Дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығы

Тақырып: Дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Орындаған: Совет Аяулым

Тексерген: Жұмабаева К. С

Дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі [1] болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшелік- терімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.

Білім беру жүйесі ұрпаққа адамзат қоғамының тарихында жинақталған мəдениеттің, қоғамдық сананың əр саласынан білім бере отырып, олардың өзі өмір сүретін ортада икемділігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдап, қоғамның дамуына атсалысатын азаматты тəрбиелейді. Тəрбиенің басты өлшемі - тəрбиелілік, басқа адамның оның іс-əрекетін үлгі тұтуы, яғни адамгершілік сапаларын теориялық жағынан ғана біліп қоймай, өзінің іс-əрекетімен дəлелдеп, көрсетуі.

Тəрбиелілік - адамның өзін-өзі тани білуімен, өз мүмкіндігін нақты бағалай алуымен, адамдармен қарым-қатынасын ұйымдастыра алу, өзгенің адамгершілік сапаларын, егер бола қалған жағдайда өз қателігін мойындай алу қабілеттерінен көрінетін күрделі сапа.

Адамның рухани мүмкіндігі, оның өзін қоршаған ортаның талап тілектеріне мəн беріп, өзінің де, басқаның да дамуына, бар мүмкіндіктерін көрсете алуына /жағымды/ жағдай жасау. Білім беру жүйесіндегі басты мəселе жас ұрпаққа білім бере отырып, адамгершілік сапаларының қалыптасуына басты назар аудару. Əрине, білім беру жүйесінде еңбек ететін əр маман ұрпақ тəрбиесіне өз деңгейінде атсалысады, үлгі-өнеге болады. Білім беру ұйымдарында ұрпақтың жан-жақты дамуына, ең алдымен білімді болуына назар аударылады. Мұндағы басты өлшеуіш - білімі, білім алушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлай білу қабілетін арттыру болды. Қазақстан тарихында əлемдік білім беру кеңістігіндегі оқушылардың дара ерекшеліктерін анықтау, қабілеттерін байқау мəселесі түрлі деңгейде іске асырылды.

Жалпы білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету саласының іс жүзінде қолданылып, дамуы шетелдік тəжірибеден бастау алады. Психологиялық қызметтің басталуы Америка психологтарының зерттеулерімен байланысты. Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі міндеті арнайы бағдарламалар бойынша оқытылатын балаларды таңдауға арналған өлшеулер жəне тестілеу болды. Америка мектептерінде тестілеудің кең тəжірибесі ең алдымен ақыл-ой дарындылығының коэффициентін (IQ) анықтауға арналған тестер «гайденс» қызметінің дамуына негіз болды [2] .

Мектептегі психологиялық қызметтің дамуына өткен ғасырдың 60-жылдардағы мектеп психологтерінің кəсіби ұжымының құрылуы жəне 1973 жылы Уэльсте өткен конференцияның ықпалы мол болды. Конференцияда мектеп психологиялық қызметінің міндеті мен ролі этикалық жəне заңдық негіздері, мектеп психологының кəсіби мəселесі, мектеп психологының оқыту бағдарламасының мазмұны жəне т. б. сұрақтар қарастырылды. 1980 жылы АҚШ-та мектеп психологтерінің ұлттық ассоциациясы ұйымдастырылды. Психологиялық қызметтің мынадай деңгейлері көрсетілді.

Бірінші деңгейде, арнайы оқытуды талап ететін оқушыларды тестілеу негізінде анықтау.

Екінші деңгейде, арнайы оқытуды қажет ететін айқын оқу жəне мінез-құлық мəселелері бар оқушыларға бағытталады.

Үшінші деңгейінде, барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне психологиялық даму мəселелері бойынша психологиялық көмек көрсетіледі. Өзіндік психологиялық қызмет психолог оқушыларды психологиялық педагогикалық зерттеу тестерінің ұпайларын анықтап, интерпретациялағаннан кейін екінші деңгейден басталады. Бұл кезде мектеп психологиясы теориялық жəне тəжірибелік салада недəуір табыстарға қол жеткізді.

Көптеген мамандар қазіргі кезде психлогиялық қызметтің негізгі іс-əрекеті ретінде өлшеу мен тестілеуді қарастырады [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Арнайы білім беру
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Интеграцияланған оқыту мәселелерін зерттеу
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz