Талас өңіріндегі көне жазбалар - ежелгі түркі мәдениетінің бастауы


Қазақ Ұлттық Қыздар Педогогикалық университеті
Тақырыбы:
Орындаған: Жұмаділлаева Тоғжан
Қабылдаған: Калдыбаева Сафура Сапаргалиевна
Пәні: Жалпы психология
Мамандығы: Психология - 6В03102
2020-2021 оқу жылы
Талас өңіріндегі көне жазбалар - ежелгі түркі мәдениетінің бастауы
Біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдықтың басыында-ақ Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның далаларында сақ тайпалары мекендеген. Сол сақтардың солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес болған.
Тарихи аренаға сақтардан кейін шыққан ірі тайпалық бірлестік саналатын үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйлеген.
Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса-қабат соғды тілі мен жазуын да пайдаланатын болған. Өйткені түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызметтер атқаратын еді.
Шамасы түріктер алғашында алфавит үлгісін соғдылардан үйренсе керек.
Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде-ақ көне түрік таңбаларына, яғни ру символдарына ұқсас болып келетін түріктердің өз жазуы өмірге келген. Бұл жазу геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұрады. Ең бастысы - бұл жазу түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктерін айна-қатесіз дәл жеткізуге мүмкіндік берген.
Міне, осы көне түрік жазу бертін келе тіл тарихында «Руна» жазуы деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» деген сөз - «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді. Өйткені ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарында Орхон-Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В. Томсен 1893 жылы ашқан.
Міне, осы руна жауындағы ескерткіштер тілі VI-X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ, т. б. түрлі түркі тайпалары кезінде пайдаланған, солардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тіл болды. Әрине, әрбір түркі тайпасы өз диалектінде сөйледі. Әйтсе де осы «ескерткіштердегі тіл мен әдеби қағидалардың байланыста болғанын көрсетеді және ескерткіштерді түркі тілдес бір халықтың ғана тілдік және әдеби мұрасы деп қарау ешқандай дәлел бермейді».
Талас өзені бойынан табылған түрлі заттардағы, көзе мен металл ақшалардағы, құлыптастардағы жазуларда руна жазуы тобына жатады.
Шығыс Түркістан шаһарларында ІХ ғасырдан бастап көне ұйғыр жазуы пайда болды. Бұл ежелгі ұйғыр әрпімен жазылған туындылар тілінің өзіндік кейбір ерекшеліктері бола тұрса да, мұның өзі руналық ескерткіштер тілінің тікелей жалғасы, мұрагері.
Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған ежелгі түрік жазуларына « Талас жазуы » деген атау берген. Көне руналық жазу - ежелгі түріктердің төл жазуы. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. Зерттеушілердің пікірінше Талас ескерткіштері VІІІ ғ. қамтиды.
П. М. Мелиоранский Енисей және Талас жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкін деген пікірді мүлде теріске шығармайды.
П. М. Мелиоранский Енисей, Орхон және Талас алфавитін сол кездегі «түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады.
Талас жазба ескерткіштері - ежелгі жазулардың арасындағы ең ескісі. В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов сияқты ғалымдар Орхон жазуымен салыстырғанда Енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде И. А. Батманов былай деп жазады: «Они имеют лишь стилистические отличия, связанные с тем, что енисейские памятники отражают более архаичную разновидность букв, а орхонские - более позднее, характеризуются отработанным изображением, эволюционировавшим около двухсот лет». Енисей, Орхон және Талас жазуы сонау Табғаш іргесінен басталып Орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап кең жайылған. Осыған орай бұл жазулардың өзара толып жатқан ұқсастық жақтарымен қатар олардың арасында жазылу (графикалық) ерекшеліктері де кездеседі. Солай бола тұрса да, Енисей, Орхон және Талас жазулары қалай болса, солай оқыла беретін жеңіл-желпі жүйесіз жазу емес. Оны кез келген кісі оқи алмайды. Оның өзіндік фонетикалық ерекшеліктері бар.
Қайсыбір халық болмасын, қарапайым адам болмасын түрлі зертеулермен, мәдениеттің, ғылымның сан-саласымен айналысса да тұжырым-деректерін, зерттеу қорытындысын бекітуі қажет. Әрине ой қорытындысы болғанмен, қағидат етіп қағаз бетіне түсірілмесе есте қалып, мәдениет қалыптастыруға себепкер бола алмас еді.
Мінекей, ой тұжырымдарын зерделей келе, қорытындылай келе бұл деректер арқылы біз неге көз жеткізе аламыз?! Әрине, бір ғана дүние - «Талас өңіріндегі көне жазбалар - ежелгі түркі мәдениетінің бастауы», ежелгі түркі мәдениетінің мәдениет болып қалыптасуының ең бастапқы арқауы екенін ұғамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz