1932-1933 жылдардағы ашаршылық апаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Медицина және денсаулық сақтау факультеті.

СӨЖ

Тақырыбы: 1932-1933 жылдардағы ашаршылық апаты.

Мамандығы: Жалпы медицина 2 топ

Орындаған: Мұратпекқызы Ақерке

Тексерген: Дауытбекова М. К.

2020 жыл.

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім:

ІІ. Негізі бөлім:

ІІІ. Қорытынды бөлім:

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе бөлім.

Caн caпыpылыc пeн тaлайлы тayқымeттi бacтaн кeшкeн қaзaқ xaлқының тapихында 1930 жылдapдaғы aшapшылық eшқaшaн ұмытылмайтын, кеpiciншe, yaқыт өткeн caйын зaрдабы ceзiле бeрeтiн ayыр кecaпaт бoлды. Eң бipiншi тyындайтын cұpaқтapдың бipi oл ғacыpлap бoйы мыңғыpғaн мaлын бaғып қыc-қыcтayды, жaз-жaйлayды epкiн жaйлaғaн xaлықтың aяқ acтынaн aштыққa ұшыpayынa нe ceбeп бoлyы мүмкiн eдi.

Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті. Бірақ ол кезде Кеңес мемлекетінің экономикалық жағдайы мәз болмады, шетелден қарыз алудың да мүмкіндігі болмады: алдыңғы қатарлы державалар - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, т. б. елдер КСРО-ны экономикалық және саяси қоршауда ұстаған еді. Себебі, 1917 жылы Ресей империясының орнына келген жаңа Кеңес мемлекеті өзінің саяси-қоғамдық құрылысы бойынша мүлде басқа мемлекет болатын. Сондықтан шетелдер КСРО-мен байланыс орнатуға шектеулер қойды, яғни Кеңес мемлекетін мойындамады. Америка Құрама штаттары 1917 жылы үзілген Ресеймен ресми дипломатиялық қарым-қатынасын тек 1933 жылы 30 мамырда ғана қайта орнатты. Тіпті 1929 жылдан бастап АҚШ КСРО-ға қарсы экономикалық соғыс жүргізді, ол 1929-30 жылдардағы «Ұлы депрессия» кезінің өзінде тоқтамады. Басқа елдерге де Кеңес мемлекетімен сауда-саттық жасауға тыйым салды, тек қана астық сатып алынсын деді. Бұны Ұлыбритания, Франция, Италия, тіпті Болгарияға дейін қолдады.

Индустрияландыру барысында Кеңес елінің әр жерінде ірі құрылыстар, теміржолдар салу басталды. Алғашқы сталиндік бесжылдықтар бойынша Қиыр Шығыста Амурдегі Комсомольск қаласы, Норильскіде никель комбинаты, қар мен мұз құрсаған Архангельскіде зауыттар салынып жатты.

Әрине, олардың барлығын азық-түлікпен, басқа керек-жарақпен қамтамасыз ету керек. Бұл үшін алдымен бүкіл елде шаруа қожалықтарын біріктіріп, колхоздар құру қолға алынды. Ұжымдастыру жөніндегі шешім 1927 жылы БКП(б) XV съезінде қабылданды.

1929 жылы желтоқсан айында КСРО-да жаппай ұжымдастыру жүргізу жөнінде А. Яковлев басқарған комиссия құрылды. Комиссия мүшелері бұл науқанның бағыт-бағдарын, көлемін, өткізу қарқынын белгіледі. Сонда Қазақстанды ең соңғы кезекке қойған екен, себебі территория үлкен, жол қатынасы, байланыс жүйесі жоқ, халқының көпшілігі негізінен мал шаруашылығымен айналысады, сондықтан асықпай ең соңынан өткізу керек. Алайда, кейбір басшылардың ұсынысымен Қазақстандағы ұжымдастыруды Ресейдің ішкі губернияларымен бір мезгілде және жедел қарқынмен өткізу басталып кетті.

Қазақстандағы 1929-30 жылдары ұжымдастыру науқаны көшпелі, жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа көшіреміз деген сылтаумен өте тұрпайы жүргізілді. Аздаған малы бар орта шаруалардың өзін қудалап, мал-мүлкін тартып алды. 5 мыңнан астам адамды жер аударды. Шын мәнінде ол кезде қазақ халқы көшпелі емес, өйткені 1930 жылға қарай 20-30 шақырымға дейін көшіп-қонып, қыстауы мен жайлауына баратындар 30-ақ пайыз, 5-10 шақырымға кететіндер 15-20 пайыз, ал шын мағынасында көшпелі өмір сүргендер небары 6 пайыз болған.

Кеңес мемлекетінің саясатына сәйкес (бұл жөнінде Мәскеудегі Саяси бюроның құжаттары бар), қазақтардың кең байтақ жеріндегі әрбір елді-мекенге мектеп, емхана салмау үшін, бәрін жинап орыс поселкесі үлгісіндегі орталықтарға жинап қоныстандыру керек - міне, «отырықшыландыру» дегеннің астарында осындай мәселе жатыр. Бұл жөнінде 1932 жылғы 17 қыркүйектегі қаулыда да айтылады.

ХХ ғасырдың 20 - жылдарының басынан Қазақстанның халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру барысында большевиктік үкімет бірнеше реформаларды жүзеге асырған. Елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығындағы Қазақстанға Ф. Голощекиннің келуі бұл үдерісті одан сайын жеделдетті. Бірінші басшы «қазақ жері әлі патриархалды өмір сүруде» деп, елде өзі ұсынған «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асыруға белсене кірісті. Осы кезге академик М. Қозыбаев «Кешегі 20-30 жылдары қазақ сахарасын Сталиннің қаныпезер жендеті Голощекин биледі, қамырша иледі, ел азды, сарбаз тозды» - деп тұжырым жасаған.

Голощекиннің бұл саясаты нәтижесінде жүргізілген тәркілеу мен ұжымдастыру, колхоздандыру науқандары жылдам қарқынмен жүргізілді. Ол 1928 жылдың 15 мамырында БК(б) П ОК-не жіберілген «Ірі байлардың шаруашылығы және бұрынғы сословие мен тайпалық топқа жататындардың шаруашылық құралдары мен саймандарын тәркілеу» туралы мәлімдемелік жазбасында кеңестік ауылшаруашылығына кедергі жасайтындармен күрес жүргізу, бұл күрестің төңірегіне кедейлер мен батырақтарды ұйымдастыру, тәркілеуге көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы ірі байлардың мал шаруашылығын жатқызуды ұсына келе, ұйымдастыру жұмысын күшейте отырып, қыркүйек айы мен 1 қарашаға дейін осы мәселені жүзеге асыру қажеттігі көтерілді. Бұдан кейін Қазақ өлкелік комитетінің мәжілісінде тәркілеуге жататындарды анықтау және оларды жер аудару мәселесі жөнінде бірнеше қаулылар қабылданды. 27 тамызда заң қабылдап, оған жататындарды нақтылап берді. Бұған дейін құпия түрде ОГПУ-дың Шығыс бөлімінің өкілдері Қазақ АКСР-ндағы байлар туралы материалдар жинақтаған еді.

Үкімет тарапынан тәркіленуден қашып шетелге қарай босқан байларын шекарада құрықтау, тәркіленгендерді жер аудару шаралары қолға алынып, 27 тамыз заңы бойынша олар Жетісу мен Сырдария округтерінен Орал округіне, Орал округіндегілер Жетісуға, Гурьевтен Петропавлға, Қарқаралыдан Қостанай округіне, Семейден Сырдария округіне, Павлодар мен Петропавлдан Ақтөбеге, Қызылордадан Адай округіне, Ақмоладан Гурьевке, Ақтөбеден Қарқаралыға, ал Қостанайдан Семей округіне жер аударылды.

Тәркілеу жұмыстарына басшылық ететін арнайы комиссия құрылып, оның төрағалық қызметі М. А. Атаниязовқа жүктеліп оған, Қожанов, Каммер (ОГПУ), Мырзатаев («Қосшы» одағынан) мүше болды.

Семей округіне қарасты аудандарда байларды тәркілеу барысында төмендегідей өкіллерге бекітілді: Шыңғыстау ауданында: Қоянбаев- өкіл, оның көмекшісі - Масанов, Тарбағатай ауданында: Қошанбаев - өкіл, Іргебаев, Әлімбеков көмекшілері және т. б.

Тәркілеуге, жер аударуға қарсы болған байлар жанталаса қарсыласты. Олар малдарын сатты, жасырды, кедей-кепшіктерге келісімнен кейін қайтарып алатындай болып үлестіріп берді. Молдалар мен байлар тәркілеуге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кеңес үкіметінің заңына бағынбай, шетелге көшуге үгіттеді.

1928 жылғы қыркүйектегі ОГПУ-дың мәліметтері бойынша тәркілеуге қарсылықтың туындап, байлар арнайы бұзақы топтар құрып, тәркілеушілерге кедергі жасаған. Сонымен қатар Қытайға, РКФСР-дің басқа аудандарына қарай үдете көшудің орын алып отырғандығын, тіпті Қытайға қарай босқандардың шекарашылармен арада қарулы қақтығысқа дейін барғандығы айтылды. Мәселен, 5 тамыз күні Семей округіне қарасты Тарбағатай ауданының екі ауылынан 200-дей қазақ үйі Қытайға үдете көшкен. Бұл көшті дәулетті Р. Жұлықпаев пен К. Әзікенов бастап, алдын-ала Қытайға барып, ол жақтан көшу барысын күзететін 200-дей қарулы қытай қазақтарын ала келген. Көшу барысында Қытайға күштеп √1 ауыл кеңесінің төрағасы Т. Қыстаубаевты және √2 заставаның қызыл әскері Сайфуллинді өздерімен бірге алып кеткен. Шекарашылар қарулы қақтығыста олардың 3000 бас малын тартып алып, 3 адамын өлтіріп, екеуін жаралаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж
Қазақ зиялыларының көмегі
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz