Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мухамбеталиева Анар Серикқызы Д-21
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі.
Тапсырма:
1 Мәдениет тілі түсінігі.
2 Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде.
3. Әлемнің тілдік бейнесі.
4. Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени этникалық бірегейленуіндегі рөлі

1. Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен мәдениеттануда түрлі қырынан зерттеліп жүр. Тіл білімінде бұл сауалға тарих пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселелерін сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер, ізденістер жауап береді. Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсы бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін этнос мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжіри-білігімізбен идеяларымызға тәуелді. Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсы бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін этнос мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжіри-білігімізбен идеяларымызға тәуелді. Мәдениетке берілген анықтамалардың әртүрлі болып келуін ғалымдардың, зерттеушілердің тағылым алған ылыми мектептерінің, айналысқан ғылым салаларының, көздеген мақсат-міндеттерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Мысалы, мәдениет - әлеуметтік тұрғыдан табиғаттан және индивидтің биологиялық, физиологиялық қасиеттерінен тыс, бірақ қарым-қатынас біріктірген адамдар тобына тән құбылыс (В.Освальт), когнитивтік тұрғыдан танымдық әрекеттер мен білім қордалау үрдістеріне қатысты құбылыс" (В.Гудинаф), семиотикалық тұрғыдан "алдымен әлемнің репрезентациясын жасайтын, содан кейін қарымқатынас құралы ретінде пайдаланылатын таңбалар жүйесі (К.Леви-Стросс) ретінде анықталады. Ғылыми мектептерінің ағымына, ғылыми тұжырымдарындағы айырмашылықтарға қарамастан, мәдениеттанушы ғалымдардың қай-қайсысы болмасын бұл күрделі құбылыстың құрылымындағы тілдің орнын, маңызды рөлін мойындайды. Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды әдіснамалық көзқарастарын ұсына отырып: Мәдениет белгілі бір қоғамның әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі, - деген қорытынды жасайды. Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес, мәдени білім аккумляциясының да басты құралы болып саналады. Күрделі таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау, қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе (семиотикалық) болып табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіз, себебі мәдениет ең алдымен - жады, оның басты қасиеті - жинақтау, сақтау және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени диалог жасамайтұра алмайды. Сондықтан тіл - ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет - бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық үштігі, ғылымның осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын фокус. Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық-мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы белгіленуі ғылымда ретроспективалық ыңғайда этнолинвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан-жануар ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан-дүниесі белгіленгендіктен, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік құралдардың қайқайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-қатынасы көрінетінін айқындауға ұмтылыс күн санап артып келеді.

2. XX ғасыр мәдениеті (соның ішінде әсіресе батыс еуропалық мәдениет) даму барысында өзіндік тұрақты бағдарларынан айырылып қалып отыр. Бұл күрдеді мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэннің айтуы бойынша, мәселенің түп-төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан кәрінеді.
М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да, дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезендердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз - тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, телелидар және т.б. Мәселенің бәрі -- ақпарат құралдарында! -- бұл М. Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған негізгі тезисі. (М. Маклюэн, Квентин Фьоре. Вся суть в срелстве. Лондон, 1967).
М. Маклюэн адамзаттың тарихи даму барысында негізгі қарым-қатынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді көрсетті. Әрбір тарихи-мәдени сатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші кезең -- тас дәуіріндегі жабайылық (варварлық) кезеңі. Адамдардың өз ара қарым-қатынас құралының бірден-бір көзі -- ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте өмір сүреді. Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық (акустикалық) кеңістік адам баласының алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіне сәйкес келеді. Сананың синкретикалығының (бөлінбегендігінің, жіктедінбегендігінің) нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам табиғат пен қауымнан кіндігі ажырамаған, өзінің дербес жан, тіршілік иесі екендігін әлі де түйсіне алмайтын дәрежеле болған. Сол себепті қауым мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл -- коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық ой, көпжылдық тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмай, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге (текстерге) айналды. Үйрек қанатынан жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнері мен қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол сананы тылсым көлеңкелен жарыққа шығарып, өркениетке бастама болған түбегейлі метафора болды. (А. Кукаркин. Буржуазное общество и культура. Москва, 1970, с. 363).
Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара-пар болды. Фонетикалық әліпби құлақтың сиқырлы әлемін жайбарақат бейтарап көз әлеміне алмастырды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі -- көз келді.
Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді. Бытыраңқы әріптер сияқты, адамдар бірте-бірте о бастағы қауымдастықтан, бірлестіктен алыстай берді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада XV ғасырдың 2-жартысында Иоганн Гуттенберг өзінің ойлап тапқан баспа станогын іске қосты. М. Маклюэн айтпақшы Гуттенберг галактикасы (М. Маклюэн. Галактика Гуттенберга. 1962) -- баспа ісі - нағыз ақпараттық төңкеріске кедіп соқты. Гуттенберг галактикасының арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар - басылып шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру кәсемдерінің зердесі сақтап, адам өмірлік мәні бар қағидаларды тек солардан еститін болса, енді әрбір адам жеке-дара отырып-ақ, кітапты оқу арқылы өткен-кеткен аталар даналығынан, мұрасынан үлгі алатын жағдайға жетті. Жеке адам, дара адам өзінің жеке тұлға екендігін түсіне бастады. Өзінің басқалардан ерекшеленетінін, өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, қасиеті бар екендігін ұғынған адамзатта индивидуализм (жеке-даралық тұлға) идеясы пайда болды. Оның ұжымдық сипаты -- ұлтшылдық та бой көтере бастады.
М. Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті мәдени элементтердің жоғалуы және өзінің басты маңызынан айырылуы мүмкін, бірақ оны ешқашан күйреу, дағдарыс нәтижесі деп қарастырмау керек. Ондай құбылыстар орын алғанымен де, жалпы, прогрессивтік идеяны жоққа шығаруға болмайды деп есептейді.
Соңғы үшінші кезең немесе аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-қатынас құралдарын - телеграфты, радионы, телефонды, телелидарды, компьютерді және тағы басқа ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың - күндедік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық коммуникацияның шапшаңдылығының арқасында тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей еститін саққұлақ пен ештеңені мұлт кетірмей аңғаратын көреген қажет. Осы екеуінің симбиозы арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны үлкен ауылға айналдырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Транспирация мүшелерінің құрылысы
Мәдениет семиотикасы
Мәдениет морфологиясы туралы
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Өсімдік морфологиясы
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Пәндер