Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы орны: сыртқы саясат, милитаризм және бейбітшілік ұстанымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы «Есеп және қаржы»

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарда

Орындаған: Омар Ж. А.

Тексерген: Мустафин Б. Е.

Алматы, 2020ж

Жалпы, халықаралық қатынастар дегенге тоқталар болсақ, халықаралық қатынастар дегеніміз - мемлекеттер, халықаралық көлемде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, және де әлеуметтік, саяси топтардың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыңң жиынтығын атайды. Халықаралық қатынастар ұғымының анықтамасы тек мемлекеттердің ара-қатынасы ретінде қалыптасып кеткен, негізінен алар болсақ бұл ұғымның ауқымы өте кең көлемді қамтиды. Яғни, тек халықтардың, мемлкеттердің ара-қатынасымен шектеліп қана қоймай, ауқымы өте үлкен және де даулы мәселелердің барлығын қамтиды. Жалпы, халықаралық қатынастар ұғымына ғылымда көптеген анықтамалар берілген. Бұл ұғымды зерттеген көптеген атақты ғалымдарды айтып өтуге болады. Мысалы, саяси реализмнің атасы, көрнекті америкалық саяси ойшыл Ганс Моргентау, белгілі француз саясаттанушысы Раймон Арон және де тағы басқа ғалымдар бар.

Қазақстан Республикасындағы халықаралық қатынастарға тоқталар болсақ, мемлекетіміз сыртқы саясатын қарқынды дамытып жатыр. Бұл дегеніміз еліміздің әлемдік аренада өз орынын тауып, әлемнің алпауыт елдерімен күш сынасуға қауқарлы екендігін білдіреді. Мемлекеттер арасындағы саяси идеалогиялық ерекшеліктердің арқасында әлемдегі мемлекеттердің бастарын біріктіріп, соғыс болдырмау мәселесін басты бағытта ұстап БҰҰ құрды. Қазақстан да тәуелсіздігін алғаннан соң сол ұйымға кірді. Қазқстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа бейбітшілікті жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылды. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т. б. карулар. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы халықаралық позициясын орнықтыра түсуде, яғни еліміздің бейбітшілікті қолдайтынын және де соғыс болдырмауға байланысты бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акңиялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді.

Қазақстанның халықаралық қатынастарының дамуына бірнеше факторлар ықпал етеді. Мысалыға, әлемдік-экономикалық ахуал, әскери стратешгиялық жағдай, жекелеген мемлекеттердің әсері және тағы да басқа бірнеше факторлар әсер етеді. Ал дамуының тенденциясына мына факторларды айтуымызға болады.

  • Әлемнің өзара тәуелділігі мен тұтастығының дамуы.
  • Халықаралық қатынастардың көп ұлттылық жүйесінің қалыптасуы.
  • Әлемнің әлеуеттік әртектілігін сақталуы.
  • Қайшылықтар мен дау-жанжалдарды шешуде саяси құралдардың рөлінің өсуі.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы әлемдік арена мен халықаралық қатынастарда елеулі орынды алады. Еліміздің орналасқан жері бойынша да, жеріміздің аумағына байланысты және де сыртқы саясаттың, халықаралық сауданың дамуы Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты және әлемдік экономикалық қатынастардағы орны: теория, қазіргі жағдай және жетілдіру жолдары
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөлі және сыртқы саясатының баспасөздегі талдауы
Қазіргі халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Косово дағдарысы: халықаралық қатынастардағы орны, тарихи себептері және шешу жолдары
Қытай Халық Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны: сыртқы саясат, қауіпсіздік және әлемдік супердержаваға өту перспективалары
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық негізі: ТМД интеграциясы, халықаралық саясат және 2030 даму стратегиясы
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу және халықаралық экономикалық қатынастардағы нарықтық механизм
Халықаралық сауда мен Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты: мәні, құралдары және кедендік тарифтердің орны
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: басымдықтар мен халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының Еуропа векторы: халықаралық-құқықтық қырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz