Ақпараттық қоғам және Қазақстандағы дамуы: Ақпараттық Қазақстан - 2020 бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Министерство образования и науки.

Эссе

Дайындаған:1-курс студенті, Тур-11,

Базарбай Әсем.

г. Нур-Султан, 2020ж.

Ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық қоғам дегеніміз менің түсінігімде жұмысшылардың көпшілігі ақпаратты, әсіресе оның ең жоғарысы білімді өндірумен, сақтаумен, өңдеумен айналысатын қоғам. Ақпараттық төңкерістің тамаша дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты қорына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. Біздің еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы шығарылды.

Ақпараттық қоғамда басты қор ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу үшін әр түрлі үдерістер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңай құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және де күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде əлеуметтік өмірде ақпараттың маңыздылығы қатты жоғарылап кетті: көп каналды теледидар, интернет, радиостанциялар, кино, жарнамалар мен афишалар қоршаған ортаның маңызды элементіне айналды деп ойлаймын. Біз ақпараттық ортамен тығыз байланысты өзіміз жəне басқалар жөнінде хабарламалар алу мен алмасу үрдісіне, ақпараттарға толы медиа кеңістікте өмір сүрудеміз деп есептеймін. Меніңше ақпарат адамның рухани жəне материалдық өмірімен тығыз байланысты. Бұл ақпараттың адамның өмірін жəне материалдық тұрмысын көрсететінін білдіреді.

Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді жаңартулар және ақпараттық технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымынан халықтың жағдайы жоғары деңгейіне жетуге бағытталған деп түсінемін.

Біздің еліміз өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу үдерісіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шығарылған, олар біздің елдің ақпараттық қоғамға барынша ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді.

Меніңше адамға қоршаған әлеуметтік ортамен тұрақты ақпараттық байланыс немесе оның болмауы ғана емес, сонымен бірге кіретін және өңделетін ақпараттың саны, көлемі, мазмұны мен құрылымы да үлкен әсер етеді. Адам қажетті ақпаратты тікелей тәжірибеден, жеке қарым-қатынастан, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен (Интернет, кітаптар, радио, теледидар, журналдар, газеттер және символдық сипаттағы басқа көздер) ала алады деп ойлаймын.

Қорытындылай келсек қазіргі ақпараттардың заманында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады екен. Қоғам құрылымында ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралыболып есептеледі. Олар азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды мектептің бірі болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы электрондық үкіметтің дамуы: Ақпараттық Қазақстан 2020 бағдарламасының жетістіктері мен өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету: Ақпараттық Қазақстан 2020 бағдарламасының рөлі
Ақпараттық технологиялар мен интернеттің саяси рөлі: ақпараттық қоғам және Қазақстан тәжірибесі
Ақпараттық қоғамдағы Қазақстан кітапханаларының дамуы: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттық қоғам және интернет-журналистика: Қазақстандағы ақпарат индустриясы мен тілдік саясат
Ақпараттық қоғам: түсінігі мен даму тенденциялары
Ақпараттық қоғам жағдайындағы электрондық оқыту: теориялық-әдістемелік негіздер мен Қазақстан тәжірибесі
Ақпараттық технологиялардың әлемдік саясатқа ықпалы және Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік
Қазіргі ақпараттық қоғам: философиялық талдау және жаһандық талаптар
Масс-медиа, ақпараттық технологиялар және қоғам: жаңа медианың қызметі мен Қазақстандағы трансформациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz