Қазақстанда бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері


1. «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» курсының мақсаты мен міндеттері
Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасында көзделген бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыдағы аталған жалпы орта білім беру мектептерінде бейіндік оқытудың мақсатын жүзеге асыруға «Кәсіптік оқыту» мамандығының болашақ педагогтарын аталған білім беру бағдарламасы аясында кәсіби дайындық ұйымдастыру мен оқу процесін жүзеге асыруға «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» курсы анықталған.
Осы курстың мақсаты - жалпы орта мектепті бейіндендіре (профилизация) оқытуға көшуді жоспарлау мен ұйымдастыру тұғырында студенттердің оқушыларды бейінді оқыту туралы түсіндіктерін қалыптастыру, оның ұйымдастыру-әдістемелік және жақтары бойынша дайындау.
Оқушылардың бейінді оқытуын ұйымдастыру курсының міндеттеріне:
студенттерді педагогика ғылымының жетістіктері мен мектеп тәжірибесі негізінде бейіндендірудің (профилизация) өзекті проблемаларын терең оқып үйренуді қамтамасыз ету;
студенттердің бейінді оқыту бойынша теорияларға, тұжырымдарға және оқыту технологияларына негізделе үйрету;
бейіндік оқыту процесінде жоғары сынып оқушыларын жеке білім беру траекториясын тұрғызу мүмкіндігін қолдануға үйрету;
бейіндік оқытудың барлық кезеңдерінде жоғары сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық көмек беруге үйрету;
бейіндік оқытуды ұйымдастырудың қазіргі әдістемесі мен инновацялық технологияларды қолдануға үйрету;
студенттердің бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен педагогикалық өзара әрекет қабілеттерін дамыту;
оларды педагогикалық әдеп пен педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу
Осы курс аясында білім беру бағдарламасын меңгеріп, іскерлігі мен құзыреттілігі қалыптасқан болашақ маманға мынандай талаптар қойылады:
білімі:
мектептің жоғары сатыдағы білім беру мазмұнының негізгі проблемлары мен мазмұны, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістемесі мен технологиясы, педагогикалық диагностиканың әдісі туралы; іскерлігі:
бейіндік оқыту бойынша педагогикалық міндеттерді кәсіби тұрғыда шеше алудың жаңа ғылыми әдістерін қолдану;
меңгереді:
кәсіби этика, технологиялық және жобалық мәдениетті, ақпаратты жалпыламалау, талдау және жинақтау мен қабылдау, мақсат пен жетістікке жетуді таңдай алуды.
2. Қазақстанда бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының өзектілігі, мақсаты мен міндеттерін қандай
Қазақстанда бейінді оқытуды дамыту бойынша 2006 жылы жоба түрінде қабылданған 12 жылдық білім берудің тұжырымдамасында, 2007 жылғы «Білім туралы» Заңында және ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 арналған мемлекеттік бағдарламасында да оқыту сатылары, білім беру мазмұны мен бағыттары, педагогтарды қайта даярлау, оқушы тұлғасын жеке даралау мен әрдеңгейлі білім берулер қарастырылған.
ҚР бейінді оқытуды дамыту туралы тұжырымдаманың жобалы сипатта қалыптасуы 2006 жылдан бері орындалып келеді. Ол тұжрымдаманың нақты жасалып мемлекет тарапынан бекітілген нұсқасы анықталмаған. Мемлекеттің білім беру саласына жасалып қабылданған құжаттар мен тұжырымдамалар негізінде бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы қайта өзгертіліп, толықтырылып келеді. Біздің курста бейінді оқытуды дамытудың тұжырымдамасы ҚР Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академияның 2010 жылы жасаған жобалы үлгісіне негізделіп отырмыз. Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы әліде өзгерістерге түсіп, қайта жаңартылуына 12 жылдық білім беруге дайындалып жатқан білім беру стандартының мазмұныда ықпалдық етеді.
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен келісілген, оның ішінде:
мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;
шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;
еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;
білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі;
3. Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz