Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары

Аты-жөні: Аманжолқызы Айдана
Жұмыс орны: Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 орта мектебі ММ
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Аңдатпа

Әл-Фарибидің психологиялық пайымдаулары, жалпы ғылым туралы көзқарастары мен психологияға қосқан үлестерімен ой-пікірлерін қарастыру. Өскелең ұрпаққа ұлы ғалымның қолда бар еңбектерін талдап, таразылау осы күннің өзекті мәселелерінің бірі. Медициналық психологияның іргетасын алғаш қалаған әмбебап ұлы ғалым.

Аннатоция

Рассмотреть взгляды Аль-Фариби на психологию, его взгляды на науку в целом и его вклад в психологию. Один из важнейших вопросов сегодня - проанализировать и взвесить доступные труды великого ученого подрастающему поколению. Он был первым универсальным ученым, заложившим основы медицинской психологии.

Қазақстанның психологиялық ойының қалыптасуы мен даму тарихында көрнекті ғалым - энциклопедист, қазақ даласының тумасы Әбу Насыр Әл-Фараби үлкен рөл атқарады. Ол Таяу және Орта Шығыста пайда болған философиялық және психологиялық ойдың негізін қалаушылардың бірі. Оның ілімі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының рухани мәдениетінің дамуына үлкен әсер етті. Ол терең пайымдаулар, мақсатты бақылаулар мен тапқыр болжамдарды қалдырмаған білім саласы жоқтың қасы. Көзі тірісінде ол Екінші мұғалім деген лақап атқа ие болды (Аристотельден кейінгі екінші). Фарабидің орасан зор ғылыми мұрасы бар: оған араб тілінде жазылған және әлемнің түрлі тілдеріне аударылған (парсы, еврей, түрік, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек және т.б.) 200-ге жуық ғылыми трактаттары бар.
Психология үшін іргетасы мәселе болып табылатын жан мен тәннің ара қатынасы, бұл екеуінің бір - бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін сол кездегі ғылыми ой - пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның Жан тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі - бақи өлмейді деуі қате түсінік - деп түйді. Оның пікірінше, жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің тірлік қасиеті,адамда екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып, жетілуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Тәннің саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге көшіп жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі- бақи өмір сүреді де, надан залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады.
Әл Фараби адам жанының табиғатын қазіргі термин бойынша (психикалық құбылыстары) тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де, жанның да иесі - жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми да жүреккке бағынышты. Жүрек - тіршілік тірегі, ол қан айналысы мен қимыл- қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланысты мүше жоқ, ми да қорек алып, сонан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы ілімде Әл Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшылы өзінің Жан туралы еңбегінде өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болады десе, түрлеріне ғана ерекше мән береді. Мұның бірі - қозғалдыратын қуат бүкіл организмге ортақ. Ал танып - білу қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілеті жоқ. Сондықтан да олар бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректену қуаты пайда болады. Бұл оның тәні, яғни өсіп - өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып - білу қуаты да екіге бөлінеді. Мұның біріншісі - сыртқы жан немесе түйсіктену қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады. Сыртқы жан қуаты беске бөлінеді. Олар: көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері. Екіншісі - ішкі жан қуаты. Бұларға еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат - оның ақыл - парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат дейтін еңбегінде сипаттама береді. Мәселен, ... қиял - адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ол ойлауға материал жинастырады, түйсікпен екеуі адам ойлауының терең, жан жақты, орамды болуына жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен байланысты түсіндіреді. Түс көру - адамның ояу кезінде шындықта көрген, білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде , мұндай бейнелер адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологиялық айтқандарымен үндесіп жатқаны жақсы байқалады.
Әл Фараби эмоция , сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұл психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп - сұр болып, түсі қашады.
Жан қуаттары туралы ілімінде Фараби адамның ерік - жігер, қажыр - қайратын да жеке процесс ретінде пікірлерінде жол- жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала, ондағы адамдардың қажыр - қайраты, ерік - жігері - рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс - әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу т.б. ерік - жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, дүниеқоңыздық,нәпсіқұмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Әл Фараби танымның бірініші басқышы - түйсіктер табиғатын дұрыс түсіндіргенімен ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелер деуі - ғылыми өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғаш саңылау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай- қайсысы да адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. Сыртқы нәрселердің,- деп жазады ол әсерімен.. заттардың образдары пайда болады. Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Тіл білімі
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері
Фарабидің философиялық көзқарастары
Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Пәндер