Ұғымдардың арақатынасы:мемлекеттік басқару-атқарушы билік-әкімшілік құқық


Қанат Аяжан Саматқызы
ТД-19-1К
СОӨ тапсырмалары:
Эссе:Ұғымдардың арақатынасы:мемлекеттік басқару-атқарушы билік- әкімшілік құқық.
Атқарушы билік - “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке - мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап) . Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері. Әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
«Администрация» сөзі латын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және атқару биліктің жүзеге асуымен тікелей байланыста жүргізіледі.
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері:
• Қазақстан құқығының негізгі, жариялы (мемлекеттік) салалардың бірі;
• өзінің реттейтін пәні - атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары;
• өзінің құқықтық реттейтін әдісі;
• ішкі ұйымдастырылуы (құрылымы) ;
• нормативтік базасы (нормативтік қайнар көзі) .
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтың реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар, басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқық пәні, шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
1. Аппарат ішілік қатынастар - мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерімен және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен азаматтарымен қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатады.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт - басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөліктелген әкімшілік-құқықтық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік институттар: әкімшілік құқықтың принциптерінің, азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызмет, атқарушы билік органдары мен басқарудың өзге де субъектілері мәртебесі; әкімшілік-құқықтық нысандар мен әдістер, әкімшілік жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету, салааралық басқару, экономика аясындағы басқару, әкімшілік саяси аясында басқару, әлеуметтік мәдени аясындағы басқару.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл әкімшілік-құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:
1. Нормативтік құқықтық акт - құқық шығарушы құзыреті субъектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтық нормалары қаралған заңдық акт.
2. Әкімшілік шарт - нормативтік мазмұны бар әкімшілік-құқықтық нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көпжақты келісім.
3. Әкімшілік прецедент - нақты заңды іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
4. Құқықтық әдет-ғұрып - тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
5. Әкімшілік-құқықтық доктрина - әкімшілік-құқықтық мәселелер өніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде жаңа әкімшілік-құқықтық нормалар жасалады және нақты істер бойынша шешімдер қабылданады.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекетпен белгіленеді.
Құқықтық нормалар әсерінен пайда болған өзара құқықтар мен міндеттемелері әкімшілік-құқықтық қатынастарды туғызады.
Әкімшілік құқықтық нормасы - мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Әкімшілік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz