Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті ЭжБЖМ
Кафедрасы Есеп және аудит

Тақырыбы: Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Орындаған: Сейдаханов Қайрат
Тексерген: Авсыдыкова Куралай

Алматы, 2020ж
Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси процестің қарқыны, мәдениеттің жағдайы, адамның жай-күйі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді.
Білім әлеуметтануы - келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ілімдердің бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Білім әлеуметтану тар көлемдегі дидактикалық мәселелерді зерттеумен тұйықталмайды, бұл саланы педагогиканың еншісіне қалдырып, адамның тіршілік әрекетін және әлеуметтік білім саласындағы процестерді кеңінен қамтуды, олардың өзара ықпалын танып білуді қарастырады. Оқу қызметінің өзін ол оқушылар мен білім алушылардың өмірлік жоспарлары, бағыт-бағдарлары, өмір салтының ерекшеліктері, ғылымның, қоғамның бүкіл мәдени қажеттіліктері тұрғысынан қарастырады.
Оқу, білім - әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясымен қатар әлеуметтендіру, тәрбие беру міндеттерін атқарудың орнығуы көпшіліктің мойындаған нәрсесі. Бұл мемлекеттің заңдарында анық айтылған. Білім мазмұны - индивидтің әлеуметтенуіне ғана ықпал етіп қоймайды. Тұрақты қызмет ететін мектеп институтының пайда болуы мәдениетке, қоғамдағы топтық қатынастар психологиясына айтарлықтай түзетулер енгізді, тіптен жана өркениетті дүниеге әкелді.
Әлеуметтену адами индивидтің әлеуметтік өмірдегі тіршілігін сақтап қалуы, оның бірлескен қоғамдық қызметке енуі қажеттілігі ретінде көрінеді. Ол өзін-өзі көрсетудің қолайлы жолын табуға мүмкіндік беретін адами мәдениеттің үлкен құрылымын қамтиды. Ол адамның өзін-өзі көрсету ретінде оның дамуының белгілі бір кезеңдерінде іске асуы мүмкін. Қалыптасу үстіндегі индивидтің өзін-өзі көрсетуі қажеттілігімен қоса өзіне басқаша адамды жалғастырушы ретінде талаптану қажеттілігі артады, бұл оның өмір мағынасын түсінуден шыққан қорытындысынан туындайды.
Өзін басқаша адамды жалғастырушы қажеттігі тәрбиеші қызметінің моральдық психологиялық факторы ретінде көрінеді. Алайда бұл фактор әлеуметтік мақсатқа сәйкес болғандықтан орныққан. Адамның қасына онымен бір мәдениеттің тілінде сөйлейтін, оның бастамаларына қатысуға қабілетті, оның ісін қабылдай алатын және жалғастыра алатын адам қажет. Бұл түптен келгенде отбасындағы, мектептегі, жалпы қоғамдағы тәрбие үрдісін қозғалысқа келтіреді.
Қалыптасушы өзінше адамның өзін-өзі көрсететін және өзін басқаша адамды жалғастырушы ретіндегі өзін-өзі көрсететін осы екі қажеттіліктің, екі үрдістің бір-біріне қарсы қозғалысы жаңа үрдіс-ағым тәрбиені қалыптастырады. Ол өз алдына жеке сала болып қалыптасады, сол уақытта әлеуметтендіруші субъект - тәрбиешінің пайда болатыны белгілі. Алайда бұл үшін алуан түрлі мәдениетте тұлғаны қалыптастырудың қоғамдық идеясы пісіп жетуі тиіс. Ол бірте-бірте әлеуметтенушімен қатынасты қамтиды. Қалыптастыру мақсатына негізделген осы нормативтік мазмұн тәрбиешінің іс-әрекетінің мағынасын толықтырады.
Білім берудің әлеуметтендірусіз, тәрбиесіз пайда болуы, өмір сүруі тіптен мүмкін емес. Бұл бөлімнің және тұтастықтың ара қатынасы. Алайда білімнің генезисі қандай?
Білім берудің қарапайым түсінігі мұғалім - оқушы сияқты келесі жәй қалып болып саналатын - ата - ана - бала қатынасынан алынған. Бұлардың бірі отбасы институтынан өсіп шықса, екіншісі мектепті негіздеуші болды. Мәдениетте ұрпақтың және басқа да отбасылық әдет-ғұрыптардан ерекшеленетін өзара қарым-қатынас үлгілерінің жаңа тармағын не нәрсе тудырды? Бұл құпияның сыры әлеуметтануда ертеден-ақ шешілген. Мұғалім - оқушы формасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа тармағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған. Кәсіби рөлдердің көп түрлілігі, жинақталған тәжірибенің көлемі бастапқыда алғашқы рулық ұйымның, кейін отбасы мүшелері арасында функцияларды бөлу құрылымына жатқызылмады. Отбасылықтан тыс, қандас-туыстықтан тыс тұрған қоғамдық ұйымдардың және ұрпақтың өзгеше құрылымы әлеуметтендіруші факторларға айналды. Ертедегі өркениеттерде білім әлеуметтендірумен біріккен, ол білімнің жекелеген элементтеріне тарап, әдет-ғұрыптармен және жоралғылармен бекітілген. М.Мид этнографиялық зерттеуінде Самоа аралындағы қауымның өмірін бақылап, мұғалімнің рөлдік міндеттері іс жүзінде қауымдастықтың бүкіл мүшедерінің, әртүрлі ұрпақ өкілдерінің арасында тең бөлінгенін анықтаған. Кіші балалар өздерінен кіші тайпаластарын күтіп бағады, жасөспірімдер теңізде жұмыс істеп, жұмысқа жаңа алынған балықшыларды еңбекке үйретеді. Жаңа туған әрбір балаға өз тайпасынан қамқоршы болатын бір отбасы бекітілген тәрбиешіліктің формасы бар, бала осы отбасынан керек кезінде көмек, ақыл кеңес алады. Самоада бұл жай ғана институт емес. Балалар өз ата-аналарының ашу-ызасынан қорғауда қамқоршыларынан көмекті жиі алатын болған. Осындай формадағы оқу қауымдағы ұрпақтар аралық қатынас құрылымымен сіңіп кеткен. Солардың көмегімен көптеген мыңжылдықтар бойы алғашқы рулар мен отбасылары тәжірибені жинақтауды және оны ұрпаққа беру міндеттерін дұрыс атқара білген.
Шебердің жәрдемшісі институтында ұрпақтар сабақтастығы қатынастарына орай білімнің бөлініп шығуына алғашқыа шешуші қадам жасалып, әлеуметтік тәжірибені беруде әлеуметтенудің жаңа тармағы белгіленді. Ол шебердің ерекшелікті қоғамдық мәртебесін анықтап, оның кәсіби қызметтегі беделін мойындатты. Шебердің жәрдемшісіне отбасылық емес басқа мамандықты алу үшін ғана емес, сонымен қатар қәсіби шеберліктің құпияларын меңгеру үшін де баратын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жəне Қазақстанның үшінші жаңғыруы
Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ SMART CITY ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
Рухани жаңғыру бағдарламасы
Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы
STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру
Рухани жаңғыру жүктеген міндеттер
Пәндер