Мемлекеттік бюджеттің балансы


Ж О С П А Р
Кіріспе
І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Мемлекеттік бюджет мәні мен функциялары
1. 2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
1. 3 Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі тұрғысындағы
мемлекет салық саясатының басым бағыттыры
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ БАЛАНСЫ
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы
2. 2 Жергілікті бюджетті басқару және бөлу механизмі
2. 3 Қазақстан Республикасындағы баланстандырылған бюджетті қалыптастырудың негізгі бағыттары
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастырудың және орындаудың іс-мәртебесі
3. 1 Бюджетті орындаудың сараптамасы және жаһандық қаржы дағдарысы
мен оны орындау
3. 2 Мемлекеттік бюджеттің 2009 жылғы атқарылуы жөніндегі ақпарат
3. 3 ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың «2009-2011 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы бойынша Сенаттың пленарлық мәжілісінде жасаған баяндамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда кез келген қоғам - экономикалық құрылымының билік таңдап алған экономикалық саясат аясындағы құрылуына, дамуына мемлекеттік реттеу басты роль атқарады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыратын қаржылық механизм - қоғамның қаржылық жүйе, яғни мемлекеттік бюджет. Қаржылық жүйенің көмегімен мемлекет орталықты басқаруды құрып, ақшаның орталықтандырылған қорларын жасақтайды да, мемлекеттік мекемелердің өзіндік функцияларын атқаруға мүмкіндік жасайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік ресурстарды жұмсауда, оларды жұмылдырудың басты құралы бола тұрып, саясат билігіне, экономикаға ықпал етуіне мүмкіндік туғызады, әрі оның құрылымдық қайта құруын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуға жол бере отырып, әлеуметтік аз қорғалған тұрғындарға қолдау көрсетеді.
Сондықтан кез келген қоғамның экономикалық құрылымы негізде түрде реформаланған қаржылық жүйесіз өмір сүре алмайды. Ал қаржылық жүйе өз алдына қарыжылық қарым-қатынасты, әрі оны реттеп отыратын институттарды құрайды. Мемлекеттің қаржылық механизмі ақша қорларын құрап, оны қолдану арқылы өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы көптеген міндеттерін жүзеге асырады. Ол міндеттер шаруашылық дамуындағы күнделікті немесе ұзақ мерзімді басымдықтарға тікелей байланысты.
Еліміздегі саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер бюджеттік саясатты реформалауға мәжбүрледі.
Сондықтан салықтық-бюджеттік жүйе, бюджеттің құрылымдық жүйесі өзгеріске ұшырады да, бюджеттік саланың барлық деңгейлерінде жаңа заңдылықтар, ағымдар пайда болды. Бұл жаңа өзгерістер бюджет механизмін дамытуға ықпал жасайды деп күттіру.
Осыған байланысты мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен қолданған жөн.
Қазіргі заманғы даму бағыты, түрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастыру механизмін жетілдіру сұрақтарын зерттеу жаңа қолданыстарды талап етеді.
Осының бәрі зерттеу жұмыстары тақырыбының таңдауын, міндеті мен мақсатын айқындады.
Курстық жұмыстың мақсаты аймақтарды дамытудағы мемлекеттік саясаттың құралы болып табылатын мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен қолданудың теориялық, практикалық сұрақтарын қарастырып, қазіргі кезеңдегі республикадағы бюджет саясатын реформалау процесін сараптау олып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың алдына мынадай мәселелерді шешу қойлады:
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық негізін қарастыру
- мемлекет экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің атқарар рөлін анықтау
- мемлекеттік бюджеттің құрамын және құрылымын зерттеу
- бюджеттік саясаттың ерекшеліктерін анықтау
- мемлекеттік бюджеттің қалыптасу мен оның даму тәжірибесін сараптау
- фискалдық және бюджеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау.
Курстық жұмысты жазудың методологиялық негізі болып мемлекеттік бюджет құрылымы және оны реттеу сұрақтарына, бюджет аралық қарым-қатынас мәселелеріне, бюджетті қалыптастыру мен қолдануға байланысты заңнамалық актілер, республика үкіметінің бюджеттік және салық саясатын жетілдіру сұрақтарына арналған әдістемелік, нормативтік актілері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, басылым материалдары табылады. Жұмыстың ақпараттық базасы болып ҚР статистика агенттігінің, ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттары алынған.
І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Мемлекеттік бюджет мәні мен функциялары
Бюджет мемлекет қаржы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық табыс пен қоғамдық өндіру және бөлу процестерінің мазмұнын айқындай отыра, елдің ақшалай орталықтандырылған қорының құрылуы мен қолданылуының экономикалық үлгісін көрсетеді.
Бюджет қаражатының арқасында жалпымемлекеттің сұраныстары қанағаттандырылады және қорғаныс, басқару, қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекет қауіпсіздігін қамтамсыз ету, фундаментальды ғылым сияқты жеке қолданыс түрлері қаржыландырылады. Сонымен қатар, бюджет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер сұрақтары қанағаттандырылады.
Бюджет құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік билікке байланысты. Егер мемлекет унитарлы болса, онда бюджет жүйесі екі мемлекеттік және жергілікті деңгейде болады. Ал федеративті құрылымдары мемлекеттерде аралық звено, яғни штаттар, жерлер және административтік бірліктер юджетінен тұрады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы жүйесінде басты орын алатын бюджет категория ретінде белгілі бір бөлігінің айқындайды, себебі бюджетте әлеуметтік, экономикалық саясаттың бет-әлпеті көрінеді.
Қазіргі заманғы мемлекеттің бюджеті оның атқарар қызметінің әр түрлілігін көрсететін күрделі, көп тармақты құжат болып табылады. Ол мемлекеттік шығындардың және оны қаржыландыру көздерінің жылдық жоспары.
Бюджет - күрделі экономикалық категория.
Ол экономикалық категория бола отырып, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған бір орталықтан басқарылатын мемлекет ақша қорының қалыптастыру, бөлу, қолдану процестерін қамтитын жүйе қызметін атқарады.
Бюджет - мемлекеттің қаржылық ресурстарын жинау әрі қолдануы туралы нақты, толыққанды жоспары және оның қаржылық саясатын жүргізу құралы. Осындай жоспарды әрбір отбасы, табыс иесі қолдануы қажет-ақ.
Әрине, мемлекет жоспары басқа экономикалық дербес субъектілердің юджеттерінен түбегейлі өзгеше болады, себебі ол қоғамның жалпы мағынасын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жиналатын табыстың және оны жұмсаудың жоспары ғана емес, бюджет деп осы шығыс пен кірістің суммасын білдіреді [1, 150 б. ] .
Бюджет мемлекеттің қызмет етуінің қаржылық базасы болып табылады және оның өз функцияларын орындауға жағдай туғызады. Қазіргі заманда мемлекет биліктің барлық түрлерін, басқару органдарын, қоғамдық тәртіп және сыртқы қорғанысты ұстаумен қатар, қоғамдағы барлық экономикалық және әлеуметтік процестерге ықпал етеді. Сондықтан бүкіл шаруашылық, яғни бүкіл ел масштабында, макроодеңгейде осы қаржылық реттеудің көмегі мен бюджеттің шешетін сұрақтары орасан зор.
Осындай үлкен мағынаға ие бюджет, қоғамның барлық салаларына әсер ететін болғасын, оны құру, бекіту әрі орындау билік басындағы үкімет орнататын заңнамаларға сәйкес жүргізіліп, әрі қабылданған бюджет заң болып есептеледі.
Еңбек өніміне деген сұраныстың үлкен бөлігін қамтамасыз ететін болғандықтан, әрі оның қаржысының есебінен халық табысының біршама бөлігі құралатын және ірі көлемде дайын өнімді сатып алатын, мемлекеттік резервтің қорларын құрайтын болғандықтан бюджеттің экономикалық мәнділігі артады.
Бюджет тұрғысында белгілі бір кәсіпорындарды, ғылыми ізденістерді қолдауға субсидия, несие, гранттар бөлінеді, басқа елдерге көмек көрсетіледі. Бюджет аясында мемлекеттік қарыз ұйымдастырылып, оған қызмет көрсетіледі.
Бюджеттің экономикалық категория мәнділігі аккумуляциялық (салық, кіріс) функциясы, бөлу (шығыс) және бақылау функциялары арқылы жүзеге асады.
Бюджет ақшаның жалпы мемлекеттік қорының құрылуын қамтамасыз етіп, оның бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі бағыттарында жүйелі, тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, бюджет мемлекет табысы мен шығысының бас жоспары болып табылып, мемлекеттің басқару жүйесінде басты орын алады.
Басқа ғалымдар бюджетті есептік және шектеулі смета түрінде жекелеген немесе ұйымның орындауына міндетті белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың жазбасы деп санайды [3, 17-23 б. ] .
Бюджет арқылы көптеген қаржы ағымдары өтеді. Ол ағымдардың маңызы зор экономикалық және қаржылық көрсеткіштері әсері болады.
Бюджет - ұдайы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды алғышарты және құралы. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық процесті ынталандыру, қорғаныс қабілетін ұстап тұру, басқа да мемлекеттік функцияларды орындау үшін оның көмегімен жағдай жасалады.
Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет - бұл оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің жаңа түрі (типі), мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге беретін қоғамдық игіліктер категориялары негізінде, бюджетке және салықтар ыңғайында негізделеді. Бюджетке, қазіргі өмірдегі оның функцияларына нарықтық ой-пікір, көзқарастар аталған тәсілге тән болып табылады. Мемлекет, бірлескен қажеттіліктерді (қорғаныс сипатындағы азық-түлік, инфрақұрылым, ғылым, мәдениет, білім, басқару игіліктері) қанағаттандыруға шақырылған, ерекше игіліктер беру мүмкіндігіне ие болу үшін мемлекет бюджет қалыптастырады.
«Мемлекеттік бюджет» түсінігі, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын құру және аталған жинақтарды мемлекеттік экономикалық реттеу мақсаттарына пайдалану кезінде қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құралатын, ақша қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Қаржылар категориясын тұтастай алғанда ең алдымен, ерекшелеп тұратын:
- бюджет қатынастарының бөлу сипатына ие болуы;
- бюджет қатынастарының әрқашан да ақшалай формада жүзеге асырылуы;
- бюджет қатынастарының нысаналы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қоса жүретіні, қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке тән болып саналады.
Сонымен бірге, қаржылармен ортақ белгілер шеңберінен шықпайтын белгілі бір өзіндік ерекшеліктер, бюджеттік қатынастарға тән болып саналады. Мемлекеттік бюджет құндық (ақшалай түрде) бөлудің өзіндік саласы ретінде төмендегі белгілермен сипатталады:
- мемлекеттің жалпы қоғамдық өнімі құнының бір бөлігінің жекеленуімен және оның қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануымен байланысты, бөлу қатынастарының ерекше экономикалық формасын білдіреді;
- құнды жасау және оны өнімді тұтыну процесін орталандыратын материалдық өндіріс қаржыларынан және құнды тұтынуға қызмет көрсететін, өндірістік емес сала қаржыларынан өзгешелігі, ұлттық экономика салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөлуге бағытталған;
- оның тауар формасындағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөлу сатысын білдіреді, сонымен бір мезгілде материалдық өндірісте және өндірістік емес салада қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады.
Осымен қатар мемлекеттік бюджеттің:
1. қаржы жүйесінің негізгі буыны, қайта бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіретіндігі;
2. мемлекеттік бюджет есебінен ұлттық табыс қайта бөлінетіні;
3. бюджеттік қайта бөлу процестері әртүрлі буындар арасында бөлу қатынастарының үлкен бөлігін алатыны;
4. бюджеттік бөлу саласының мемлекеттік қаржылар құрамында негізгі орын алатыны сияқты өзіндік ерекшеліктері бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің қолында шоғырландырылатын және оны мемлекет әлеуметтік-экономикалық, қорғаныс және өзге функцияларын орындау үшін пайдаланатын ақша қорларының жиынтығы болып саналатын мемлекеттік қаржылардың құрамды бөлігі [4, 17-23 б. ] .
Мемлекеттік бюджеттің мәні оның функциялары арқылы толықтай ашылады. Кез келген экономикалық категория және қаржы жүйесінің аса маңызды буыны сияқты, мемлекеттік бюджет 2 функцияны және 3 ішкі функцияны орындайды, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қаржылар үшін тұтастай алғанда, яғни қаржылар және мемлекет функцияларынан шығатын:
- бөлу;
- бақылау;
- қайта бөлу ішкі функциясы;
- ресурстарды орналастыру ішкі функциясы;
- экономиканы тұрақтандыру ішкі функциясы тән болып саналады.
Бізге белгілідей, ұлттық табысты қайта бөлу мемлекеттік бюджет (тікелей салық салу тетігі, мемлекет қарызы), баға белгілеумен, «бағалар қайшылығымен» (контрактылық жүйе арқылы, монополиялық бағалар) байланысты жанама салықтар тетігі, ақша-несие қатынастары (ең алдымен, несие) жүйесі, өнімсіз еңбек қызметі түрлерімен айналысатын еңбекке қабілетті халық бөлігінің көрсетілген қызметтерге ақы төлеуі, салықтар төлеуден жалтаруы (көлеңкелі экономика саласында) және т. с. с сияқты экономикалық құралы есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік қатынастар экономикалық табиғаты бойынша қатаң реттеледі және жоспарлау принципіне бағындырылған, бұл онымен белсенді епті іс-қимыл (маневр) жасауға және мемлекеттегі қаржылық өзара қарым-қатынастың неғұрлым тиімді және неғұрлым оңтайлы құрылымын жасауға мүмкіндік береді. Осындай бюджеттік басқару елдің бас қаржы жоспарында өз көрінісін табады, яғни мемлекеттік бюджетте мемлекеттің қаржы саясатының бағыттары, оның даму басымдықтары мен экономикалық перспективалары айқындалады.
Мемлекет жаңа құрылған құнды бөлу және қайта бөлу арқылы, бюджетті - нарықтық жағдайларда әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудің негізгі құралдарының бірі ретінде пайдаланады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджетте әртүрлі деңгейлердегі мүдделер мен пікірлер алшақтықтарының (келіспеушіліктердің) үлкен спектрі жатыр. Азаматтардың әл-ауқатын өзгертуге өзінің қабілеттілігімен байланысты, бюджет жеке топтар мен ұлттық мүдделерді барынша шиеленістіру объектісі, идеологиялық күрестердің, ғылыми тұжырымдамалардың, саяси сенімдердің, әділеттік туралы түсініктердің көзі болып саналады. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеалогиялық және этикалық-нормативтік мәселелерді жиынтық түрде білдіре отырып, бюджет проблемасы философияның іргелілік сипатын, саясат прагматизмі мен экономика ғылымының рационалдылығын өзіне жинақтады.
Бюджет мемлекеттің ажырағысыз нышаны (атрибуты), сонымен бір мезгілде ол оның іргелі көзі болып саналады. Өйткені мемлекеттік бюджет арқылы қаражат орталықтандырылады, ол мемлекеттің қаражаттарды епті пайдалануына, оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне жұмылдыруға, ел аумағында бірыңғай экономикалық және қаржы саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бюджеттің экономикалық мазмұны біржақты айқындалмайды, оның мәні бірінші кезекте, қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қорының қаражаттарын қалыптастыру, пайдалану процесінен көрінеді. Мемлекеттік бюджетті айқындауда, оның мәнін көрсететін бір ғана жағдайды бөліп көрсету, кеңейтілген ұдайы өндірістің осындай экономикалық категориясының маңызын төмендетеді. Өйткені кеңейтілген ұдайы өндіріс процесі, өндірістік процесті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын экономикалық қатынастардағы тепе-теңдіктің ұдайы бұзылуымен байланысты болатын аса маңызды объективті дауларды үздіксіз шешіп отыруды талап етеді.
Кеңейтілген ұдайы өндіріске, құн заңы қолданылатын өндірістік саланы дамытудан өзге, сондай-ақ осы заң өмірге келетін, әлеуметтік-мәдени және қорғаныс құқық саласы кіреді. Атап айтьқанда мемлекеттік бюджет субъективтік факторлардың қоғамның өмірлік қызметін объективті негіздеуге әсер ету тетігін жасайды.
Бюджет, өз кезегінде өндірістің дамуына көмектесетін немесе тежейтін, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдар құруға және жетілдіруге белсенді әсерін тигізеді [4, 30-55 б. ] .
Нарықтық қатынастарды өрістету кезінде, экономика секторларының, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың, жекешелендіру процесінің қаржылық ресурстары мен оларды пайдалану құрылымдарын реттеу үшін, бюджет ерекше маңызға ие болады. Бюджет төлемдер жүйесі мен қаржыландыру әдістері арқылы шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық ішілік резервтерін жұмылдыруға және төлем қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Егер жекелеген шаруашылық құрылымдарының сметалары, бизнес жоспарлары кеңейтілген негізде өндірістік қорлардың жеке айналымына қызмет көрсетсе, онда бюджет барлық қоғамдық қорлардың айналымын орталандырады. Жалпы мемлекеттік ауқымда қаражаттарды қайта бөлу - құрылымдық ұдайы өндірістің қарқыны мен тиісті пропорциаларына жетуге көмектесетін қорлардың айналымын қамтамасыз етудің қажетті жағдайы Ұдай өндіріс процесінің қажеттіліктерінен объективті түрде жалпы мемлекеттік қаржылардың қажеттілігі және орталықтандырылған таза табысты мемлекеттік бюджет арқылы пайдалану қабілеттілігі туындайды. Бюджет сол арқылы экономикалық базаның мазмұнын көрсетеді, бірақта мемлекеттің өмір сүру негіздерінен туындамайды.
Мемлекеттік бюджеттің тағайындалуы мемлекеттің қаржылық ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудан және оны кеңейтілген ұдайы өндіріске және қаржы саясатына сәйкес әлеуметтік мақсаттарға пайдаланудан тұрады. Бюджет экономикадағы бөлу және қайта бөлу мен қаржы ресурстарының белгілі бір бөлігін мемлекеттің иелік етуіне шоғырландырудың объективті қажеттілігін көрсете отырып, нақты атаулы құжат болып саналады. Қаржылық баланстардың барлық жүйесін түпкілікті өзара келістіруге соның көмегі арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінде кірістерді бөлу және қайта бөлу және жинақтау процесінде мемлекеттің экономикалық дамуына, халықты әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғаныс қажеттіліктеріне, басқаруға бағытталуы мүмкін ішкі жалпы өнім құнының бір бөлігі шоғырланады. Мәні, бірінші кезекте жаңадан құрылған құнның бір бөлігін мемлекеттің мәжбүрлеп алып қоюынан тұратын салықтар мемлекеттік бюджетте шоғырландырылған қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі болып саналады.
Осы қаржылар, атап айтқанда өмірлік маңызды және экономиканың прогрестік секторларында тиімді пайдаланылуы, қажетті инфрақұрылымдар құру, халықтың әл-ауқатымен, жұмысқа қамтылуымен, әлеуметтік қамтамасыз етілуімен байланысты қажеттіліктерді анықтау үшін, оларды шоғырландыру қажет.
Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар формаларының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджеттер), оларды әзірлеу әдістері мен тәсілдерін, атқарылуын сондай-ақ қаржы және өзге басқару органдарының жиынтығын білдіреді [5, 17-23 б. ] .
Бқл ретте бюджеттік қатынастар жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет түрлері, әртүрлі басқару әдістері мен тәсілдерін пайдалану негізінде бюджеттерді (республикалық және жергілікті бюджеттер) әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастардың нысандарын айқындайтын қаржы және өзге басқару органдары оның қондырмасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес, атап айтқанда Жалпы ереженің 4-бабы, бюджеттік өзара қатынастардың негізгі түсінігін ашып көрсетеді, бюджет жүйесі « . . . бюджеттердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын» білдіреді. Яғни, қарастырылып отырған түсініктің заңнамалық түсіндірмесі экономикалық әдебиетте берілетін анықтамадан анағұрлым кең екенін атап өтуге болады, өйткені жеке бюджеттер құрамы мен олардың арасындағы өзара қатынастармен қатар, олардың арасындағы қатынас мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты өзге өкілетті органдардың болуын болжайды [5, 55-70 б. ] .
1. 2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар формаларының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджеттер), оларды әзірлеу әдістері мен тәсілдерін, атқарылуын сондай-ақ қаржы және өзге басқару органдарының жиынтығын білдіреді.
Бұл ретте бюджеттік қатынастар жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет түрлері, әртүрлі басқару әдістері мен тәсілдерін пайдалану негізінде бюджеттерді (республикалық және жергілікті бюджеттер) әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастардың нысандарын айқындайтын қаржы және өзге басқару органдары оның қондырмасы болып саналады.
Бюджет жүйесін экономикалық категория ретінде елдің барлық бюджеттерінің жиынтығы және жалпыға бірдей құру принциптеріне негізделетін өзара іс-қимыл жасауы процесіндегі олардың функциялары ретінде анықтауға болады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес, атап айтқанда Жалпы ереженің 4-бабы, бюджеттік өзара қатынастардың негізгі түсінігін ашып көрсетеді, бюджет жүйесі « . . . бюджеттердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын» білдіреді. Яғни, қарастырылып отырған түсініктің заңнамалық түсіндірмесі экономикалық әдебиетте берілетін анықтамадан анағұрлым кең екенін атап өтуге болады, өйткені жеке бюджеттер құрамы мен олардың арасындағы өзара қатынастармен қатар, олардың арасындағы қатынас мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты өзге өкілетті органдардың болуын болжайды [6, 98-123 б. ] .
Бюджет жүйесі экономикалық категория ретінде төмендегі үш функцияны орындайды:
1) фискалдық - салықтар алу арқылы үкімет қызметі үшін, яғни әскери, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауға арналған шығыстарды жабу, сондай-ақ басқару аппаратының өмір сүруі үшін қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді;
2) экономикалық реттеу - салықтар мен шығыстар шаруашылық қызметін басқару және экономикалық саясаттың белгілі бір мақсаттарын (экономиканы тұрақтандыру, оның өсуін ынталандыру, құрылымдық алға жылжулар және т. б. ) жүзеге асыру тұтқалары ретінде пайдаланылады;
3) табыстарды теңестіру - яғни салық салудың прогрессивтік жүйесі мен аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз азаматтарға, мүгедектерге, балаларға, артта қалған өңірлерге және т. б. транферттік төлемдер жүйесінің арқасында табыстарды қайта бөлу.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылысымен айқындалады. Осыған сәйкес бюджет жүйесінің екі түрі бөліп көрсетіледі: федеративтік және унитарлық, оның біріншісі үш басқару буынына ие, ал екіншісінің екі басқару буыны бар (1-сурет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz