Саяси билік жайында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы: Саяси билік

Мақсаты : Билік түсінігі, анықтамаларын талдау. Саяси биліктің субектілері мен обьектілерін қарастыру.

Сұрақтар:

1. "Билік" түсінігі, анықтамалары.

2. Саяси билік субъектілері. Билік қорлары.

3. Саяси биліктің атқаратын қызметтері, түрлері

4 Саяси және мемлекеттік билік.

  1. Саясаттың негізгі мәселесі болып билік табылады. «Билік» ұғымы әдеттегі ғылыми әдебиетте түрлі мағынада қолданылады. Билік құбылыс ретінде - ол құқық, бедел, ерік, мәжбүрлеу сияқты түрлі құралдардың көмегімен адамдардың мінез-құлқына немесе іс-ірекетіне, тағдырына шешуші ықпал ету; біреуге немесе іс-әрекетіне, тағдырына шешуші ықпал ету; біреуге немесе бір нәрсеге үкім жүргізу қабілеті, құқығы мен мүмкіндігі. Биліктің қоғамдық сипаты - биліктің қатынастарының жақтары болып санаға, ерікке ие адамдар, әлеуметтік топтар, адамдардың бірлігі табылады. Биліктің авторитарлық сипаты - бағынушылықты қамтамасыз етудің түрі мен әдісіне тәуелсіз, билік нысанының еркінің оның субъектісінің еркіне міндетті бағынуы. Биліктің басты компоненттері болып оның барлық элементтерін қозғалысқа әкелетін және субъекті мен объектінің өзара әрекетінің әдістері мен механизмдерін сипаттайтын, тсубъектісі, объектісі, құралдары табылады. 2. Саяси биліктің субъектілері жан жақты болып келеді. Биліктің басты субъектілеріне адамдар, әлеуметтік топтар, екіншілеріне - неғұрлым жоғары деңгейдегі саяси ұйымдар, барлық биліктік қатынастарда түрлі қоғамдық топтардың және барша халықтың өкілі ретіндегі саяси элиталар мен көшбасшылар жатады. Адамдардың субъектілер мен объектілерге, басшылар мен бағынушыларға бөлінуінің өзі көп жағынан релятивті: бір жағынан адам - басқарушы, ал басқа жағынан - бағынушы. Билікке қатысты оның агенттерінің өзара әрекеттері құралдар мен қорлардың бүтіндей бір кешенімен орталықтандырылады және үстемдік ету процесін реттейтін арнайы институционалдық механизм шеңберінде жүзеге асырылады. Билік ресурстары немесе қорлары индивид пен топтың басқаларға ықпал ету үшін қолданатынның барлығын қамтиды. Тар мағынада айтқанда - оларды қолданғанда субъектінің мақсаттарына сәйкес биліктің нысанына ықпал етуді қамтамасыз ететін құралдар. Қорлар негізінде объекті үшін маңызды құндылықтар немесе адамның ішкі әлеміне, оның мотивациясына ықпал ете алатын құралдар, немесе адамды қандай да бір құндылықтардан, олардың ең жоғарғысы болап өмір табылатын, айыра алатын құралдар. 3. Саяси биліктің негізгі қызметтері: 1) қоғамды басқару стратегиясын дайындау; 2) қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдері дайындау және қабылдау: 3) қоғамдық процестерді реттеу, бақылау және шұғыл басқару; 4) қоғам дамуының тұрақтылығының және бағыттылығының маңызды өлшемдеріне бақылау жасау. Саяси биліктің дамуының түрлі тенденциялары байқалуда. Олар: 1) билікті демократизациялау процесі; 2) билікті ; 3) саяси билікті қайта құру; 4) биліктің түрлі тармақтары арасындағы қайшылықтардың артуы; 5) билік аппаратының бюрократизациялау қарқынының артуы. 4. «Саяси билік» пен «мемлекеттік билік» ұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы пікірлер көп, кез келген мемлекеттік билік саяси болып табылады, дегенмен барлық саяси билік мемлекетік емес, Саяси билік адамдардың үлкен топтарының арасындағы қарым-қатынастың спецификалық формасы ретінде, сондай-ақ олардың өзінің саяси және құқықтық нормаларда көрінетін еркін жүзеге асырудың шынайы мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Саяси билік белгілі ерекшеліктерімен сипатталады: 1) жариялылық - жалпыға ортақ және жеке басшылықтың болмауы; 2) басқарудың мемлекеттік аппаратының болуы және мәжбүрлеу; 3) инклюзивтілігі - саяси биліктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның барлық салаларына қосылуы; 4) моноцентристілігі - шешім қабылдаудың бірегей орталығының болуы; 5) ресурстардың көптүрлілігі оны биліктің басқа түрлерінен ерекшелейді, ол биліктің барлық ресурстарын қолданады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
Сефевилер мемлекеті
Мемлекеттік қызмет теориялары
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Саясат жүйесі
Мысыр еліндегі мамлүктер билігі
VI – VIII Қазақ Хандығы
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Билік басындағы әйел
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz