Азаматтық құқыққа, жеке меншікке қатысты сұрақтар


Азаматтық құқық (жалпы бөлім)
- <question> Егер сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, сенімхат келесі мерзімге әрекет етеді:Сенімхатта мерзімінің көрсетілмеуі, болмауы оның заңды күшін жоя алмайды. Мұндай сенімхаттардың жарамдылық мерзімібір жыл ғанаболып саналады. Бірақ мерзіммен басқа нәрселер байланысты, ол аса міндетті талап, оны бұзған жағдайда сенімхат жарамсыз деп танылады, ол талап - оның берілген күнінің міндетті түрде көрсетілуі. Егер сенімхат көп мерзімге берілген болса, оның жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болып есептеледі.
- <question> Мәмілені жасауға өкілетті тұлға сенімхатта көрсетілген өкілеттіктің шегінен шыға алады:Егер мәміле тараптардың жағдайын нашарлатпаса.
- <question> Сенімхат берілген тұлға одан:бас тарта алады.
- <question> Сенімхат ең ұзақ мерзімге берілуі мүмкін:Азаматтық кодекс сенімхаттың ең шекті мерзімін бекіткен, ол мерзімүш жылдықұрайды (ҚР АК 168 бабы) . Ал одан көп мерзімге берілген сенімхаттың жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болады.
- <question> Ақша қаражатын және құнды мүлікті беруге немесе алуға арналған сенімхатқа кол қойуы керек:Заңды тұлғаның басшысы және бас бухгалтермен.
- <question> Сенімхат - бұл:Сенiмхатдегеніміз - бір тұлғаның екінші бір тұлғаға басқа бір тұлғаның алдында берген жазбаша өкiлеттiлігі болып табылады (ҚР АК 167 бабының 1 тармағы) . Сенiм хат көбінесе ерiктi өкiлдiктiң өкiлеттiктерiн растауы үшiн беріледі.
- <question> Өкілдік -Өкiлдiк дегенде түсінілетін оның өкiлеттiктерiнiң шектелуiнде мәмiлелердің және басқа да заң әрекеттерінің басқа тұлға мүдделерiндегi бiр тұлғамен, өкiлмен iске асырылуы. Өкiлмен оның өкiлеттiктерi негiзінде жасалатын мәмiлелер ұсынылатын азаматтың азаматтық құқығын және мiндеттерiн тiкелей құрып, өзгертiп, тоқтатады. ҚР АК 5-шi тарауды осы институтқа арнады.
- <question> Өкіл жасаған мәміле бойынша -Коммерциялық өкіл өз жасап жатқан сауда келісімдері туралы құпияны сақтауға міндетті. Мұндай міндеттілік соңына дейін сақталады.
- <question> Талап қою мерзімі қолданылмайды:
- заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
- салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;
- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырылмай қанағаттандырылады;
- егер құқықты бұзу иеліктен айыруға байланысты болмаса, меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің өз құқығының кез-келген бұзылуын жою туралы талабына (АК 264, 265-б/р)
- заң құжаттарында белгіленген басқа да талаптарға қолданылмайды. (Мыс, банктер және банктік қызмет туралы жарлыққа сәйкес (37 бап) банктердің заем алушыларға несиелік шарттарды тиісті түрде орындамау бойынша талаптарына талап қою мерзімдері қолданылмайтындығы белгіленген)
- <question> Талап қоюдың жалпы мерзімі:3 жыл.
- <question> Талап қою мерзімі - бұл мерзім:Бұзылған құқықтарды қорғау үшін.
- тұлға (адам) құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. (177-б) .
- <question> Мерзім -бұл олардың басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдарлар әкелетін сәт немесе уақыт кезеңдері.
- <question> Мерзім түрлеріне жатады:Заңдармен, өзге құқықтық актілермен белгіленген мерзім; мәмілемен белгіленген мерзім; сотпен тағайындалатын мерзім.
- <question> Талап қою мерзімі қолданылмайды:(187-бап) : Банктік салымшылардың салымын беру жөніндегі талаптарына.
- заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
- салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;
- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырылмай қанағаттандырылады;
- егер құқықты бұзу иеліктен айыруға байланысты болмаса, меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің өз құқығының кез-келген бұзылуын жою туралы талабына (АК 264, 265-б/р)
- заң құжаттарында белгіленген басқа да талаптарға қолданылмайды. (Мыс, банктер және банктік қызмет туралы жарлыққа сәйкес (37 бап) банктердің заем алушыларға несиелік шарттарды тиісті түрде орындамау бойынша талаптарына талап қою мерзімдері қолданылмайтындығы белгіленген) .
- <question> Пайдалану құқығы дегеніміз:мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда болуы мүмкін.
- <question> Билік ету құқығы дегеніміз:мүлікке қатысты заңды актілер зжасау жолымен мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК 188-б. 2-т. ) . Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өз өкілеттіктерін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше билік етуге құқылы (АК 188-б. 2-т. ) .
- <question> Жеке меншік ұғымы:АК-тің 191-бабы жеке меншіктің екі түрін белгілейді: 1) азаматтардың меншігі және 2) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
- <question> Мемлекеттік қажеттіліктер үшін меншік иесінің жер учаскесін алып қояды:Сатып алу жолымен.
- <question> Меншік құқығында меншік иелерінің әрқайсысының үлесі анықталған ортақ меншіктегі мүлік:Ортақ үлестік меншік құқығы ортақ меншік құқығындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлестері анықталумен сипатталады. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе барлық меншік иелерінің үлестері тең деп есептеледі. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, бөлінбейтін жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған меншік иесі ортақ мүліктегі үлесін тиісінше ұлғайтуға құқығы бар.
- <question> Көпшілік қолды жерлерден жинау не аулау заттарына меншік құқығы тиесілі:Жинауды және аулауды жүзеге асырған адамға.
- <question> Адал ниетті иеленушіден мүлікті талап ету мүмкін бе?Ерекше жағдайларда. Адал иеленушіөз кезегінде меншік иесінен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсаған қажетті шығындарды меншік иесінің өтеуін талап етуге құқылы
- <question> Меншік құқығының тоқтатылуына алып келеді: Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
- <question> Қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдардың шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіппен меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойу -253-бап. Реквизициялау
- 1. Дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлiк қоғам мүддесi үшiн мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн (реквизиция) .
- 2. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаны оның сот тәртiбiмен даулауына болады.
- 3. Мүлкi реквизицияланған адам реквизиция жүргiзуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi өзiне қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.
- <question> Әрбір меншік иесінің ортақ меншіктегі үлесі анықталмаған мүлкі аталады:ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген ортақ меншік.
- <question> Үлестік меншікке қатысушысы ортақ мүліктен өз үлесін бөлуді талап етуге құқылы ма:Құқығы бар.
Ортақ үлестік меншік құқығындағы мүлік барлық меншік иелерінің келісімі бойынша бөлінуі мүмкін, ал келісімге келмеген кезде - үлесті меншік құқығына қатысушысының әрқайсысы өзінің үлесін сот тәртібімен бөліп шығаруды талап етуге құқылы.
Үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп шығаруды талап етуге құқылы. (218-баб АК ҚР) .
- <question> Меншік құқығының пайда болу әдістері бөлінеді:иелену, билік ету және пайдалану.
- <question> Меншік құқығы келесі құқық салаларымен қорғалады:Әкімшілік, Азаматтық, Қылмыстық және Процессуалдық құқық салалары.
- <question> Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері топтасады:Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық- топтасады.
- <variant> заттық-құқықтық және міндеттемелік-құқықтық тәсілдер: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою;
Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялық талап) ; бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою туралы талап (негаторлық талап) .
Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік басқару органының, жергілкті өкілдік органның меншік иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау туралы талап қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.
- <question> Азаматтық құқықтың қағидалары - бұл: тараптардың теңдігі;
- шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
- еркіндік;
- тәуелсіздік;
- меншікке қолсұқпаушылық;
- біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
- азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
- бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
- <question> Азаматтық құқықтың реттеу пәні бұл -өзі реттейтін қоғамдық қатынастар.
- <question> Азаматтық құқық пәні болып табылатын қатынастар былайша бөлінеді:Мүліктік қатынастар, Жеке мүліктік емес қатынастар
- <question> Мүліктік қатынастар бұл -яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар
- <question> Жеке сипаттағы мүліктік емес қатынастар-адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.
- <question> Азаматтық құқықтың әдістері -бұл қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.
- <question> Азаматтық құқықтың негізгі реттеу әдісі- Азаматтық-құқықтық әдісі жалпыға бірдей болады, оған әсер етудің императивті әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен қатар мынадай ерекше қабілеттері болады:
- 1) заңды теңдік;
- 2) екі жақтың еркіндік автономиясы;
- 3) екі жақтың мүліктік дербестігі; .
- 4) азаматтық құқықты қорғау;
- 5) азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты.
- <question> Азаматтық-құқықтық реттеу әдісі дегеніміз:бұл қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.
- <question> Азаматтық құқықтың принциптері -бұл құқықтық актілерде бекітілген жалпыға міндетті ережелер, идеялар, бастамалар, олар барлық азаматтық құқықтан өтеді, қоғамның даму тенденциялары мен қажеттіліктерін көрсетеді және азаматтық құқықты тұтастай сипаттайды.
- <question> ҚР Азаматтық кодексінің 2 бабында мына принциптер аталған:ҚР АК 2 бабында аталған азаматтық құқықтың мына принциптерін атап өтеміз:
- - азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;
- - жеке істерге өздігінен араласуға шектеу қою принципі - бұл принцип негізінен көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;
- - келісім еркіндігі: тұлға серіктесті келісім бойынша өздігінен таңдайды, екі жақ келісімшартқа отырған кезде және оның шарттарын анықтаған кезде еркін болады;
- - азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;
- - тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.
- <question> Салыстырмалы құқықтық қатынаста -Салыстырмалы құқықтық қатынастақұқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет.
- <question> Өзара байланыс сипаты бойынша құқықтық қатынастар бөлінеді:Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаныабсолюттік және салыстырмалы құқықтыққатынас деп бөледі.
- <question> Азаматтық құқық нысаны бойынша құқықтық қатынастар бөлінеді:Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі.
- <question> Заттық құқықтық қатынастар -Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару) .
- <question> Міндеттемелік қатынастар -Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету.
- <question> Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар қатысушыларының толық тізімін көрсетіңіз:
- <question> Толық көлемдегі азаматтық әрекет қабілеттілік пайда болады:Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғнион сегiз жасқа толғаннан кейiнтолық көлемiнде пайда болады. (17-бап ҚР АК)
- <question> 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың жеке-дара әрекеттерді жасауға құқықтары бар:Жеке жалақысына, стипендиясының, өзге табыстарына және олармен қалыптасқан интеллектуалдық меншік объектілеріне билік ету, сондай-ақ тұрмыстық мәмлелерді жасауға.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. (22-бап ҚР АК)
- ұсақ тұрмыстық мәмiлелерді жасау;
- өз еңбек ақысы, стипендиямен немесе басқа табыстарына иелiк ету;
- ой-ақыл меншiгiнiң авторларының құқығын жүзеге асыру; 16 жастан бастап кооперативтердің мүшесі болу;
- банкке салым енгiзiп иелiк ету, сонымен бiрге олардың атынан енгiзiлген салымдарға иелiк ету.
- <question> 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жеке-дара әрекеттерді жасауға құқылы:Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды. 2. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатынтұрмыстық ұсақ мәмiлелердiөз бетiнше жасауға құқылы. (23-бап ҚР АК)
- <question> Адамды әрекет қабілетсіз деп тануға болады:1. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. 2. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. (26-бап ҚР АК)
- <question> Азаматты әрекет қабілетсіз деп тани алады: сот.
- <question> Азаматты әрекет қабілетсіз деп тану кезінде тағайындалады:Қамқоршылық. Психикалық бұзылу жан күйзелiсінің, ақылсыздықтың, есiрткi заттарын қолданудын және т. б. нәтижесі болуы мүмкін. Психикалық бұзылу туралы жеткiлiктi мәлiметтердi алу үшiн сот психиатриялық сараптама тағайындайды
- <question> Азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін:Әрекетке қабiлеттiлiкті шектеу екi жағдайларда болуы мүмкiн:
1) құқықтағы қамқорлық және қамқоршылық органдарымен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың жас шамасында жеткiлiктi негiздер болған жағдайда (ҚР АК 22-шi бабының 3 тармағы) ой-ақыл меншiгi нысандарының табыстарымен иелiк етуге құқылы;
2) егер iшкiлiк немесе есiрткi заттарын пайдаланып, соның салдарынан өз жанұясын ауыр материалдық жағдайға қалдырса, әрекетке қабiлеттi азаматты сот қабілеттіліктен шектете алады (ҚР АК 27 б. ) .
- <question> Әрекет қабілеттілігі шектелген азаматқа тағайындалады:Қамқоршылық.
- <question> Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануға болады:Егер оның тұрған жерінде ол туралы хабар 1 жылдың ішінде жоқ болса.
1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.
2. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.
- <question> Азаматты өлді деп жариялауға заңды негіз болып табылады: - тұрғылықты мекенжайында ол туралы соңғы 3 жыл ішінде мәлімет болмаса;
- егер де қатер төнген жағдайлардан, қайғылы жағдайдан соң оның жоғалуынан кейiн ағымдағы алты айдың ішінде тұрғылықты мекенжайында ол туралы мәлiметтер болмаса (бұл жағдайда азаматтың өлiмi оны хабарлау туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне кiрген күнінен емес, шамаланған опат болған күні жазылады) ;
- әскери қимылдар аяқталғаннан соң соңғы екі жыл ішінде оған қатысқан адам туралы мәлімет болмаса
- <question> ҚР Азаматтық кодексі бойынша жеке тұлғаның ұғымын көрсетіңіз:Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақазаматтығы жоқ адамдаржеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады. (ҚР АК 12-бап)
- <question> Азаматтардың құқық қабілеттілігінің ұғымын көрсетіңіз:құқықта танылатын азаматтардың азаматтық құқығы болуы мен азаматтық мiндеттер атқаруының мүмкіндігі. Азаматтық құқық қабiлеттiгі адам болудың өзiнен ажырағысыз. Өмiр сүрiп отырған адам тірі болғанда құқық қабiлеттiлігіне ие болады. ҚР АК-нің 13-шi бабында азаматтың құқық қабiлеттiлігi оның тууы кезінде пайда болатыны және қайтыс болуымен бірге тоқтайтыны бекiтілген. Құқық қабiлеттiлігінiң тоқтатылуы биологиялық өлiммен байланысты.
- <question> Азаматтың тұрғылықты жері дегеніміз:Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады
- <question> ҚР Азаматтық кодексі бойынша азаматтардың әрекет қабілеттілігі пайда болады:туғаннан, мүмкін 18 жастан хз.
- <question> Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыруға және оларды шектеуге жол беріледі ме?Жоқ (18-бап ҚР АК)
- <question> Азаматтық құқық субъектілігінің құрамына кіреді:Азаматтық құқық субъектілерінің арасында ҚР АК азаматтарды және басқа да жеке тұлғаларды бөліп қарастырады. ҚР АК-нің 2 тарауы соларға арналған. «Жеке тұлғаның» жалпы түсінігі ҚР АК 12-бабында қалыптасқан. Бұл бап жеке тұлға түсінігімен ҚР азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды біріктіреді.
- <question> Азаматтық құқық қабілеттілігі -1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады. 2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Сонымен, құқық қабiлеттiлік - бұл нақты заң фактілерінің (яғни заңның заң зардаптарының болуымен байланыстыратын тiршiлiк жағдайлары) негiзiнде тұлғада нақты жеке құқық (яғни жеке тұлғада бар тәуелдi құқық) пайда болатын ортақ алғышарт.
- <uestion> Азаматтардың құқық қабілеттілігіне -Азаматтық құқық қабiлеттiлікктiң мазмұны (ҚР АК 14 бабы) мына мүмкіндіктерден тұрады:
- - меншiк құқығында мүлікке ие болу;
- - мүлікті мұра етiп мұраға қалдыру;
- - кәсiпкерлiк және басқа да заң арқылы тыйым салынбаған қызметпен шұғылдану;
- - заңды тұлғаны құру;
- - заңға қайшы келмейтiн кез-келген мәмiлеге келу және мiндеттемелерге қатысу;
- - тұратын жерiн сайлату;
- - ғылымның, әдебиет және өнердің шығармасында авторлық құқығы болу;
- - басқа мүлiктiк және дербес мүлiктік емес құқықтарды алу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz