Экономиканы мемлекеттік реттеу



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

I. бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және субъектілері
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және құралдары

II.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

III.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСҚА ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

I- бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және субъектілері
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және құралдары

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

III-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСҚА ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

I- бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және субъектілері

Мемлекеттің орасан зор рөлі мен оның кейбір экономикалық процестерді
реттеу қабілеті экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет
қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік
емес институттарды реттейді. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын
қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені
жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.
Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір сүруі тарихи қажеттілік
қана емес, сонымен бірге экономикалық дамудың қоғамдық прогрессивті және
маңызды факторы болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуымен бірге оның экономикалық қызметі қалыптасады.
Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі
буынына айналады. Үкіметтің "ұлы қолы", А. Смит жазғандай, бәсеке мен
нарықтың "көрінбейтін қолын" реттеуге тиіс.
Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында
- бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу
және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы
белгілі шаралар.
Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін,
нарықтық немесе әміршіл-бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті
қажеттілік болып табылады.
Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің
барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін
еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін
көрсетті.
Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тікелей тауар өндіруді ұйымдастыру
және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде
ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік егуге құқысы
болмайды. Нарықтық жүйе - бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың
шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті. Сонда да мемлекеттің реттеуші
функциясының маңызы ерекше болып қала береді.
Еркін бәсекелестік кезінде нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық
проблемаларын шешуге дәрменсіздік таңытып, өндіргіш күштердің басым бөлігі
жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлен құрылымын өзі ұстауға
мәжбүр болады: теміржол, пошта, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде
мемлекетаралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық
шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым,
ғарыш сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және сол
сияқты жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің калыптасуына әкеледі.
Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу механизміне араласу қажеттілігі
пайда болады.
Қазіргі жағдайдағы ЭМР ұдайы өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.
Қазір белгілі ЭМР механизмдері дүние жүзінің дамыған елдерінде,
Франция, Германия, Испания, Австрия, Нидерландия, Скандинавия елдерінде
қолданылады. Англия, АҚШ, Канада, Австрия және басқа елдерде ЭМР әлсіздеу
дамыған.
ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін,соның
ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа
түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас
үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және іс-тәжірибеде пайдалану
тиімді.
Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты
(тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар басым түрдегі
экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке
артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарықтық механизмінің әртүрлі
жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.
Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ, әрдайым
экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер
қажеттігінен туындайды.
Экономиканын мем лекеттік секторы- бұл мемлекеттік биліктің орталык
немесе жергілікті органына тутас не ішінара жататын шаруашылық субъектілері
кешені. Оның құрылу нысандарына:
-кәсіпорын салаларын мемлекеттік меншіктеу;
-мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік құрылыс;
-мемлекеттік бюджет қорлары есебінен шаруашылық субъектілерін мемлекеттік
сатып алу.
ЭМР субъектілері орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе
коммуналды басқару типіндегі органдар болып табылады:
-шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм. Ол социалистік елдерге
тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады;
-нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің үйлесім тапқан әртүрлі нұсқалары.
Олар "Жапондық", "Шведтік" моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік бағдарланған
нарықтық шаруашылық моделдері, дамудың "қытайлық" нұсқасы да іске
асырылуда;
- АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді танылатын
либерализм.
Заң шығару, атқару және мемлекеттік сот билігі күшті жерде ЭМР тиімді
болып саналады.
Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген үлттық нарықтык
экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды
қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі қызмет арқылы мемлекет
(үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен
реттелуші жүйе (ӨРЖ), ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті
қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат,
тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі
нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас
жасауға жағдайлар жасайды.
Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ІЖӨ-нің 5%-нен аспауы
тиіс. Алтын валюта резервтерінің көлемі, тауарлар импорты шығындарын,
кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті
деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с.
Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы
параметрлерді ұстап тұру ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және
экономикалық өсу тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.
ФЭЖ-ге тән мысал: босекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын
реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты
ынталандыру жүйесі, төлем балансын қолдау жүйесі т.б.
Функциялы экономикалық жүйелер (ФЭЖ) өзін-өзі реттеу және мемлекетті
саясат көмегімен бүкіл халық шаруашылығының нәтижелі қызметіне нарықтық
инфрақұрылымның әралуан элементтерін іріктеп біріктіреді.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу механизмі, сол елдерді
күйзелтетін экономикалық дағдарыстардың "тоқтатуына" әсерін тигізеді.
Мысалы, 1973-1975 жж. экономикалық дағдарыстар мен одан кейінгі
жылдардағы циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік
бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді механизмдері пайда болғанын кең түрде
көрсетіп берді.
Сонымен, мемлекет ұлттық экономиканың тиімді қызмет атқаруына кұқықтық
негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар
бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық
жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару,
атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылды.
ЭМР классикалық, кейнисиандық және институционалды-әлеуметтік тарихи үш
жетекші метологиялық тұрғыда қалыптасады.
Классикалық үлгі (модель) экономикаға аз араласуды болжайды және
мемлекет нарықтық экономиканың түнгі күзетшісі болып саналады деген
А.Смиттің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бизнес
өндіреді және тұтынады, мемлекет жеке меншік құқығын қорғаумен айналысады
және нарық заңдарынан туындайтын, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың,
тұтынушылар мен өндірушілердің табиғи ойын ережелеріне ақырын әсер етеді.
Бірақ ол жеке меншіктің табиғи ережелерінен ауытқуына барып, күш
қолдануға дейін (құқық, сот, әскер, полиция т.с.с.) қатты әсер тигізуі
мүмкін.
Кейнсиандық үлгі (моделі) циклді өзгерістерді, жұмыссыздықты,
инфляцияны және нарықтың барлық қатысушыларының өнімдерімен ресурстар
шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында мемлекеттің экономикаға
белсенді және неғүрлым көп араласуын көздейді.
Институционалды әлеуметтік үлгі (модель) құрылымы, экономикалық және
әлеуметтік факторлар (институттар) арқылы қоғамның экономикалық тіршілік
ету ортасына тарихи оңтайлы араласу жолымен мемлекеттің үш функциясын іске
асыруды болжайды. Институционалды-әлеуметтік үлгі (модель) факторлар құрамы
жағынан ең күрделі болып табылады. Оны таза сан түрінде көрсету қиын. Ол
қоғамның шаруашылық өміріне мемлекеттің ықпал етуі сияқты арнайы
макроэкономикалық тұрғыдағы шектерін көрсетеді, сонымен бірге оған алдыңғы
екі үлгінін элементтері де кіреді.
Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар,
иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін
иеленушілер - бұл әлеуметтік топтар, олар бір-бірінен мынадай белгілермен
ерекшеленеді: мүліктік, табыс, қызметі мен түрлері, мамандығы, салалық
және аймақтық қызығушылығы. Бұл жалдамалы жұмыкерлер,
кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұақ және ірі кәсіпкерлер,
басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әрқайсысына өз әлеуметтік-
экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық
топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару
билігі механизмін құрады.
Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш
бөлікті тармақтан құралады, олар (Президент, Үкімет, олардың
сот органдары және Ұлттық банк). ЭМР өз қолдарына алатын
федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет
болады. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет тариф
келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары , және атқару
биліктері өкілдерінен органдары құрылады. Экономика Министрлігі және
кәсіпкерлердің салалық : одақтарының жеке салаларын қолдау және дамыту
жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады. Олар кеңесшілдік қызметті
жүзеге асырады және мемлекеттік экономикалық саясатқа (МЭС) ықпал етеді.
Мұндай органдарға үкімет, экономика, қаржы, әлеуметтік қорғау
Министрліктері, Орталық банк сарапшыларының әралуан кеңестері т.б. жатады.
Олардың ұсыныстары (МЭС) бағдарлауға, бюджеттен және әртүрді қорлардан
қаржы жұмсау бағыттарына жатады.
ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы саясат мыналармен
айқындалады:
- шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен;
- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен камтылуының өсуімен;
- қалыпты төлемқабілетті баланспен;
- инфляция қарқынының темендеуімен;
- халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен.
ЭМР жетістігі сондай-ақ кәсіподақ демонстрациялары мен азаюынан, барлық
ақпарат хабар әсерімен сайлауды реттеудің мемлекеттік шараларын қолдауынан
көрінеді. Ол үшін ЭМР органдарында сауалнамалар кемегімен жүргізілген
реттеу шараларында шаруашылық субъектілері іс-қимылының болжамдарымен,
жедел ақпараттар болуы тиіс.
ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісінің кейбір кемшіліктері
болғанымен, ол экономиканы мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және
ғылыми әлемде, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта танылған болып саналады.
Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының
жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық
нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын "ойын
ережелерін" белгілейді, және үкімет нарықтық субъектілерінің бірі болып
шығады, яғни мемлекет ұлттық мүддені қолдайтын белсенді ретінде әрекет
жасайды.

1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және құралдары

Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл -
үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін
экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.
Қазіргі жағдайда мынадай құралдар елге ортақ болып табылады:
- бағаны реттеу;
- үкіметтік сатып алу;
- трансферттік төлемдер;
- мемлекеттік несиелер;
- дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;
- федералды қаржылар (бюджетгік және бюджеттік емес қорлар, кірістер,
шығындар);
- федерация субъектілерінің қаржылары;
- мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;
- мемлекеттік берешек (ішкі және сыртқы);
- жергілікті қаржылар;
- фискалдық саясат;
- мемлекеттік кәсіпкерлік;
- шаруашылық заңдылығы;
- меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.
Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық
төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді.
Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім
жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы
саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары және ережелерінің
жүйесінен тұрады.
ЭМР әкімшілік әдістері бұл- мемлекетгік реттеудің кажет нәтижесіне
жетуге мүмкіндік беретін экімшілік тетіктер. Әкімшілік реттеу (бекіту,
рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта
бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік қорғауға т.б. мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады.
Баға- қоғамның экономикалық, әлеуметтік-саяси өмірінің шекті
нүктелерінің бірі. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер,
кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір
адам бағамен байланысты, оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар,
парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді.
Баға арқылы ЭМР ауқымды мақсаттарға, саясаттын конъюнктуралық және
құрылымдық өзгеруіне, инфляциямен күресте, әлемдік нарықта ұлттық
бәсекелестік қабілеттілігі мен әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға кол
жеткізілді.
Мемлекеттік темір жол, пошта, телеграф кызметіне тарифтер, тауарлар
акциздеріне мемлекеттік монополиялар, егін шықпай қалған жылдары азық-түлік
тауарларын мемлекеттік қорлардан тұрақты бағамен сату, кеден саясаты, ішкі
бағаға әсер етуші жанама салықтар- бұл соңғы 100-150 жылдағы бағаны
мемлекеттік реттеу шараларының толық емес тізімі.
Бағаны реттеудің мемлекеттік шаралары заң, әкімшілдік және сот
сипатында болады. Парламентпен қабылданған заңдар, шаруашылық субъектісі
мен мемлекет арасындағы баға белгілеу саласында құқықтың негізін құрады
және баға құқығы болып табылады. Бұл құқық негізінде мемлекет бағаны
әкімшілік реттеуді жүзеге асырады, ал заңды бұзғаны үшін айыптылар сот
жауаптылығына тартылады.
Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, капиталды
шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау,
экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы, нарықтың
қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта:
- бюджеттік және фискалдық саясат;
- ақша-несие саясаты;
- бағдарламалау;
- болжам мен жоспарлауды пайдаланады.
ЭМР-дің экономикалык әдістері болып мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері
Саналады. Олардың негізгі түрлері:
- тура мемлекеттік реттеу әдісі;
- жанама мемлекеттік реттеу әдісі.
Үкіметтік сатып алу нарықтарында ресурстар мен тауарлардың
шаруашылық өміріне мемлекеттік араласу арқылы жиынтық сұраныстың
ұлғаюы есебінен өсуіне ықпал етеді. Бұл әдіс өз каржы ресурстарын
сұраныс элементтеріне құю жолымен жүзеге асырылады, бұл
-экономикалық конъюнктураның өсуіне әкеледі немесе керісінше,
сұраныста өз қатысуын қысқарта отырып, қоғамдық бақылаудан шыққан
кезде, ол өзінің өсуін ұстап тұрады.
Трансферттік, дотациялық және басқа шығындар тауарлар мен
қызметке сұраныстың немесе ұсыныстың ұлғаюы және мұқтаждарды
қолдау мақсатында мемлекеттік ресурстар бөлігін қайта бөлу болып
табылады. Мемлекеттік несиелер, таза жиынтық ақша
капиталының меншік иесі ретінде (мемлекеттің) нарық қатысушыларына
белгілі көлемде пайыз береді. Экономикаға мемлекеттің
тұтастай араласуы қандай да болмасын мәселені шешуде шектеу
туғызады, сөйтіп, экономиканы мемлекеттік ретгеуде екіұштылық
пайда болады. Мұндай екіұштылық мәнін былай тұжырымдауға болады: шектелген
мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстар шегінде бір
мәселені шешу, балама экономикалық нәтижелердің жойылуына әкеледі.

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының дамуының алғышарты болып жеңіл
өнеркәсіп саналады. Қазақстан экономикасындағы өндірістің құлдырауы жеңіл
өнеркәсіпте де байқалады. Негізінен Республикамыздың экономикасы
технологиалық потенциалы төмен жағынан мінезделеді. Негізгі салаларда
қолданылатын көптеген технологиалар әлемдік деңгейге қарағанда төмен.
Сондықтан бұл саланы дамыту үшін ғылыми – техникалық жетістіктерге көңіл
бөлу керек.
Қалыптасқан тәжіребе бойынша жаңа құрал – жабдықтарды кәсіпорындарға
тарату тиімді түрді жүргізілмейді. Негізінен бұл процесті тиімді түрде
жүргізу үшін кәсіпорындарға бөлінетін құрал – жабдықтарды толығымен
қамтамасыз ету керек. Ал қазіргі кезде жабдықталатын кәсіпорындардың санын
көбейту мақсатында құрал – жабдықтар аз мөлшерде бөлінуде.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің барлық елдерінде бірқатар мәселелер
туындауда. Олардың қатарына кәсіпорындар арасындағы қарым – қатынастың
жойылуын жатқызуға болады.
Дегенмен, интеграция бойынша әлемдік кеңістікте аса маңызды мәселе
байқалады – дамыған елдерде өндірілетін өнімдермен салыстырғанда отандық
тауарлардың бәсекелестік қабілетінің төмендігі. Импорттық шектеулердің
әлсізденуі жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілеттілікті төмендетуде. Бәсекелестік қабілеттілігі өнімнің жоғарғы
сапасымен байланысты, сондай – ақ бағаның төмен болуы және жаңа
технологияларды қолдану, еңбектің қазіргі кезеңге сай ұйымдастырылуы мен
тиімді басқару әдісі кәсіпорынның бәсекелес тиімділігін арттырады.
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қазіргі
кезде дамыған елдерден сапалы құрал – жабдықтарды толық көлемде ғана емес
сонымен қатар белгілі бір сан мөлшерінде импорттауға мүмкіндік бермейді.
Тұтыну тауарларын шығаратын салалар техникалық жағынан артта қалуда
және әлемдік деңгейге сай бұйымдарды шығаруға қабілетсіз.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында 40мыңға жуық технологиялық құрал –
жабдық бірліктері қолданылады, соның ішінде 40 – 45 % моральдік және табиғи
жағынан еcкіруде. Сондықтан айырбасталуды талап етеді. Өндірістің
технологиалық деңгейі жылдан жылға құлауда. 1991 жылға дейін бұл сала жыл
сайын 2,5-3 мың бірлік құрал – жабдықтарға жаңартылып отырған, ал норматив
бойынша 6-7 мың бірлікке жаңартылып отырылуға тиіс. 1991 жылдан бастап
құрал – жабдықтардың түсімі 700-800 данаға дейін, 1994 жылы 200 бірлікке
дейін қысқарды.
Дегенмен нарықтық қатынастардың қалаптасуы жағдайында кәсіпорындарда
қаржылық жағдайдың күрделілігіне қарамастан өндірісті технологиалық жағынан
жаңартып, дамытуға байланысты мәселелерді өздігінен шешуге тура келеді.
Мәселен, текстиль саласында 1994 ж. технологиялық құрал-жабдықтың 33
бірлігі орнатылды және 15 жаңа технологиялық желілер енгізілді. Былғары-аяқ
киім саласында сәйкесінше 32 және 15, трикотаждық саласында 17 жаңа
технологиялар енгізілді, құрал-жабдықтардың шамамен 50 бірлігі орнатылған.
Шетел инвестициясын тарту арқылы бірқатар өндіріс орындары техника
жағынан қайта жабдықталған. Бұндай өндіріс орындарына АҚ АХБК Озат,
Ақжіп, Жамбыл былғары аяқкиімі, Қарғалы мысал бола алады.
Бүгінгі таңда маңызды индустриалды сала ретіндегі жеңіл өнеркәсібінің
технологиялық потенциалы қажетсіз күйде. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы
кәсіпорындарда техникалық жаңартудың талдамы бойынша өткен жылда жаңа
құрал-жабдықтардың 12820 данасы орнатылған, сонымен бірге 85% ескі паркті
жаңартуға жұмсалған. Дегенмен, салада қазіргі кезде ескірген құрал-
жабдықтар көптеп кездеседі. Мәселен, Орал былғары бірлестігінде негізгі
технологиялық құрал-жабдықтардың 50% 15 жылдан астам қолданылып келеді,
АХБК жеңіл өнеркәсібінде бұл құрал-жабдықтардың 40% 1960 - 1970 жылдары
орнатылған.
Осыған орай менің ойым бойынша, инновациялық саясаттың негізгі мақсаты
технологиялық деңгейді жақсартуға бағытталу керек, ал бұл болса
кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттырып тұрақты экономикалық
өсімге қол жеткізеді. Бұл мақсатқа жету үшін кейбір статистикалық
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру керек. Сондықтан, ҚР-ң экономика және
сауда Министрлігімен отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін
коньюктуралық зерттеудің анкетасы құрылған болатын.
2002-2003 жылдары жеңіл өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерінің өндірілуі
мен өткізу көлемінің едәуір өсуі байқалады (215% және 130,2%). Экономиканың
нақты секторында осы кезенде оның инновациялық потенциалының деңгейін
сипаттайтын кейбір көрсеткіштердің өсімі байқалуда. Дегенмен, осы саланың
кәсіпорындары өндіріс қуаттылығы толығымен қолданылмайды (өндіріс
қуаттылығының шамамен 50-70% қолданылуда).
2002 жылы екінші деңгейдегі банктер несиесінің түрінде тартылған
инвестициялардың едәуір көлемі жеңіл өнеркәсіпке жұмылдырылған (30%).
Зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай өнеркәсіп саласына отандық және
шетел ғылыми-техникалық жетістіктер енгізілетіндігін байқауға болады.
Мәселен, егер 2001 жылы жеңіл өнеркәсіпке 22, ал 2002 жылы 29 ғылыми-
техникалық жетістіктер енгізілген. Өсімі 131,8% құрайды.
Жеңіл өнеркәсіпте (текстилді және тоқыма, былғары мен аяқкиім
өндірісінде) 27,6 мың адам немесе өндірісте жұмыспен қамтылғандардың 6%
қызмет етеді.
2004 жылдың 1 қаңтарына сәйкес экономика және сауда Министрлігінің
көрсеткіштері бойынша Қазақстанда 1205 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
тіркелген. 1994 және 1995 жылдары өзіндік балансы бар жеке өндірістік
бірлігін құру арқылы олардың өсу процесі байқалады. Дегенмен, бұл өндіріс
көлемінің артуына жағдай жасамады. Мәселен, 1990 жылы республикада 325,461
млн. кв. м. мата, аяқкиім - 36,464 млн. пар өндірілсе, ал 2003 ж.-
сәйкесінше 14,1 млн. кв. м. мата, 0,6 млн. пар аяқкиім өндірілген болатын.
1991-2001 жылдары саланың өндіріс көлемі және оның өнеркәсіп өніміндегі
жалпы көлеміндегі үлесі төмендеген болатын. Сондықтан ең алдымен соңғы
жылдары Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласына жалпы сипаттама беріп
кетейік. Бұны келесі кестеден көруге болады.
Кесте1

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері

өнім түрлері 1990 1995 1998 1999 2002 2004 жуылған жүн, мың
тонна 75,2 7,9 1,4 4,7 6,8 Мақта талшығы 99,3 69,0
62,5 66,7 137,4 131,9 жүн жібі 20,9 2,1 0,5 1,4 0,4
0,4 мақта жібі 39,1 4,2 1,9 1,8 2,5 3,7 маталар млн.
шаршы метр 325,5 31,1 12,7 12,5 19,2 23,0
Жүн маталары 34,2 3,5 0,7 0.12 0.6 0,4 Мақта маталары 151.3
21,3 10,3 9,3 14,2 19,9 төсек жаймалары млн. дана 12.8
0.8 0.6 0,6 1,7 1.6 Кілемдер мың шаршы метр 2234 198 172
154 134 98 жүннен және фетрден басылған аяқ киім, мың жұп 2900
700 742 479 528 393 свитерлер, жемпірлер. басқа да кеудешелер,
млн. дана 125,8 8,5 0,1 0,1 0,06 0,06 Кестеде келтірілген
деректерденн мақта талшығынан басқа өнімдердің қаншалықты азайғаны көрініп-
ақ тұр. Жуылған жүннің көлемі 1990 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта 11
есеге, жүннен иірген жіп — 52 есеге, мақта жібі — 11 есеге, маталардың
барлық түрі - 14 есеге, төсек жаймалары - 8 есеге, кілемдер 23 есеге азайып
кеткен. Бұрынғы кезде республика бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің
үштен бірі өндірілетін Семей қаласында Большевичка еркектер көйлегін
тігетін, аяқ киім, шұға, жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін фабрикалар сияқты
ірі кәсіпорындар жабылды, тері - былғары, тон тігетін комбинат бұрынғы
көлемінің аз малшерін сақтап қалды. Алматыдағы былғары аяқ- киімін
шығаратын Жетісу, мақта иіретін фабрикалар да жабылды, Алматы мақта-мата
шығаратын комбинаттың да аз бөлігі қалды. Міне, осындай жағдай барлық
қалаларда да орын алды. Сөйтіп, өз халқымызды қажетті мөлшерде мақта мен
жүн бола тұра тым кұрымаса шұлықпен қамтамасыз етуден қалдық. Бүгінде 100
теңгеден қытайдың сапасыз шұлығынан бастап, 500 теңгелік тәуір шұлықты
басқа елден киюге қол жетті.
Көптеген жылдар бойы Республикада қалыптасқан жеңіл
өнеркәсіп өндірісінің құрылымындағы диспропорциялар қазіргі кезде одан да
әрі дағдарыстық құбылыстармен өндірістің тоқтап құлдыруымен терендей түсті.
Мұндай жағдайда, төмендегідей 2005 жылға дейін перспектива үшін
индустриальді саясаттың басты мақсаттарын анықтау керек:
- егеменді елдің экономикасын нығайту;
- нарықгық жағдайларда халық шаруашылығы кешеніндегі дағдарыстық
құбылыстарды толығымен жою;
- жеңіл өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру;
- жеңіл өнеркәсіп салаларының радикалды құрылымдық қайта
құрылуын жүзеге асыру, импортты алмастырушы технологияларды
дамыту, өндірістік-экономикалық потенциалды ұлғайту;
- жеңіл өнеркәсіп жуйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашьшық-экономикалық
құрылымдарды құру;
- Республикадағы жеңіл өнеркәсіптің достастық елдерінің экономикасына
және әлемдік экономикаға тиімді интеграциялау;
- жеңіл өнеркәсіп кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл республиканы
тездетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту.
Алдағы 5 жьш үшін жеңіл өнеркәсіп саясатының құрылымдық концепциясын
төмендегідей өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттердің блоктары арқылы
көрсетуге болады:
1.Базалық жеңіл өнеркәсіп салаларына айқын дағдарыстың құбылыстардың
алдын алу іс-шараларын дайындау. Мақсаттар: базалық жеңіл өнеркәсіп
салалардың жұмыстарын максималды қорғаумен қамтамасыз ету
және мемлекетаралық қарым-қатынастар, материалдық өндіріс пен экономика,
кездейсоқ апаттар, ішкі республикалық жағдайлар саласындағы жағымсыз
сипаттағы процестердің мүмкін жағдайларында дағдарыстық құбылыстарды жою.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
дағдарыстық құбылыстар мен процестердің дамуын жобалау-сценариін дайындау,
осындай шарттарда жеңіл өнеркәсіптік өндірістің функциялық механизмін құру;
өмірлік маңызы бар материалды-техникалық, шикізаттық ресурстар, өндірістік-
техникалық өнімдер бойынша мемлекеттік мақсатты сақтандыру қорын құру;
- өмірлік маңызы бар техникалық өнімдер, шикізаттар, материалдар және
энергияның импортын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мақсатты сақтандыру,
валюта қорын кұру;
- төтенше дағдарыстық жағдайларда барлық меншік түріндегі
кәсіпорынның функциялық нормативті акттер блоктары бойынша
ұсыныстар дайындау;
- өмірлік маңызы бар энергия, шикізаттар, материалдар және техникалық
өнімдер алуға кепілдік беретін ТМД-мен және шетелдермен келісімшарттар
жасау және пролонгация бойынша ұсыныстар дайындау және оны
жүзеге асыру.
2.Елдегі жеңіл өнеркөсіптердің мәжбүрлі автономды функциялық
концепциясын дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттар: тиімсіз шаруашылық және сыртқы экономикалық байланыстар
шарттарында елдегі жеңіл өнеркәсіптің рационалды, автономды дамуы үшін
республиканың объективті немесе субъективті байқалмаған потенциалын
қолдану.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
бұрынғы Кеңес Одағының бағдарламаларындағы ел
өнеркәсібін дамыту концепцияларына сын көзбенен талдау жасау және автономды
өзін-өзі дамытудың конструктивті саясатын дайындау. Мұның негізінде
төмендегілердің болуы шарт:
- кушті салалардың артықшылықпен дамуы;
- экспорттық өнім өндірісінің дамуы;
- жай өнім импортын жою және оның елдегі өндірісін ұйымдастыру;
- жоғары сапалы өнім өндіру бойынша өндірістің радикалды дамуы;
- өнеркөсіптің құрылымдық қайта құрылуы.
3.Жеңіл өнеркәсіптің жұмыстарын тұрақтандыру бадарламасын дайыңдау және
оны жүзеге асыру.
1.Жеңіл өнеркөсіптегі шығынды өндіріс бойынша іс-шаралар жүйесін
дайындау және оны жузеге асыру. Мақсаттар: жеңіл өнеркәсіпті материалды
өндіріс салаларындағы айқын дағдарыстық құбылыстар мен
тұрақсыздандыру кезеңінде бекітілген құлдырауды қолдана отырып, банкрот-
кәсіпорындар мен жағымсыз құрылымдардан босату. Өндірісті дамыту мен қайта
құрудың жаңа беологиясы үшін жағдай жасау.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-эрекеттер:
• экономикалық банкроттық пен өңдірістік кұлдыраудың нағызды себептерін
анықтау және талдау жасау, перспективасыз-шығынды кәсіпорындарға макро-,
микро деңгейлері бойынша топтастыру;
• банкрот-кәсіпорындардың ликвидациясы жөніндегі ұсыныстар дайындау;
• өндіріс диверсификациясы, акционерлеу және шетелдік серіктестердің
қатысуымен кәсіпорындарды жекешелендіру негізінде экономикалық дағдарыс
жағдайынан шығынды кәсіпорындарды шығару механизмін дайындау;
• елдегі халық шаруашылығы үшін өте қажетті өнімдері бар объективті шығынды
кәсілорындарға мемлекеттік кемек көрсету іс-шаралары мен шешімдерін
дайындау.
2.Ішкі республикалық интеграциялық байланыстар бойынша іс-
шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттар: өндірістік-шаруашылық, экономикалық, мұліктік және т.б.
байланыстардың синергетикалық оңтайландыру негізінде салаларды, жеңіл
өнеркәсіптік кешендерді және холдингтерді дамытуда ең жоғарғы экономикалық
нәтижеге жету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
шикізат, материалдар, өнім және қаржы құралдарының қозғалысын ескере
отырып, жеңіл өнеркәсіптік және халық шаруашылық кешендердегі өзара
байланыстың деталді схемасын дайындау; өнеркәсіптік және халық шаруашылық
кешендердегі өзара байланыс процестерін басқарудың синергетикалық
оптиматизациялық механизмін дайыңдау және оны жүзеге асыру;
еддің инфрақұрылымы (энергетика, су және жер шаруашылығы, экология және
т.б.) мен жеңіл өнеркәсіптің рационалды реттелген (балансталған) өзара
карым-қатынастың механизм туралы ұсыныс кешенін дайындау және оны жүзеге
асыру, жеңіл өнеркәсіп жұмыстарының рентабелділігін қамтамасыз ету.
3.Акционерлік және холдингтік өндірістік-шаруашылық құрылымдардың
құрылымдық және функциялық процестерін баскару бойынша іс-
шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру. Мақсаттар: экономикалық
мақсаты мен даму перспективасын ескере отырып, меншік формасын өзгерту
процесінің негізінде қалыптасатын жаңа өндірістік-шаруашылық құрылымдардың
потенциалын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- құрылған акционерлік және холдингтік компаниялардың ішкі құрылымының
оптималдығын қатысушылардың мүдделерінің консолидациялық дорежесі,
ІІІІтсграцІІялық байланыстардың түрақтьшығы, біріккен дамудың перспективасы
мен синергетикалық тиімділігі үшін бағалау;
- кдзіргі кезде халық шаруашылығының қажеттіліктері мен
ел экономикасын дамытудың басты стратегиялық бағыттарын ескере
отырып, акционерлік жөне холдингтік компаниялардың өндірістік-
экономикалық және әлеуметтік қызмет ету бағдарламасына деталды талдау
жасау;
- акционерлік және холдингтік компаниялардың
құрылымын оптиматизациялау бойынша іс-шаралар
жүйесін жасалған талдау мен бағалау негізінде дайывдау және оны жүзеге
асыру;
- акционерлік және холдингтік компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеу
механизмін жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау.
4.Ішкі қайнар көздер мен резервтер есебінен ресурстық
қамсыздандыру бағдарламасын дайьшдау. Мақсаттар: өте дефицитті
ресурстардағы жеңіл өнеркәсіптік кешендердің кажеттіліктерін калыптасқан
бос ресурстардың консолидациясы, олардың шаруашьшық есеп айырысу
негізіндегі рационалды реттелген қайта бөлістіру есебінен қамтамасыз етуді
тұрақгандыру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- калыптасатын барлық ресурстардың түрлері туралы
ақпараттық мәліметтердің орталықтандырылған банкісін құру;
- еркін ресурстар қорын оперативті басқару механизмін
дайындау және жүзеге асыру;
- қайтарылуы негіздегі жеңіл өнеркәсіпті тұрақтандырудың
бюджеттен тыс қаржы қорын құру туралы ұсыныс дайындау және жүзеге асыру.
5. Жеңіл өнеркәсіп жұмыстарын тұрақтандыру үшін шетеддік
капиталды қолдау негізінде механизмдерді дайындау және жүзеге асыру.
Мақсаттар: шетелдік капиталды тарту есебінен жеңіл өнеркәсіп
жұмыстарын тұрақтандыруды камтамасыз ету мәселелерін шешуді жеделдету.
Алға қойылған максаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- капитал салымы ұшін ұсынылатын объектілер бойынша ақпараттық
мәліметтердің орталықтандырылға банкісін және өнеркәсіптік-
каржылық топтар мен шетедцік фирмалардың ұсыныс банкісін құру;
- кәсіпорындар мен шетелдік серіктестердің тікелей контактта мен
ақпараттарды айырбастау схемасын ұйымдастыру;
- өнеркәсіпті тұрақтандыру үшін мемлекеттік деңгейде дайындау және жүзеге
асыру.
6.Ірі кәсіпорындар мен жеңіл өнеркәсіптік кешендердің
шектеулі дағдарыстық жағдайлардан шығудың кейінге
калдыруға болмайтын іс-шаралар жөніндегі бағдарламасын дайындау және
жүзеге асыру. Мақсаттар: дағдарыстан шығару, жұмысты тұрақтандыру өмірлік
маңызды объектілердің даму келешегін қамтамасыз ету, мысалы республикада
халық шаруашылығына арналған машина жасау.
Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша стратегия және іс-әрекет:
• дағдарысты жағдай шегінде ірі өндіріс объектілерінің жағдайына детальді
талдау жасау және баға беру;
• дағдарыстан шығу бағдарламасын жасау және мемлекеттік қолдау шаралары
бойынша ұсыныстарын жасау:
• жеңілдетілген салықтар;
• баждар және салықтар шикізат және материалмен қамтамасыз етуде;
• саудада ең қолайлы жағдай жасау режимдері.
7.Халықшаруашылығы үшін өте тапшы өнімдердің көлемін
көбейтуді ынталандыру бойынша ұсыныстарды жасау және іске асыру.
Мақсаттар: жеңіл өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның
дамуы үшін сенімді келешекті база құру.
Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша стратегия және іс-әрекет:
- 2005 жылға дейінгі кезеңге жеңіл өнеркәсіптік кешендер мен кәсіпорындар
үшін өткен жылдарының жұмыс нәтижесі бойынша номиналды
өндіріс көлемін мемлекеттік деңгейде ұсыныс дайындау және бекіту;
- елдің халық шаруашылығы үшін өте маңызды өнімдердің
номенклатуралық реестрін мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту;
- төмендегідей жағдайларды қамтитын өте дефицитті өнімдерді шығару
және өндіру көлемін ынталандыру жүйесін мемлекеттік деңгейде
дайындау және бекіту:
- номиналдан жоғары өндіріс көлемінің кіріс салығынан босату;
- өте маңызды өнім шығарудан түскен пайдаға дифференциалдық
жеңілдетілген салық салу;
- экспорттық салықтардан босатумен бірге номиналды құнынан жоғары
өнімдердің экспортына басты негізгі лицензия беру.
8.Артықшылығы бар "Өнеркәсіп өзегін" қарқынды тұрақтандыру
бағдарламасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Экономиканы реттеу құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері
Пәндер