Мемлекеттік органдар
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.бөлім. ҚР мемлекеттік органдарының түсінігі мен түрлері.
1.1 Мемлекеттік органдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы,
атқарушы және сот билігінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.бөлім. ҚР.ның мемлекеттік басқару органдарының атқаратын қызметтері
2.1. ҚР.ның Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Басқару органдарының функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.бөлім. Мемлекеттік органдардың басқару жүйесін реформалау ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қазақтұтынуодағы
Қарағнды экономикалық университеті
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
кафедрасы
Тақырыбы:

... ... ... .
Орындаған: ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тексерген: ... ... ... ... ... ... ..
ҚАРАҒАНДЫ-2007Ж.
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 3
1-бөлім. ҚР мемлекеттік органдарының түсінігі мен түрлері.
1.1 Мемлекеттік органдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы,
атқарушы және сот билігінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2-бөлім. ҚР-ның мемлекеттік басқару органдарының атқаратын қызметтері
2.1. ҚР-ның
Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 9
2.2. Басқару органдарының функциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
3-бөлім. Мемлекеттік органдардың басқару жүйесін
реформалау ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...29
Кіріспе.
Курстық жұмысымды бастамастан бұрын, әуелі таңдаған тақырыбымды бір
жүйелі ретке келтіріп көрейін: тақырыбы Мемлекетік басқару органдарының
функциялары, мақсатым осы тақырып аясын барынша кеңейту және тиісінше одан
өзіме пайдалы болатын біршама білім алып қалу. Менің өз болашақ мамандығым
мемлекеттік басқарушы немесе мемлекеттік қызметкер болғандықтан, маған
мемлекеттік басқару органдарының барлығын да білу керек.
Үкіметтік Министрліктер саны және әр қайсысының атқаратын қызметтері,
солардың жадарындағы комитеттер мен агенстволар туралы да жазуға тырысамын.
Сондықтан да курстық жұмысымның бірінші бөлімін мен жалпы мемлекеттік
органдарға сипаттама беріп өттім де, олардың атқаратын функцияларын жай
ғана үстіртін шолып өттім, себебі екінші бөлімімді мен осы органдардың
функцияларын неғұрлым толығырақ ашып, одан кейін біздің елімізде жүргізіліп
жатқан органдар құрылымын жетілдіру бағыттарын іздестіруді тырыстым.
Мазмұны жағынан логикалық қортындысына келетін жұмысымның үшінші
бөімін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың басқару жүйесін
реформалау тақырыбына арнадым. Мәселен, бұл реформа біздің елімізге өте
қажет болып саналады, оны Президентіміздің өзі айтып кеткен болатын.
Жалпы алғанда, бұл курстық жұмысымның жоспарын мен қысқаша осы кіріспе
бөлімімде жазсам да, бар жинаған ақпараттарымның нәтижесі жұмысымнан
байқауға болады. Бұл курстық жұмысты жазу үшін бір ғана оқулықпен шектеліп
қалған дұрыс емес, себебі мемлекеттік органдар аясында үнемі өзгерістер
болып отырады, сондықтан да мен көбінесе периодикалық шығарылымдарды
пайдаландым.

1.1. Мемлекеттік органдар жүйесі.
ҚР мемлекеттік аппараты мақсаты және күрделі жүйесін бейнелейтін барлық
сипаттарға ие. Өз алдына жеке дара жүйе құра алатын, ол бірнеше
элементтерден тұрады. Сондай ақ мемлекеттік аппараттың құрылымдық
элементтеріне бірлік, ішкі келісушілік тән. Жалпы айтқанда, ҚР мемлекеттік
аппараты өте жинақы әрі көп құрылымды болып табылады.
Сөйтіп, ҚР органдар жүйесі, яғни мемлекеттік аппарат ол мемлекеттік
органдардың өзара ұлттық дәстүрлі мүдделермен негізделген мемлекет
функцияларының ара қатынасы. Аталмыш анықтама екі мағынаға ие:
Ең алдымен, мемлекеттік аппараттың құрылымдық жүйесі мемлекеттік
функциялар мен тарихи дәстүрлермен анықталады. Бұл мағынада мемлекеттік
органдар жүйесі объективті. Оны жайдан жай құра салуға келмейді. Жаңа
мемлекеттік органдарды құрар кезде, немесе ескілерін қайта реформалау
кезінде заң шығарушы бұл құрылып жатқан жүйе қандайболу керек екендігінде
толық құқығы жоқ. Осы тұрғыда ҚР мемлекеттік органдарының тарихи дәстүрлі
басқару жүйесінің қайтарылуын мысал етуге болады. Негізінен, жүйелік
мемлекеттік аппаратқа қажет екендігі ол заңдылық. Өзінің маңыздылығы,
құрылу принциптері және іскерлігі жағынан ол жалғыз. Біртұтас мемлекеттік
ұйымнан тыс мемлекеттік органдарды елестету мүмкін емес.
ҚР мемлекеттік аппараттарының жүйесінің біртұтастығы, көпұлтты ҚР
мемлекеттік еркімен анықталмақ. Референдумда қабылданған ҚР Атазаңы
мемлекеттік органдардың жүйесі мен олардың атауларын бекітеді. Онда ҚР-да
тәуесліздік пен мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде халық болып
саналады. ҚР билікті ешкім де өз меншігіне ала алмайды. Атап айтатын бір
жайт, халықтың мемлекеттік еркі ол Қазақстан үшін ең маңызды көрсеткіш.
ҚР мемлекеттік органдарының жүйесінің теоретикалық әрі заңнамалық
негізі биліктің бөлінуі де жатқызылады. КСРО кезінде биліктің бөлінуі дұрыс
емес деп есептелетін, ол мемлекеттіліктің буржуазиялық теориясын құрайды
деп есептеген.
Биліктің бөліну принциптері мемлекеттің функцияларында негізделеді,
және сол функцияларын орындай отырып, оған арнайы органдар құрады. Сондай
ақ басқа органдардың жұмысын істуге тиым салатын да осы билікің бөлінуі.
Өзара бақылау мен биліктің шектеулігі де керек. Осы ережелерді сақтаса, ҚР
органдар жүйесі таза, ашық түрде жұмыс істей алады. Ал бұл шарттарға
бағынбаса, онда мемлекет ертелі кеш пе, әйтеуір құлдырауға жетеді. Бұлардың
барлығы да конституцияның қаншалықты дұрыс, әрі тура жүйелі қолданылуына
байлагысты.
ҚР мемлекеттік органдарының жүйесінің демократизмі, ҚР әлеуметтік
мемлекет екенін дәлелдейді, оның саясаты адамзат дауының барынша қолайлы
жағдай жасауымен ерекшеленеді. ҚР мемлекетінің демократиялық әрі әлеуметтік
болмысы оның органдарының жүйесінде көрінеді. Демократиялық, құықтық және
әлеуметтік елде әрбір орган мен оның әрбір жүйесі тек қана қоғам мүдделері
үші ұызмет етулері қажет.
Қазіргі жағдайда демократиялық қоғамның белгісі сайлау болып табылады.
Сөйтіп, ҚР Президенті, мемлекеттік биліктің өкілетті органдарының
депутаттары мен жергілікті өзін өзі басқару депутаттары сайлау арқылы
тағайындалады. Өз кезегінде, ол сайлаулар барлық азаматтар үшін тең
құықылы, Конституцияға сәйкес болуы керек. Олай болмаса, онда ол елдің
азаматтарының құқықтары бұзылып жатыр деген сөз, яғни ол анархияға әкеледі.
Ондай жүйе демократиялық сипаттарын жоғалтады. Мемлекеттік органдар
жүйесінің демократизмі өкілетті органдар депутаттарының өз сайлаушылары
адындаға есеп беруінен де байқалады.
ҚР мемлекеттік органдарының жалпы жүйесі өзіне ҚР Президентін, ҚР
Парламентін (Сенат пен Мәжіліс), ҚР Үкіметін, министрліктер мен
агенттіктерді, жалпыреспубликалық ведоствалардв қосады. Сондай ақ бұл
жүйеге ҚР Ұлттық банкі (бөлімшелерімен қоса), ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР
Жоғарғы Соты, ҚР Генералды Прокуратурасы да кіреді.
2. Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы, атқарушы және сот
билігінің ролі.
Осы сұрақта біз атқарушы және соттық биліктің мән жайын ашып көреміз.
Үкімет – ол коллегиялы орган, ол мемлекеттің атқарушы билігінің жүйесін
басқарып, өз атынан құқықтық актілер шығарады. Оның құрамына маңызда деген
әкімшілік ведомсвалардың жетекшілері кіреді. Үкімет, кең құзырлыққа ие, ел
ішінддегі жағдайларға жауап береді, парламент пен ел басы жетекшілігінде
жұмысын атқарады. Оның жұмысын Премьер-Министр басқарады.
ҚР-да бұл орган әр түрлі аталып жүретін: Министрлер Кеңесі, Үкіметтің
Министрлер Кабинеті. Үкімет Премьер-Министр, оның орынбасары және
министрлерден тұрады. Қазіргі ҚР Үкіметінің мүшелері 20 адамнан аспайды.
Премьер-Министр ҚР Парламентімен және ҚР Президентімен тағайындалады. Егер
ұсынған кандидатураларды екі рет қатарынан қолдамаса, Президент Премьер-
Министрді өзі тағайындап, Парламентті таратады. Бірінші және басқа да
орынбасарларды, министрлерді Үкімет төрағасы он күн ішінде ұсынады да, оны
Президент қояды.
Үкімет экономикалық өсудің маңызды деген бағдарламаларын жасайды,
экономикалық әрекеттерге белсенді түрде ісер етеді, ақша несие саясатының
тұрақталуына ат салысады, бағалардың бірыңғай саясатын жүргізеді, еркін
кәсіпкерлікті қолдау маұсатында барлық реформаларды іске асырады, табиғи
ресурстардың пайдаланылуын бақылайды, мемлекетік меншікті басқаруды жүзеге
асырады. Осылардың ішіндегі ең маңыздылардың бірі азаматтардың бас
бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету, барлығын Атазаңға сәйкес етіп
жүргізу, қылмысқа қарсы күрес жүргізу. Үкімет елдің қорғанысын, елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі міндетті. Үкіметте туындаған сұрақтар бойынша
жұмыс істейтін, арнайы орган құрылған – Президиум.
Конституция Үкімет пен ҚР Парламенті арасындағы келесідей байланыс
формаларын бекітеді:
• Үкімет Парламентке республикалық бюджет жобасын әзірлеп, есеп береді;
• Президент ҚР Премьер-Министрін тағайындауын Парламентпен бекітеді;
• Парламент өз мүддесі үшін немесе Үкімет мүддесі үшін оған сену жөніндегі
сұрақты шешеді;
• Үкімет ҚР Парламентінің заңдарының атқарылуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметі мен ҚР Президентінің өзара қатынас формалары:
• Үкімет ҚР Президентін үнемі хабардар етіп отырады;
• ҚР Президентінің актілерінің іске асуын бақылайды;
• ҚР Президентінің тапсырысымен Мәжіліске заңнамаларды енгізеді;
• Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды бекіту үшін ҚР Президентіне бекіту
үшін ұсынады;
• Үкімет ҚР Президентімен заңжобалық жұмыстардың жоспарын ұсынады;
• Президент ҚР Үкіметінің кез келген шешімдерін толығымен немесе жартылай
алып тастау немесе тоқтатып тастауға құқылы;
• ҚР Президенті ҚР Үкіметінің немесе Үкісеттің кез келген мүшесінің
отставкасын қабылдайды немесе қабылдамайды.
ҚР атқарушы билік органдарының құрылымына Үкіметтен басқа да
жергілікті атқару органдары жатады. Әкімшілік территориалдық бірліктердің
әкімдері өз жергілікті атқару ргандарында тек Президенттің ғана өкілі емес,
сонымен қатар ҚР Үкіметінің де өкілі болып табылады. Облыс, астана және
республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін Премьер-Министр нұсқауымен
ғана ҚР Президенті тағайындай алады.
Сот өкімдері мемлекеттік іскерлікің ең маңызды бағыттарының бірі, оған
жетекші әрі ең маңызды орын берілген, себебі кез келген даулы мәселелерді
шешу мемлекет тарапынан да осы сот өкімдеріне жүгінеді.
Демократиялық қоғамдағы сот билігінің әлеуметтік ролі мынадан көрінеді:
заңдық текетірестер кезінде екі жаққа да еркін әрі толық сөз бостандығын
ұсыну мүмкіншілігі. Сот билігінің дербестігі, маңыдылығы әрі нақтылығы оның
ұйымдық және функционалдық заң шығарушылы принциптеріне сүйенеді. Бірақ та
ол принциптерді атамастан бұрын қайталап айтатын бір жайт, сот шешімдерін
мынадай белгілеріне қарап ажыратуға блоады:
1)ол Конституция мен заңдарға сүйеніп, мемлекет атынан іске асырылады;
2)сот тек қана соттық органдармен жүргізіледі;
3)сот Конституцияға сай балық даулы істерге жүргізіледі;
4)сот шешімдірі барлық тұлғалар мен органдар үшін бірдей.
Соттардың негізгі конституциялық принциптеріне мыналарды жатқыза
аламыз: заңдалақ, сотты тек сот органдары шешеді, судьялардың тәуелсіздігі,
заң мен сот алдында барлығының да теңдігі.
Осылардың ішіндегі ең басты принцип сот шешімдерінің тек сот
органдарымен жүргізілуі. Бұл дегеніміз, ҚР-да азаматтық немесе қылмыстық
істерді қарайтын соттардан басқа ешбір мемлекеттік орган жоқ және болмауы
да тиіс.
2-бөлім. ҚР-ның мемлекеттік басқару органдарының атқаратын қызметтері.
2.1. ҚР-ның Үкіметі.
ҚР Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы. 1920 — 24 ж.
Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советi (Халкомсов), 1925 — 36 ж.
Қазақ АКСР Халкомсов, 1936 — 46 ж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946—95 ж. ҚазКСР
Министрлер Кабинеті деп аталды. Қ.Р.Ү. мемл. билiктiң ерекше тармағы
ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, кабинеттерден тұратын орталық
атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын
жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне
басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi ҚР Конституциясында
бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң
тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған
“Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциясының Заңымен белгiленген.
Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституциясының, заңның, ҚР-ның
заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау
үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның
Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы
болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi
тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы
ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы
бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды
және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады,
қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық
атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi —
республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де
лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке
кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы
конституц. заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше
мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi,
орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр
қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы
ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды
және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген: ол
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны
жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; әлеум.-экон. және ғылым-техника
дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру; Республика Президентi
белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi
әзiрлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп
беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту
жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру; мемл. валюталық, қаржы және
материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың
сақталуына мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиц. саясатты жүзеге
асыру; баға құралуының мемл. саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру; мемл. реттейтiн
баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң
номенклатурасын белгiлеу; мемл. меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны
пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының
қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік
қорғалуы, мемлеттік, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеум. сақтандыру жүйесi
мен шарттарын айқындау; мемл. аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын
әзiрлеп, iске асыру; аймақтарды әлеум.-экон. дамытудың аймақаралық
мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа
технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды,
туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау
шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және
заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс
қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын
күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру; келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық
келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен,
халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экон. саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу; сыртқы сауданы дамыту
шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-
қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен
жүктелген өзге де қызметтердi орындау. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде
конституцияда және үкiмет туралы конституц. заңда белгiленген нысандарда
Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық
етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi
бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi
шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемл.
органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң
алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң
қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды
орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке
мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң
нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi
шегiнде бүкiл мемл. аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз
етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика
Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын
қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер
Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама
тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi.
Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып,
соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын
дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемл. к-ттер,
агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қ. Р. Ү. Президенттiң өкiлеттiк
мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР
Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз
өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы
констиуциялық заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi
мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер
Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi
орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне
өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ,
61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк
бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне
мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР
Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не
оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-
Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен
босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ,
президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет
жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет
мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып
табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге
асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-
Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың
жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын
мемллекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР
заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз
етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз
қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.
2.2. Басқару органдарының функциялары.
Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды
қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық
құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң
арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемл.
органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде мына салалар бойынша республикалық
орталық атқарушы органдары жұмыс iстейдi:
ҚР-ғы Министрліктер:
• ҚР Інкі Істер Министрлігі;
• ҚР Мемлекеттік кірістер Министрлігі;
• ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі;
• ҚР Сауда және Индустрия Министрлігі;
• ҚР Сыртқы істер Министрлігі;
• ҚР Ақпарат Министрлігі;
• ҚР Мәдениет Министрлігі;
• ҚР Білім және Ғылым Министрлігі;
• ҚР Қорғаныс Министрлігі;
• ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі;
• ҚР Ауылшаруашылық Министрлігі;
• ҚР Көлік және Коммуникация Министрлігі;
• ҚР Еңбек және Тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі;
• ҚР Қаржы Министрлігі;
• Экономика және бюджеттік жосарлау Министрлігі;
• ҚР Энегретика және Минералдық Ресурстар Министрлігі;
• ҚР Әділет Министрлігі.
Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз
қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы”
конституц. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-
қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктер туралы үлгi ережемен және әрбiр
министрлік, агенттiк туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық
нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның
министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық
бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.
ҚР-ның Министрлiгi мемлекет басқарудың тиiстi саласына басшылық
жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-
Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң
ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр
министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген
мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап
бередi. Ол лауазымы бойынша Қ. Р. Ү-нiң құрамына кiредi. Министрлiктiң
құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң
орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы
қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган
құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр
бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген
тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде
актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен
қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады
және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын
үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық
бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., респ. мақсатты
бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi
шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.
ҚР-ның агенттiгi де орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi
Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және
таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда
белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру
мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн
басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды
және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға
бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын
агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң
құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де
орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық
жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет
бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттік
қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
мемлекеттік комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегi агенттiк, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне
тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемлекеттік орган мәртебесi
берiлген. Орталық атқарушы органның құрылымдық комитетітi тиiстi орталық
атқарушы органның құрылымдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz