Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 лекция. Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
1. Мәдениет туралы үғым.
2. Мәдениет көп деңгейлі жүйе.
3. Мәдениеттің қүрылымы мен қызметі.
4. Мәдениет және өркениет.
Мәдениеттану- жалпыадамзаттық және үлттықмәдени үрдістердің обьективті заңдылықтары, тарихи ескерткіштер,қүбылыстар, сондай- ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп,зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәніМәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.
Мәдениеттану дегеніміз (латын тілінде cultura - өңдеу,тәрбиелеу,білім беру,даму,сыйлау)- адамдардың өмір мен қызметін үймдастыру қалпы мен түрлерінен,сонымен қатар олардың жасаған материалдық рухани қүндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі. Мәдениет үғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады.Ежелгі - Полисте мәдениет үғымы- есі кірмеген баланы естиар азамат,мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің қүралы түрғысынан қарастырылса,орта ғасырларда мәдениет үғымы бірте- бірте философиялық мағынаға ие бола бастады. Мәдениет көп түрлі,оның салалары сан алуан:адамзат мәдениеті,әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман,орта ғасырлар,қайта өрлеу, т.с.с.), Әр түрлі елдер мен үлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар,қалалық,ауылдық). Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді.Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған грек ойшылы Демокриттің пікірінше,мәдениеті жасаушы- адам.Ол табиғатқа еліктеп,өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды.ежелгі грек мәдениеті мәдени дәстүрлердің бейнесіне айналған аңыздарды сыйлады, сонымен қатар Батыс еуропа елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуының негізін қалады.Мәдениет үғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлестерін қосты.Цицерон шығармаларынан мәлдениеттің алдына қойылған міндеті- республикалық қүрылыст нығайту болғанын көруге болады.Орта ғасырлық дәуір мәдениетінің негізгі қүндылығы қүдай еді.орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін тастағы інжіл десе де болады.қайта өрлеу дәуірінде мүлдем жаңа ілім қалыптасты.адамға,адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені,сүлулықты,өзін- өзі қүрушу деп есептей бастады.мәдениет- тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес,ол адамның өзін қайта жасаушы да. Білім- күш - дейді Бекон. мен ойлаймын,яғни мен өмір сүремін деп жариалайды Р.Декарт.Бүрынғы тоталитарлық жүйеде, өмiрдiң қоятын барлық сүрақтарына марксизм-ленинизм түрғысынан даяр жауап алдын-ала белгiленiп қойылған жағдайда мəдениеттану гуманитарлықғылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Əрине, бүдан кешегi Кеңестер Одағында мəдени қүбылыстар тоқтап қалды деген пiкiо тумайды. Бiрақ, тоталитарлық тəртiп əр түрлi себептермен орыс империясының қүрамына енгенхалықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мəденитетерiн түншықтырып тастады. Мазмүны жағынан социалистiк, формасы бойынша үлттық дейтiн жалған үранды жамылған билеушi партия үлттар мəдениетiн белгiленген темiр тор шеңберiнен шығармай үстап келдi. Тəуелсiздiкке қолы жеткен Қазақстан Республикасы алдында түрған, өмiрдiң маңызды басқа жақтарындағы сияқты мəдениет салалсында да орасан зор əрi қасиеттi мақсат- халық рухын, оның өзегi мəдениеттi қайтадан қалпына келтiру. Осындай мəдени қайта өркендеусiз, қаншама экономикалық жəне саяси жетiстiктерге жеткенмен, Қазақстан өркениеттi елдер қатарына қосыла алмайды. Мəдениеттану- философиялық iлiм, ол философияның бiр бөлiгiне , дəлiрек айтқанда, мəдениет философиясына жатады. Немiс клссикалық философиясының негiзiн салушы Иманнуил Канттың 1724-1804 пiкiрiнше, тек екi нəрсе адамы таңдандырады жүлдызды аспан жəне адамның iшкi рухани дүниесi .Соңғының өзегiн рухани мəдениет қарастырады. Егер бiз философияны И.Канттың iзiмен,адам деген кiм жəне ол қайдан келдi ? Ол не үшiн өмiр сүредi ? Адам қайда барады, болашағы қалай ? деген үш сүраққа сыйғызсақ , онда адам мен мəдениеттiң, философия мен мəдениеттанудың арасындағытығыз байланысты көремiз. Мəдениеттану пəнi Батыс елдерiнде мəдени антропология (адам туралы iлiм) қүрамында қылыптасқан. Мəдениет - ашық жүйе, оның негiзгi мақсаты, өзiн басқаға, жеткiзу, ол мононлогтан гөрi диалогқа - сүхбаттасуға жақын. Сондықтан мəдениеттануда өзiн-өзi тарату (транцляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады жəне бүл жерде осы мəдениеттi тарату қүралдары ( таңбалар, рəмiздер, ғибадаттық əдет-ғүрыптар жəне т.б.) мен оның iшкi мəн-мағынасы (менталитетi, дiлi, дiнi ,санасы жəне т.б.) бiрдей қызмет атқарады. Осы түрғыдан төмендегiдей түжырым жасауға болады; мəдениеттану мəдениеттi нақтылы тарихи - əлеуметтiк процесс түрiнде қарастырады.Бүдан келiп жалпы философиялық iлiмдер мен мəдениеттанудың арасында белгiлi бiр алшақтық туады. Бiздiң түсiнiгiмiзше, мəдениеттану мен мəдениет философиясы мүлдем түтасып кетпеген. Бiрiншiсiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар;
аегер философия өз мүрасында объективтiлiкке, жалпыламалыққа, əмбебаптылыққа үмтылса, мəдениеттануға типтiлiк, интровертивтiлiк iшкiлiк субъективтiлiк тəн;
əтарихилық жəне логикалық ғылыми тəсiлдерiнiң арақатынасын мəдениет философиясы мен мəдениеттануда салыстырсақ, онда философия негiзiнен логикалық тəсiлге жүгiнетiнiн, ал мəдениеттануда тарихи əдiстiң басым болатындығын байқаймыз(мəдениеттанудың басты мiндеттерiнiң бiр - тарихи кезеңдер мен өркениет түрлерiне көркем бейне беру) осы сипатта мəдениеттану Гегель, Гердер, Кант түсiнiгiндегi тарих философиясына жақын;
б мəдениет философиясымен салыстырғанда мəдениеттануда аксиологиялық , психолингвистикалық жəне герменевтикалық ( түсiндiрмешiлiк) сарындар басым.
Мəдениеттану жеке пəн етiнде Х1Х соңғы ширегiнде қалыптаса бастады, сондықтан да оны əлi де болса да буыны бекiмеген жас ғалымдар саласына жатқызамыз.Мəдениеттану - мəдениет туралы ғылым,сонымен қатар философиялық iлiм,өйткенi ол философияның басты саласы - мəдениет философиясын қамтиды. Мəдениеттану қоғамда болып жатқан түрлi процесстердi (материалдық,əлеуметтiк, саяси, адамгершiлiк, көркемдiк т.б.) барынша қамтып, мəдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмiр сүруiнiң принциптерiн жəне бiр-бiрiне этно-əлеуметтiк, саяси - моральдық,ғылыми-көркемдiк жəне тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелiнетiн алуан мəдениет түрлерiнiң өзара байланыстары мен тəуелдiлiктерiн зерттейдi. Мəдениеттану пəнi сонымен қатар жергiлiктi жəне региональды мəдениеттердiң сапалық ерекшелiктерiн, олардың өзара байланыстары мен мəдениеттiң басқа түрлерiмен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының бiртүтас мəдени даму процесiнiң жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мəдениеттану пəнi түрлi қоғамдар барысындағы мəдени өмiрдi жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мəдени процестерге ғылыми түрғыдан талдау жасайды. Мəдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пəндер қатарына да жатқызуға болады, өйткенi бүл пəн адамзат баласының мəдени өмiрдегi толып жатқан қүбылыстарын жүйелi түрде қарастырады. Ал мəдени процестердiң мəнiн ашып көрсетуде түрлi ғылым салаларының өкiлдерi, атап айтқанда этнографтардың, əдебиетшiлердiң, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың жəне т.б.атсалысатынын ескерсек, мəдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мəдениеттануға осы уақытқа дейiн түрлi ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал еттi. Ендi осы аталған ғылым салаларының əдениеттануға қалайша ықпал ететiндiгiн қарастырып көрейiк. Антропологияның басты бағытының бiрi - қоғам мен адамды салыстырмалы түрғыдан зерттеу.
Осы түрғыдан алып қарағанда, "антропология" мəдениет деген үғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады .Олар;
1.Қоғам мен адамның мəдени қалыптасуы( ағартушылық);
2.Қоғамдық жəне адамзаттық салт-дəстүрлердiң, əдет-ғүрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердiң жəне т.б. жиынтығы(бiрлiгi);
3.Белгiлi бiр қалыптасқан мəдени жүйенiң басқа мəдени қүндылықтарға қарсылығы. Мəдениетке антропологиялық түрғыдан берiлген бүл анықтаманы мəдениеттану саласындағы көптеген сыншылар "жалпылама" деп есептеп оның эмпирикалық сипатта екендiгiн баса көрсетедi.Сонымен қатар олар "əлеуметтiк антропология", əлеуметтанудың (социологияның) негiзгi əдстерi мен үлгiлерiн қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бүрып кеттi деп пайымдап , ал "мəдени антропология" деп аталатын антропологияның басты саласы-психология мен тарихқа ден қойды деп түжырым жасайды. Əрине, түрлi пəндерге бағдар жасау емес, жалпы мəдениеттi түрлi мағынада түсiндiруге əкелiп соғары сөзсiз. Осы орайда ерекше атап өтетiн бiр жəйт, ғасырлар бойы даму жолынан өткен социология да дəл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенедi, əлеуметтiк ғылымды əлеуметтiк философияға қарсы қояды. Дүние жүзi халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мəдени жəне түрмыстық ерекшелiктерін,олардың шығу тегi мəселелерiн, олардың жер жүзiне таралып қоныстануы мен мəдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтiн этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгiнгi таңдағы мəдениеттiң мол мүрасын игеруге жəне оны ғылыми түрғыдан ашып көрсетуге айырықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгiлi бiр халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық жəне роухани мəдениет саласындағы жетiстiктерiне үлкен қүрметпен қарауға үйрете отырып, мəдениеттану ғылымының қалыптасуына өзiнiң қомақты үлесiн қоса бiлдi. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгiлерiне сүйене отырып, мəдениетпен "жаратылыстану ғылымдары" ретiнде үйлесiмдiлiк тапса, қоғамда жүйелi түрде қарастыратын əлеуметтану(социология)ғылымның биологиямен байланысы жоқ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Мәдиниеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері
Мәдениеттану- философиялық ілім
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Пәндер