Әл-Фарабидің Ізгілікті қала теориясы. Қала тұрғындарының және ел билеушінің сипаттары. Қазіргі замандағы бақытты қоғам орнату мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фарабидің "Ізгілікті қала" теориясын талдаңыз. Қала тұрғындарының және ел билеушінің сипаттары. Қазіргі замандағы бақытты қоғам орнату мүмкіндіктерін талдаңыз.

- «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында мемлекетті осы қала ұғымымен байланыстыра отырып, «Қайырымды қала, осыған сәйкес ақырғы жетілгендікке, яғни жоғарғы бақытқа жету жолында тұрғындары бір-біріне көмектесіп отыратын қала» деп өзара көмектің мәнін айрықша шегелеп айта кетеді. Егер адамдар өздерінің қарақан басын ғана күйттеп, басқалардың қамын жейтін эмпатиялық сезімнен айрыла бастайтын болса, онда мейірімсіз сезімсіз жанға айналады. Бұл дін, мәдениет, әлеуметтік қарым-қатынас сияқты адамдарды ұйыстырып, бір орталыққа біріктіріп тұратын факторлардың тінінің де сетінеуіне әкеліп соқтырады». Ғалымның сөзінше тәңірдің мейірімі, оның адамдарға деген махаббаты, нығметтері сияқты Алла мен адам бірлігін сипаттайтын киелі ұғымдар кері ысырылған сайын діни идеалдар жүйесі күйрей береді. Адамгершілік қасиет, ізгілік, жәрдемсүйгіштік, қайырымдылық сияқты қасиеттер шынайы ішкі мазмұнын жоғалтады. «Дәл осы құт-береке мен ақиқат адамның өмірлік мақсатқа жету, мәңгілік өмірмен қауышу қабілетін айқындайды. Ақиқатсыз адам жолдан адасып, мәнсіздік дертіне шалдығады». Ақиқат барлық дін үшін маңызды. Ақиқат көп және олардың бәрі тең деген көзқарас либерализмнің жемісі және ол ұғымның мәнін тым жеңілдетіп жіберді. Осы түсінікті малданатын адам абсолюттік ақиқатқа ұласа алмайды. Ақиқатты манипуляция тетігіне айналдыру либералдық әлем үшін өте маңызды болып отыр. «Бірақ діндер абсолюттік ақиқатты уағыздауды тоқтатпауы тиіс. Өйткені бұл діннің ең бір мәйекті элементтерінің бірі. Егер діни көсемдер ақиқат дін жоқ деп есептейтін болса, онда олардың дінмен еш байланысы қалмайды. Сондықтан біз діндегі ақиқатты күш пен қару арқылы емес, мейіріммен, жылы уағызбен дарытуымыз керек». Осыдан шынайы қайырымдылық пен ізгіліктің негізгі принциптерінің бірі «біреудің жеке көзқарасын мінемеу, басқаның діни ұстанымын шектемеу» қағидасы бастау алады. Өйткені әлемдегі халықтар арасындағы кикілжіңдер мен соғыстардың түпкі себебінде көбінесе дінге қатысты келіспеушіліктер мен көзқарастардың қайшылығы жатыр. Бірақ қазіргі заманда геноцид, халықтарды күштеп көшіру, ассимиляция, аз ұлттардың өз мәдениеттерін сақтау туралы талаптарын ескермеудің қауіпті һәм қолапайсыз саясат екені дәлелденді. Ал, қоғамның мәдени тұтастық табуы азаматтардың санасында ортақ символдар, ортақ құндылықтар, бірдей білім мен бірегей тәрбиені нығайту арқылы ғана іске асады. Әл-Фарабидің ой жүлгесіне ұқсас түрде Ш. Монтескье де адамдар бір-біріне бауыр екенін сезіну үшін олар әлеуметтік-мәдени тұтастыққа келуі керек дейді. Оның пікірінше республика азаматтары мемлекеттілікті нығайту үшін патриоттық сезімді, бұқаралық мейрамдарды, бүйректен сирақ шығаратындарға салынатын тыйымдарды, тіпті болмай бара жатса ортақ дінді уағыздау арқылы бір халыққа айналады.

Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы, ең алдымен, адамдардың көзқарастары мен наным-сенімдерінің жақындығымен, идеалдар мен құндылықтардың ортақтығымен анықталады. Бұл бойынша базалық құндылықтар кез келген идеологиялық доктринаның негізін құрайды. Мәнді құндылықтар сондықтан фундаментальды болып табылады. Сол себептен олар аз уақытта қалыптаса салмайды. Олардың құндылыққа айналуына көп уақыт кетеді. Адам тұлғасын құндылықтарға, мақсат пен міндетке баулу ерте жастан басталады. Сондықтан бала кезден ойындық және шынайы өмірлік жағдаяттар арқылы «Жақыныңа өзіңнен де жақсы қара» деген үндеу мен қағидаға сәйкес келетін ізгілік, қайырымдылық, төзімділік императивтерін қалыптастыру өте маңызды сипатқа ие. Шынайы адами сезімдерді, қасиетті, құндылықтарды осы жолмен дамытып, жетілдіру өз жемісін береді. Кемел қала, әл-Фарабидің түсінігінде «қайырымды қала» деген ұғыммен астасып жатқан концепция. Мұны қоғамдық өмірдің мұраты мен бірлесе тіршілік кешудің мәнін сипаттайтын негізгі ұғым санатына жатқызуға болады. «Қайырымды» қалаға қарама-қарсы қалаларды сипатау үшін ол орныққан фиқh және басқа да діни терминдерді қолданады. Олармен ол надан, пасық, құбылмалы адасқан қалаларды да атап көрсетеді. Мысалы, бірінші термин арабтардың пұтқа табынушылықпен байланысты исламға дейінгі даму сатысын білдіреді. Әл-Фарабиде бұл «қала» қайырымдылықтың болмауымен, зұлымдықтың үстемдігімен сипатталады. Екіншісі діни құқыққа қайшы келетін әрекетті білдіреді. Үшіншісі жалған «киелі кітаптарды» басшылыққа алатын «қала бірлестіктері» туралы баяндайды. Төртінші сенімі бұрмаланған немесе адамдардың жалған қауымдастығын білдіреді. Сонымен қатар оларды Әл-Фараби материалдық құндылықтарды ту еткен надан қалаларды бірнеше топқа жіктейді. Мұның біріншісі - ділгер қала. Оның себебі: тұрғындары тән қажеттілігіне қажетті нәрселер болушы тағам, сусын, киім, баспана, сұқбаттасу және осыған жету үшін бір-біріне көмектесумен ғана шектелетін бей-жай қоғам. Екіншісі - алысберіс қаласы. Мұның ерекшелігі: тұрғындар дәулет пен байлыққа жету үшін ғана бір-біріне көмектесуге тырысады. Өзге мақсаттарды көздемейтін саудагерлік сипаттағы қала. Үшіншісі - пасықтық пен бақытсыздық қаласы. Бұл қаланың ермегі - тұрғындары тағамнан, ішімдіктен, сұқбаттасудан ләззат алуға тырысады, сезім мен қиялға әсер ететін ләззаттарға, сауық құрып, сайран салуға құштар келеді. Төртіншісі - даңғой қала. Даңғой қала тұрғындары өзге жұрттың сыйқұрметіне бөленіп, мақтау алу үшін, өздері жайында басқа халықтар біліп, айта жүруі үшін, сөзбен де, іспен де мадақтап, дәріптеуі үшін, өздерін не жат көзіне, не бір-біріне сән-салтанатымен жарқырата көрсетуге құмар болмақ. Надан қалалардың әміршілері де осы қалалардың өздеріне ұқсас болады. Олардың әрқайсысы өздері билейтін қаланың ісін жүргізгенде жеке бастарының құштарлықтары мен ниеттерін қанағаттандыруды көздейді», - деп анықтама берген Әл-Фараби қайырымсыз қалалар жіктемесін бұдан әрі қарай мансапшыл қала, құштар қала, өнегесіз қала қалаларға бөліп, әрқайсысына жеке-жеке сипаттама береді. Қысқаша айтқанда, мұның бәрі - «бақытсыз қаланың» алуан сипаттары болмақ. Бұған қарама-қарсы бақытты қала - әр ойшылдардың арман-қиялында, сондай-ақ, ғасырлар қойнауынан жеткен мұралардың мазмұнында бар мекен, қала моделі. «Авестадағы» Имманың үйі, Платонның үлгілі мемлекеті және қазақ қиссаларындағы «жазира арал», «Жиделі Байсын», «Ирамбақ», сондай - ақ әл - Фарабидің Сияуыш қаласы, Сұлтанмахмұттың «өмір түсі тегіс болып көрінетін қоғамы», ежелгі мифтердегі рахат елі, қазақтың жер үйегі (Жерұйық), қазіргі Индиядағы «Ауробиндо» аралы - бәрі де бір - бірімен байланысты дүниелер. Оның терең диниетанымдық тұрғысындағы қайнары ежелгі Шығысқа ортақ үлгілер болатын. Әл-Фарабидің түсінігінде кемел немесе жетілген қала - қайырымды қала. Бұл адам болмысы адамгершілік құбылысы ретінде, яғни өз табиғатына сай саяси жан болып табылатын және қоғамда, адамдар бірлестігінде өмір сүріп, бақытқа жету жолындағы әрекетін жүзеге асырып жатқан адам, ең алдымен, - адамгершілікті жан. Адамгершілік, адамның игі әркеті, оның, ең алдымен, адамгершілік саласында, яғни нағыз адамдық салада орнығуы - әу бастан жетілген қала негізіне, міне осылар алынған. Мемлекеттің әр түрлі саяси ұйымдасу формаларының, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік өмір формаларының маңыздылығына қарамастан, ең мәндісі, бастысы, айқындаушысы адамның адамгершілік болмысы болып табылады. Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады. Олардан кейін діни

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
. Әл-Фараби жайлы
Саяси ойлар
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары атты еңбегінің маңыздылығы
Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың ерекшеліктері
Орта ғасыр ойшылдарының мінсіз қоғамы және әл-Фарабидің ізгілік қаласы
Адам табиғаттың тамаша туындысы
Әл-Фараби қала мемлекеттердiң екi түрi және оның билеушiлерi туралы
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz