ОҚУЛЫҚ МӘТІНІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты
С.М.Курманова
Cолтүстік Қазақсан облысы,Тимирязев ауданы
Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп- интернатыКММ
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Аңдатпа:Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтін мазмұны қаншалықты маңызды болса, оның этномәдени сипаты да маңыды. Оқулық мәтіндері арқылы ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық танымын, тіл байлығын, әдебиетін, баға жетпес байлығымызды біледі, түсінеді.
Аннотация:Текст-форма обучения, занимающая большое место в процессе обучения казахскому языку. Во-первых, образовательный материал с языка представлен в виде обучающих текстов, во-вторых, передача упражнений в виде целостного текста также требует дифференцированной систематизации выполняемых с текстом работ. Чем значительнее содержание текста, тем значительнее его этнокультурный характер. Через тексты учебника знает и понимает историю, традиции, национальное познание, богатство языка, литературу, бесценное богатство нашей нации.
Annotation: Text is a form of education that occupies a large place in the process of teaching the Kazakh language. Firstly, the educational material from the language is presented in the form of training texts, and secondly, the transfer of exercises in the form of a complete text also requires a differentiated systematization of the work performed with the text. The more significant the content of the text, the more significant its ethno-cultural character. Through the texts of the textbook, he knows and understands the history, traditions, national knowledge, the richness of the language, literature, and the priceless wealth of our nation.

Оқулық - оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникум, жоғары оқу орындары) жасалады
Әр түрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі. Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша хрестоматия, есеп жинақтары, жазбаша жаттығу кітаптары, анықтама, сөздік, оқу кітаптары, тарихи және географиялық карталар, т.б. қолданылады.[1]
Оқулықтарда негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыны өз ойларын айта білуге, қорғауға және дәлелдеуге құрылады. Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. Берілген суреттерге байланысты оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы өз ойын өрбітуге де көңіл бөлінген. Оқулықта оқушы үшін берілген тапсырмалар күрделі болса, астына үлгі ретінде көретіледі. Оқулық артында қиын сөздерге түсіндірме сөздіктері беріледі.Оқулықтағы материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылады.
Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің жастарымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды.
Осыған байланыста елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. [4]
Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту - оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Қазіргі оқулық мәтіндерінің атқарар рөлі өте зор. Олардың мазмұны шынайы өмірмен, қоғаммен байланысты. Жас ерекшеліктеріне қарай, өтілетін тақырыптарға сай мәтіндер даярланады. Сол мәтіннің мазмұны балаға түсінікті, өмірмен байланыстыра отырып өз пікірін айта алатындай, пікір алмаса алатындай болуы қажет. Оқулық мәтіндері жеңілден күрделіге қарай өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл және ұлттық мінез туралы ақпарат
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Жарнама дискурсының қатысушылары - жарнама беруші мен тұтынушы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұқаралық мәдениет туралы
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Сауаттылықты қалыптастыруда оқулық мәтіндерінің рөлі
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Пәндер