Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Универсиеті

Филология факульеті

5В011700- Филология:қазақ тілі және әдебиеті

Тақырыбы

Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту

Орындаған: Болат А

Жоба жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Исаева Ж.

2020-2021 жыл

Орта Азияның ең көрнекті ғалымдарының бірі, ұлы ойшыл, әлемнің “екінші ұстазы”- Абу Насыр әл-Фараби. Ғұлама 870 жылы Сырдария бойындағы арабтар Фараб деп атаған Отырар қаласында дүниеге келген. Абу Насырға әл-Фараби есімі кейіннен таңылған. Бастауыш мектепті өзі туған қалада оқып бітіргеннен соң Иран, Хорасанда болып, өзінің ана тілі-түркі тілімен қатар хорасан, парсы тілдерін үйренеді. Сол кездегі дүниежүзінің ірі ғылыми орталығы болған Бағдат қаласына келіп, латынша, арабша, грекше жетік меңгереді. Әл-Фараби еңбектерінің біразы араб тілінде жазылған. Ғалымның математика, астрономия, медицина, химия, ботаника, география, философия, лингвистика, логика, тарих, музыка саласына қатысты еңбектері бар. Фараби

ойларын бөлек-бөлек параққа жазып шәкірттеріне беріп отырған екен, содан да ғалым еңбектерінің арабша нұсқасы көп жоғалып кеткен. Әл-Фараби еңбектерін Еуропа ғалымдары кең түрде пайдаланса, араб ғалымдары тірі кезінде де өлгеннен соң да оны өздерінің ұстазы деп біліп, Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған.

Фараби еңбектерінің кейбіреулері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылып, басқа еңбектерге арқау болған. Мысалы Б. Дерлангер өзінің “Араб музыкасы” атты француз тілінде шыққан еңбегінде Фарабидың “ Китаби музыка ал-кабир” деген еңбегін толық келтірген. Фарабидың бұл еңбегі дүние жүзінде музыка жөнінде жазылған еңбектердің ең ірісі болып табылады. Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895 жылдары Лейденде Фараби жөнінде еңбектер шығарып, Фараби кітаптарының бірнешеуін араб тілінде бастырған. [1. 24 б. ]

Біз ғалымның аты жөнін білеміз, шыққан тегін, туған жерін, ғылымның қандай салаларымен айналысқанынан да хабардармыз. Мектеп бағдарламасында әл-Фараби өмірбаяны 6-сыныптың әдебиет пәнінде толық қамтылған. Бұл жастағы оқушылардың деңгейімен кітапта әл-Фараби өмірбаянымен таныстыру үшін берілген тапсырмалар, материалдардың сәйкестігі жақсы. Бірақ 5-11 сынып қазақ тілі мен әдебиет оқулықтарына шолу жасағанымда, тек осы 6-сынып оқулығынан ғана әл-Фараби тақырыбын кездестірдім. 5-сынып оқушыларының деңгейі Фараби тақырыбын түсіне алмайды әрине, ал 6-сыныптан жоғары әл-Фараби еңбектерін аз-аздан оқытып отыру керек. Әсіресе 9-11- сынып оқушыларына әл-Фараби еңбектерінің үйретері көп. Ғұламаның өмірі екі-үш парақпен бітуі мүмкін, бірақ оның еңбектері бітпейтін тақырып. Әл-Фараби тек өзін зерттеуге қызыққандар үшін ғана бүкіл өмірін ғылымға арнамаған. Оның еңбектерінен тіршілікке қажет нәрселерді таба аламыз. Әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарымен» «Бақытқа жету жолын» көрсеткен ғұламаның еңбегін оқып өсу мектеп оқушыларының алдағы өміріне сәуле болуы мүмкін. Бұл тұста мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, Фараби еңбектерін оқытуды сынап көруіміз керек. Орта мектептерде Фараби еңбектерін оқытудағы мақсатымыз не? Жалпы оқушыларға әдебиетті не үшін оқытамыз?

Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде өнерді бес түрге бөледі: Бірінші-тастан, кірпіштен, ағаштан яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Екінші- балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіріп сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері. Үшінші-түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-келбетін келтіріп, сүгіреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері. Төртінші-әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері. Бесінші-нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша-асыл сөз, арабша-әдебиет, Европаша-литература. [2. 6-7б] Олай болса әдебиет ол сөз өнері. Адам ойын әсерлі, мәдениетті, сауатты жеткізудің құралы. Әдебиет пәні асқар армандарға, сұлулыққа, әсемдікке құштар етеді. Бұл пәнді оқыту арқылы оқушыларды патриоттық сезімге баулып, кісілік қасиеттерін қалыптастырады, рухани байиды, туған елін, тілін сүюге, адамзатты құрметтеуге үйрете алады. Сонымен әдебиетті оқытудағы басты мақсат-оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітап оқуға деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы-әдебиетін жан-жакты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. [3. 9-10 б]

Орта мектептерде Фараби еңбектерін оқыту маңызды. Өткені ғұламаның еңбектерінде насихат бар. Мен Фараби еңбектерін әсіресе 8-9-сыныптарда оқыту қажет деп ойлаймын. Даңқты мұғалім Қанипа Бітібаева 10-12 жастағы балаларға қарағанда 13-14 жастағы балалар көркем шығармаларға басқаша қарайды деген. [3. 20 б] Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, күйіну, қуану бұл жастағы балаларда да болғанымен, өзгеше сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, өз пікірлеріне көбірек жүгіне бастайды. Көркем шығармаға өз пікірін қалыптастыра бастаған оқушы әл-Фараби еңбектерін де түсіне бастайды.

Джули Дирксен «Искусство обучать» еңбегінде оқу процессін қалай құруға болатынына жауап іздейді. 9-сынып оқушыларына Фараби еңбектерін оқыту үшін олардың 6-сыныпта алған бастапқы білімдерін пайдаланамын. «Көбінесе тыңдаушыларда сабақ тақырыбына байланысты белгілі бір білімдері болады, ал мұғалім соларды қолдануға тырысу керек. » Оқушылардың бастапқы білімін дұрыс қолдана алсақ, олар біздің айтқандарымызды есте сақтаудың орнына, бұрыннан бар білім жүйесімен белсенді жұмыс істей бастайды. Тыңдаушыларға қандай да бір материал бергіңіз келсе, алдымен олар бұл тақырыпқа байланысты бір нәрсе айта ала ма деп өзіңізден сұраңыз. [4. 172]

Тақырыпқа берілген материалдар есте қалатындай болуы керек. Мәселен, кинотеатр қызметкері жұмыс күнінің соңына дейін қанша адамды есінде сақтайды ? Ол тек ерекшеленетіндерді ғана есінде сақтайды. Ақпарат та сондай. Егер ол ерекшеленбесе және тыңдаушының бұл тақырып жөнінде бастапқы білімі болып, оған назар аудармаса, толықтырмаса ақпарат тез ұмытылады. Әл-Фараби туралы бастапқы білім 6-сынып оқулықтарында қамтылған деп жоғарыда атап өттік. Енді сол білімді әрі қарай жалғастыру керек. Ғалымның өмірімен таныс оқушылар үшін оның еңбектерімен танысу қиынға соқпауы тиіс.

Тыңдаушылар арасында материалды есте сақтауға байланысты зерттеу жүргізіледі. Ғылыми түсінікті түсіндіру үшін видеоролик қолданылады. Визуалды материалды көрген тыңдаушылар, видеороликтегі ақпараттарды дәл әрі түсінікті болғанын айтып, жоғары бағалаған. Ал екінші бір группаға тақырыптың қате тұстарын талқылап жатқан екі адамның диалогымен видео көрсетіп, содан тақырыптың принциптері туралы тыңдаушылардың өздеріне түсіндірген. Алайда тыңдаушылар құр сөзді роликті түсінудің қиынға соққандығын айтады.

Оқушы материалмен белсенді түрде жұмыс жасауы тиіс. Егер біздің айтқан мәліметтеріміз оқушылардың жадында сақталсын десек, оларды тақырыпқа байланысты ойландыруымыз керек.

Келесі, тақырыпты құр сөзбен түсіндіруге байланысты. Оқу курстарын дамытудың танымал маманы Кэти Мур мұғалім айта ма, әлде көрсете ме соған наза аударады. [4. 176-178б]

Айту
Көрсету
Айту: Бүгінгі сабақта Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» жайында сөйлесеміз.
Көрсету: Бүгін жер бетіндегі ең қайырымды қаланың қандай болатынын көреміз.
Айту: Қайырымды қала тұрғындары қандай болуы керек?
Көрсету: Саған бір қаланы бір жылдың ішінде қайырымды қалаға айналдыруды тапсырды. Оның тұрғындары ешкімге бағынбайды. Сенің іс-әрекетің?
Айту: Ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін не керек?
Көрсету: Алдыңда қазына толы сандық тұр. Ол кілтпен ашылмайды, оны сындырып та аша алмайсың. Ол сандық тек ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жеткен адамға ғана ашылады. Кемел адам болу жолындағы алғашқы ісің?
Айту: Қайырымды қала тұрғынымен надан қала тұрғынының айырмашылығы
Көрсету: «Тыңда! Мен тұрақты сатып алушымын! Сен менің айтқандарымды орындауың керек. Менің кім екенімді білесің бе? Қаласам, мына түкке тұрғысыз қалаларыңды жоқ етем. » Қайырымды қаланың қайырымды тұрғыны ретінде сенің берер жауабың?

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат» - Ара ахя ал- мадинат ил - фадила» Ибн Абу Усейби'аның айтуынша, («Уйуи ал-ачба фи табакат ил- агибба) . Мюллер бастырған, Кенигсберг, 1884, II том, 138-139-беттер, Әбу Насыр әл-Фараби бұл еңбегін Багдадта жаза бастаған, 942 жылы Дамаскіде аяқтаған. Кейіннен ол өзінің бұл шығармасын қайта қарап, тарау-тарауға бөлген, ал 948 жылы Египетте болған кезінде ол бұл кітапты үлкен-үлкен алты бөлімге бөлген. Ол мінсіз адамзат қоғамының сипаттамасына, сірә сол кезде өз заманының бүкіл дүниеге көзқарасын қосып баяндаса керек. [Әбу Насыр әл-Фараби, Қайырымды қала, А., 2019, 131 б. ]

Аристотель сияқты Фарабидің де басты ойы- алам табиғатынан қоғамдық мақұлық және басқа адамдар араласып, ұжымда ғана өмір сүре алады. Ғалымның пікірі бойынша, азаматтардың қажеттіліктері әртүрлі, ал әрбір жеке адамның осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті жеткілікісіз: «Әрбір адам табиғатынан өзінің өмір сүруі және ең жоғарғы жетілгендікке жетуі үшін оған көптеген заттар қажет болып жаратылған. Бірақ бұл заттарды ол жалғыз өзі жасай алмайды және оларға жету үшін олардың әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отыратын адамдар қауымдастығы қажет болып отырады. Бұл қауымдастықтың әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отырады». Яғни өзінің қажеттіліктеріне жету үшін адам басқалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. [Әл-Фараби және қазіргі заман, А., 2014, 176б] Адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныстанды, соның нәтижесінде адамдар қоғамдары пайда болды. Бұлардың біреулері толық мәндегі қоғамдар, екінші біреулері толық емес мәніндегі қоғамдар. Толық емес мәніндегі қоғамдарды ғалым үш түрге бөлді: ұлы қоғам, орташа және шағын қоғамдар. Ұлы коғам-жер бетін мекендейтін барша адамзат қоғамдарының жиынтығы, орташа қоғам-қандай болсын бір халық түріндегі қоғам, ал шағын қоғам-қайсыбір халық қала тұрғындарынан құралған қоғам. Орташа қоғамдар қыстақтың тұрғындарынан құралған және квартал жұртшылығының жиынтығы, бұдан соң- бір үйде тұратындардың жиынтығы. Соңғысынан ең төменгі сатыда тұрған қоғам құралады. Квартал мен қыстақ екеуін бірге алып қарағанда - қалаға жатады, бірақ қыстақ қызмет ететіндігі жағынан ғана қалаға жатады, ал квартал оған сол қаланың құрамдас бөлігі ретінде жатады. Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек, ал кемелділіктің ең төмен дәрежесінде тұрған қоғам бұған әсте жете алмайды. Шынында игілік жаратылысынан сондай, оған адам өзінің қалауын және еркінше таңдауы арқылы жетуге болады (ал зұлымдыққа да адам қалауы мен таңдауы арқылы жетеді, сондықтан зұлымдық болып табылатын кейбір мақсатқа жетуге қала септігін тигізе алады), әрбір қала бақытқа жеткізу үшін қызмет ете алады. Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ. Осылай әл-Фараби қала ұғымының өзіне жеке-жеке тоқталып, халықтың бір-біріне қайырымды болу арқылы, бақытқа жете алатынын айтады. [Әбу Насыр әл-Фараби, Қайырымды қала, А., 2019, 41 б. ]

Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімінде адамдар онда шын бақытқа жететін ізгілікті қала идеясы маңызды орын алады.

Адамдар бір мақсатқа біріктірілген идеалды, мінсіз қоғам құру - адамзаттың ұлы өкілдерінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі арманы. Олардың қатарына қазақ ойшылдарын да атай аламыз. Шоқан Уалиханов алғашқы дала философы деп атаған Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы тәуелсіз Қазақ хандығын құрудың негізі болғанын атап айту қажет. «Жерұйық» және «Ізгілікті қала» дана идеяларының логикалық жалғасы-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы. [Әл-Фараби және қазіргі заман, А., 2014, 177-178б]

Төменде 9-сынып оқушылары үшін ғалымның «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегін оқытудың қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі.

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :
Мектеп:
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Күні:
Мектеп:: Мұғaлiмнің aты-жөні:
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Сынып: 9
Мектеп:: Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Сaбaқтыңтақырыбы:
Мектеп::

Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат»

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Oсы caбақта қoл жеткiзілетін oқу мақcaттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Мектеп::

9. 3. 2. 1 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

9. 3. 3. 1 Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Сабақтың мақсаты
Мектеп:: Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді. Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Бағалау критерийі
Мектеп:: Шығарманы заманауи тұрғыда салыстыра алады, идеясын ғаламдық тұрғыдан талдай алады, эссе жаза алады.
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Тілдік мақсаттар
Мектеп::

Пәндік лексика және терминология:

Ренессанс

Оқытудың тілдік мақсаты: ғұламаның еңбегіне өз ойын айта алады.

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы ::

Құндылықтарға

баулу

Мектеп:: Құрметтеу: оқушылардың жұптық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, шығарма арқылы Отанына, халқына қайырымды болуға үйрету.
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Пәнаралықбайланыс
Мектеп:: Тарих, философия
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Алдыңғы білім
Мектеп:: Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Сабақ барысы
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Мектеп:: Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы ::

Сабақтың басы

3мин

Мектеп::

Қызығушылығын ояту сатысы.

  1. Миға шабуыл.
  • Әл-Фараби жайында не білеміз?
  • Әл-Фарабидің қандай еңбектерін білесіңдер?
  • Қандай мақсатқа жетеміз деп ойлайсыңдар?
Интербелсенді тақта
Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы ::

Сабақтың ортасы

35 мин

Мектеп::

Білу.

Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек, ал кемелділіктің ең төмен дәрежесінде тұрған қоғам бұған әсте жете алмайды. Шынында игілік жаратылысынан сондай, оған адам өзінің қалауын және еркінше таңдауы арқылы жетуге болады (ал зұлымдыққа да адам қалауы мен таңдауы арқылы жетеді, сондықтан зұлымдық болып табылатын кейбір мақсатқа жетуге қала септігін тигізе алады), әрбір қала бақытқа жеткізу үшін қызмет ете алады. Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық

қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ.

Қайырымды қала кемелденген, сырқатсыз денеге ұқсайды, ал оның барлық мүшелері тірі жанның өмірін аман сақтау үшін, оны барынша қызғылықты ету үшін бір-біріне көмектесіп отырады.

Түсіну

Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну.

Қолдану. «Джигсо» әдісі

1-топ. «Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы»

2-топ. «Адамның бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы»

3-топ. «Қайырымды қалаға қарама-қарсы қалалар туралы»

Дескриптор

- мәтінді оқиды;

- жазғандарын топта талқылайды.

Талдау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау

  1. Әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін не керек?
  2. Қайырымды қаланы қандай адам билейді?
  3. Қайырымды қала басшысына лайық тағы қандай қасиеттерді атар едің?
  4. Надан қала дегеніміз қандай қала?
  5. Саған бір қаланы бір жылдың ішінде қайырымды қалаға айналдыруды тапсырды. Оның тұрғындары ешкімге бағынбайды. Сенің іс-әрекетің?
  6. Алдыңда қазына толы сандық тұр. Ол кілтпен ашылмайды, оны сындырып та аша алмайсың. Ол сандық тек ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жеткен адамға ғана ашылады. Кемел адам болу жолындағы алғашқы ісің?
  7. «Тыңда! Мен тұрақты сатып алушымын! Сен менің айтқандарымды орындауың керек. Менің кім екенімді білесің бе? Қаласам, мына түкке тұрғысыз қалаларыңды жоқ етем. » Қайырымды қаланың қайырымды тұрғыны ретінде сенің берер жауабың?

Жинақтау, бағалау

«Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылайды.

«Әбу Насыр әл-Фараби» деректі фильмі https://www. youtube. com/watch?v=kqC_p76tP8s

оқулық

А3 парағы

Интербелсенді тақта

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы ::

Сабақтың соңы

2 мин

Мектеп::

Кері байланыс:

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaлдауы :: Үйге тапсырма беру
Мектеп:: Әл-Фараби идеясын ХХІ-ғасырмен салыстырып, эссе жазу

Сабақты қызықтыра түсу үшін оқушылар арасындағы өзара сұқбатқа уақыт бөлу қажет. Әр топ өз көзқарастарымен бөлісіп, талқыға салады, дебаттар бұл тақырыпқа деген қызығушылықты оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады, және тақырыптың негізгі идеясын оқушы санасына орнығады және ол нәрсе болашақта оның өмірлік кредосына айналуы да мүмкін.

Оқушы ақпаратты есінде сақтап қана қоймай, оның мағынасына мән беру керек. Әл Фараби тақырыбы біршама қиын тақырып. Сондықтан біздің осы тақырыпқа байланысты беретін материалдарымыз

  • Қажет деп санағанымыздан аз мөлшерде болуы керек;
  • Ең керек деген мәліметтердің болуы, оның өзі көп болмауға тиіс;
  • Оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабылдау деңгейлеріне сай;

Біздің тыңдаушыларымызға қандай көлемдегі материалдар қажет? Жадының көлемі шектеулі, сондықтан біздің дайындаған материалдарымызды олар қабылдауға дайын болмауы мүмкін. Мәселен,

photo_2020-12-22_21-13-30.jpg

Оқушыға жаңа ақпараттарды бере беруге болады, бірақ ол ақпараттың барлығын қабылдап алуы мүмкін емес. Материалдың көлемін оңай анықтауға болады. Ақпаратты минималды көлемде беруден бастап, бақылау керек. Егерт ақпарат аз болса оқушыларда сұрақтар пайда бола бастайды. Ал керісінше болса, онда анықтау қиынға соғады. [Д. Дирксен. Искусство обучать, Москва, 2017, . 180-182б]

Енді біздің жағдайымызға осы айтылғандарды пайдаланайық. Фараби тақырыбы күрделі тақырыптардан деп айтып өттік. 40 минутта ғалымның әр еңбегінің басын бір шалып өтуге болмайды. Өйткенде біз Фараби құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіреміз деген мақсатымызға жете алмаймыз. Сабақ өтуде қандай да бір әдісті пайдаланбас бұрын, бізді тыңдаушылардың кім екеніне назар аударайық. Олардың әлемге көзқарасы біздікінен ерекшеленеді, сондықтан оқыту эффективті болу үшін әлемге олардың көзқарасымен қарағанымыз дұрыс.

-Сабақты біркелкі дауыс ырғағымен жүргізбей, аудиторияның көңіл-күйін көтеріп отыру керек.

-Сұрақ қою. Оқушылар «ұйықтап» қалмас үшін оларға шынайы ойланатындай сұрақ қою керек. Мәселен, Әл Фарабидің «Мемлекет басшыларының нақыл сөздерінің» қатарына өз нақыл сөзіңді қос.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Әл Фараби тарихи мұралары
Әл-Фарабидың «философиялық трактаттары»
Қазақ даласының жұлдыздары
Медицинаға қосқан үлесі
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фараби және оның жасампаздығы жайында.
Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz