ШЕТ ТІЛІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ШЕТ ТІЛІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Рахап Шынар 1

Астана халықаралық университеті,

1 1 курс магистранты

Shynar. rakhap@mail. ru

2 Ғылыми жетекші: к. ғ. д., аға оқытушы

Тлеужанова Г. К. 2

Аңдатпа

Берілген ғылыми мақалада CLIL технологиясының негізгі мақсаты мен міндеті, ерекшеліктерін, тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда қолданылатын технологиялар және оқылымды үйретудегі қолданысы қарастырылған. Талқылаудың нақты тақырыбы - CLIL - технологиясының қолдану ерекшеліктері. Осы мақалада біз оның шет тілінде оқудың теориялық негіздерін қарастырамыз.

Тірек сөздер : Тілді кіріктіріп оқыту, білім беру, оқытудың мазмұны, үштілдік білім беру, оқылымды үйрету.

ОСОБЕННОСТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ CLIL В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ

Рахап Шынар 1

Астана Международный университет

Магистрант 1 курса

Shynar. rakhap@mail. ru

2 Научный руководитель: к. п. н., ассоцированный профессор

Тлеужанова Г. К. 2

Аннотация

Данная научная статья рассматривает основные цели и задачи технологий CLIL, технологий используемые в предметно-языковом интегррованным обучений, а так же, использование его при обучении чтению на иностранном языке. CLIL - описание методов обучения предмета через иностранный язык. В данной статье мы затронем особенности использования технологии CLL в процессе обучения.

Ключевые слова : Языковое интегрированное обучение, образование, содержание образования, трёхъязычное образование, обучение чтению на ИЯ.

FEATURES OF USING CLIL TECHNOLOGY IN THE POCESS OF TEACHING A FOREIGN LANGUAGE AT SCHOOL

Rakhap Shynar 1

Astana International University,

1 Master Degree 1 course

Shynar. rakhap@mail. ru

2 Supervisor: Candidate of Philology, associate professor

Tleyzhanova G. K. 2

Аbstract

The article deals with the the main goals and objectives of CLIL technologies, technologies used in content language integrated learning, as well as four types of language activities. The specific subject of discussion - CLIL technology in the process of teaching a foreign language at school. In this article, we will discuss the theoretical foundations of reading.

Keywords : language integrated learning, education, content of education, trilingual education, CLIL.

«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз»

Н. Ә. Назарбаев

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі - оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін жұмыстану үстіндеміз. Мақсатта айқын. Ол - балалардың оқуға қызығушылығын және ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру. Жаңа ұрпақ қазірдің өзінде жаңаша ойлайды, әлемді өзінен бұрынғылардан өзгеше көреді, яғни балаларды оқыту технологиялары қазіргі жағдайларға бейімделуі керек.

CLIL дегеніміз не? Егер біз бұл тұжырымдаманы қазақ тіліне аударсақ, онда бұл пәндік-тілдік интеграциялық оқытудан басқа ештеңе емес. CLIL - бұл пәндер шет тілдерінде оқытылатын оқыту әдістемелерін сипаттайтын термин. CLIL екі мақсатты көздейді, атап айтқанда, тақырыпты шет тілі арқылы және шет тілін пән бойынша оқыту. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. [1]

Айта кету керек, бұл тұжырымдама кең интерпретацияға ие және тек еуропалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде мазмұн мен тілді интеграцияланған оқытудың (CLIL) 40-тан астам анықтамалары қолданылады.

Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісі (Content Language Integrated Learning) пән мен тілді кіріктіріп оқытуға ықпал етеді.

CLIL - екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі:

  1. Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту
  2. Пән арқылы тілді оқыту.

1999 жылы Д. Койл әзірлеген «4С» оқу жоспарына сәйкес CLIL базасындағы шет тілі сабағында келесі тармақтар болуы керек: мазмұн (тақырып), қарым-қатынас (тіл), таным (оқыту және ойлау) және мәдениет (мәдениетаралық түсінікті дамыту) . Мұғалімдер CLIL сабағын жоспарлағанда төрт нәрсе туралы ойлану керек. Олар Content (мазмұн) пәннің мазмұны түсіндіріледі, Commuication (қарым-қатынас) тілдік қарым-қатынас жүзеге асырылады, Cognition (ойлау қабілеттері) пәнді игеруде тілді қолдану, Culture (мәдениеттанымдық) сөйлеу, өз іс-әрекетіне баға беру, игеріліп отырған тіл тарихы және оны қолданатын ұлттың мәдениетімен танысу. CLIL әдісі арқылы білім сапасын көтерумен қатар екінші немесе үшінші тілді уақытты үнемдеу арқылы үйреніп, білім сапасын көтеруге мүмкін болады. [2]

CLIL әдісі арқылы оқытуда күтілетін нәтижелер:

- полимәдени тұлға тәрбиеленеді;

- тілдік құзыреттілік дамиды;

- білім сапасын арттыруға ықпал жасалады;

- функционалдық сауаттылық дамиды;

- пәнаралық қоғамдастық қалыптасады.

CLIL ерекшеліктері:

Иоанну Джорджио, S және Павлу, П (2011) CLIL-дің үш негізгі сипаттамасы бар дейді: а) Қосымша тілді оқыту (AL) ғылым, тарих немесе география сияқты мазмұнды пәндерге енеді. Оқушылар мазмұнды жеңілдететін аударма тілін үйренеді.

б) CLIL әр түрлі әлеуметтік-лингвистикалық және саяси контексттерден бастау алады және CLIL кез-келген тілге, жасқа және білім деңгейіне дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және кәсіптік оқуға дейінгі деңгейге қатысты. Осы тұрғыдан алғанда, CLIL Еуропалықтар арасында көптілділік пен көпмәдениеттілік интеграцияға, түсіністікке және ұтқырлыққа ықпал етеді деп ойлайтын ЕО-ның барлық азаматтарға арналған өмірлік білім беру бағдарламасының ұсынысына жауап береді.

в) CLIL - бұл әлеуметтік, мәдени, когнитивтік, лингвистикалық, академиялық және басқа да оқу дағдыларын дамытуды көздейтін тәсіл, бұл өз кезегінде мазмұн мен тілде жетістіктерді жеңілдетеді. [3]

CLIL әдісінін артықышылықтары:

  • Дәстүрлі емес сабақ
  • Жоғары қызығушылық
  • Ойлау белсенділігін ынталандырады
  • Оқушылар, талдау, салыстыру арқылы пәндер арасындағы байланыстарды іздейді
  • Тілдік ортаға енеді
  • Сөздік қорын жаңа лексикамен, тілдік құрылымдармен, пәндік терминдермен толықтырады
  • Қолдануға жаңа білім мен дағдыларды дайындайды
  • Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттырады.

Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі сабақтардан келесі сипаттамалар арқылы ерекшеленеді:

- оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы;

- өзара логикалық шарттастығы, кіріктірілетін пәндер материалының

- сабақтың әр кезеңіндегі өзара байланыстылығы;

- сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымдылығы.

Жалпы алғанда кіріктіріп оқытудың негізінде өзіндік ерекшеліктері бар кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы
ҚАЗАҚСТАНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПӘН МЕН ТІЛДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz