Халық прозасындағы көркемдеуіш құралдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Халық прозасындағы көркемдеуіш құралдар





Түркістан, 2020 ж.

Деректеме
ЖОО: Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультеті: Филология
Кафедрасы: Қазақ филологиясы
Орындаған: Әбубәкірова Гүлжаз
Тобы: ФҚӘ-911(F)
Қабылдаған: Адиева Пакизат
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы, доцент
Жұмыстың тақырыбы: Халық прозасындағы көркемдеуіш құралдар:

АННОТАЦИЯ
Қазақ халқының негізгі рухани азығы, мәдениеті ауыз әдебиеті екені барлығымызға бұрыннан мәлім. Орындалу мәнеріне қарай поэзия және проза болып екіге бөлінеді. Проза халықтың дүниетанымын кеңейтуге, табиғаттың сырын ұғынуға, өмірді білуге жәрдемдескен. Әдеби тіліміздің суреттеу тәсілдерін және көркемдегіш құралдарын, сөз байлығын, олардың қыр-сырын білу - сол әдеби тілде сауатты сөйлей де, жаза да білу; әдеби тіл нормаларынан ауытқымау; оны көздің қарашығындай сақтау.
Жұмысты зерттеу барысында Сейіт Қасқабасовтың 1984 жылы жарық көрген Қазақтың халық прозасы еңбегіне, Төлен Әбдіковтің шығармаларының үзінділеріне және басқа жазушылардың еңбектерін қарастырдым. Зерттеу жұмысында теңеудің жіктелуі, эпиттеттердің шығармалардағы қолданылуы және оның түрлері көрсетілген. Сонымен қатар көркемдеуіш құралдар өз алдына жеке жеке қарастырылып, әрқайсысына мысалдар келтірілген. Халық прозасындағы көркемдегіш құралдар жазушылардың шығармаларына рең мен көрік береді. Қазақ тілі бай, тегеуріні мықты тіл болғандықтан, жалпы тілде де көркемдегіш құралдардың маңызы өте зор.

ANNOTATION
We have long known that the main spiritual food of the Kazakh people, culture is oral literature. According to the style of Performance, Poetry and prose are divided into two parts. Prose helped to expand the worldview of the people, to understand the secrets of nature, to learn about life. Knowledge of the methods of description and artistic means of our literary language, vocabulary, their subtleties-the ability to speak and write competently in this literary language; do not deviate from the norms of the literary language; observe it in the blink of an eye.
In the course of studying the work, I considered the work of seit Kaskabasov "Kazakh folk prose", published in 1984, excerpts from the works of Tolen Abdikov and other writers. The research paper shows the classification of equinoxes, the use of epithets in works and its types. At the same time, the artistic tools are considered separately, and examples are given for each of them. Artistic means of folk prose give tone and grace to the works of writers. Since the Kazakh language is a rich and strong language, artistic means are of great importance in the common language.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-бет
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-бет
2.1. Халық прозасы туралы түсінік және оның зерттелуі ... ... ... ...4-бет
2.2. Халық прозасындағы көркемдеуіш құралдар ... ... ... ... ... ... ... 5-бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...16-бет

Кіріспе
Прозадағы көркемдегіш құралдарға келетін болсақ, жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы жасайды. Олардың шығармаларында метафора, символ, метонимия, меңзеу, аллегория, сарказм мен ирония, ұлғайту мен кішірейту, немесе дамыту мен шендестіру, эпитет пен теңеу және басқа бейнелеу құралдары молынан табылады.
Зерттеудің нысаны. Прозаның шығу тарихы. Халықтық проза фольклортануға қай кезеңдерден бастап келді. Прозаның өз ішінде жіктелуі. Прозадағы көркемдеуіш құралдар.
Жұмыстың тілдік-стильдік мәні. Зерттеу жұмысында халық проза және сол прозадағы көркемдеуіш құралдар жайында айтылған.
Зерттеудің әдістері:
1) Іздеу әдісі: кітаптардан, газет-журналдардан,интернет ресурстарынан тақырыпқа байланысты материалдар іздестіру;
2) Жинақтау әдісі: кітаптарда, ғаламтор желісінде кездескен сөздерді жүйелеп, қорытынды жасау, ұсыныс білдіру.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
Проза латын тілінде қара сөз деген ұғымды білдіреді, яғни қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Ғылыми, публицистикалық, философиялық шығармалар да прозаға жатады. Көркем проза поэзияға қарағанда, бертінде, қайта өрлеу дәуірі кезінен бастап қалыптасты. Ежелгі және орта ғасыр әдебиетінде прозаның өзіндік ерекшелігі болды. Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік сөз, т.б. түрінде болды. Бұл кездегі проза да көбінесе, белгілі бір ырғаққа құрылса, қазіргі проза сөз қайталау, ұйқастыру, бөлшектеу, жекелеу, жалқылау, даралау, шарттылық, ұлттық нақыш т.б. сөз қолданыстары жиі ұшырайды.
Көркем әдебиеттің дербес эпикалық жанрының бір түрі - проза. Орыс әдебиетінде ағарту дәуірі XVII-XIX ғасырларда қалыптасса, отарлау саясатынан кейін қазақ еліндегі проза 19-20 ғасырларда ағарту дәуірін басынан кешті. Қазақ әдебиетіндегі Абайдың ғақлиялары, Ы.Алтынсариннің әңгімелері, Т.Жомартбаевтың (Қыз көрелік, 1912), С.Көбеевтің (Қалың мал, 1914), С.Торайғыровтың (Қамар сұлу, 1914) бұрынғы дүниетанымымызда алғашқы прозалар санатына жатады деген тұжырымда болып келдік. Қазақ жұртының эпосы, дастаны, саналмай келді. Жаңа дәуірдегі проза жанрының ішкі құрылым-бөліктеріне роман, повесть, әңгіме, новелла жетекші орынға ие болды. Прозаның өркендеуі сөз өнерінің жалпы сипатына күрделі өзгеріс енгізді. Оның өзіндік формасы, стилі, жанрлық түрлері қалыптасты.
2.1. Халық прозасы туралы түсінік және оның зерттелуі
ХХ ғасырдағы әдебиет, ең алдымен, проза жанрының күрт дамып, өркендеуімен ерекшеленгені белгілі. Бұл үрдісте де фольклордың өзіндік үлесі бар. Әсіресе, тарихи романдардың қайсысын алсақ та, оларда фольклордың небір әдемі үлгілерін табамыз және олар шығармаға шынайылық қана емес, көркемдік қасиет, тамаша ауан дарытады, оның шырайын келтіреді. Алуан түрлі аңыздар, өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, үйлену мен жерлеу салтына байланысты әдет-ғұрыптар мен ән-жырлар романның өн бойында әдемі жарасымдылықпен пайдаланылып, кейіпкерлердің көркем бейнесін сомдауда, шығарманың мазмұнын тереңдетуде, өмір шындығын жан-жақты көрсетуде үлкен рөл атқарады. Мұны, мәселен, Абай жолы, оянған өлке сияқты классикалық тарихи романдардан анық көреміз. Бұл дәстүр ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен бастау алатыны даусыз. Қыз көрелік, Бақытсыз Жамал, Қалың мал, Ақбілек, т.б. осы ойымызға дәлел бола алады.
Халық прозасы деген ұғым әлемдік фольклортану ғылымының өзінде бертін (1950-60 жылдардан бастап), яғни Халық прозасын зерттеушілердің халықаралық қоғамы құрылғаннан кейін қолданыла бастады. Дүние жүзі фольклортануында қалыптасқан түсінік бойынша, халық прозасына ауыз әдебиетінің қара сөзбен айтылатын барлық түрі кіреді. Олар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірі - ертегілердің барлық жанры, ал екншісі - ертегіге жатпайтын прозалық шығармалар.
Қазақ фольклортану ғылымында да халық ауыз әдебиетінің құрамында прозалық жанрлар бар екені, олар іштей жіктелетіні айтылып келеді. Мәселен, Мұхтар Әуезов пен Есмағамбет Ысмайылов оларды Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше бір түрі,- деп атаса Мұқаметжан Қаратаев ...проза саласы...ауыз әдебиетінде тек ертегі, аңыз түрінде ғана жасайды, - деп жазады. Демек, басқа халықтардың фольклоры сияқты, қазақ ауыз әдебиеті де прозалық үлгіге бай. Сондықтан қазақ фольклорының прозалық жанрлары жеке бір жүйе құрайды деп айтуға және оны Халық прозасы деп айтуға әбден болады.

2.2. Халық прозасындағы көркемдеуіш құралдар
Көркемдегіш құралдар - автордың шығарманы әсерлеу, бейнелуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытатын құралдар. Ондай құралдарға ажарлаудың, құбылтудың түрлерін жатқызуға болады. Олар: эпитет, теңеу, метафора, метонимия, кейіптеу, аллегория, синекдоха, литота т.б.
Аллегория - дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу, яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру. Мысалы, Түлкі мен ешкі ертегісінде түлкі қулық, зорлық; ешкі - аңқаулық бейнелерінде берілген
Прозада жиі қолданылған көріктеуіш тәсілдердің бірі - эпитет. Айқындау, яғни эпитет - заттың құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Эпитеттің зерттелу тарихы ертедегі грек ғалымдарынан бастау алған. Ұлы оқымыстылардың пайымдаулары басқа тілдерде эпитет жайындағы ілімнің ілгері дамуына әсер еткен. Қазақ тілінде эпитетке алғаш анықтама берген А.Байтұрсынұлы: "Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айту. Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады", - деп жазады.
Т.Әбдіков шығармаларында кездесетін эпитеттерді стильдік қызметі, яғни автордың эпитеттерді қолдану мақсатына қарай бірнеше топқа жіктеуге болады.
Жазушы шығармаларында табиғат көріністерін (пейзаж) беру мақсатында қолданылған эпитеттерді мезгілге, қалыпты күйіне қарай жіктеп көрсетуге болады.
1) Автордың эпитетті қолданудағы мақсаттарының бірі - табиғат көріністерін, тұрмыстық жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқырман сезіміне әсер етерліктей етіп беру. Мысалы, "Шаңқай түске қарай көтерілген күн, ыстық аптабымен күйдірмей, қалың ағашқа, жайқалған көк шалғынға, құйқалы топыраққа мол қызуын сіңіріп балқытып келеді" (3, 18-б). Сөйлемде көңілге жайдары шуақ төгетін жаз көрінісі сұлу сөздермен нақты берілген. "Алатаудың қарағай орманды көп жықпылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнар сұйылып, күлгін тарта бастады. Кешкі күннің қиғаш сәулесі тау жоталарын қызғылт-сарғыш ерекше бір нәзік нұрға малған" (3, 13-б). Талас жоқ, осы сөйлемдердегі эпитеттің сөйлемге әдемі ажар беріп тұрғаны даусыз. Алғашқы сөйлемде жазушы қарағай орманды жыпқылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнардың табиғат аясындағы керемет үйлесімді суретін берсе, келесі сөйлемде тау жоталарын нәзік нұрға малған күннің қиғаш сәулесін көз алдыңызға елестетесіз. Алатаудың сұлу келбеті әсем суреттелген. "Жұрттың бәрінің көзі таудан бергі жазық даланың ортасында жалғыз тұрған үлкен, биік, қоңыр төбеге түсті" (3, 13-б). Сөйлемдегі үлкен, биік, қоңыр сөздері - күрделі эпитеттер. Олар сөйлемге айрықша өң беріп, өмір суретін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. "Жылы үйдің есігіне жуықтай бергенде желкесінен тартып әкеткендей, адам баласының әлі келмейтін ақ дүлей елсіз, панасыз далаға қарай қойларымен қоса ысырып әкетіп барады". Мұнда эпитет пен теңеу түйдектеліп келіп, шығарма ажарын аша түскен. "Дүйсеннің әлі келмеді Қара дүлей ақыры оны қойымен қоса жарға қарай ысырып әкетті" (3, 38-б). Бұл сөйлемде автор эпитет арқылы табиғаттың қатал мінезін шынайы түрде суреттеген. "Сол ауырғаннан марттың аяғында - далада ойдым-ойдым қара жер көрініп, өзендерде сең бұзылып, мектепке бөгет бойымен айналып баратын кезде бір-ақ тұрдым".
Көктем мезгіліндегі табиғаттың өзгешелігі көрсетілген.Эпитет -- кейіпкердің портретін жасауда таптырмас тәсіл.
2) Эпитеттер кейіпкер портретін беру үшін қолданылған: "Жанымдағы шоферіме көз тоқтап қарап ем - бетінің аздаған секпілі бар, етжеңді жүзінен сәбилік аңқаулық байқалатын, шип-шикі бала екен".
"Жас кезде өмір қайнаған базар секілді. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретін кез. Сондай бір сапырылысқан тұста аз-кем күн аралас-құраластау болғанымыз бар. Түрі де есімде: ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт. Жүйкесі жұқалау ма-әзіл сөзге қызарып кететін. Оған бөтен елдің адамына қарағандай, көңілін аулай сөйлеп, аяңқырып жүретінбіз" (3,6-бет). "Ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт сөздері кейіпкердің сыртқы бейнесін бейнелеуде ерекше қызмет атқарған.
"-Сіз мұнда неғып жүрсіз? - деді ақ халат киген еңгезердей жас жігіт".
"Сол ниетпен кереуетте кітап оқып отырған адамға көз тоқтатты. Ер тұлғалы, ірі, сымбатты кісі екен. Маңдай шашы сирей бастапты" .
"Түпкі бөлмеге кіргенде барып дәл төрде - төсек үстінде кіп-кішкентай болып жатқан әкемді көрдім. Адамның жүдеген кезде мұншалықты кішірейіп кететінін бұрын білмеуші едім. Көзі шүңірейіп, жақ еттері шодырайып, адам танымастай болып кетіпті " ).
Т.Әбдіков шығармаларында тұрақты эпитеттер көп кездеседі. Тұрақты эпитет дегеніміз - бір затқа тұрақталып бекіген, мағыналық дербестігін сақтаған, екі не одан да көп сөз тіркесінен тұратын, бірінші компоненті коннотативтік, екінші компоненті денотативтік қызмет атқаратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды тұрақты сөз тіркестері.
Тұрақты эпитеттердің негізінен бейнелік, көркемдік сапасы әлдеқайда жоғары, эмоциялық бояуы мейлінше қалың, экспрессивті әсері өзгеше, күшті болады. Мысалы, "Серікбай мақтанғанды жек көрмейтін, кілегей қой көздерімен маңындағыларға жымыңдай қарап, қатар отырған молданың шақшасын сұрады". " Ағайынды екі адам немесе қанды көйлек достар араздасып жатса, ол да өңмендеген өзімшілдіктің кесірі екені даусыз". Автор кейіпкердің бет-тұлғасын, дене-бітімін суреттегенде эпитеттерді орынды қолданған.
а) Адамның бет пішінін сипаттайтын эпитеттер:
Көз: отты көз, адырақ көз, дөңгелек көз, кілегей қой көз, қара көз, көк көз, қоңыр көз, қуақы көз, күлім көз, мөлдіреген нұрлы көз, нұрлы көз, нұры сөніп бара жатқан көз, нұры өткір қара көз, шүйіріңкі көз, шүңірек шегір көз, шегір көз, тіке көз т.б.
"Молдабек адырақ көз, қарасұр бетін тыржыңдатып, балаларды күлдіртіп отыратын қуша шал еді" .
ә) Адамның дене пішінін, тұлғасын сипаттайтын эпитеттер
Дене: алып дене, әдемі дене, қыбырлаған сұсты дене, сүйегі салбырап босап қалған дене, тершіген ыстық дене, шаршаған дене, босаңсып, ауырлаған дене, зор дене т.б.
Тұлға: бейқам ірі тұлға,ер тұлғалы,ірі, сымбатты, жұмыр тұлға, сұлу тұлға, берік тұлға, сұңғақ бойлы талдырмаш қыз, ұзын бойлы т.б.
Автордың сөз қолданыс ерекшелігінің бірі - адам портретін жасауға қатысатын эпитеттердің ішінде "көз", "жүз", "өң", "ерін", "дене" сөздерімен тіркесетін сөздерді көп қолдануы.
б) Сұлулықты сипаттайтын эпитеттер: ойнақы ажар, әсем көрік, сұлу әйел, сұлу қыз, нәзік бейне т.б.
3)Эпитеттер кейіпкердің жағымсыз бейнесін беруге жұмсалған:
" Стол үстінен еденге дейін шашылған күл-қоқыс, сигарет қалдықтары, қағаз қиындысы, мүсін жасайтын қоңыр қошқыл сылақтың үгінділері, сейіліп бітпейтін темеке түтіні мүсіншінің жұмыс десе, дүниенің бәрін ұмытатын жансебіл адам екенін байқатады " .
"Өмірде мазақ қылып жүрген зымиян құрбымды аурулардың арасынан табам деген ойдан бірте-бірте қайта бастаған секілді едім"
" - Мына Сатайдың жаман, боркемік шалдары осы күйді жылап отырып тыңдайды екен, - деді сатайлар тұратын жақты иегімен нұсқап. - Ал мен жыламаймын. Бұл жылайтын күй емес. Жаубөрі бұл күйді жыласын деп шығарған жоқ. Өсиет етіп қалдырып отыр".
"Сыртынан қарағанда сөзге сараң, сабырлы көрінетін сирек шашты ақсары кісі нағыз мылжыңның өзі болып шықты - өзін таныстыру үшін алыстан ата-бабаларын таратып, әрқайсысының ерлігін баяндап, бір атасының патшаға барғанын, бір атасының ғұлама ғалым болғанын айтып, жеңімнен ұстап жібермей, әбден зықымды шығарды" .
Жоғарыда берілген мысалдардағы жылы ағынға; сұлу қызды; ұзын бойлы, арық,ақсары жігіт; еңгезердей жас жігіт; ер тұлғалы, ірі, сымбатты кісі; жуан қарын; көзі адырайған, қарасұр бет; қуша шал; адырайған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Ә. Дүйсенбиевтің қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны
Қазақ прозасындағы Мархабат Байғұттың қазақ әдебиетіндегі шығармашылық орнын анықтау
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Пәндер