Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

Курстық жұмыс

ПӘН: FU 2208 «Қаржылық есеп - 1»

Тақырыбы: «Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі»

Орындаған: Жалакова А. М.

Уа-13 с/к тобының студенті

Тексерген: кафедра доценті

Жакупова О. М.

Қарағанды - 2010

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

БӨЛІМ 1. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, БАҒАЛАНУЫ ЖӘНЕ ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1. 1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі . . . 5

1. 2 Тауарлы - материалдық құндылықтарды бағалау әдістері . . . 8

1. 3 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру . . . 12

БӨЛІМ 2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ, ҚҰЖАТТАЛУЫ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕЛУІ.

2. 1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау . . . 14

2. 2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі . . . 20

2. 3 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі және қорларды есепке алу жүйесі . . . 23

2. 4 Материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі . . . 28

2. 5 Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38

ҚОСЫМШАЛАР . . . 39

КІРІСПЕ

Курстық жұмыста тауарлы - материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,

Қорлар - бұл:

1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;

2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе

3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

1. Тауарлы -материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.

2. Тауарлы -материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.

3. Қоймадағы тауарлы -материалдық қор есебін жүргізу.

4. Материалды-жауапты тұлғаның есеп берілуін көрсету

5. ХҚЕС-на көшу жағдайындағы ТМҚ-ды есепке алуды қарастыру

Алдымен жұмысымның кіріспе бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған «курстық жұмысыма» дұрыс көңіл аударғандық деп ойлаймын. Курстық жұмыста мен «Қоймалардың түрлерімен, осы қоймалардағы материалдық қорлардың қоймалық есебімен және бухгалтериялық есебін тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Курстық жұмысымның кіріспе бөлігінде қоймаларға олардың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейін.

Өндірістік қорлар мен ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі мен амандығын қамтамасыз ету үшін мекемелер сақтау талаптарына толық сәйкес келетіндей дәрежеде «қойма шаруашылығы» ұйымдастырылады.

Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық қойма және өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Осы бөлінген қоймалардағы материалдардың есебі қоймада да, бухгалтерияда да қатар есептеледі.

Барлық жағдайларда материалдық қорлар белгілі бір адамның жауапкершілігіне тапсырылады. Ол адамдар негізінен қойма меңгерушілері болуы керек.

Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.

Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу

көптеген адам күшін және уақытты керек етеді.

Барлық қоймаларда сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі.

Есепті қабылдайтын бухгалтерлік - барлық кіріс-шығыс құжаттарының негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны жөнінде айғақ қызметін атқарады.

Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.

Ал енді бухгалтериядағы материалдық қорлардың талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда.

Осы курыстық жұмыс барысында мен қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорларды есептеу түрлерін жеке-жеке ашып көрсету бағытын негізге алдым.

Сонымен менің курстық жұмысымның мақсаты ұйымдардың қоймаларындағы тауарлы-материалдық қорлардың ұйымдастырылуын, есебін, түгендеуінің сипаттамасын, бухгалтерлік есептегі рөлін т. б кеңінен қарастырып, мазмұнын ашу болып табылады.

Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.

БӨЛІМ 1. ТМҚ ТҮСІНІГІ, БАҒАЛАНУЫ ЖӘНЕ ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТРЫРУ.

1. 1 Материалдық қорлар түсінігі және жіктелуі

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

«Қорларды есепке алу» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,

Қорлар - бұл:

1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;

2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе

3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Тауарлы - материалдық қорлар - бұл кәсіпорынның шынайы материалдық мүліктері түріндегі айналым құралдарының бір бөлігі. Тауарлы-материалдық қорлар кәсіпорындар сату үшін немесе өндіріс процесінде пайдалану үшін, басқа да шаруашылық қажеттіліктері үшін шығарылады және сатып алынады.

Тауарлы - материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар; сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар) ; отын; ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау, көліктік - дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау, ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір - бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай - ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

- шикізаттар;

- негізгі материалдар;

- көмекші материалдар;

- жартылай фабрикаттар және тағы да басқалары болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар - деп бұрын азды - көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына - өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалары жатады.

Өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояулар-ды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс материалдары , тағы да басқалары есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй - жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін кұрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөліміндегі 1300 "Қорлар" бөлімшесінің негізгі, активті мүліктік шотын пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар ашылуы мүмкін:

1310 "Шикізат және материалдар",

1311 "Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар"

1312 "Отын",

1313 "Ыдыс және ыдыстық материалдар", 1314 "Қосалқы бөлшектер", 1315 "Басқа да материалдар",

1316 "Қайта өңдеуге жіберілген материалдар",

1317 "Құрылыс материалдары".

1310 "Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 "Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1312 "Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.

1313 "Ыдыс және ыдыс материалдар" ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.

1314 "Қосалқы бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т. б. ) арналған запас бөлшектер есепке алынады.

1315 "Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т. б есепке алынады.

1316 "Қайта өңдеуге жіберілген материалдар" шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 "Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

ХҚЕС - на сай шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша синтетикалық шоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалық) шоттар аша алады. Мен негізге алған «ААА» ЖШС-де әр материал түріне синтетикалық шоттың ашылған үлгісі берілген. Бірақ материалдардың барлық түрі ХҚЕС-ы шоттарына сәйкес 1310 шотта есепке алынады.

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

1. 2 Тауарлық - материалдық қорларды бағалау әдістері

Тауарлы - материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы - материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың ішінара, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдаланылуы мүмкін.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа да босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалық есепте тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.

Егер субъект материалдық құндылықтарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түріндегі жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа да көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары, коймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаптау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық төлемдер және қорларды алумен тікелей байланысты басқа да шығындар жатады.

Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы - материалдық запастардың таза сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін:

  • осы тауарлы - материалдық қорлар біршама бүлінгенде;
  • олар тұтастай немесе ішінара ескіргенде;
  • олардың сату құны төмендегенде.

Бұл жағдайда тауарлы - материалдық қорлардың таза сату құны қолданылады. Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі. Содан соң олар сатуға немесе өндіріске нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін

Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары өзінің өзіндік құнынан төмен есептен шығарылмайды (сатылатын таза құнына дейін) .

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1. Арнайы сәйкестендірілген әдісі.

  1. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.
  2. ФИФО әдісі.

Арнайы сәйкестендірілген әдісі - әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т. б. ) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа құнын есептеу әдісі - бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) бөлу арқылы анықталады.

ХҚЕС - на сай тауарлы - материалдық құндылықтарды бағалауда әділ құн әдісі қолданылады. Әділ құн - жақсы хабары бар осындай операцияны жүзеге асыруға ынтасы бар тәуелсіз жақтардың арасындағы активтерді ауыстыруға болатын сома.

ФИФО - есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

Материалдық қорларды ФИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық (аналитикалық) есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау - тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифы, көлік, ұшақ басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиесуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іс-сапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарлаған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін. Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құнынан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ - ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:

- баптық әдісі - әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- негізгі материалдар тобының әдісі - ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі - барлық ТМҚ - дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 2 ҰҚЕС қарастырылған үш әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс; қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО") ;

ТМҚ-ны әр түрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен артықшылықтары:

ФИФО
Орташа құн
Арнайы сәйкестендірілген құн
: Кемшіліктері
ФИФО: Ескірген өндірістік шығындарға ұшыратады, пайданы көтереді және қорлар есебін күрделендіреді.
Орташа құн: Қорларды және өндірістік шығындарды шынайы мәнімен басқаша бағалауға әкеледі.
Арнайы сәйкестендірілген құн: Түгендеуді өткізу үшін көп еңбек сіңіруді қажет етеді, қосымша шығындарға ұшыратады.
: Артықшылықтары
ФИФО: ТМҚ-ны шын бағалауды жүргізеді.
Орташа құн: Қолданылуы қарапайым, есеп саны өте аз шамада.
Арнайы сәйкестендірілген құн: Қорларды және өндірістік шығындарды нақты бағалауға әкеледі.

Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде 12 бөлім «Қорлар» 2 ҰҚЕС мен ХҚЕС 2 «Босалқылар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін.

ТМҚ-ң өзіндік кұнын бағалаудың әдістерін қарастырып көрейік. "ААА" ЖШС - нің 2010 жылдың 1- ші қаңтарына қалған материалдар саны:

- цемент - 200 қап, бағасы 300 тг = 60 000 теңге сомасына;

- кірпіш тас - 100 шт, бағасы 45 тг = 4500 теңге сомасына;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы материалдық қор есебі
Қорлар есебі
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау
Тауарлы материалдық қорлар сипаттамасы
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама
Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Тауарлы - материалдық қорлардың жіктелуі
Қорлар есебінің талдауы
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz