Ислам және батыстық БАҚ


Ислам және батыстық БАҚ
Ислам - әлемдік діндердің ішінде дінді ұстанушылар саны жағынан екінші дін және әлем халқының ең аз дегенде 24%-ы осы дінді ұстанатыны белгілі. Сонда да исламизм мен саяси ислам туындатқан саяси идеология батыстық БАҚ пен қоғамындағы ең бұрмаланған қозғалыстардың бірі болып отыр. 2001 жылдың 11-қыркүйегінде болған жағдайдан соң батыстық БАҚ, қоғам мен саяси элитаның ойынша исламизм (жай жиһадизм емес) Батыс үшін өлім қатерін тудырады деп болжауда. Олардың ойынша, исламламизның басты принципі қирату мен жою, әлемдік билікке қол жеткізу мақсатындағы зорлық-зомбылық және тоталитарлы идеология.
Иран мен Ауғанстандағы коалициалық оккупацияға қарсы көтерілістер отқа май құйғандай әсер етті. Осы елдерде болып жатқан зорлық деңгейі мұндай әрекетке дайын болмаған әскерилер мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін шоктық жағдай болатын. Исламизм құрметті һәм әсері мол БАҚ өкілдері қолданатын «исламофашизм» және саясатшылар қолданатын «саяси исламмен соғыс» терминдері арқылы тарала бастады.
Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы исламизм, ваххабизм, салафизм терминдері арасында шатасу пайда болды. Исламизм секілді әлеуметтік құбылыстарды қолданып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары саясатшылар мен қоғам үшін теріс ақпарат таратуда. Сол үшін де бұл тақырыпты қозғап отырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі осы тақырыптан хабардар адам болғаны жөн. Олай болмаса шатасу тоқтамайды деген сөз.
Шындықты өтіріктен ажырату алайық. Саяси Ислам қозғалысы аясындағылардың басты мақсаты шариғатқа (ислам заңдарына) негізделген үкімет құру, ал батыс БАҚ өкілдері исламизм терминінің қиындығы мен тереңдігін мойындау керектігін талап ету керек. Осыны негізге ала отырып, «америкалық саясат» пен «еуропалық саясат» секілді екі континенттегі саяси көзқарастардың масштабы мен сенімін түсіндіретін терминдер секілді «исламизм» терминін әмбебаб ретінде ислам саясатымен араластыра бермеген жөн.
Батыс БАҚ өкілдері исламизм мен жиһадизмге бір нәрсе секілді мән бермей қарайды. Бұқаралық ақпарат құралдары 2001 жылы 11 қыркүйекте болған жағдайдан соң мұсылман елдеріндегі әскери шерулер мен іс-шараларды телеэкранда көрсетіп, ислам елдері болған терактты тойлап жатыр дегендей көрсеткен. Ал, нағыз исламисттер БАҚ өкілдеріне наразылығын білдіріп, бұл терорлық әрекеттің артында әл-Қаида тұрғанын айтты. Шабуылдан соң шынайы исламисттердің жетекшілері Хасан әл Тураби, Ұлттық ислам фронтының бұрынғы басшысы және бұрынғы ымырасыз Суданның идеологиялық басшысы әл-Қаиданы ислам мен мұсылмандар үшін кесірін тигізуде деп айыптады. Қатарда консервативті ислам қызметшісі Юсуф әл Карадави әл-Қаиданың кінәсіз азаматтарға жасаған іс-әрекетін айыптайтын пәтуә шығарды.
«Путешествие джихадиста: изнутри мусульманской воинственности» және «Дальний враг: почему джихад стал глобальным» кітаптарының авторы Фаваз А. Гергес пікірінше батыстық БАҚ үнемі жиһадизм мен саяси ислам жайлы жаңалықтарды жариялағанда көптеген сұрақтарды өздеріне қойып көре алмайды. Мысалы, неге әл-Қаида 1980-1990 ж. ж. басқа исламисттермен иық тіресе шайқасқан соң аяқ асты өз қаруын «ескі жауына» бағыттады? Және: әл-Қаида және басқа жиһадисттер айналысып жатқан істің ауқымы қандай? Иасламизм деген не? Егер де осы сұрақтар дұрыс қамтылса, яғни, исламисттерді батыстық БАҚ-тан алшақтатса, терор мен соғыс жайлы мәселелер шешілер еді.
Ресми бұқаралық ақпарат құралдарынана басқа, батыстық ойын-сауық БАҚ-дары да барлық мұсылмандарды «басқаша» бейнелеуімен айыпты. Мұсылман кейіпкерлер бейнесін зерттеушілер АҚШ-тағы телешоулардың бірінде мұсылмандарды бұл елдің не қоғамның өкілі ретінде санамайтынын, оның орнына оларды америкалық өмір салтына қауіп болатын қауіпті дінді ұстанатын иммигранттар деп санайтынын көрсеткен. Ислам діні америкалық телевизиялық драмаларда белгілі бір леңгейдегі зорлық-зомбылық, және басқа да жаман қасиеттері бар (шын мәнінде олай емес) дін деп саналады.
Ал, онлайн БАҚ-та ислам халқы мен мәдениеті жайлы 11 қыркүйектен соң өткен сауалнамада «ислам» сөзі қоғамда жағымсыз террорист, экстремист, фундаменталист, радикализм и джихад терминдармен теңестірілетінін көрсетеді.
Терминдерді шатастыру
Бұл шатасудың түрі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына және исламизм және оның шынайы мағынаасы жайлы дисурстарға тән. «Саяси ислам» термині өз оқырмандарына исламизмнің әр түрлі бағыттарын түсіндіретін The Economist сияқты баспалар арқылы таралуда. Бұл терминді фанатизм, ортағасырлық артта қалу және терроризммен байланыстыратын батыстық үшін позитивті өзгерісті білдірді. Терминге «саяси» сөзінің тіркелуі бұл ойды терроризмнен алыстатып, исламдық қоғамды басқаруды жалпы бағалауды бағыттайды. Бірақ, қоғамның түсінігіндегі «саяси ислам» түсінігін жақсартуға қанша тырысса да, көпшілік оны терроризм, фундаментализммен байланыстыруын тоқтатар емес.
«Будущее политического ислама» кітабында Грэм Фуллер исламизм негізінде рецидивтік және қауіпті екенін жазады. Оның айтуынша исламизм немесе саяси исламға фундаменталисттерді, дәстүршілерді, модернисттер мен либералдар кіреді. Исламист түсінігіне «ислам бірлік сенімі ретінде саясат пен қоғам заманауи мұсылман әлемінде бұл идеяны іске асыру керек деп санаушы». Фуллер АҚШ әкімшілігінің террормен қарсы соғысы исламға қарсы соғыс емес, бөлек соғыс, ал Батыс ислам дін және исламизм саяси қозғалыс ретінде бір-бірімен тығыз байланысты екенін мойындамайды деп санайды. Алайда, терминді түсіндірудің мұндай жолдары, исламизм маңындағы нормалардан алыс және жалпы алғанда олардың мағынасын аудиторияға түсіндіруге аз талпыныс жасалуда.
Қалың көпшілікті шатасуға алып келетін тағы да екі термин: «мұсылман» мен «ислам». Бұл терминдер де бір-бірінің орнын баса алады. Бірақ ол үнемі дұрыс деген сөз емес. Мұсылман елдеріне халқының көп бөлігі мұсылман елдер жататын болса, ислам елдеріне елдің басты заңдары ислам шариғатына, құндылықтарына негізделіп жасалған елді айтамыз.
«Ислам фундаментализмі» - қолданыста қиындық тударатын терминдердің бірі. Бұл термин фундаментализмнің басқа формаларына ұқсас, ислам фундаменталистік қозғалысы қасиетті кітаптағы бастапты таза ислам дініне қайта оралуды қалайтын болуымен маңызды. Бұл көптеген діндердегі фундаментализм сияқты ислам да басқа негізгі діндерден қатты айырмашылығы көп емес десек те болады. Бұл термин батыстықтардың ойы бойынша ислам фундаментализмінің шындығын бұрмалайтын коннотацияға ие секілді. Сол уақытта христиан фундаменталисттері өз кезегінде тұрып қалған католиктік және протестанттық церковьтардан алшақтаған Библияның тура мағынадағы діні. Сол секілді мұсылмандарды қарастыратын болсақ Құдай сөзі Құранды тура мағынасымен оқып-түсінетін мұсылмандарды фундаменталист деп айта аламыз. Бірақ, барлық мұсылмандар шын мәнінде солай деп айтуымыз қате болмақ. Бастыстық аудиториямен мойындалған ислам фунаменталисттері шынайы ислам ілімінің нақты элементтерін жиі таңдайды және оларға қазіргі ислам қоғамында баса назар аудару керек деп санайды. Фундаменталисттік қозғалыс таңдаған ілім түрі қозғалыстан қозғалысқа қатты ерекшеленеді. Осылайша хритиан фундаментализмінен ажыратуға болады. Ал христиан фунаментализі христиан қозғалысындағы басқа да фундаменталисттік қозғалыстармен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz