Қәзіргі әлемдегі әлеуметтік желілердің рөлі және олардың адамдар арасындағы өзара әрекеттесу механизміне әсері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
СӨЖ №5
Пәні: «Психология»
Тақырыбы: «Қәзіргі әлемдегі әлеуметтік желілердің рөлі және олардың адамдар арасындағы өзара әрекеттесу механизміне әсері»
Жетекшісі:
Байжуманова Н.
Студент:
Байбол А. С.
Тобы:
СТ-19-1
Қарағанды 2021
Қазіргі таңда, әлеуметтік желі адам өмірінде айтарлықтай орын алады деп білемін. Бірақ, біздің өмірімізде үлкен орын алады екен деп, оның зиянды тұстары мен пайдалы тұстарын ұмытпауымыз керек. Жалпы қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрінің жоғалып бара жатқанына және ұлттық сананың төмендеуіне -«Ғаламтор желісінің» зияны тиіп жатыр деп ойлаймын. Әрине, Ғаламтордың пайдалы жақтары да бар:
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыса аласың, сөйлесесің, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Тіпті, әлемдегі болып жатқан ахуалдың әсерінен каратин жүйесі енгізілді. Осы мәселеден кейін көптеген окушылар мен студенттер және кәсіпорын қызметкерлері, осы ғаламтор желісі арқылы қашықтықтан білім алып, жұмыс жасады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
Ғаламтордың зиянына келетін болсақ, өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз. Міне осыны адамдар арасындағы өзара әрекеттесу механизміне әсері деп білемін.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер немес ұялы телефон алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.
Ең сорақысы интернет желісінде жастар бір-бірімен жарысып, батысқа еліктеп, өздерін ерсі қылықтарынмен жарнамалау арқылы оқырман жинап, ақша табуды оңай жолға айналдыруда. «Атың шықпаса жер өрте», -демекші қазір өз-өзін қандай жолмен болсада көрсететін адамдар көбейіп кетті. Себебі Әлемдік Жаһандану әсерінен осы ғаламтор желісіне батыстан қазақ халқына мүлдем жат ұғымдар келуінен, яғни, «хайп», «пиар» сөздері. Бұл сөздер мағынасы жағынан да, айтылуы жағынан да өте женіл. Мысалы хайп сөзі елең еткізер қылықтарымен жұрттың назарын өзіне аударту. Тіпті атақ үшін өмірін қатерге де тігу. Бұны жәй ғана заманның дамуы дейміз бе, әлде психологиялық ахау дейміз бе немесе батыстық Жаһандану ғаламтор арқылы әр халықтың құндылықтарын жоя отырып әлемді тыныш, әрі соғыссыз жаулауы деймізбе?!
Әрине көпке топырақ шашпаймын, өйткені ешқандай да хайпсыз-ақ адал жолмен ғаламтор желісінде нан тауып жүргендерде бар, оны мойындауымыз керек.
Жалпы ұялы телефон мен компьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтор түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн. Барлық дүниенің белгілі бір өзінің шегі болады соны естен шығармай, шектен асып кетпеуіміз керек. Бұл мәселені міндетті түрде қоғам болып шешуіміз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz