Кітап саудасының тарихы, құрылымы және қоғамдағы рөлі: Қазақстан мысалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кітап саудасы және оқырман.

Жалпы, кітап -адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құрал дейтініміз бәріне мәлім дүние. Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Содан тас кітап, одан бергі қағаз бетіне түсе бастаған төл туындыларымыз сақталған. Сол дәуірден сақталған алғашқы қолжазбаларымыз Әл-Фарабидің, М. Қашғаридің шығармалары баршамызға белгілі. Кітапты тауарға айналдыру, оны саудаға түсіру, сондау папирус бумасы, күйдірілген балшыққа, тақтайша не қайың қабығына жазылған түрлерінің бары жасырын емес. Бағзы заманның өзінде-ақ дайын жазбаны көшіретін, сол қолжазбаны сатумен, таратумен айналысатын дүкендер мен сатушылар болған. Мысалы, көне гректер кітап сатумен айналысатын адамды библиопол деп атаса, осы сөзді байланыстыра француз кітаптанушысы Г. Пеньо «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» деген кітабында «библиополистика » деген терминді қолданысқа енгізген болатын. Қазіргі таңда бұл термин кітап саудасы деген мағына ғана емес, кітап саудасыныңтеориясы, тарихы сынды ұғымдарын да білдіреді. Бұрынғы замандарда арнаулы кітап таратуды, сатумен айналысуды атқаратын арнайы өкіл немесе орындар болмағандығын білесіздер. Оның міндетін ауқатты байлар мен татар саудагерлері атқарған болатын. Қазақстанның өзінде кітап тарату оны сату, кітап саудасының дамуы шамамен ХVШ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында бастау алған болатынКітаптардың көбісі Петербургтен, Мәскеуден, Қазаннан шыққан. Көбі діни сипатта. Сол кездерде жақсы жаңалықтың бірі кітап дүкендеріне жаңадан түскен жаңа кітаптар «Степь», «Уральский дневник» газеттерінде жарияланып отырған, осылай жасаудың арқасында оқырманды тарту жұмыстары да атқарылған. 1913 жылы Қазақстанда 14 кітап дүкендері қазақ, орыс, татар, араб тілдерінде жарыққа шығатын кітаптарды сатумен айналысқан. Ал сол кітап саудасының жандануына сүбелі үлес қосқан А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты, М. Сералинді ерекше атап өткеніміз жөн болар. Бұл жазып отырғандарым «Ақиқат» газетінен оқғандығым бойынша.

Кітап саудасы кітап ісінің маңызды саласы. Ол кітап, кітапша, ашықхат секілді бимерзімді баспа өнімдерін таратумен айналысады. Халыққа әдеби, ғылыми басылымдардың түр-түрін тарату, жеткізу арқылы қоғамдық-саяси қызметті атқарады. Осы сала жөнінде Ш. Елеукеновтің «Қазақ кітабының тарихы» кітабында жақсы мәліметтер келтірілген. «Кітап саудасы, кітап таратудың түрлі формалары-қоғамның, халықтың, ұлттың мәдени, рухани даму дәрежесін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. «Таратпасақ, кітап басып керегі не?»- деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтқандай, кітап саудасын, кітап таратудың түрлері мен формаларын жолға қоймайынша, баспа кітап өзінің бұқаралық ақпарат құрал ретіндегі әлеуметтік рөлін ойдағыдай атқара алмақ емес. Кітап саудасы дегеніміз тиісті әдебиетті сатудан түскен ақшаны шотқа салып санау ғана емес. Бұл айнадан біз кітаптың оқылу дәрежесін, айналымын, көпшілік қандай кітапқа ынтызар екендігін айырамыз. Сол арқылы халықтың рухани сұранысын біліп, кітап репертуарының бағыт-бағдарына өзгерістер енгізіп отырамыз. Батыс Еуропада тұрақты кітап базары болған. ХШ- ХVІ ғасырларда университеттердің жанында қолөнер цехы құқында жұмыс істеген кітап сатушылар корпорациясы («стационарийлер») ұйымдасқан. Ірі монастырьлерде кітап сатып күн көретін шеберханалар («скрипторийлер») істеген. (Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. «Қазақ кітабының тарихы»175-бет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы баспа ісі мен кітап саудасының кәсіпкерлік мәселелері
Қазақстандағы кітап саудасының баға саясаты және баспа ісіндегі өзіндік құнды есептеу
Діндер тарихы: пән, теология мен дінтану, құрылымы және қоғамдағы рөлі
Қазақстандағы православие шіркеуінің тарихы, құрылымы және қоғамдағы рөлі
Діннің құрылымы, элементтері және қоғамдағы рөлі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, символикасы және қоғамдағы рөлі
Мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтанудың рөлі мен құрылымы
Философия: негізгі түсініктер, құрылымы және қоғамдағы рөлі
Қазақ радиосының тарихы, дамуы және қоғамдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz