Еліміздегі ішкі туризмнің дамуы


«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАТ»
ПӘНІ БОЙЫНША ЭССЕ
Тақырыбы: «Еліміздегі ішкі туризмнің дамуы»
Орындаған:
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының
1 курс (4 ж. о) студенті
Аяпов Нуржан
Тексерген:
Аға оқытушы
Измаханова Анар Карамановна
АЛМАТЫ 2020
Мазмұны
Кіріспе
Әдебиетке шолу
Зерттеу сұрағы
Гипотеза
Зерттеу әдісі
Зерттеу нәтижесі
Талқылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көп жылдық тарихы бар туризм әлі күнге дейін бір мағыналы анықтама алған жоқ және оны жекелеген мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі түсіндіреді. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткіліксіз зерттелген және оны анықтау қиын. Туризмнің қолданыстағы анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Олардың кейбіреулері, жұмысшылар, жоғары мамандандырылған сипатқа ие, туризмнің белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа жақтарымен немесе оның өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты және нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қызмет етеді (мысалы, туризмді статистикалық мақсатта анықтау) Басқа, тұжырымдамалық немесе маңызды анықтамалар пәнді тұтастай қамтиды, қасиеттер мен қатынастардың алуан түрлілігінің бірлігінде көрінетін туризмнің ішкі мазмұнын ашады және оны ұқсас, жиі өзара байланысты, бірақ бөгде құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді
Көп жылдық тарихы бар туризм әлі күнге дейін бір мағыналы анықтама алған жоқ және оны жекелеген мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі түсіндіреді. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткіліксіз зерттелген және оны анықтау қиын.
Өзектілігі: Болашақта туристтердің санын 8%-ға өсіру жоспарлануда оның көмегімен ел экономикасын көтеріп дамыған 30 елдің қатарына ену ойда. Оны жүзеге асыру үшін басшылық тарапынан қаражат бөлінуі қажет.
Зерттеу мақсаты: Елімізде туризмнің қалай дамығанын анықтау және басшылықтың қосар үлесі қандай
Зерттеу міндеті: Алдағы уақытта туризмді бұданда жақсы етіп жақсарту, дамыту. Халықтың пікірімен санаса отырып, туризмге жаңа жұмыстар ұсыну.
Зерттеу сұрағы
Елімізде туризмді дамыту үшін өкімет басшылығының маңыздылығы қанша
Зерттеу әдісі
Зерттеу жұмысының мақсаты:Елімізге туризмнің қаншалықты керек екенін білу мақсатында. Зерттеу онлайн әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Бұл тақырыпта 43 адамнан сауалнама алынды. Сауалнама елімізде туризм қалай дамыған және қай аймақтарда жақсы дамығанын білу мақсатында. Бұл сауалнаманың нәтижесін диаграммадан көрсеңіздер болады
Әдебиетке шолу
- Туризм индустриясы бүгінгі күні әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан индустрия (Дүниежүзілік туризм және туризм кеңесі) баяндамасына сәйкес, туристік-саяхат индустриясының келер 10 жылда жылына 4, 3% мөлшерінде өсуі күтіледі. Бүгінгі күні туризм индустриясы әлемдік ауқымда 662 миллиард АҚШ долларын құрады.
- 1971 - 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
- 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
Гипотеза
Жергілікті басқарудың қолдауынсыз туризмнің дамуы мүмкін емес. Б. э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан турмзмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%-ы, әлемдік инвестицияның 7%-ы, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ы, барлық салық түсімінің 5%-ы келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Зерттеу нәтижесі
Біздің елімізде туризм қалай дамыған деген сұраққа 68% жоғары деп жауап берді (1 - суреттен көре аласыз )
Бірақ менің ойымша туризм орта деғгейде дамыған.
1-сурет Біздің елімізде туризм калай дамыған деген сұрақ жауаптары
Ескерту:Автормен құрастырылған
Біздің еліміздегі туризм Алматы қаласында жаксы дамыған оны (2-суреттен көре аласыз) Алматыда жақсы дамыған себебі бұл аймақта демалыс орындары Шарын шатқалы, Есік кқлі, Медеу мұз айдыны, т. б туристтердің келіп көретін жерлері көп
2-сурет Біздің елімізде туризм қай аймақта жақсы дамыған
Ескерту:Автормен құрастырылған
Біздің елімізде Алматы қаласында туризм жақсы дамыған өйткені Алматы облысында туристтік жерлер басқа аймақтарға қарағанда өте көп
3-сурет Туризмді дамыту үшін жергілікті биліктің қосар үлесі бар ма
Ескерту:Автормен құрастырылған
Талқылау
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т. б. жатады. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды.
Агротуризм, аңшылық-олжалық туризм, экологиялық туризм, этнографиялық туризм, балалар-жасөспірімдер туризмі, медициналық туризмдерді дамыту қажет. Осы туризмдік салаларды дамыта отырып біз өзімізге туристтердің назарын аудара аламыз
Қорытынды
Елімізде туризм өте қарқынды өсіп келе жатыр десек болады өйткені еліміздің әдемі жанеде көркем жерлері туристтерді қабылдай алатындай жағдайға жетіп қалды. «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов PrimeMinister. kz-ке берген сұхбатында Қазақстан 2030 жылы 1, 8 млрд адам ағымы күтілуде деп аитқан болатын. Осыншама адам шекарадан өтеді. Қазақстан осыншама туристтерді қабылдауға дайын ба?Әрине өйткені 2019 жылы Аскар Мамин Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстанның Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын елдегі туризм индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Сырттан келетін туристердің саны да біршама артқан. Алайда бұл көрсеткіш көңіл көншітерлік емес.
Ашығын айту керек, Қазақстандағы туристік бизнестің негізгі табысын бүгінгі күнге дейін сыртқы туризм құрап келді. Сыртқы туризм жекелеген компаниялар үшін ғана тиімді саналады. Мемлекет қалтасына пайда түсіру үшін сырттан келетін саяхатшылардың саны артып, елдегі халықтың ішкі туризмін дамыту керек. Бүгінде елімізде 876 туристік компания тіркеліп, әлемнің 90 елімен байланысын орнатқан. Осылардың тек 25 пайыздайы ғана елге тікелей туристер тартумен айналысады екен. Әзірге сырттан келетін саяхатшылардың үлесі елдегі туризм нарығында шешуші рөлге шыға алмай отыр. Мұны есепке алған ел үкіметі сырттан келетін туристерді арттыру мен ішкі туризмді дамыту үшін осы мақсатта жұмыс істейтін туроператорларды салықтан босатып, еркін әрі жағымды орта қалыптастырып берген. Бірақ әлі де оң нәтиже жоқ.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz