Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде зерттеу пәні және мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

1 . Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде зерттеу пәні және мәселелері

Әлеуметтік педагогика - педагогика ғылымының бір саласы болып саналады. Әлеуметтік педагогика бірі философиядан екіншісі психологиядан алынып олардың бірігуімен жасалынған. Әлеуметтік педагогика-деген жаңа ғылым саласы әлеуметтену мен педагогиканың қосындысы. Әлеуметтік педагогиканың пәні-әлеуметтік қоғамда орны алып, қалыптасуы және дамуының, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған, ауытқуға үшыраған тұстарды келтіру. Әлеуметтік педагогика жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларға ұшыраған бөлігіне арналғандықтан бірнеше ғылым салаларын біріктіреді және солармен тығыз байланыста адамның басына түскен күйзелісті шешу жолдарын қарастырады.

2. Әлеуметтік педагогиканың объектілері

Қазіргі күнде әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәнін анықтайтын төрт негізгі тұрғы бар. Бірінші тұрғы - педагогикалық. Бұл тұрғының негізгі көзі, әлеуметтік педагогика- бұл педагогиканың бөлігі. Сондықтан да әлеуметтік педагогиканың объектісі және пәні объектісімен бірге және әлеуметтік пәнді анықтайды. Әлеуметтік педагогиканың объектісі- бала, пәні- баланың әлеуметтену заңдылығы. Педагоикалық тұрғыда әлеуметтік педагогика баланың қоғамға енуін, оның әлеуметтік дамуын зерттесе, ал педагогикалық тұрғыда қоғамның өзі қаралмайды, егер де қоғамда тәрбиелік потенциал болған жағдайда, балаға қоғам соншалықты нәтижелі әсер еткен жағдайда қаралады. Екінші тұрғы - әлеуметтік. Әлеуметтік педагогика- бұл социологияның бөлігі. Сондықтан да объект анықталады. әлеуметтік педагогиканың объектісі- социум. әлеуметтік педагогиканың пәні- қоғамды әлеуметтендіруші күш. әлеуметтік тұрғыда әлеуметтік педагогика педагогикалық ортаға енеді. әлеуметтенуде және баланың әлеуметтенуіне көп көңіл бөлінбейді. Үшінші тұрғы - әлеуметтік педагогикалық: әлеуметтік педагогика механикалыққа ауысады, басқа білім ғылымдары араласады, ең алдымен педагогика және социология. Бұл білімдер әлеуметтік педагогиканың терминдерімен, түсініктерімен өңделмейді, олар жеңіл түрде бір-бірімен байланысады. Сол уақытта осы тұрғыда «бала-орта» деген толық картина құрылады. Төртінші тұрғы - қайта дүниеге келуші, жаңа-әлеуметтік педагогика, барлық негізгі тұрғыларды біріктіреді. (педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық тұрғылар) . әлеуметтік педагогикаға мыналар енеді: баланың педагогикалық-әлеуметтік дамуы, педагогикалық орта және әлеуметтік жұмыс педагогикасы. Бұл тұрғыдағы әлеуметтік педагогиканың объектісі- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы, пәні- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасқа заңдылығы.

3. Әлеуметтік педагогика категориялары және олардың педагогикамен өзара байланысы.

Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адманың бүкіл өмірі басрысында жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагогика өзіндік ұғымдар мен түсініктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар:әлеуметтену, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік іс-әркет, әлеуметтік педагогикалық іс-әркет, әлеуметтену процесі. Әлеуметтену категориясы тұлғаның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енуі мен әлеуметтік тәжірибелерді игеру процесін түсіндіреді. Мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеу бағытындағы қызметі заңдық негізінде бейнеленеді, тәрьие, оқыту, кәсіптік, тұрғыда даярлау әлеуметтік педагогикалық-педагогикалық сипат алады.

4. Әлеуметтік педагогиканың өзге ғылымдармен байланысы

Педагогика мен философияның негізінде»Білім философиясы», психология мен педагогиканың негізінде «Педагогикалық психология», пайда болды.

Философиямен байланысы -әлеуметтену арқылы және оны әдістемелік тұрғыдан, құбылыстар мен заттар, адамның ойлау жүйесі, қоршаған ортаның қоғамның әсері әлеуметтік педагогиканың басты мәселелері болып табылады. Ал медицина, әлеуметтік медицина халық арасында кең тараған ауру-сырқаттарды танып білу және емдеумен шұғылданады. Ал экономикада болса, адамдардық экономикалық ахуалын және оған көмек беру мәселелерін қарастырады, демография жалпы адам санының өсуіне оның әлеуметтік ахуалының ықпалы секілді тұстарын қарастыруымызға болады.

5. Шетелде әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде дамуының тарихи кезеңдері

Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибиесі көп қырлы және күрделі мәселе. Практика жүзінде барлық елдерде әлеуметтік қызметкерлер бар. Біреулері арнайы оқу орындарында білім алып өздерін маман санаса, біреулері мамандығы болмаса да қоғамдық бастама ретінде әлеуметтік жүйелерде қызмет етуде. Шетелдерде әлеуметтік қызметкерлер қазіргі қоғамның әр түрлі әлеуметтік деңгейлері мен көптеген салаларында әркелкі жоспарлы мәселелерді шешуде: мәселен, индивидпен және отбасымен жұмыс, кіші топтардағы жұмыс, мүгедектермен, қарттармен жұмыс т. б. Әлеуметтік жұмыстағы бағыттардың көп түрлілігі қазіргі қоғамның біртұтас әлеуметтік проблемаларынан және оларды шешудің көп варианттылығынан хабар берсе, екіншіден әлеуметтік жұмыс қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылатындығын көрсетеді. Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлайтын жаңа оқу орындары көбінесе 60-жылдары ашылды. Бұл кезең урбанизацияның күшейіп, өндірістің интенсификациясымен тығыз байланысты. Бұл жылдары әлеуметтік жұмыспен айналысатын ұлттық және халықаралық ассоциациялардың құрылуы жүрді, кәсіби журналдар, арнайы баспалар шығарылды, әлеуметтік қызметкердің арнайы халықаралық этикалық (құлықтық) кодексі жасалды. Осылайша әлеуметтік жұмыс 60-жылдары дүниежүзінде ресми түрде маман ретінде танылды. Шетелде әлеуметтік қызметкерлер қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ат салысты. Олар бір жағынан әрбір адамдардың үйлесімді дамуында жағдай жасап, тұлғалардың өз қабілет, қуатын көрсете білуге көмектесу болса, екінші жағынан адамдардың өз бетінше дамуына қоғамның жауапкершілігін көтеру үшін жұмыстанды. Бұл жерде әлеуметтік қызметкердің басты міндеті- ұжымдық, қоғамдық мүддені жеке индивидтің мүддесіне зиянын тигізбестен, керісінше оның мүддесін қанағаттандыра отырып қорғау. Бірақ, әлеуметтік жұмыс тәжірибиесі тарихында бұл үйлесімділікті орнату қиын міндет. Бұл- әлеуметтік жұмыстың қарама-қайшылығы біртұтас әрі тұрақты анықтаманың қалыптасуына кедергі келтіруде.

6. Ресейде әлеуметтік педагогиканың даму ерекшеліктері

Бұл ағымды жақтаушылар әлеуметтік-тарихи білімге ғана бағытталып, педагогиканың теориялық фундаментіне ауқымды мән бермеді. Олар адамды тек қоршаған ортаның өнімі ретінде қарастырды. Өкілдері: Э. Дюркгейм, Г. Спенсер, М. Вебер, П. А. Кропоткин, Н. В. Чехов және т. б. Әлеуметтік ағым өкілдері жеке тұлға табиғаты қоғамдық табиғат пен «ұжымдық санадан» тыс деп қарастырған. Ағымды ұстанушылар жалпы және арнайы білім теория мазмұнын дамытуға зор үлес қосқан. Бұл бағыт педагогика пәнінің ауқымдануы мен жаңа салаларының қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Атап айтканда, білім беруді әлеуметтендіру, салыстырмалы педагогика және т. б. (К. Манхейм, Р. Беллино, Э. Гемахер және т. б. ) . Кеңес дәуірінде бұл ағымның дамуына мүмкіндік болмаған.

7. Әлеуметтік педагогика принциптерінің жалпы сипаттамасы: Әлеуметтік педагогиканың принциптері - бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына - гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді.

8. Педагогтің шығармашылық белсенділігін әдістері мен тәсілдері: Педагогтің шығармашылық қызметі - білім берудегі нәтиженің негізі Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты болып табылады. Педагог шығармашылығы мынадан байқалады:

  • Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
  • Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
  • Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
  • Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру;
  • Оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
  • Оқушылармен өзара қарым-қатынаста толық дербестік таныту, оқытумен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Әлеуметтік педагогика жайында
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz