Саяси басшы саяси лидер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мухамбеталиева Анар Д-21

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырыбы: Саяси басшы / саяси лидер /

Мақсаты: Саяси басшы түсінігі, анықтамалары, табиғатын талдау.

Сұрақтар:

1 Саяси басшы түсінігі, анықтамалары.

2. Саяси басшы типологиясы

3. Саяси басшы қызметі

4. Саяси менеджмент пен маркетинг

1. «Басшы» сөзінің этимологиясы «жетекші» дегенді білдіреді, яғни басшы дегеніміз қоғамның қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, ортақ әрекеттегі біріктіру мақсатында басқараларға ықпал етуге қабілетті адам. Саяси ғылымда көшбасшы бір мезгілде саяси процестің субъектісі және объектісі ретінде түсіндіріледі. Субъекті ретінде ол саяси оқиғалардың барысын анықтайды, объект ретінде өзіне тән ерекшеліктердің иесі ретінде нақты қызметтерді орындауының призмасы арқылы көрінеді. Көшбасшыға саяси өмірдің феномені ретінде әдістемелік тәсіл негізінде бұл құбылыстың екі мәнін бөліп көрсетеді: 1) көшбасшы - ол айқын көрінетін «пайдалы» қасиеттерге ие индивид, солардың арқасында оның іс-әрекеті неғұрлым өнімді болады. 2) көшбасшы - ол топтық қызығушылық көзқарасы бойынша неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдау құқығын қауымдастық мойындайтын адам. Біріншісіне сәйкес, көшбасшы өзіндік бір «эталон», үлгі ретінде болады, оның ықпалы субъективтіліктен көрінетін психологиялық феноменге негізделген. Екінші мән шеңберінде көшбасшының беделі басқаларды топтық мақсатқа жету үшін біріктікру қабілетіне негізделеді. Мұндай көшбасшы жетекшілк үлгісіне тәуелсіз топтағы өзара қарым-қатынастарды реттейді, оның құндылықтарын топаралық қатынаста сақтайды, топішілік қызығушылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Саяси әрекеттің үміткер субъектісінің бірі ретінде тұлғаның қызығушылықтарының қалыптасуында тарихи түрде саяси көшбасшылық пайда болды. Қазіргі кездегі ғылымда саяси көшбасшылық феномені үш негізгі тұжырымдама призмасы арқылы қарастырылады: ерекшеліктер теориясы, жағдайлық тұжырымдама, конституенттер теориясы. Ерекшеліктер теориясына көшбасшылық феноменін адамның керемет ерекше сапаларымен түсіндіру тән. Осы теорияның негізін салушылардың бірі Э. Богардус болды, ол ерте ме кеш пе көшбасшылыққа әкелетін тұлғаның интеллектуалдық талантына баса назар аударды. Саяси көшбасшыға тән ерекшеліктерге, дәстүрлі түрде, осыларды жатқызады: ұйымдастырушылық қабілеті, мықты, табанды ерік, өткір ақыл-ой, адамдарды тани білуі, сезімталдылығы, өткірлігі. Жаңа ерекшеліктер ретінде суретте және теледидарда жақсы көріну, сүйкімділік, сенімге кіре алу қабілеті болуы керек. Жағдайлық тұжырымдама көшбасшыны таңдауда әлеуметтік жағдайлардың басым рөлін мойындауға негізделеді. 2. Көшбасшы типологиясы түрлі негіздер мен көрсеткіштерге ие. Классикалық типология - М. Веберге сәйкес, саяси көшбасшылықтың үш түрін көрсетеді: дәстүрлі, рационалды-легальді, харизматикалық. Дәстүрлі көшбасшылық дәстүрдің қасиеттілігіне сенімге негізделген. Мұндай көшбасшылықтың беделі көпжылдық салтқа сүйенеді, билік көбінесе, мұрагерлік жолмен беріледі. Рационалды-легальді көшбасшылық тәртіптің заңдылығына, көшбасшыны заңды бюрократиялық процелдуралар көмегімен таңдаудың ақылға сыймдылығына сүйенеді. Мұндай түрі демократиялық тәртіпке тән, немесе «мінсіз» бюрократияда көшбасшылық заңның құралы ретінде әрекет етеді. Харизматикалық көшбасшылық тұлғаның тылсым қабілетіне сенімге негізделген. Ол критикалық жағдайларда пайда болады, әлеуметтік және саяси жүйелердің тұрақтылығымен ол дәстүрлі немесе бюрократиялыққа айналады, «харизманың рутинизациясы» жүреді. 3. Көшбасшылықтың негізгі қызметтері: 1) интегративті - нақты саяси бағдарламада барлық тұрғындардың қызығушылықтарын біріктіру. Қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарының қызығушылықтарын ескеру маңызды және тәжірибеде мұндай жағдай көбіне декларативті, бірақ бұған таптаурындар көшбасшылықтың қажетті шарты болып табылады; 2) үйлестіруші - мемлекеттік билік институттарының іс-әрекеттерін қоғамда қабылданған құндылықты бағдарлармен, қоғамдық пікірлермен түзету; 3) прагматикалық - бағдарламаларды, идеяларды іске асыру, саяси шынайлыққа айналдыру. 4. Саяси жарнаманың, менеджменттің негізгі міндеті саяси күштің немесе саясаттың шындыққа сая имиджін қалыптастыру және сайлау алдындағы бағдарламалардың мәнісін тез есте қалатындай, қолжетімді, эмоционалды, қысқа әрі нұсқа, қайталанбастай етіп ұсынуға, сондай-ақ сайлаушыларды оларды қолдауға бағыттауға міндетті. Саяси процестің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сайлау кампаниясының сәттілігінің шарттарының бірі болып орталық өзекті ұранды анықтап алу табылады. Саяси маркетингтің негізгі күші сайлау алдындағы іс-шараларында емес, сайлаушының психологиясындағы, оның қызығушылықтарын, құндылықтары мен күтулерін анықтаудағы ғылыми тәсілдерде және осылардың барлығын үміткерлердің имиджі мен саяси платформасын қалыптастыру үшін қолдануда, саяси күрестің технологиясының ұсақ бөлшектеріне деген қатынаста.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басшылық жасау және көшбасшылық
Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау
Адам қызметін басқару және топтастыру жайлы
Насихат мақсаты
Көшбасшылық теориясы
Тиімді саяси шешімдер қабылдау
Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы
Лидер
Саяси лидерлік және оның типтері жайында
Нарықтағы лидер бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz