ЕКІНШІ СЫНЫП АТАМҰРА ЖӘНЕ АЛМАТЫКІТАП БАСПАЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
ӘОЖ 373.3

Меруерт Оразбек Әбдіқалыққызы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс магистранты (Түркістан қ., Қазақстан) meruert.orazbek98@gmail.com
Мақала IMRAD талаптарына сәйкес Қазақстанның ғылымы мен өмірі журналына қабылданып, 2020 жылдың желтоқсан айындағы санына шығады.
Түйіндеме
Бұл мақалада екінші сынып Атамұра және Алматыкітап баспаларының Әдебиеттік оқу оқулықтарының мазмұнына салыстырмалы зерттеу қарастырылған. Зерттеу барысында құжаттарды мазмұндық талдау әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Атамұра баспасының Әдебиеттік оқу оқулығында 8 тарау бойынша 95 мәтін, Алматыкітап баспасының Әдебиеттік оқу оқулығында 8 тарау бойынша 123 мәтін қамтылғандығы анықталды. Сондай-ақ, әңгімелеуші мәтін саны Атамұра баспасының Әдебиеттік оқу оқулығына қарағанда Алматыкітап баспасының Әдебиеттік оқу оқулығында көп орын алғандығы анықталды. Екі оқулықтада әңгімелеуші мәтіннің әңгіме түріне басымдық берілгені және ақпараттық мәтін түрі аз қамтылғандығы айқындалды. Ғылыми зерттеудің нәтижелері бастауыш сынып оқу-әдістемелік бірлестіктеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлаушы жоғары оқу орындарына көмекші оқу құралы бола алады.
Кілт сөздер: әдебиеттік оқу, оқулық, тарау, мәтін, мәтін түрлері.
Аннотация
В данной статье рассматривается сравнительное изучение содержания учебников Литературное чтение 2-го класса издательств Атамура и Алматыкитап. В исследовании был использован метод контент-анализа документов. Исследование показало, что учебник Литературное чтение издательства Атамура содержал 95 текстов в 8 главах, а учебнике Литературное чтение издательства Алматыкитап - 123 текста в 8 главах. Также выяснилось, что количество повествовательных текстов в учебнике Литературное чтение Алматыкитап больше, чем в учебнике Литературное чтение издательства Атамура. В обоих учебниках было обнаружено, что повествовательный текст предпочитает повествовательный тип, а информативный текст менее освещен. Результаты научного исследования могут служить вспомогательным учебным пособием для учебно-методических объединений начальных классов, учителей начальных классов, вузов, готовящих будущих специалистов начальных классов.
Ключевые слова: литературное чтение, учебник, глава, текст, виды текста.
Annotation
This article deals with the comparative study of the content of the textbooks Literary reading of the 2nd grade of the publishing houses Atamura and Almatykitap. The study used the method of content analysis of documents. The research showed that the textbook Literary reading published by Atamura contains 95 texts in 8 sections, and the textbook Literary reading published by Almatykitap - 123 texts in 8 sections. It also turned out that the number of narrative texts in the Literary reading textbook Almatykitap is greater than in the Literary reading textbook of the Atamura publishing house. In both textbooks, it was found that the narrative text prefers the narrative type and the informative text is less enlightened. The results of the scientific research can serve as an auxiliary textbook for educational and methodological associations of primary classes, primary school teachers, universities, preparing future specialists of primary classes.
Keywords: literary reading, textbook, chapter, text, text types.
КІРІСПЕ.
Оқулық - оқушылардың жасына және оқу дәрежесіне қарай берілген мәтіндерден тұратын, оқу бағдарламасындағы шарттарға сәйкес дайындалған баспа және оқыту материалы. Аталған сипаттамаға сай дайындалған оқулық оқу, жазу дағдыларын игеруде маңызды орын алады. Себебі алғашқы оқу, жазу дағдылары (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау) мәтінге сай әзірленген тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
2000 жылы А.Құсайыновтың еңбегінде: Оқулық - ғылыми ізденіс нәтижесінің өзгеше түріне жатады.Және ғылыми ой мен болжамның дидактикалық болжаммен қиылысуынан туындайды. деп анықтама берген(Құсайынов А.2000). Және еңбегінде оқулық мазмұны курстың басты ғылыми шарттарына ғана, соның логикасына ғана құрылған болса оқулықтың сапасы жоғары деңгейде болмайтындығын, педагогикалық мәселеге құлақ аспайынша оның нәтижесіне сүйенбей, оқулықты құруға болмайтындығын атап көрсеткен.
Ғ.Құрмашұлы өзінің Ана тілі газетіне жариялаған Сапалы оқулық - ел игілігі атты мақаласында: Тәуелсіздік алғаннан бері оқулық жазу, олардың сапасын жақсарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды, жетістіктеріміз бар. Сонымен қатар біраз олқылықтар мен проблемалар әлі де алдан шығуда. Жалпы сапалы жазылған оқулықтар - білім мен ғылымның қайнар көзі, ұлтымыздың рухани құндылығы. Сондықтан дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған еліміздің жаңа буыны үшін мектеп оқулықтарының сапасына айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Мемлекеттік тілді оқыту да сапалы оқулықтан басталады. Осы саладағы қордаланған мәселелерді соңғы кездері зиялы қауым өкілдері жиі көтеріп жүр. Мирас қоғамдық кеңесі мүшелері де түрлі БАҚ беттерінде өз пікірлері мен ойларын білдіруде, - деп жазады ( Құрмашұлы Ғ., 2014).
А.Куралбаева мен Х.Акйолдың 1 сынып сауат ашу және türkçe dersi оқулықтарындағы тақырыптар мен мәтін түрлерін салыстырмалы зерттеуі атты мақаласында: Оқулық - оқушылардың жасына және оқу дәрежесіне қарай берілген когнитивті, аффективті құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған мәтіндерден тұратын, оқу жоспарларына негізделген принциптерге сәйкес дайындалған баспа және оқыту материалы (Құралбаева А.А.,Акйол Х., 2019) деп анықтама берілген. Аталған сипаттамаға сай дайындалған оқулық оқу, жазу дағдыларын игеруде маңызды орын алады. Себебі алғашқы оқу, жазу дағдылары (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау) мәтінге сай әзірленген тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Тіл үйрету туралы сөз болғанда оқу бағдарламалары мен оқулықтар үшін мәтінді таңдау маңызды мәселе болып табылады. Тіл үйретуде таңдалатын мәтіндер мен оқулықтар үшін таңдалып алынатын мәтіндердің мазмұндық ерекшелігі мен сапасының жоғары болуы маңызды.
Т.М.Әбдікәрімова 2007 жылы мәтін және Ана тілі оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясын жазуда мәтіннің негізгі белгілерін Оқулықтағы берілетін кез келген мәтін - өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері - жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді қорытып, маңызын танығанда ғана пайда болатын, оның дәйекті тұсымен тәуелділікте болса, ал оның біртұтастығы қиын бөлімдерді құрастыратын тілдік механизмнің белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді(Әбдікәрімова Т.М., 2007)деп сипаттама берген.
Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу оқулығы оқушының оқырмандық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және этикалық, эстетикалық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін жетілдіруге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі оқу құралдарының бірі болып табылады. Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқулықта берілген қазақ және әлем әдебиетінің көркем шығармаларынан берілген оқу үзінділері менмәтіндерден танысудан басталады.
М.Жемилоглуның айтуынша әдеби мәтіндерде жазушылар жағдайды, көріністі, ой не сезімді әңгімелейтін болып келеді. Сондықтанда бұл зерттеуде әдеби мәтіндерді жағдайға, көрініске байланысты түрлері (әңгіме, роман, театр, ертегі, аңыз, дастан, мысал, естелік), ойға байланысты түрлері (мақала, сұқбат, әзіл), сезімге байланысты түрлері (поэзия) деп үш топқа жіктеген(Cemiloğlu M., 2015).Сол секілді О.Адалы еңбектерінде барлық мәтіндерді ойдан шығарылған (әңгіме, өлең, роман, пьеса, сценарий) қолданбалыақпараттық (мақала, газет-журнал хабарлары) мәтіндер деп жіктеген (Adalı O., 2016).
М.Башаран мен Х.Акйолдың мәтіннің ақпараттық немесе баяндайтын болуына, оқылған және мәтінге дамыған көзқарасты түсінуге әсерін зерттеуінде барлық мәтіндерде идея беріледі, оқиға баяндалады немесе сезім сипатталатыны айтылған(Başaran M., Akyol H., 2007). Соған орай мәтіндерді идеяны сипаттайтын мәтіндер, ақпараттық мәтіндер, оқиғаны сипаттайтын мәтіндер, баяндайтын мәтіндер, эмоцияларды сипаттайтын мәтіндер, сондай-ақ өлең деп жіктеп көрсетілген.
Х.Акйолдың жазуы бойынша Мәтін сөзі - бір кітаптың ішіндегі жазбаларға, бір тақырып, мақала немесе бірнеше параграфтан тұратын негізгі ойы бар жазбаларды сипаттау үшін қолданылады - деп жазады, және мәтіндердің мағынасын: мәтін іші, мәтін сырты, мәтін арасы деп үш түрге бөліп қарастырған (Akyol H., 2010). Түрік балалар әдебиетін жазушы Ф.Огузхан балалар әдебиеті стильдеріне жататын мәтін түрлері: ертегі, мысал, дастан, аңыз, әңгіме, роман, биография, табиғат және ғылыми жағдайларды әңгімелейтін мәтіндер, өлеңдер және жаңылтпаштар деп қарастырған (Oğuzkan F., 2000), және де осы аталған балалар әдебиетінің жанрлары зерттеу жұмысында қарастырып отырған оқулықтарда орын алған.
Жоғарыда аталған шетелдік және отандық еңбектердегі бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнды талдауында оқулықта мәтін түрлерін әңгімелеуші, ақпараттық мәтін және өлең деп үшке бөліп қарастырылуына байланысты бұл зерттеу жұмыста да мәтін түрлері үшке бөліп қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты құжаттарды мазмұндық талдау әдісімен екінші сыныптың Атамұра және Алматыкітап баспаларының Әдебиеттік оқу оқулықтарының мазмұнына салыстырмалы зерттеу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізуде төмендегі мазмұндағы міндеттер орындалды:
1. Атамұра және Алматыкітап баспалары бойынша Әдебиеттік оқу оқулықтарындағы тарауларға мазмұндық талдаулар жасалды.
2. Атамұра және Алматыкітап баспалары бойынша Әдебиеттік оқу оқулықтарында орын алған мәтін саны анықталды.
3. Атамұра және Алматыкітап баспалары бойынша Әдебиеттік оқу оқулықтарында орын алған мәтін түрлеріне талдау жасалды.
ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ.
Оқулық оқырманның жасына және білім деңгейіне сәйкес келетін когнитивті және аффективті дағдылармен байланысы бар бай мәтіндерден тұратын, оқу жоспарларына негізделген принциптерге сәйкес баспамен мемлекеттік стандарт негізінде дайындалған оқу процесінде қолданылатын мемлекетік білім беру құжатының бір түрі.
Құжат - мәліметтердің, дәлелдердің, құбылыстардың, тіршілік иесінің шындық немесе психикалық белсенділігінің проблемаларын қағаз көмегімен жүзеге асыратын негізгі мәліметтерді беру тәсілі болып табылады. Құжат мазмұны толық зерттелу үшін құжаттарды сканерлеу және құжаттарды мазмұнды талдау әдістері жүргізіледі.
Құжаттарды сканерлеу әдісімен жасалған жұмыс құжатпен жұмыста қолжетімділікті қамтамасыз етеді және олармен жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды мазмұнды талдау құжаттарды сканерлеу әдісінен кейін жүргізілетін, орын алған мәтіндердің мазмұнымен санын және түрлерін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін талдау әдістерінің бірі. Талдау нәтижесі статистикалық өңдеу арқылы беріледі.
Зерттеу жұмысында құжаттарды сканерлеу және құжаттарды мазмұндық талдау әдісі көмегімен 2 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінің Атамұра және Алматыкітап баспаларының Әдебиеттік оқу оқулықтарындағы тарауларға, мәтін саны мен мәтін түрлеріне мазмұндық талдау жасалынды.
Деректерді жинау құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің 2 сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінің Атамұра баспасының 1,2 бөлім оқулықтары және Алматыкітап оқулығы пайдаланылды.
НӘТИЖЕЛЕР, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ.
Оқулықтар - бұл білім алушылардың өз бетінше білім алуы үшін дайындалған жазбаша материалдар, ол елдің білім беру саясатын жүргізетін, мемлекеттік білім беру стандарттағы бастауыш оқыту бағдарламасына сәйкес курс пәндері туралы ақпаратты дәйекті және нақты түрде беруі тиіс. Оқулықтар үнемі оқытуды қамтамасыз ететіндіктен ондағы таңдап алынған мәтін түрлері, санына қарай қатысымы пәнді оқытуда маңызды болып табылады. Себебі білім беру бағдарламасындағы бағалаудың мақсаттарына, мазмұнына, критерийлері мен сипаттамаларына сәйкес келетін ақпарат оқулықтарда жүйелі түрде қамтылған.
Е.Сулак пен Г.Пильтен өз зерттеулерінде 1-5 сыныптардың түрік тілі оқулығындағы мәтіндердің құрылымын бағалап, мәтіндердің түрлерін анықтай келе, зерттеу барысында алынған мәліметтер бойынша оқулықтардағы 432 мәтіннің 143-і әңгімелеуші мәтін, 158 ақпарат беруші және 131 өлең екендігін анықтаған (Sulak E.S., Pilten G., 2010).
С.Кекликтің 1-8 сыныптағы түрік тілі оқулықтарын мәтін түрлері мен қасиеттері тұрғысынан оқу зерттеуінде бірінші, екінші және үшінші сынып мәтіндерінің санын бөлуде 18, 15, 17 мәтін сандары ақпараттық мәтін үшін көп. 19, 16, 13, 14 ақпараттық мәтін сандары төртінші, бес, жетінші, сегіз сыныптардағы ақпараттық баяндайтын мәтіндер үшін көп. Алтыншы және жетінші сынып мәтіндеріндегі 4 және 3 өлең поэзия жанры үшін өте аз екендігін анықтаған (Keklik S.,2009). Түрік тіліндегі оқулықтарда балалардың сөздік қоры жас деңгейіне сәйкес емес, жаңа сөздер белгілі бір жоспар шеңберінде дайындалмаған. Атап айтқанда, төртінші сыныпта ілгек; бесінші сыныпта коллаж, геодезия, пиктограмма; алтыншы сыныпта фонограф, голографиялық, биометриялық, тундра; жетінші сыныпта фон, жылтырату, циклон сөздері. Әр түрлі баспалар дайындаған түрік тілінің оқулықтарында мәтін түрінің атауларында айырмашылықтар кездескен. Түрік тілінің 1-5-сынып оқу бағдарламасында сипатталған поэзия мәтіннің айтылатын және ақпараттық түрлері түрінде жазылмаған. Мысалы, бірінші сынып оқулығы, алтыншы сынып, жетінші сынып оқулығында. Мәтіндер балалар деңгейінен әлдеқайда жоғары немесе әлдеқайда төмен. Мысалы, үшінші сынып цунами, стихиялық ақпараттар мәтіні, бесінші сынып Кандилли обсерваториясы мен жер сілкінісін зерттеу институты ақпараттар мәтіні, жетінші сынып Бала құқықтары туралы Конвенция аясында баланың білім алу құқығы ақпаратттар мәтіні, жетінші сынып экологиялық ғылым, біздің елде және Орталық Азияда Наурызды мерекелеу ақпараттық мәтіндері. Зерттеуші зерттеу нәтижесінің қорытындысы ретінде бірнеше ұсыныстар қалдырған: 1)түрік тілінен оқулықтарды әзірлемес бұрын балалардың ақыл-ойына, тіліне және әлеуметтік дамуына сәйкес келетін сөздер тізімін анықтау қажет, содан кейін жоспар шеңберінде бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқулықтар біртіндеп жазылуын; 2)балаларға оқу әдетін үйрету үшін, оларға оқуға ұнайтын жағымды, көңіл көтеру стиліндегі мәтіндермен таныстыру арқылы оқуды жақсы көруге үйретуге болатынын; 3)мәтіндерді хабарлау және негізгі идея айқын болуы керектігін; 4)түрік тілінің бастапқы бірінші сыныбында оқулықтарда мәтін түрлерін баяндайтын мәтіннің ақпараттық типтеріне қарағанда көбірек қолданылуын; 5)түрік курсының бастапқы екінші сыныбында оқулықта мәтіннің баяндаушы типтері мен мәтіннің ақпараттық типтері тең мөлшерде кіріктірілуін; 6)түрік тілінің оқулықтарына мәтінді таңдау немесе дайындау кезінде эстетикалық құндылықты дамыту негізгі мақсат болуын ұсыныс ретінде көрсеткен.
М.Өзбаи мен М.А.Чеченнің 6, 7, 8 сынып түрік оқулықтарындағы мәтіндерді жанр мен тақырып тұрғысынан зерттеуінде мәтіндер бір баспаның кітаптарында 12, 10, 15-те, ал басқа баспаның кітаптарындағы мәтіндер 17, 15, 15-те болуы жанрлар санының жиілігін анықтаған. Бағдарламада міндетті болып табылатын түрлерден басқа мәтіндердің кейбір түрі де кітапқа енгізілгенін, міндетті болған кейбір жанрлардың болмауы кемшілік ретінде көрсеткен. Бағдарламада көзделмегеннен басқа үлгілердің көрсетілуі, оқушы жүктемесіне сәйкес келмейтін типтерді қосу проблемаларды туындататынын анықтаған. Мысал ретінде 1-5 сынып кітаптарындағы ақпараттық мәтіндерге ұқсас дидактикалық мәтін мен декларациялық хатты келтіргенін анықтаған. Түрік тіліндегі оқулықтар үшін мәтінді таңдау кезінде жанрмен байланысты мәтіндердің саны, жанрлардың әртүрлілігі маңызды. Оқушылар белгілі түрдің сипаттамасын тану үшін сол түрдегі мәтіннің белгілі бір санын оқуға тиіс. Әрбір баспаның барлық сыныптарда оқулықтары жоқ болғандықтан, провинцияларда оқытылатын оқулықтарды анықтау кезінде жанр мен тақырып бойынша бөлуді ескеру пайдалы болған (Özbay M., Çeçen M. A., 2012).
Ф.Темизюрек пен Б.Делижанның бастауыш мектептің түрік тілі оқулықтарындағы мәтіндерді жанры мен тақырыбы тұрғысынан оқу зерттеуінде бастауыш мектептің түрік тілі оқулықтарындағы мәтіннің тақырыптар мен типтер бойынша қалай бөлінетінін және мәтіндерден тұратын қандай тақырыптар барын зерттей келе мәтіндердің 50% - ы әңгімелеу мәтінінен, 30% - өлеңнен, ал 20% - ы ақпараттық мәтіннен тұратынын, жалпы оқулықтарда 4 негізгі, 7 факультативтік тақырып кіріктірілгенін анықтаған. Бірінші сыныпта мәтіндерді тыңдау және оқу, ғылым, мәдениет, махаббат, шыдамдылық, еңбекқорлық, табиғат санасы, жеке гигиена, отбасы, жеке қасиеттер мен Отан тұжырымдамаларына назар аудару арқылы берілгенін анықтаған. Екінші сынып мәтіндерінде оқу мен жазу махаббат, төзімділік, бірлесіп пайдалану мен ынтымақтастық, өзгерістер, Республика, Отан, еңбекқорлық, табиғат санасы, денсаулық және саналы тұтыну тұжырымдамаларына негізделгенін анықтаған. Үшінші сынып деңгейіндегі мәтіндер ғылым, демократия, төзімділік, құрмет, көшбасшылық, махаббат, шығармашылық ойлау, Отан, жеке және экологиялық тазалық, табиғатқа деген махаббат, еңбек, саналы тұтыну және еңбек сүйгіштікке негізделгенін анықтаған. Төртінші сынып мәтіндерінде денсаулық, өмір қуанышы, шыдамдылық, адами махаббат, Тәуелсіздік, түрік тілі, мәдени байлық, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, жеке және экологиялық тазалық, еңбек, кітапқа деген махаббатқа бағытталғанын анықтаған(Temizyürek F., Delican B.,2016).
Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарында мәтін түрлері, қасиеттері мен мәтін тақырыптары бойынша мазмұнды талдау жүргізілген, бұл ғылыми зерттеу жұмысында да мазмұнды талдау жасалып, нәтижесі статистикалық өңдеуден өткізіліп кестелермен берілген.
Зерттеу нәтижелері оқулықтарда орын алған мәтін түрлері А.Құралбаева мен Х.Акйолдың 1 сынып сауат ашу және türkçe dersi оқулықтарындағы тақырыптар мен мәтін түрлерін салыстырмалы зерттеуінде өлең, әңгімелеуші мәтін, ақпарат беруші мәтін деп үшке бөліп қарастырылуы негізінде алынды. Зерттеуге алынған 2 сынып Атамұра баспа оқулығы ҚР БҒМ 2018 жылғы 2-4-сыныптарына арналған Әдебиеттік оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша жасалған (Әдебиеттік оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2018), Алматыкітап баспа оқулығы ҚР БҒМ 2013 жылғы 2-4-сыныптарына арналған Әдебиеттік оқу пәні бағдарламасы бойынша жасалған (Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары,2012).
Зерттеу жұмысының Атамұра және Алматыкітап баспалары бойынша Әдебиеттік оқу оқулықтарындағы тарауларға мазмұндық талдаулар жасау міндеті бойынша зерттеу нәтижелері кесте 1-де берілген.
Кесте 1 - Екінші сынып әдебиеттік оқу пәні Атамұра және Алматыкітап баспа оқулықтарындағы тараулардың тақырыптарын салыстыру
№
Атамұра баспасы, 1,2
бөлімдері
№
Алматыкітап баспасы
1
Өзім туралы
1
Білім керек бәріне
2
Менің отбасым және достарым
2
Атадан қалған асыл мұра
3
Менің мектебім
3
Неткен сұлу, неткен көркем, осы
менің туған өлкем!
4
Менің туған өлкем
4
Қыста талай қызық бар
5
Дені саудың-жаны сау
5
Қадірлі әкелерім, Мейірімді
аналарым
6
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
6
Адам болам десеңіз
7
Қоршаған орта
7
Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге
8
Саяхат
8
Туған өлке табиғатын қастерлейік
Кесте 1-де берілгендей 1-тарау бойынша Атамұра баспасының Өзім туралы бөлімінде оқушыға байланысты 15 тақырып берілген. Оның ішінде Алғаш рет оқуға келген күнім, Менің сүйіп тыңдайтын әндерім, Үйдегі бір күнім, Өзім туралы өзім айтамын, Мен туралы сен не айтасың?, Менің сәби кезім, Мен ұнататын жан-жануарлар, Менің сүйікті тағамым, Менің киімдерім тақырыптары арқылы тарау мазмұны ашылған. Ал, Алматыкітап баспасының Білім керек бәріне бөлімінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz