Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі



Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде,
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
2.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
3."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
4."Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
7.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
8.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
9.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
10.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
11.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
12.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
13..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
14.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
15.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
16.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

17.Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді
және үмітзідер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв) құру
ережесі. ҚР Ұлттықбанк Басқармасының № 465 қаулысы. 16.11.2002.
18.Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялы-
ғымен. — Алматы: Экономика, 2001.
19.Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.:
Финансы и статистика, 1999.
20. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп
келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар
педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты.
Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап
келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық
педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар,
тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-
өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып,
ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан
берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн
қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық
педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi
сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң
бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн
атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен
халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-
идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-
педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен
қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз
қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық
тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық
педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi
құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк
ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың
ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi:
оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде,
адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны — табиғатты өзiне икемдеп
игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны,
тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi
қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi,
оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда
болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының
аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi,
халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол
халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң
мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық
педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу
үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға
құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне
құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi
(преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi
тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен
дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып
келуiнде)”, деп саралай көрсете келдi де, “халық педагогикасы ру, тайпа,
ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың
тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi
үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға,
ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-
тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп
қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы
мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң
рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн,
педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-
тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады” (16, 7), —
дейдi.
Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi,
профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегiне
жазған кiрiспесiнде: “Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып
екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi
ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған
этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне
халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған
педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi” (16, 6), - деп, халық
педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi
екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып
саналатынын ашып көрсетедi.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып келдi. Ол
заңды да едi. Себебi, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң жетiлмеген
кезiнде пайда болғандықтан, тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде қол
өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады. Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым
мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы
Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми
педагогиканың теориялық зандары қалыптасып өмiрге келдi. Я.А.Коменский
өзiнiң атақты “Ұлы дидактика”, “Ағайынды чехтарды тәрбиелеу” атты
еңбектерiнде тұңғыш бiлiм беру iсi мен тәрбие iсiн бiртұтас процесс деп
қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-
тәрбие iсiнiң тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтiк процесс, ал адамның
жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы — ол әрi әлеуметтiк, әрi
биологиялық процесс. Осы ерекшелiктен келiп, педагогикада қоғамтану
мәлiметтерiн жаратылыстану мәлiметтерiмен бiрiктiре қарастыру қажеттiлiгi
пайда болады. Оның себебi педагогика адам тәрбиесiнiң қажетiн өтеушi,
қоғамдық сұранысты iске асырушының рөлiн атқарушы болып отыр. Ал
педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп жетiлдiрудегi iс-әрекетi
оқу-тәрбие орындары арқылы iске асырылады. Адам тәрбиесiнде бiлiмнiң
теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып
тәрбиелеп жетiлдiруге пайдалану үшiн тәжiрибеде қолданудың әдiс-тәсiлдерi
керек. Мiне, осыдан келiп, теория мен тәжiрибенiң, оқытудың өмiрмен
байланысын, оны iске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика
ғылымының бiр саласы — оқыту мен тәрбиенiң методикасы туындайды. Бiлiм беру
мен тәрбие iсiнiң теориялары мен өмiр тәжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам
қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжiрибеге негiзделмесе, ол
тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз.
Ол жөнiнде XVII—XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың, орыстың педагог
ғалымдары жақсы ой-пiкiрлер айтқан болатын. Мысалы, Я.А.Коменский “Ағайынды
чехтарды” тәрбиелеудегi халықтық дәстүрдiң жақсы нәтижелерiне сүйене
отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң
жолдарын көрсетiп бердi. Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы
И.Г.Песталоцци тәрбиенi ана тiлiнде оқытатын халықтық мектептердiң бай
тәжiрибесiне негiздей отырып жүргiзудi мақұлдады. Ол “Адамның ақыл ойының
қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тiлiндегi оқудың мазмұны мен оқыту әдiсiн дұрыс
ұйымдастыруға байланысты” деп ерекше атап көрсеттi. И.Г.Песталоцци: “Бала
тәрбиесi оның дүниеге келген күнiнен басталуы керек. Баланың дүниенi
түсiнуi отбасынан басталып, мектепте әрi қарай жалғастырылуы шарт” (48,
72),— деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала
тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп
тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. Ал әйгiлi
орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және
тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол
халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн
халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек” (82, 482), — дедi.
К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды.
Ол: “Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi.
Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-
бiр тәрбие құралы жоқ” (82, 161),—деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы
педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе
ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский
“Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен
қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты
тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге” баса көңiл бөлдi.
“Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек” деп қарады.
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық
педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi
данышпандық ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям,
Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты
ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар
халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының
прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне
ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк
дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне
керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық
идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл,
бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет
жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi
шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық
тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су,
ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай
саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.
Кеңестiк дәуiрдiң 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың
прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға
алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық,
методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков
болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң
қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар:
В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев,
А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi,
қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың
құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар:
И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi
пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII
ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу
жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп
қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық
тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу
еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс,
батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас,
А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.)
қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi
ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов,
Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ
этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз.
Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ
этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден
Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар
қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын
саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын,
салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.
Орта Азия мен Қазақстан даласын мекендеген көшпелi тайпалардың өмiрi
батыс оқымысты ойшылдарының назарына ерте-ақ iлiнген-дi. ХVII-ХVIII ғ.ғ.
қазақ даласына тұңғыш әскери экспедициялар ұйымдастырыла бастады.
М.В.Ломоносовтың замандасы географ және этнограф ғалым И.К.Кирилов 1730-35
ж.ж. Башкирия, Қазақстан далаларында саяхатта болып, көшпелi халықтардың
шаруашылық тiршiлiгi мен салт-дәстүрiн зерттедi. Қазақстан және Орта Азия
елдерiнiң картасын жасады. Ал орыстың саяхатшы офицерлерi әкелi-балалы
Рычковтар (П.Н.Рычков, Н.П.Рычков) қазақ ауылының өмiрiнен очерктер жазып,
қазақтардың ер жүрек, жауынгер халық екенiн суреттейдi. Олар қазақ
әйелдерiнiң еңбек сүйгiш, табиғи қарапайым, жылы жүректi болып келетiнiн
айта келiп, қазақтардың арғымақ атты ұрлауды үлкен өнер санайтынын баяндап,
мәдениетi жағынан “тағы” деген тұжырым жасайды. Әрине, ол көшпендiлер
мәдениетiне бiржақты баға берушi ұлы орысшылдық көзқарастың салдары едi.

Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасып, даму
кезеңдері
Қазақ Қазақ Қазақ этнопедагогикасының
этнопедагогикасы этнопедагогикасының даму кезеңi (1970-1995)
ның туу кезеңi қалыптасу кезеңi және оның қайраткерлерi
(ХIХғ. 2-жартысы), (1920-1930жж.) және ол
оның белсендi кезеңдегi қайраткерлерi
қайраткерлерi
Ш.Уәлиханов Қазақтың зиялы оқымыс М.Ғабдуллин
Ы.Алтынсарин тылары: Б.Момышұлы
А.Құнанбаев С.Торайғыров Б.Адамбаев
2.Орыс,батыс Ә.Диваев Ш.Ахметов
саяхатшы-ғалымдары:А.Байтұрсынов М.Әлiмбаев
П.С.Паллас Ш.Құдайбердиев Қ.Жарықбаев
Э.С.Вульфсон М.Дулатов С.Қалиев
А.Вамбери М.Жұмабаев Ә.Табылдиев
А.Левшин Ж.Аймауытов С.Ұзақбаева
А.Янушкевич Х.Досмұхамедов М.Балтабаев
Н.Г.Потанин Н.Құлжанова И.Бөлеев
Н.Л.Зеланд М.Әуезов З.Ахметова
В.В.Радлов т.б. С.Сейфуллин М.Құрсабаев
М.Смайылова
М.Оразаев
К.Қожахметова

Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең
алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы
Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болды. Ол өзiнiң “0 разнообразии мира”
деген кiтабында дүние жүзiндегi әр түрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн,
салт-дәстүрлерiн әңгiмелей келiп, қазақтардың бие сүтiнен қымыз ашытатынын,
ұзақ жолға жарақты ат мiнiп, жол азық алмай, ет асып жейтiн шәңкесi мен
баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрi азығы жолда” деген тәуекелмен жүре
беретiнiн, атына және өзiне қажеттi азықты жол-жөнекей тауып жейтiнiн,
малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгiлер арқылы
тауып алып, ұрлаған адамға жетi қамшыдан үш жұз қамшыға дейiн дүре соғу
айыбын кесетiнiн сөз етедi.
Ол “қазақтардың қарулары садақ, семсер және шоқпар, олар садақ тартудың
шеберi болғандықтан оны жиiрек қолданады. Өте тамаша және ерлiкпен
соғысады. Соғыста ар-намысы күштi. Қашып бара жатып, қуғыншы бас сауғалады
деп, жаңсақ ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып, жаудың тас-
талқанын шығарады” (44, 220), – деп, олардың мергендiгiн, қайтпас
жауынгерлiгiн сүйсiне сөз етедi.
Ол өзiнiң Жетiсу бойында болған сапарында көрген қазақтың “қызбөрi”
ойынының шығу тарихына ой жiберiп, бұл ойын Қазақстан территориясындағы
тайпалардың пайда болған кезiнен, яғни таптық қатынаспен бiрге туғандығы
жайлы ескертедi. Ұлт ойындарының шығу тарихын зерттеуге көңiл бөлген
ағылшын ғалымы Э.Маккей де осы пiкiрдi тереңдете түсiп, “Түрлi құмалақ
ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарағие т.б. ұлт ойындары Азия елдерiнде
тайпалық одақтардың арасында шамамен 5 мың жыл бұрын ойыналып таралғанға
ұқсайды” дейдi. Ол ертедегi Қазақстан жерiн мекендеген көшпелi тайпалардың
негiзгi кәсiбi аңшылық болған. Тайпалар аңға шығар алдында дайындық жасап,
“қарағие” ойынымен айналысқан. Олар сол арқылы мергендiктi меңгерсе, ал
жаумен жекпе-жекте найзаласқанда оңайлықпен берiлмейтiн болған. Сондықтан
да Сақтардың өзiнiң жауларына үнемi тойтарыс берiп отырғандығын, қарсы
тайпасының Кир (558-529 Ф.д.д) Дарий 1 (5-18 ж.б.д.д.) секiлдi
қолбасшылардың басы сақ тайпалары батырларының қанжығасында кеткенiн
тарихтан жақсы бiлемiз. Ұлт ойындары қоғамның өзгеруiмен байланысты
әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың негiзiнде дамып, Қазақстан жерiнде
алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау, таяқ жүгiрту, садақ ату, қақпатас,
қарагие ойындары пайда болса, бертiнгi дәуiрде қайталау-жаттығу нәтижесiнде
бұл ойындар: аң аулау, бүркiт салу, садақ тарту, жамбы ату, қарагие-найза
лақтыру, қақпан-тұзақ құру т.б. аттары өзгерiп, мазмұны байи түскен.
Ертедегi Қазақстан жерiндегi рулардың қалыптасу кезiндегi этнографиясы,
ойын-сауықтары, ән-күй, би, қол өнер мәдениетi жайындағы деректер ХIII-
ХVIII ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан жерiнде болған Европа саяхатшыларының
алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук еңбектерiнде жинақталған.
Мәселен XIII ғасырдың бiрiншi жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини
Хорезм, Жетiсу, Тарбағатай арқылы Монғолияға барып қайтқан сапарынан
жинаған материалдарынан “Монғолия тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбектi
кезiнде шыгыс халықтарының этнографиясын зерттеушi ғалым Шоқан Уәлиханов та
өз еңбектерiнде пайдаланды.
Немiс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкiметiнен арнайы рұқсат
алып Каспий теңiзiнiң бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен
қалаларына саяхат жасайды. Ол көшпелi қазақ ауылдарының өмiрiмен танысып,
“Центральная Азия исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии”
атты еңбегiн жазады. Осы еңбегiнде “қазақ ауылына келген беттегi қонаққа
көрсетiлетiн сый-құрметiне, олардың ойын-сауықтарына, әсiресе қоян-қолтық
күрестерi мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары
жөнiнде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде-кем” дейдi.
А.Гумбольд қазақ жерiнде жүрiп, көшпелi халықтың өмiрi жайындағы ойға
түйгенiн Канкрин мен Шеллерге жазган хатында: “Мен қазақ аулында болған
кезiмдi өмiрiмнiң аса құрметтi кезеңi деп есептеймiн. Мен өмiрiмде осындай
қысқа уақыт iшiнде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген
емес едiм. Бiрақ, бұл кең дүниенiң ортасында болгандықтан да солай болуы
керек”- дейдi .
Француздың атақты жазушысы А.Дюма “Из Парижа в Астрахань” деген
еңбегiнде ұлына жазған хатында “Қымбатты ұлым, сенiң хатың менi Астраханьда
қуып жеттi. Менiң саяхаттағы өмiрiмнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа
Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Бiздер мұнда келгеннен кейiн
Каспий теңiзiнiң жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндерi мен үлкен
тойдың, ойын-сауықтың куәсi болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай
ойындар өткiзу әзiрше мен көрген елде, жүрген жерде кездестiрмедiм. Мұндай
ойын-сауықтың өтуiне себепшi болғандықтан, маған қаракүлден тiгiлген тон
кигiздi” – дейдi. Ал ұлты француз, өзi Ресей Ғылым академиясының мүшесi
П.С.Палластың “Ресей империясының түрлi аймақтарына саяхат” (СПб, 1779)
атты кiтабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның iшiнде бақсы
балгерлердi әр жiкке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидiң “Орта Азия
очерктерi” (М., 1868), “Орта Азияға саяхат” (СПб., 1865) деген еңбектерiнде
Бұхар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғайды. “Ел кезген
сапарларымда, – деп жазады А.Вамбери, – олардың тұрақ-мекендерiн
кездестiрдiм, халқының сан мөлшерi туралы сауалыма үнемi “әуелi даладағы
құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана” – деп күле жауап бередi. Сол сияқты,
олардың шекараларын дәл анықтау да мүмкiн емес. Бiздiң бiлетiнiмiз – олар
Сiбiр, Қытай, Түркiстан және Каспий теңiзi аралығындағы ұлан-ғайыр сар
даланы мекендейдi. Бiздiң аса бiр таң қалғанымыз – олардың музыка мен
поэзияға ерекше бейiмдiлiгi, екiншi жағынан байқағанымыз – текшiлдiгi. Екi
қазақ жолықса, мiндеттi түрде алғашқы сұрауы: “Жетi атаң кiм?” – деп
келедi, тiптi сегiз жасар бала болса да, жауапқа мүдiрмейдi, олай болмаған
күнде жетесiздiгiн көрсетедi” (44, 224), – дейдi. Немiс саяхатшысы Иван
Шильтберген өзiнiң “Ұлы Татария туралы” деген мақалсында Сiбiр даласын
жайлаған: татар, башқұрт, қазақ, қалмақтардың тiршiлiгiн сөз ете келе,
қазақтардың киiз үйде жерге отырып тамақ iшетiн, көшiп-қонуға, ыстық-суыққа
көнбiстiгiн, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсiмдерiн
баяндайды. “Қазақтардың (қырғыздардың) ұлы татария даласында бүкiл түз
халықтарының iшiндегi ең ержүрек ел екенiн айрықша айту қажет” (44, 220), –
дейдi. Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал – Каспий көлбеуiн
мекендеушi халықтар” (1880) атты еңбегiнде қазақтар туралы жоғарыда
айтылған пiкiрлердi қуаттай отырып, ол: “...бүкiл Ресейдiң көлемiндей
жердi, Едiл жағалауынан Алатауға дейiн, Амударияның аяғынан Ертiске дейiнгi
өңiрдi алып жатқан екi миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4
миллионнан астам болатын. – С.Қ.) қазақ ұлты Азияның көшпелi нәсiлiнiң
iшiндегi ең өсiп-өнген ел, бiрақ бөлшектенуi де шексiз: қазақтар өздерiн
қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңiз құмына теңейдi. Бұл халықтың
өкiлдерiн тiптi Тибет пен Үндiстан шекараларынан да кездестiруге болады.
Бұлардың тiлiнде мұсылман дiнi арқылы енген аздаған араб, парсы сөздерi мен
моңғол тiлiнiң аз-маз әсерiнiң барлығы байқалғаны болмаса, бөгде әсерге
ұшырамаған, ең таза тiлдi түркi халқына жатқызуға болады” (44, 223), –
дейдi. Белгiлi шығыстанушы ғалым Г.Клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегi
“Азия журналы” бетiнде француз тiлiнде жарық көрген “қазақ тiлi жайлы”
деген мақаласында қазақтарды моңғол тегiне жатқызуға байланысты жаңсақ
пiкiрге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе, Р.Карутцтың “Маңғышлақ
түркiмендерi мен қазақтардың арасында” атты кiтабы сол кездегi қазақ
тұрмысын бiршама байыпты қарастырған.
Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзiнiң “Қазақтар” атты очеркiнде (М.,
1901) қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай
келiп, “тап қазақтардай бүкiл өмiрде әндi қастерлеп өтетiн халықты табудың
өзi неғайбыл...” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Этнопедагогика пәні.
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Халықтық педагогика көздері
Пәндер