Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Философия және Саясаттану»

Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті»

СӨЖ

Тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»

Орындаған:Жомуд Мария Қонайбекқызы

Тексерген: Козгамбаева Гульнар Бестибаевна

Азаттықтың ақ таңына жеткенше қанша қазақ құрбан болды? Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай ауыртпашылықтарға тап болды, бүгінгі күнге қалай қол жетті?

Тәуелсіздік - бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік - таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма тоғыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Нұр-Сұлтан арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы». Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы. Ұлтаралық татулық - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». ҚР жастар саясаты және рухани жаңғыру бағыты Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан - 2020» даму бағдарламасы. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) . Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12- 13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Ұлттық тарих жылы. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру - фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру. «Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан -ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруы. Қазақтардың ұлттық тарихының маңызын айшықтау. Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи деректерді сараптау. Шет елдердегі зерттеулерді қолдану. Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту. Халыққа тарихи патриотизмді сіңіру. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы Н. Ә. Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының - ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі. «Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. «Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемелкеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны. Мәңгілік елдің құндылықтары: 1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана 2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық 3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық 4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу 5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы 6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы 7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.

Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні

Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады.

Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.

Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер - отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.

Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл - халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ

Мемлекеттік рәміздер - жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.

Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет - ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.

Зеңгір көк түс - біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.

Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.

Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым - қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді.

Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді.

Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.

Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.

Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.

Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба - көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан - белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ - күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге - уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз - тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.

Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.

Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздер
Мәдени - тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz