Заманауи стильмен қазақи ұлттық киімді ұштастыра отырып сән үйін ашу


Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Инновациялық білім беру факультеті
Психология арнайы білім беру кафедрасы
БИЗНЕС-ЖОБА
Тақырыбы :Заманауи стильмен қазақи ұлттық киімді ұштастыра отырып сән үйін ашу
Орындаған :Самбетова Арайлым
Пилисбекова Нұрдина
Тимурқызы Альмира
Қабылдаған :Масалимова Айгүл
Атырау 2020
1. Кіріспе
“ДАН” қазақи ұлттық стиль мен заманауи стильді ұштастыра отырып тауар шығаратын сән үйі.
“ДАН’’ сән уйі ұмытылып бара жатырған ғасырлар бойы қасиетті болып келе жатырған ұлттық киімдерді заманауи стильмен жандандыру. Сонымен қатар әр елдің ұлттық ерекшеліктерін анық көрсету.
2. Жобаның концепциясы
Жобаның концепциясы қазақи ұлттық стиль мен замауи стильді ұштастыра отырып сән үйін ашу болып табылады және де киімді гендерлі-нейтральды қылу, яғни әйел адамдарға да, ер адамдарға да сай киім шығару.
2. 1. Қазақтын ұлттық ою өрнегі мұраларынан геометриялық, зооморфтық жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлер), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер аспанның, жердің символы ретінде кездесед. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына т. б мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасында кең тараған. Осындай тарихы теренде, өзімен терен ой салатын қазақтын бұл өнері ерекше әсемдігімен үлкен орын алады .
2. 2. Сән үйінің құрылымы білікті қызметкерлерден тұрады:директор, есепші, кеңесші-сатушылар, дизайнерлер, суретші, көрнекті мерчендайзер, бренд менеджері, маркетолог . Сән үйі тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін орталықта орналасатын болады, негізгі бутиктер Baizaar, Тамаша, Атырау сауда орталықтарында және де бұдан бөлек жеке нүктелер ашылады. Негізгі ғимарат 2 қaбaттан тұрaды. 1 қабатында тұтынушыларға демалуға, жеке заттарын қалдыруға арналған сақтау камерасы, кафе, кофейня, бар, балаларға арналған ойын алаңы, сонымен қатар бала күтушілер ойын алаңындағы балаларға бас көз болады және басқада қызметкерлер болады. Бұл әйел адамдарға балаларын ойын алаңына беріп кетіп ештеңеге алаңдамай сауда жасауына мүмкіндік береді.
3. Бизнес-жоспар құру мақсаты
Бұл бизнес-жоспардың мақсаты:
1. Тaуaрлaрды сaтып aлу үшін бизнеcті кeңeйту үшін инвecтициялaрды тaрту, дүкeн aрқылы сayдa жaсay.
2. Инвестициялық жобаның табыстылығы.
3. Қызметтерді одан әрі арттыру және кеңейту үшін пайда табу.
4. Осы қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру.
4. Жобаның сипаттамасы және оны жүзеге асырудың орындылығы.
Экономикалық тұрғыдан жоба мыналарға ықпал етеді:
-жұмысшыларға тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жұмыс орындарын құру;
-киім-кешектерді бөлшек саудада сатудағы компанияның қызметтерін кеңейту;
-Атырау қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
5. Бизнесті тіркеу
Жалпы бизнесті тіркеу 3 жолмен жүзеге асады. Олар:
1. E-Gov. kz электрондық үкіметінің веб-порталында
Кәсіпкерлікті тіркеу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері веб-порталға «Бизнесті тіркеу» бөлімінде электронды өтінім беруі керек.
Орта және ірі кәсіпкерлікті тіркеу «электрондық үкіметтің» веб-порталында да, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қайта құру жолымен құрылған ЖШС-ті тіркеу тіркелген ЖШС құрылған жердегі
Халыққа қызмет көрсету орталығында міндетті болып табылады.
2. ХҚО арқылы қауіпсіз тапсырыс
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарыны байланыс ақпараты E-Gov. kz сайтында. Әр қаладағы ХҚО барып өз
бизнесіңізді тіркегіңіз келітіндігі жөнінде айтасыз.
3. Аумақтық әділет органдары:
Қазақстанның аумақтық әділет органдарының байланыс ақпараты E-Gov. kz сайтында мәліметтер бар. Өз қалаңыздағы әділет органдары мен жұмыс жасайсыз.
6. Қаржыландыру құрылымы
Жоба ең алдымен сән үйін алуды көздейді. Қажетті инвестиция сомасы-50 000 000 теңге. Инвестиция банктік несие көлемінде алу жоспарлануда
Қаржыландыру шарттары
Сауда үйінің көлемі-2 қабатты көлемі 156, 2м2 . Қаржыдан сән үйіне 20 млн тг, жөндеу жұмыстарына 3 млн теңге жұмсалады.
7. Жабдықтар
Сән үйі жөндеуден өткізгеннен кейін барлық қажетті жабдықты сатып алыну қажет. Қажетті заттар;
- киімге арналған стеллаждар;
- Ілгіштер;
- витриналар;
- айналар;
- киім ауыстыру бөлмесіне жиһаздар;
- Кассирге арналған сөрелер;
- компьютер.
Сонымен қатар, бейнебақылау камерасы орнатылады - бұл ұрлықтың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Дүкендерге арналған мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы орнатқан дұрыс. Бұл тауарлар көлемін, сұранысты, артықшылықты бақылауға, есеп құруға және ақпарат жасауға мүмкіндік береді. Бұл заттарға кем дегенде 1 млн 700 мыңдай қаржы кетеді.
8. Нарыққа шығудың негізгі кедергілері мен тәуекелдері
Қаражатты пайдалануға байланысты қаржылық кедергілер:
пайыздық тәуекелдер;
несиелік тәуекелдер;
инфляцияның өсуі.
Нарықтағы кең бәсекелестердің болуы жобаның жылжуына қиындық туғызады.
Қызметті іске асыру және сатуға байланысты коммерциялық тәуекелдер:
-экономикалық жағдайдың нашарлауы
және қызметтерге сұраныстың төмендеуі.
Технологияны қолданумен байланысты туындайтын кедергілер:
- электроэнергияның өшуі
- кассалық аппараттың бұзылуы
9. Жобаның негізгі арттықшалықтары мен кемшіліктері
Киім дүкендердің қарапайым ашылуы арнайы дағдыларға немесе арнайы білімге қажеттіліктің жоқтығымен байланысты болуын плюске жатқызуға болады. Тіпті бұрын сауда жұмысымен айналыспаған адам да бизнес процестерде жұмыс істей алады және пайдалы бизнес ұйымдастыра алады.
бұл бизнестің басты артықшылықтары:
- Арнайы білімді қажет етпейді
- арнайы рұқсаттар, лицензиялар қажет емес;
- жарамдылық мерзімі жоқ
- Кең аудитория.
- Киімнің жеке санатын таңдау мүмкіндігі (спорттық киімдер, костюмдер және т. б. ) .
- Киімді сату оффлайн режимінде де, онлайн режимінде де жүзеге асырыла алады. Сонымен қатар екі режимде де бір уақытта ашуға болады.
Бірақ бұл идеяның өзіндік кемшіліктері бар:
- Нарықтағы үлкен бәсекелестің болуы;
- Сатып алушылардың брендтерге берік ұстануы;
- Киімге нарықтың өсу қарқыны үлкен емес - жылына шамамен 2 - 5%;
- Сауда-саттықтың көп бөлігі 30-40 танымал бренд дүкендеріне түседі;
- Моданың күрт өзгеруіне байланысты киім өз деңгейінен түсіп қалады;
- Сән трендтері тез өзгеруіне байланысты кейбір товарларды төмендетілген бағамен сату қажет болады.
10. Қаржылық жоспар
Бұл бизнесті ашуға арналған инвестициялық шығындар 50 000 000 теңге құрайды.
сән үйін ашуға арналған инвестициялар:
Жабдықтардың шамамен тізімі
10. Қызметкерлер
Дүкеннің және брендтің дамуының сәттілігінің маңызды факторы болып табылатын - өнімді дұрыс ұсына алатын, сататын және дүкен туралы жақсы пікір қалдыратын білікті персонал. Дүкеннің кірістілігі және сауда орнына деген адалдық деңгейі сатушының клиентке қалай қызмет ететініне байланысты. Мұндай сән үйі үшін ауысыммен жұмыс жасайтын кем дегенде 6 сатушы көмекші және админстратор қажет болады. Админстратор, бухгалтер, жарнама берушінің функцияларын бірінші кезеңде кәсіпкер өзі орындай алады. Бұл персоналдың шығындарын үнемдеуге, бизнестің табыстылығын арттыруға және нәтижесінде көп ақша табуға мүмкіндік береді.
11. Маркетингтік стратегия
Маркетингтік қызметтің негізгі міндеті - нарықта тұрақты позицияны ұстану. Осыған байланысты тұрақты позиция және клиенттік базаны көбейтуді ұйымдастыру бойынша жоба аясында келесі шаралар көзделуде:
1. Ғаламтор желісінде Веб-сайт құру. Желідегі интернет-дүкенді жылжыту.
2. Instagram парақшасын ашу. Инстаграмдағы жарнамаларды іске қосу. Instagram жарнамалары сізге геолокация бойынша жарнамаларды қосуға мүмкіндік береді, осылайша клиент сән үйінің тұрақты мекен жайын таба алады.
3. Парақшалар, буклеттер тарату.
4. Тауарларға 1-2 айда жұма күні акциялар болатын болады және де көп тауар сатып алынған жағдайда жеңілдік картасы беріледі.
12. Компанияның нарықтағы жағдайын SWOT-талдау
Сыртқы
Ішкі
Клиенттер кең маркетингтік науқан арқылы тартылады.
Қазақстанда жаңа сауда нүктелері ашылады.
Тауарлардың ассортименті кеңейтіледі.
Дағдарысқа байланысты халықтың табыс деңгейінің төмендеуі.
Нарық үлесін ала алмау
Өнімді дамытудағы қиындықтардың туындауы
Кәсіби құрам
Бәсекеге қабілетті өнім бағасы
Киімнің дизайнерлік құрамы
13. Бәсекелестікпен күресу
Бәсекелестік - бұл компанияның нарықтағы үлесін сақтауға және өсіруге бағытталған әрекеттер. Бәсекелестіктің минималды мақсаты - қазіргі тұтынушыларды ұстап қалу және олардың бәсекелестерге ауысуына жол бермеу. Бәсекелестіктің түпкі мақсаты - сатып алушыларды компанияның басты бәсекелестерінен өзмізге тарту. Бәсекелестермен күресу үшін өндірушілердің де, дүкен админстраторының да жарнамалық кампанияларын бастау қажет. Әсіресе, әр маусымда акциялар мен сатылымдарды ұйымдастыру қажет, өйткені сән тез өтеді, бұл арқылы аудиторияны тартып, сатылмай қалып қойған товардан арылуға үлкен септігін тигізеді. Сондай ақ, клиенттердң қызықтыру үшін, интернет желісінде жарнамалық іс-шаралар өткізуге, жаңа коллекцияларды жарнамалау үшін сән үйінің тақтайшасын іліп, сән үйдің сыртын брендтеу жүргізілетін болады. Есептеу кезінде жарнамалық шығындар бюджетке кіретін болады.
14. Жобаны іске асыру жоспары
14. 1. Жобаны іске асыру кестесі
14. 2. Қажетті ресурстардың сипаттамасы
Жоспарланған oрталық сатып алынған коммерциялық үй-жайда орналасады, oрналасқан мекен-жайы :Атырау, Мерей, Құрманғазы көшесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz