бӛлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза ӛзінің бұл ұғымында «басқару ӛнері» (данданиттер) деген мағына береді.
Б. з. д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама «ең бастысы - адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі» деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.
Будда ілімін жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде көреді. Саналы мінез-құлық үшін танымның қажеттілігі, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендігі дәріптеледі.
Дхарма түсініктемелерінде адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беру арқылы ғана бұл әлемді ізгілікті өмірге қол жеткізетіндігі баяндалады. Буддизм ілімі бойынша адамдардың балығы тең дәрежеде.
Ежелгі Қытай қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б. з. д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин») Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы - аспан астындағы билеушіден тәуесіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделеді, ал «дао» «алғашқы түп негіз» дегенді білдіреді.
Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т. б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.
Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі кӛбірек орын алған. Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп ӛткен жерде арам шӛптер мен тікенектер ғана өседі, үлкен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы ӛткен дәуірге қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші ӛзінің қол астындағыларға «дао» жолымен жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты мақсаты - елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Қытайдағы саяси ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б. з. д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі көзқарасына, тәлімтәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оның даналық туралы ӛсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол - еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу» деді.
Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды - патерналистік концепциясын жасады. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде кӛрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде кӛрсетіледі.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырады. Билеуші қайырымды болса, тӛменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін ұстанған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сӛз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынады.
Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б. з. д. IV ғасырларда жарық кӛрген «Шан цзюн шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы») трактатында баяндалған. Бұл тарктаттың негізгі бӛлімдерін Шан Ян деген атпен белгілі болған Гунсунь Янь жазды. Легизм ілімінің негізін салған ол Шан облысының билеушісі болыд. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді кімнің жеңетіні» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын кӛрсетті. Оның айтуынша, «халық ӛз ӛкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал ӛкімет ӛз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі қуатты болады».
Легистер қайырымдылық пен адамгершілік қылмысқа апаратын тура жол, ал нағыз қайырымдылық пен сүйіспеншілік ӛзінің бастауын жазалаудан алады деп дәріптеді. Яғни олар мейірімділіктен бұрын қорқынышты алдыңғы орынға қояды. Олардың пікірінше елде жаппай тәртіпсіздік болмас үшін, мейірімділіктен гөрі жазалау басым болу керек. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей мен қорқыныш тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде тәртіп пен заңдылық орната алады дегенді білдіреді.
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық кӛзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке кӛндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфэй және т. б. одан әрі дамытты.
Көне түріктердің де қазіргі кейбір шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттік идеологиясына әсерін тигізді. Бұған шолу жасасақ.
Ерте түрік мемлекеттерінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік ӛркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz