Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ
1.1 Қазақстан Республикасының Парламентінің қысқаша тарихы
1.2 Қазақстан Республикасының Парламентінің түсінігі
2.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰРАМЫ
2.1 Сенат
2.2 Мәжіліс
2.3 Қазақстан Республикасының Парламентінің құрылымдық функциялары
3.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТТІК ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақтұтынуодағы
Қарағнды экономикалық университеті
Экономикалық теория және халықаралық экономика
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік
басқару ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
ҚАРАҒАНДЫ-2009ж.
Жоспар:
Кіріспе
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Парламентінің түсінігі, мәні
1.1 Қазақстан Республикасының Парламентінің қысқаша тарихы
1.2 Қазақстан Республикасының Парламентінің түсінігі
2-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Парламентінің құрылымы мен құрамы
2.1 Сенат
2.2 Мәжіліс
2.3 Қазақстан Республикасының Парламентінің құрылымдық функциялары
3-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Парламенттік жүйесін жақсарту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Парламентаризм қазіргі саяси үдерістің маңызды құрамдасы болып табылады
және ол өкілді демократия, көппартиялы жүйе, сайлау құқығы және басқа да
маңызды институттарды қалыптастыру мәселелерімен байланысты.
Мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесінде парламент тікелей халық
еркін білдіретін және аса маңызды саяси шешімдерге заң нысаны мен күшін
беретін жоғары өкілді орган болып табылады.
Қазақстандық парламентаризм қазіргі түрінде салыстырмалы түрде біздің
қоғамның саяси жүйесіндегі жаңа құбылыс. Біз өзіміз бастан кешкен тарихи
кезеңде Халық депутаттары кеңесінен екі палаталы кәсіби парламентке өттік.
Бүгінде екі палаталы парламенттің құрылымы жалпы республикалық және өңірлік
мүдделерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде биліктің заң шығару органын нығайту экономикалық
өркендеудің, әлеуметтік, азаматтық қоғам құрудың міндетті талаптарының бірі
болуда.
Бүгін біз парламентаризмнің мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудегі
рөліне ғана тоқталамыз. Бұл әсіресе қоғамды одан әрі демократияландыру,
Қазақстанның мемлекеттігін нығайту және оның әлемнің бәсекеге барынша
қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатында әзірленген саяси реформалардың
жаңа дәуірінің басталу кезеңінде ерекше маңызды.
Таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы Мемлекеттегі парламенттік
басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері болды. Мен үшін
өте қызықты тақырып болғандықтан ғана таңдадым, оның есесіне болашақ
мемлекеттік қызметкер ретіне мен осы Парламент құрылысы мен құрамын және
оның атқаратын функцияларын білу ол менің жай ғана міндетім. Осы түрғыдан
келгенде әрине менде Парламент жүйесі туралы түсінік пен біраз білімім бар,
дегенмен де осы білімімді тереңдете түсу үшін бұл курстық жұмысымды барынша
толық қамтып жазуыма тырысамын. Осы жұмысымды жазу барысында мен көбінесе
интернет ресурстарын пайдалануға тырысамын, себебі Парлемент дегеніміз
үнемі өзгерістерде болады ғой: уақыт сайын әр түрлі заңдар қабылданады, бір
қаулыларға өзгертулер енгізіледі, бір мәселе басқаша қаралады және т.с.с.
Сондай ақ, мен осы біздің Парламентіміздің пайда болу тарихын да жазамын.
Оны менің бірінші бөлімімде атап көрсетемін, одан кейін жалпы алғандағы
Парламент түсінігін және қажеттілгін жазамын. Ал оның құрылымын екінші
бөлмімде толық қамтып көрсетемін. Яғни, ол екі қос палатадан тұратындығы:
Сенат және Мәжіліс, олардың қандай қызмет атқаратындығы және ел алдындағы
мүдделерінің ролі мен маңызын жазамын.
Үшінші бөлімімде Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан үшін Парламенттің дәл
қандай түрі керек екендігін ашып көремін, себебі бәсекеге қабілеті елдердің
қатарына кіргеннен кейін бізде барлығы да Әлемдік стандарттарда болуы тиіс
деп ойлаймын.

1. Қазақстан Республикасының Парламентінің қысқаша тарихы
Қазақстандағы қазіргі парламентаризмді Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Конституциялық комиссия жасады.
Бұл орайда байырғы демократиялық дәстүрлері бар елдердегі парламентаризм
дамуының бай тәжірибесі пайдаланылды.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы ескі және жаңа
саяси құрылыстың арасындағы өзіндік ымырасы, ғасырлар бойы құрылған батыс
демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың
көрінісі болғандықтан, әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы
мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданды. Онда Парламент заң шығару функциясын жүзеге
асыратын Республиканың жоғары өкілді органы ретінде айқындалды. Парламент
екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұратын болды.
Парламенттің кос палаталық құрылымы саяси жағынан орынды болып шықты,
ол еліміздің саяси өміріндегі принципті жаңа элементке айналды және әлемдік
тәжірибедегі жалпыға ортақ парламентаризм принциптеріне сай келді.
Қазақстанда қос палаталы Парламенттің құрылуына мұның қабылданатын
заңдардың сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтыны себеп болды.
Қос палаталы Парламенттің депутаттарын сайлау процесі 1995 жылдың
соңында өтті. Сенатқа 19 облыстан және Қазақстан Республикасының
астанасынан екі адамнан, барлығы 40 депутат сайланды. Сенаттың жеті
депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады.
Қазақстан Республикасының Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанда
өтті. Оған 67 депутат сайланды. Мәжіліске сайлау нәтижелері бойынша басым
көпшілікпен ер азаматтар өтті – 58 депутат, әйел депутаттар – 9. Палатаның
барлық депутаттары жоғары білімді, олардың ішінде 7 ғылым докторы, 10 ғылым
кандидаты болды.
Бұл жерде бірінші сайланған қос палаталы заң шығару органы саяси,
экономикалық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін заңнамалық қамтамасыз
еткен кәсіби Парламенттің бастаушысы ретінде Қазақстанның тарихында
қалатынын атап өту керек.
1998 жылы еліміз бүкіл кеңестен кейінгі елдердің бәрін қамтыған
дағдарыстан нық сеніммен шыға бастады. Қазақстанда болып жатқан реформалар
билік тармақтарының қызметін жақсарта түсуді, оның ішінде парламентаризм
процестерін тереңдетуді талап етті.
1999 жылы ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Парламент
Мәжілісінің сайлауы аралас жүйе бойынша өтіп, партияларға барабар өкілдік
негізінде партиялық тізім бойынша сайлану құқығы берілді. Сайлауға 10 саяси
партия қатысты.
Парламенттің рөлін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының әлеуметтік-
экономикалық блоктағы министрлерді олардың кандидатураларын Мәжіліс пен
Сенаттың бейіндік комитеттерінде талқылағаннан кейін, ҚР дипломатиялық
өкілдіктерінің басшыларын – Сенаттың бейіндік комитетінде талқылағаннан
кейін тағайындау тәжірибеге енгізілді.
Қос палаталы Парламент ел бюджетін бекіту құқығын еншілеп отыр, Премьер-
Министрді тағайындауға келісім береді, Үкіметке сенімсіздік білдіруге, оның
орнынан түсуін және кез келген министрді қызметтен босатуды талап етуге
құқылы. Жоғары өкілді органның ел Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу құқығы да бар. Атқарушы биліктің жауапкершілігін
күшейту мақсатында Премьер-Министрдің және оның кабинеті мүшелерінің
депутаттар мен палаталар комиссиялары алдында жүйелі түрде сөз сөйлеуі
көзделген.
Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті он жылдан астам уақыт
жұмыс істейді. Олар осы уақыт аралығында аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін 1300-ден астам заң қабылдады. Қазақстандық құқық жүйесі
қалыптасты, онда Парламенттің орасан зор үлесі бар.
Парламент бүгінде елдегі саяси жариялылықтың шын мәніндегі алқалы жиыны
болып табылады. Тап осы жерде Үкімет, партия өкілдері, тәуелсіз депутаттар,
саяси фракциялар мемлекеттік құрылыс, экономикалық және әлеуметтік қайта
құрулардың кез келген мәселелері бойынша өз позициялары туралы ашық айта
алады.
Қазақстан Парламенті өкілді биліктің бір палаталы органы – Жоғарғы
Кеңестің орнына келді, ол алғашқыда - 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы
негізінде, содан кейін 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы және 1993 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құрылған еді. Өзі жұмыс
істеген кезде Жоғарғы Кеңес он үш рет сайланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады, бұл
Қазақстандағы парламентаризмді құру жолындағы маңызды қадам болды.
1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы
Кеңесті республиканың бірден-бір заң шығарушы және жоғары өкілді органы
ретінде таныды. Ол өте ауқымды өкілеттіктерге ие болды, мұның өзі
мемлекеттік билікті бөлу принципін жүзеге асыруды, тыю және қарама-қарсылық
жүйесін құруды қиындатты. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституцияда мемлекеттік
биліктің ішкі қарама-қайшы құқықтық базасы болды. Соған қарамастан Жоғарғы
Кеңес қабылдаған заңдар жаңа мемлекеттік құқықтық жүйенің негізгі
элементтерінің негізін қалады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде белгіледі.
Халық өзінің саяси еркін тікелей ғана емес, Парламент арқылы да білдіретін
болды.
Парламент республикалық бюджетті және үкімет пен республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің
атқарылуы туралы есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар
енгізеді. Парламент үкіметтің Бағдарламасын мақұлдауы немесе кері қайтаруы
және үкіметке сенімсіздік білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессия өткізу
тәртібімен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Палаталардың, Палаталар
Бюроларының, тұрақты комитеттердің және Палаталардың бірлескен
комиссияларының бірлескен және жеке отырыстарынан тұрады.
Кезекті сессиялар жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен
маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі. Парламент сессиясы Сенат пен
Мәжілістің бірлескен отырыстарында ашылады және жабылады. Парламент
сессиясын - Республика Президенті, ал ол жоқ болған кезде Мәжіліс Төрағасы
ашады.
Қазақстан Республикасының Парламенті (ҚРП) —
Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы
өкiлдiктi орган. 1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған
ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.)
сайланды. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен
басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен
кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен
қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен
белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан:
жоғ. палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
1.2 Қазақстан Республикасының Парламентінің түсінігі.
3-баптың 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік
билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы
және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін
пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асыралады.
Биліктердің бөліну жүйесінде заң шығарушы билік Республика Парламентіне
айрықша және маңызды орын беріледі, Конституцияның 4 бөлімі оның
мәртебесін, негізгі жағдайларын анықтайды, 49-бапта былай делінеді,
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Парламенттің басты қызметі мемлекет пен қоғам қызметінің негізін
құрайтын заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдаудан тұрады.
Парламент заң шығару қызметтерімен қатар шектеулі көлемде болса да,
атқарушы билік жұмысына бақылау қызметін жүзеге асырады. Парламент
Республикалық бюджетті және Үкімет пен Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы
туралы есебін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
Парламент Үкіметтің Бағдарламасын қабылдайды немесе қабылдамай тастайды.
Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депуттарының жалпы
санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырылады және бұл Үкіметке
сенімсіздік көрсетілетінін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы
Үкімет Бағдарламасының мақұлдағанын білдереді. Әр Палата депутаттары жалпы
санының үштен екінсінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы
санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда
белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіре алады; Президенттің
ұсынысы бойынша Палаталардың бірлескен мәжілісінде Конституцияға өзгертулер
мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оған
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Республика Президентінің қарсылығын
туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен
бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.
Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді.
Егер Парламент әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің
көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді мақұлдайтын болса, Президент
жеті күн ішінде заңға қол қояды.
Егер Президенттің қарсылығы ескерілмесе, заң қабылданбауы немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептеледі; Президентке оның
бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің
даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
Президент Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің
Төрағасын тағайындауға келісім береді.
50-баптың 1-тармағына сәйкес, Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін
екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті
тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл. Мәжіліс 107
депутаттан тұрады. Соның 9 депутаты Қазақстан халықтарының Ассамблеясының
әр ұлт өкілдерінен тұрады. Он депутат теңдей өкілдік жүйесі бойынша және
біртұтас жалпы-ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер
негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі өз қызметінің регламенттерін
қабылдайды, өз құрамы ішінен Палаталардың төрағалары мен олардың
орынбасарларын сайлайды, Палаталар қызметінің жекелеген бағыттары үшін
жауап беретін комитеттер мен комиссиялар құрады.
Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураларды депутаттар ұсынады,
Республика Президенті Сенат Төрағасының қызметіне төрағаны ұсынады.
Комитеттер –Парламент Палаталары жанындағы тұрақты іс-қимыл жасайтын
органдар.
Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат
пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссия құрады.
Арнайы уақытша комиссиялар мынадай жағдайларда құрылады:
а) Президенттің қызметінен мерзімінен бұрын босауы немесе кетірілуі
туралы мәселені шешу кезінде;
ә) Парламенттік тыңдаулар өткізу кезінде;
б) Үкімет мүшелерінің есептерін Қазақстан Республикасы Парламентінің
Палаталарында тыңдауды әзірлеу және өткізу үшін.
Парламент Палаталары арасында қабылданатын заңдарға қатысты
келіспеушілік туған кезде келісім комиссиясы құрылады.
Парламент депутаттарының саяси партиялардың функциялары түрінде
депутаттық бірлестіктер мен басқа қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар
құру құқығы бар.
Фракция - белгіленген заң тәртібінде тіркелген, саяси партияны немесе
басқа қоғамдық бірлестікті білдіретін депутаттардың ұйымдасқан тобы; ол
саяси партиялардың немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің Парламентте
мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракцияның құрамына
Парламенттің екі палатасының кем дегенде 10 депутаты енуі тиіс.
Депутаттық топ - сайлау округтарындағы бірлескен жұмыста өз
өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін депутаттардың бірігуі. Депутаттық
топтардың құрамына Парламент дептаттарының кем дегенде 15 депутаты
кіруі тиіс. Депутаттың қандай бір фракцияда болушылығы, депутаттық
топқа кіру үшін кедергі болып саналмайды.
Депутаттық бірлестік Палаталардың Бюросында тіркелген болуы тиіс.
Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін депутаттар дербес
ұйымдастырады. Парламент Регламентіне сәйкес депутаттық
бірлестіктердің өкілдері фракциялар, топтар атынан :
- Парламент пен Палаталар мәжілісінің күн тәртібі мен негізі
бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуге;
- Парламент немесе оның Палаталары немесе тағайындайтын немесе
тағайындауға Парламент келісім беретін лауазымды тұлғалардың
кандидатуралары бойынша пікір білдіруге;
- Парламентпен, оның Палаталарымен қабылданатын заң жобаларына,
қаулыларға, өзге де актілерге түзетулер енгізуді ұсынуға;
- Фракциялардың, депутаттық топтардың шешімдерімен қабылданған
азаматтардың мәлімдемелерімен Парламент депутаттарын таныстыруға;
- Депутаттық бірлестіктердің қызметі үшін қажетті материалдар
мен құжаттарды мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан
сұратып алуға құқы бар.

Сенат әрбiр облыстан, республикалалық мәндегi қаладан және ҚР
астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, республикалалық мәнге ие
қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының
бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi
депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат
депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға
толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика
аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге
Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат
депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.
1953 жылғы 17 мамырда туған, қазақ. Білімі жоғары. Мәскеу мемлекеттік
халықаралық қатынастар институтын, Пекин лингвистика институтын (ҚХР),
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын
бітірген. Саясат ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай және француз тілдерін
меңгерген.
Дипломатиялық рангы – Төтенше және Өкілетті Елші.
КСРО Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратында, шетелдік
өкілдіктерде мамандығы бойынша қызмет атқарды.
1992 жылғы наурыздан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің
орынбасары, бірінші орынбасары. 1994 жылғы қазаннан – Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрі. 1999 жылғы наурыздан – Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі. 1999
жылғы қазан мен 2002 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі. 2002 жылғы қаңтар мен 2003 жылғы маусым аралығында –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі. 2003
жылғы маусым мен 2007 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі. Қазақстан Республикасының үшінші шақырылымдағы
Парламенті Сенатының төрағасы.
Парасат, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.
Қазақстанда және шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар
мәселелері жөніндегі алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы.
2.2 Мәжіліс
Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей тең және төте сайлау құқығы
негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25-
ке толған азаматы Мәжiлiс депутаты бола алады. Респ. және жергiлiктi
бiрлестiктер арқылы, сондай-ақ, өзiн өзi ұсыну жолымен азаматтар Мәжiлiс
депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.
Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттiң бiрiншi
сессиясында, оның Палаталарының бiрлескен отырысында, Қазақстан халқына
адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға ант
бередi. Парламент депутаты императивтiк мандатқа, қандай да болсын аманат
пен тапсырмаға тәуелдi емес. Ол Парламентте өзiнiң сенiмi бойынша дауыс
бередi. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да
бiр қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртiппен,
заң бойынша жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн. Парламент депутатының
өкiлеттiгi оның кәсiпкерлiк қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы
органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруi, сондай-ақ,
жергiлiктi өкiлдi органға депутат болып сайлануы себептi тоқтатылады. Әр
Палатаның өзiнiң өкiлеттiлiк күшi жүретiн қызмет аясы бар, сонымен бiрге
олар бiрқатар өкiлеттiктердi бiрлесе отырып жүзеге асырады.
Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi
Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджеттi
және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен
толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және
оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi
шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер
шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын
сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн
тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң
есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын
жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген
басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар
жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағайындау және
қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк к-
тiнiң төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот
төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың
өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы
Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б.
Мәжiлiстiң ерекше құзырына мыналар жатады: тиiстi заң жобаларын
қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттiң
қарсылығы бойынша ұсыныстар әзiрлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын,
төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерiн сайлау және босату;
Президенттiң кезектi сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын
өткiзудi тағайындау; әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына 2 депутат ұсыну;
ҚР Президентiне қарсы мемл. опасыздық жасады деген айып тағу, т.б. (ҚР
Конституциясы, 56-бап).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал
Байғонысұлы Мұхамеджанов. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаты 1948 жылдың 11 қарашасында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары,
Новосібір кеңестік кооперативтік сауда институтын, Алматы Жоғары партия
мектебін аяқтаған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырылымдағы депутаты, Қостанай
облысының №49 сайлау округінен сайланған.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституц.
заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; респ.
бюджеттi және Үкiмет пен Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп
к-тiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер
мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе
заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай
мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң
сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң
бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс
беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк
бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына
келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын
тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата
депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының
екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр
Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент
депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке
сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; респ.
референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның
Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң
актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн
күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер
Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының
көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда
көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде
үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке
сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте
келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен
мемл. билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси
дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше
жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6
айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi
таратуға болмайды.
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты к-ттерде атқарылады, олардың
саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне
қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен
комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала
қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы
отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал
Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституц. заңдар
қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi
бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба
Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен
екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта
талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын
сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың
арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар
палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның
жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара
ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды,
бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде
қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар
олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
Парламент Сенатының әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz